Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
Алматы 2020 жыл
ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Табиғатты пайдалану эконмикасы - табиғатты пайдалану үрдістерінде туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, заңдылықтарды, адамдардың табиғатқа әсерлерін, табиғатты қорғауды және ұтымды пайдалануды ұйымдастыруды зерттейді. Табиғат және қоғамның даму заңдылықтарын ескере отырып табиғатты пайдалануды жетілдіру жолдарын қарастырады.
Адамдардың тіршілік және шаруашылық әрекеттері табиғи ортамен және табиғатты пайдаланумен тікелей байланысты. Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасы барлық жаратылыстану, техникалық, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдармен байланысты дамиды.
Табиғатты пайдалану экономикасы өзінің зерттеулерінде жалпы және арнайы заңдылықтарды басшылыққа алады, жалпы және арнайы ғылыми әдістерді пайдаланады. Олардың қатарында:
- диалектика;
- тарихи таным;
- индукция және дидукция;
- талдау және жинақтау;
- жүйелілік; - нормалау мен мөлшерлеу;
- жіктеу және сараптау;
- экономикалық талдаулар;
- экономика-математикалық әдістер;
- статистикалық әдістер т. б.
Табиғатты пайдалану экономикасында табиғи орта мен оның ресурс-тарын қорғау және пайдалану біртұтас қарастырылады. Сөйтіп, оларды бір табиғатты пайдалану ұғымына сыйдырамыз. Өйткені, нақты шараларды ұйымдастыру кезінде бөліп қарастырған дұрыс.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыстырылмайтын, бірақ оған және тіршілікке қолайлы жағдайлар болып табылатын табиғи заттар мен табиғи күштерді айтамыз. Мысалы, күннің сәулесі, қызуы, атмосфера ауасы, гидросфера, литосфера, т. б. жердегі тіршілікке қажетті жағдайлар.
Табиғат пайдалану экономикасындағы процестерінде туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды үйрету. Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Қоғамның дамуының алғашқы сатыларында табиғат қорын пайдалану мөлшері ылғи артып отырғанымен, оның табиғи ортаға кері әсері елеусіз еді.
Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға әсері; табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі сипатта. Бір жағынан , ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады. Мысалға, шөлді және шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді көгалдандыру, өсімдіктердің құнды түрлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін қорғауды атауға болады.
Ал екінші жағынан , табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді. Мысалы, өндірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының түгесілуін, судың, жердің, атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің тозуын, ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар салуға бөлінуін айтуға болады.
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі
мәселелері және міндеттері
Қоғамдық өндіріске табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы қосылып және оларды игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер бұрын игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат бай-лықтарын өндіріске қолдануға мүмкіндік береді, нәтижесінде өндірістің табиғи ортаға әсері күшейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиеленісе түседі. Табиғат байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де байланысты. Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1, 571 млрд. адам өмір сүрген болса, 1990 жылы халық саны 5, 300 млрд. -қа жетті, ал 2020 жылы 7 млрд. тан асады деп есептеледі.
Халық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді арттыруға, оған шикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін кеңейтуге тура келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін де ескерген жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлықтарының, оның ішінде отын-энергия қорының тапшылығы сезілуде. Түсті металдардың көпшілігі - мыс, қорғасын, мырыш, қымбат бағалы металдар тапшы бола бастады. Олардың әр тоннасын өндіруге бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп еңбек жұмсауға тура келеді. Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және табиғат қорының, өндіріс құралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу қажет. Бұл факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-қайшылықта болады. Қоғамның экономикалық өсуі өндіріс масштабымен, табиғат байлығын игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің дамуымен байланысты. Сонымен қатар өндіріс күштері қоғам мен табиғаттың қоғамдық-экономикалық қатынастары негізінде құрылады.
"Адам және табиғи орта" жүйесінде өндіріс күштерінің, өндіріс қаты-настарының даму процестерін тереңірек түсіну қажеттігі жаңа экономикалық ғылым - табиғат пайдалану экономикасының қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең алдымен шаруашылық қажеттіліктен деп ұғыну керек. Ұзақ уақыт экономика және экология ғылымдары жеке-жеке ғылым салалары ретінде дамып келді, олардың өзіне тән ғылым не-гіздері, әдістері болды. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау мәселелері жүйелі, кешенді экономикалық-экологиялық тұрғыдан қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат байлығын тиімді пайдалану табиғи ортаны қорғай отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді.
Табиғат байлығын пайдалану экономикасының пәні - қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономи-калық қатынастар болып табылады. Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:
- халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын;
- табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны бүлдіруден, табиғат бай-лығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін есептеу әдістерін;
- табиғат байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;
- табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны қорғауды басқарудың экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жолдарын зерттейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz