Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі


Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі
Біздің Елбасымыз жаһандық әлемге еркін кірігіп, ағылшын тілін жаппай және жедел түрде үйрену үшін, болашақ жастар білімінің сапасын жоғары көтеру барысында өзінің ұсынған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы бойынша жаңадан міндеттер қойды. Солардың бірі - қазақ тілін бірітіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасы алда тұр. Жалпы бұл міндетке Президент Тәуелсіздік алғанна бері мұқият дайындалды. Қоғамдық санаға жаңғыруды негіздеп, қазіргі заманға лайықты төтеп беруші халықты дайындауды талап етеді.
Қазақ тілінің әліпбиі тым терең тамыр тартқан. Оның тарихы VI-VII ғасырлардан бастау алған. Еуразия құрлығында бұл кезде түркілердің руналық жазулары кең тарап, «Орхон-Енисей» ескерткіштерінде кездеседі. Бұл біздің ең көне әліпбиіміздің бірі. Ал, V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығын толық қамтып, ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасты. Мәселен, Алтын Орданың барлық ресми құжаттары осы ортағасырлық түркі тілінде жүргізілген. Бірақ, Ислам дінін қабылдауымен қатар араб тілі біздің территориямызғада ене бастады. Жалпы тұрғыдан алғанда, Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды[1] .
Латын әліпбиіне келер болсақ, бұл жобаның тарихы сонау «Алаш» зиялылары кезінен бері ұсталынып келе жатқан бағдарламаларының бірі. Латын әліпбиіне өту негізінен нақты саяси себептермен тығыз байланысты болған. Бұл жобаға белсене ат салысқан тұлғалардың бірі - Нәзір Төреқұлов еді. Қазақ халқының біртуар перзенттері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтарды ұстаз ретінде қабылдап, патша өкіметінің озбырлық саясатына қарсы шыққандардың бірі. Н. Төреқұлов отандастарының ауыр тағдырына, патшалық үкіметтің орындарының әділетсіздігіне, тіршілік тауқыметіне бұрын да бей жай қарамайтын. Орысқа бодан болған халықты азат етудің бірден бір жолы - халықты сауаттандыру, білімді қазақ даласына алып келу әрекеті болған. Оқу-ағарту комиссары ретінде сауаттылығы төмен елде қоғам құрып, қазақтарды оқытуға кірісті. Ұлттық мамандарды даярлауда, мектептер ашуға, оқыту жобаларын құрастыра отырып өз баяндамаларын ұсынған. Осы тұста, тоқталып кететін мәселе бұл - «Жаңа әліппе» мен «Ұлт мәселесі және мектеп» атты ғылыми еңбектері ең негізгілері. 1922 - 1928 жылдары Мәскеуде КСРО Орталық баспасөз бөлімінің бастығы болып, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу (1923 ж. ) жөніндегі комиссарлығына төрағалық етті. Нәзір Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек?» атты мақаласында жаңадан латын тілінде оқыту бағдарламасын ұсынды. Онда: Ұсынған программамыздың бірі бірінші бөлімі. Сол арада «оқу құралы» сықылды бастауыш мектеп кітаптары ескішілдіктен тазартылып заманымыздың талабына, керегіне қарай түзетіліп, аяғына үлгі, өрнек боларлық дәрежеде бес-он бет латынша тегіс қосылсын дейміз . . . Бағдарламаның үшінші бөлімі: қазақ-қырғыз арасына жаңа әліппенің идеясы біраз жайылып кеткен соң, қалың елдің көзі жаңа таңбаларға үйір болған соң, ел ішінде жаңа әліппемен жазатын кісілер көбейген соң жаңа әліппе кеңсеге кіргізілсін дейміз - деп жазды. Сөйтіп, «Жаңа әліппе» оқулығын ұсынды. Оның ішінде қазақтарға жаңадан қаріптердің иероглифтері берілген.
ҚР Президенттік Архивінен.
Өткен ғасырдың 1929-1940 жылдары латын графикасында негізделген қазақ әліпбиі қызмет етті, ол КСРО-ның басқа да түркі халықтарының әліпбиін латындырумен қатар дайындалды және қабылданды. Бұл туралы құжаттар БКП(б) 1925-1937 ж. ж, №708 КП (б) ОК қорларынан және жеке қорлардан алынған ҚР Президенті Архивінің құжаттары куәландырылды. 1926 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ жазуын латындыру туралы» мәселе жөніндегі дисскусиялық кеңестің хаттамасында М. Жолдыбаевтың кіріспе сөзі келтіріледі. Онда М. Жолдыбаев мырза бұған дейін қазақ халқының өз мектебі болмағанын, патша үкіметі барлық жаңалықтардан халықты шетте қалдырып, өмірге бейімделуге мүмкіндіктер бермеді, тек қана Қазан төңкерісінен кейін ғана қазақ халқы тез арада мәдени құрылыс жұмыстарында үлкен жетістіктерге жете бастағанын, оның ішінде, ыңғайсыз араб тілінен арылу үшін латын әліпбиіне өту жолында тиісті жұмыстарды жасап жатқанын айтқан. Сол қалалық кино ғимаратында өткен дисскусиялық жиналыста сөз сөйлеген А. Байдильдің өзінің баяндамасында «соңғы 2-3 жылда баспасөзде латын әліпбиіне өту жөнінде әркез пікірталас тудыратын мақалалар жарияланып келгенін, жаңа латын әліпбиін қолдаушылар қатарнда қоғамның жас өкілдері болғанын атап өте келе, жалпы араб тіліне латын тіліне өту кезеңдері жөнінде мәліметтер келтірді. Өз сөзінде, А. Байдильдин негізі, қолданыстағы араб алфавитін латын тілімен алмастыру мәселесі 1860-65 ж. ж бұрын Әзербайджан ғалымы Мырза-Фатали Ахундовтан көтерілгенін баяндады. 1925 жылы Баку қаласында өткен Түркітанушылардың құрылтайы латын әліпбиіне өту жұмыстарын толығымен қолдайды. Сонымен қатар, Мәскеудегі КазКСР халықтарының Орталық баспа мекемесінде латыншылардың ассоциациясы құрылады. Сөйтіп жүріп, бұ жұмыс Қазақстанға да келіп жетеді. Елде ынташылар тарапынан «Қазақтың жаңа латын әліппешілер қоғамы», яғни ЖАҚ (Жаңа әліппе қоғамы) құрылады. Бұл латын әліпбиіне келудегі бастаңғы жағдайдың қалай өрбігені жөніндегі архив материалындағы мәлімет болып табылады. Бұл құжатта латын әліппбиінің пайдалы жақтары мен араб әліпбиінің кемшіліктері туралы мәліметтер бар.
Архив құжаттарында 1928 жылдың 9-12 желтоқсанда Қызыл - Орда қаласында «Жаңа қазақ әліпбиі жақтастарының бірінші өлкелік конференциясы жұмысының нәтижелері туралы» қысқа есебі бар. Онда НКА Орталық Комитетінің Төрағасы Н. Н Нұрмақов өзінің баяндамасында еңбекші қазақтардың тарихи қалып қойғандығы жөнінде айтып, «Жаңа латын әліпбиі - Қазақстандағы төңкеріс» екенін айтты. «Жаңа әліппешілер қоғамының» (Жаңа әліппбиінің қоғамдастығы) Жарғысы бар, онда қоғамдастықтың мақсаты, құқықтары мен міндеттері туралы айтылған. 1927 жыл. Қоғамның Жарғысындағы талаптар өте сауатты жазылған және әліпбиге өту жолындағы дерлік барлық мәселелер қамтылған. Жаңа қазақ әліпбиі Орталық Комитетінің Төрағасы О. Жандосовтың КазКСР-ның өміріне жаңа әліпбиді еңгізу бойынша жұмысы туралы есебі бар, мұнда жаңа әліпбиді еңгізу бойынша жоспарлардың дайындалуы, 1929 жылдың 1 қаңтарына дейін толық ауысу жұмыстарының аяқталуы керек, іс жүргізудің жаңа әліпбиге көшірілетіндігі және т. б мәселелер туралы айтылған. О. Жандосовтың есебіндегі ең маңыздысы жаңа әліпби ұсынысын жүзеге асыру ең маңыздысы ретінде «ауылға мәдени саяхат». Яғни, бұл істің басты мақсаты ауылдарда жаңа әліпбидің қолданылуына қол жеткізу. Сонымен қатар 1928 жылдың тамыз айынан ұстаздарға арналған «Жаңа мектеп», журналымен қатар, «Лениншіл Жас», «Жас алашты» латын қаріптерімен шығару жоспарланғанын білуге болады.
1929 жылы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиуымы Нәзір Төреқұловтың идеясын қолдап, латындырылған жаңа әліпби - «Біртұтас түркі алфавитін» еңгізу туралы қаулы қабылдады. Бірақ, 1940 жылға дейін қолданылып, кейінен кириллицаға ауыстырылды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиі тарихы саяси себептермен ауыстырылып тұрды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғалы біздің Елбасымыз латын тіліне көшу идеясын толығымен қолға алып, 2012 жылы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан - 2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу керек» екенін халыққа жария етті. Барлық салаларда латын қарпіне көшуді бастауын мәлімдеді.
Латын алфавитіне көшудің идеясы өте мықты және логикалық тұрғыда өте терең. Қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, ХІX ғасырдағы ғылыми және де білім беру процестері игеру латын алфавиті жеңілдетеді. Мектеп қабырғасындағы балалар қазақ алфавитін латын тілінде үйренсе, әлемдік ағылшын тілін үйрену өте жеңіл болады. Ал, жастар үшін бұл ешқандай қиындық тудырмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz