Гранола өндірісін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
6. пайдалы Таңғы ас Өндіру
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: Гранола өндірісін ұйымдастыру
Өнімі: гранола
Жоба құны: 2 606 400 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 25 ай.
жоба тұжырымдамасы
Жоба мәні: гранола өндіру және сату. Гранола - пеште пісірілген, бал және үйеңкі шәрбатымен карамелденген сұлы үлпектері, жаңғақтар, жеміс езбесі және кептірілген жемістер.
Жобаның мақсаты мен міндеті: елдегі жеңіл тамақ өнеркәсібін дамытуға көмектесу; табиғи және пайдалы гранола өндірісінің кепілденген көлемдерін қалыптастыру.
Бұл жобаны іске асыру кәсіпорынға табиғи гранола шығару жөніндегі өндірістік қызметті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол мыналарға әкеледі:
бюджетке салық түсімдерін ұлғайту;
жаңа жұмыс орындарын құру: 3 адам;
тамақ өніміне ішкі нарықты қанағаттандыру;
Өнімнің сипаты
Гранола - бұл тез дайындалатын тамаша таңғы ас немесе жеңіл-желпі тамақтану, дәмді, табиғи әрі денсаулық үшін пайдалы. Құрамында қант жоқ, дәрумендерге, микроэлементтерге, жасұныққа бай 100% табиғи өнім. Оны әрдайым та- маққа қолдану зат алмасуына оң әсерін береді, тері, шаш қалпын жақсартады, сонымен қатар, салмақты қалпына келтіруге ықпалын тигізеді.
Бізде өндірілген гранола дайындаудың жоғары сапасымен ерекшеленеді.

Мюсли және өзге құрғақ таңғы астарға сұраныс тоқтамай өсуде, өндірісті жақсы ұйымдастырған жағдайда өте жоғары табыс алуға болады. Бұл өнім өзінің тамақтану рационын қадағалайтын, сұлулығын, денсаулығын ойлайтын, диета ұстай- тын немесе ауыз бекітетін адамдардың сұранысын қанағаттандыруға арналған.
Таңғы ас және пайдалы жеңіл-желпі тамақтану тақырыбы әрдайым өте өзекті. Әсіресе өз дене бітімін қадағалайтын және өз денсаулығын ойлайтын адамдар үшін. Қуырылған жұмыртқа, бутерброд және аздап мезі болған ботқа орнына аса шығармашылық, дәмді әрі пайдалы нәрсе дайындауға болады. Бұл жай ғана сұлы немесе мюсли емес, бұл - гранола! Қытырлақ, ішінде жаңғақ, жидек немесе шоколад, бал және қоспалардың жылы және татымды дәмі бар, бүкіл күнге қуат береді. Аса дәмді және пайдалы тамақты ойлап табу мүмкін емес шығар.

Граноланың пайдалы қасиеттері:
1. Энергетикалық жаттығу.
Гранола үшін негіз жасалатын дәндер баяу сіңуінің арқасында қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді. Тұтас астықты дақылдар қосылған тамақты таңғы асқа қолданған адамды ұзақ уақыт аштық мазаламайды - тіпті ол адам түске дейін сер- гек әрі қуаты мол болады.
2. Бүкіл күнге тамаша көңіл күй.
Гранола көбінесе құрамына кіретін кептірілген жемістер, жидектер және өзге дәмді қоспалардың арқасында тәтті бо- лады. Жеу барысында адам ағзасында жүйке жүйесіне оң әсерін беретін серотонин, нейромедиатордың жеткілікті көлемі бөлінеді.
3. АІЖ жұмысын қалпына келтіру.
Дәндер суды байланыстырып, ішек бұзылуының және тіпті тоқ ішек обырының алдын алуға ықпалын тигізе отырып, ас қорытуды жақсартатын жасұныққа бай.
4. Дәремендер, минералдар және өзге қажетті элементтер қорын толтыру
Кептірілген жемістер, жаңғақтар, шемішкелер, жемістер, жидектер, бал секілді мюсли және гранола құрамына кіретін барлық құрасындар адам үшін қажетті заттектерге: дәрумендерге, магнийге, цинкке, темірге, тамақ талшықтарына, майлы қышқылдарға, микроэлементтерге, калийге және басқаларға бай. Е дәрумені, тиамин, фолий қышқылы - мұның барлығы жаңғақтар мен шемішкелерде бар. Е дәрумені антиоксидант ретінде әрекет етеді, біздің жасушаларымызды бос радикал- дардан қорғайды, жүрек, тері, жүйке жүйесінің саулығын қолдауда маңызды рөл атқарады. Тиамин және фолий қышқылы метаболизмде, жүйке жүйесінің қызмет етуінде, жасушалардың өсуінде, жүйке жүйесінің кейбір ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
5. Сұңғақтық және жеңілдік.
Гранола құрамына кіретін күрделі көмірсулар тез тойымдылыққа ықпал етеді және сонымен қатар, өте баяу сіңеді, ол май басу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Адам тамақтың аз көлемімен тез тояды және одан кейін ұзақ уақыт аштық сезімі мазаламайды.
Бір сөзбен айтқанда, жоғарыдағының барлығын қосқанда, гранола - пайдалы тамақтану үшін керемет шешім!
Граноланың артықшылықтары туралы бірнеше сөз. Дәрумендер мен жасұнық көп. Құрамында қант жоқ. Құра- мында трансмайлар мен жасанды қоспалар жоқ. Ас қорыту үшін жеңіл. Зат алмасуын жақсартады. Жұмсақ жылумен өңдеу өнімдегі барлық пайданы сақтауға көмектеседі. Аз уақыт - көп пайды.

Маркетинг жоспары және нарық талдауы
Граноланың барлық тұтынушылар тобын үш санатқа бөлуге болады: белсенді, орташа және пассивті тұтынушылар. Жалпы құрылымда белсенді тұтынушылар 32%, орташа - 27% және пассивті - 12% құрайды. Белсенді тұтынушылар- дың үлесіне тұтынылатын үлпектердің жалпы көлемінің шамамен 70-75% келеді. Үлпектер тұтынушыларының (сатып алушыларының) мақсатты тобын ең бірінші кішкентай балалары бар 30-ға дейінгі жастағы жас әйелдер, үлкен жастағы жалғыз басты жұмыс істемейтін әйелдер құрайды. Тұтынушылардың жеке тобын өз денсаулығы туралы ойлайтын және осы санаттың жоғары сапалы өнімдерін сатып алатын адамдар құрайды. Әлеуетті клиенттерге Астана қаласының барлық тұрғындарын жатқызуға болады, себебі гранола - ол дәмді және пайдалы.
Сондай-ақ, өнімнің негізгі тұтынушыларының бірі болып супермаркеттер, мейрамханалар, кофеханалар, сонымен бір- ге, премиум класстағы фитнес клубтар табылады. Алғашқылардың бірі болып пайдалы бірге алып жүретін таңғы ас (гранола йогуртпен бірге жинақта) мәдениетін енгізу жоспарланып отыр, ол үнемі дамудағы қала қапылысында бірге алып жүретін кофе секілді өте қолайлы.
қазақстандағы гранола нарығын шолу. Қазіргі уақытта нарықтың бұл сегменті барынша жаңа болып табылады, бүгінгі күні Қазақстанда гранола өндіруімен айналысатын кәсіпорындар жоқ. А классты супермаркеттердің сөрелерінде гранола жоқ, кейде бұл өнімді премиум классты дүкендерде өте жоғары бағамен (шетелдік өндірістегі) кездестіруге бо- лады. Бұл саладағы болжамды бәсекелестер ретінде мюсли және сұлы өндірушілері болуы мүмкін. Дегенмен бұл өнімдер дайындау тәсілімен, сондай-ақ, пайдалану тәсілімен ерекшеленеді. Сондықтан үлкен сенімділікпен бәсекелестер жоқ деп айтуға болады.
Жоғары шикізаттық қамтамасыз етілуінің арқасында өнім келесі сөзсіз артықшылықтарға ие:
өнімнің жоғары сапасы (Product);
бағаның қолжетімділігі (Pricing);
жылжыту (Promotion).
Өнімнің жоғары сапасы мыналардың есебінен қамтамасыз етілетін болады:
гранола өндіру үшін жоғары сапалы құрасындарды қолдану;
жоғары сапалы, экологиялық қаптаманы қолдану;

Бағаның қолжетімділігі мыналардың есебінен қамтамасыз етілетін болады:
отандық шикізатты пайдалану (сұлы үлпектері);
сұранысқа байланысты сатылымның теңгерімделген саясаты.
Маркетингтік стратегия
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі көбінесе таңдалған және сәтті іске асырылған маркетингтік стратегиясына бай- ланысты болады. Маркетинг стратегиясы келесі негізгі элементтерді болжамдайды:
баға қалыптастыруды оңтайландыру;
шығарылған өнімнің жарнамасы және жылжыту.
Сонымен бірге алға қойған мақсаттарға қолжеткізу тек қана маркетингтің барлық құралдарын тиімді қолдану және кәсіби үйлестіру барысында мүмкін.
Маркетингтің маңызды бағыты сатылым көлемдерін ұлғайтуға ықпалын тигізетін бағаны қалыптастыру икемді жүй- есін әзірлеу болып табылады.
Сапасымен бірге өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші олардың бағасы болып табылады. Бағаны қалыптастыру 3 негізін қалаушы қағидаға негізделеді:
кәсіпорынның барлық шығындарын қамту;
бағаны қолжетімді деңгейде ұстау;
кәсіпорынның табысын қамтамасыз ету.
Жарнамаға қажеттілік тек қана кәсіпорынды дамыту кезеңінде - кеңейту барысында туындайды. Бірінші кезекте біз әлеуетті сатып алушыларға өнімнің сапасы мен пайдалылығындағы өзінің негізгі артықшылықтары туралы жеткізуіміз керек. Жарнама әлеуметтік желілерде, промоакцияларда, билбордтарда жүзеге асырылатын болады, сондықтан оның шығындары жоғары болатыны болжанады. Мұндай жарнама бірнеше ай ішінде қажет болады.
Тұтынушыларды ынталандыру әдістері туралы айтатын болсақ, онда жаңа сатып алушыларды тарту өткізу нарығын кеңейту, өндіріс көлемін ұлғайту, жеңілдіктер беру және акциялар өткізу есебінен жүзеге асырылатын болады.

Өнімнің бағалары

Өнім атауы
саны, грамм
Өзіндік құны, теңге
сатылым бағасы, теңге
1
Banana granola
100
156
500
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы
Оңтүстік Қазақстанның тау маңы аймағындағы картопты үздіксіз өсірілетін танабының фитосанитарлық жағдайын зерттеу
Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстанның инвестицияларға жәрдемдесу орталығы
Өнеркәсіп және өнеркәсіп саясатының теориялық негіздері (Ақтөбе облысы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы ММ мысалында)
Қазақстанның Инвестициялық қоры
Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Агробизнесті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Пәндер