Сайрам ауданына тарихи-өлкетанулық шолу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Ә атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және мәдениет факультеті
Жалпы тарих және мұражай ісі кафедрасы

Ғылыми жоба
Тақырыбы: Сайрам ауданына тарихи-өлкетанулық шолу

Орындаған: Байзак С.Д., ПИК - 15 - 3к
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Жанысбекова Г.А

Шымкент, 2017
Жоспар
Кіріспе
І. Сайрам ауданы туралы жалпы мәлімет
1.1 Орналасуы және табиғаты
1.2 Сайрам ауданының тарихы

ІІ. Сайрам ауданындағы тарихи және киелі нысандар
2.1 Булаковал қалашығы
2.2 Жартытөбе қалашығы
2.3 Мазараттөбе қалашығы
2.4 Мәртөбе қалашығы
2.5 Төрткүлтөбе қалашығы
2.6 Ханқорған қалашығы
2.6.1 Ханқорған қалашығындағы ашық аспан музейі

ІІІ. Сайрам ауданының тарихи тұлғалары
3.1 Тарихта орын алған тұлғалар
3.2 Өнер және мәдениет қайраткерлері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша А
Қосымша Ә

Кіріспе
Сайрам ауданын зерттеуін қолға алған себебім, Оңтүстік Қазақстан Облысында Сайрам ауданы маңызды орын алады. Бұл нысанның тарихын зерттеп, осы еңбегімде баяндадым. Яғни, пайда болуы, атының өзгеруі, табиғи жағдайы, осы аудандағы орындардың ауданға бірігуі, шығарылуы, киелі орындары, осында туылған саясат, қоғам, өнер және мәдениет, тарихтағы орны бар қайраткерлер зерттелді. Тарихи өлкетану пәні бойынша ізденіс жасап, осы тақырыпты зерттедім.Тарихи-өлкетану сабағы бойынша жүргізілген зерттеу жұмысы болып есептеледі. Болашақ тарих маманы ретінде мұндай жұмыс жүргізу біздің басты міндетіміз. Себебі, жас ұрпақ үшін туып өскен жерінің тарихын оқыту керек. Сонымен қатар, болашаж ұрпақтарға да бұл қажетті дерек. Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламасында елінің тарихын біліп, оны мақтан тұту керек деп еліміздің тарихи-өлкелік жерлерді білу керек екенін айтты. Осындай тарихи орындарды зерттеу, оны халыққа көрсету, тарихын толықтырып ашу, жоғары дәрежеде зерттеу, болашақ ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Оның ішінде әулие орындар, тарихи тұлғалар жайлы деректер жинадым. Бұл еңбектің ішінде Ханқорған атты қалашықтың тарихы жайлы деректер бар. Яғни, бұл қала өте ежелден бері белгілі, Сайрам ауданының территориясында орналасқан, әлі күнге дейін археологиялық зерттеулерден өтіліп жатыр. Және де соңғы жаңалықтар бойынша ежелгі шығыс моншалары осы қалашықта да табылыпты. Тағы айта кетерлік жағдай, әулие Бек ата мешіті де осы Сайрам ауданына орналасқан. Бұл бәрімізге белгілі емес, бірақ та біршама тарихы бар тұлға, және оған арнап мешіт тұрғызылған да осы Сайрам ауданында. Сонымен қатар, Сайрам ауданында қазірге белігілі көптеген өнер қайраткелері осы жерде дүниеге келген. Тарихқа мәдени мұра ретінде ықпалы зор. Бұл еңбектегі деректер баспа, мұрағат, архивтегі оқулықтардан, монография, энциклиопедия, оқулықтардан, арнайы өлкетанулық сайттардан алынған. Қосымшалар ретінде осы нысанға қатысты суреттер ұсынылған. Бұл жиналған деректер тарихшы мамандарға да өте қажетті мәлімттерден тұрады.

І. Сайрам ауданы туралы жалпы мәлімет

1.1 Орналасуы және табиғаты
Сайрам ауданы -- Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі аудандардың бірі болып саналады. Жер көлемі 1760,4 шаршы километрді алып жатыр. 56 ұлттың өкілінен құрылған 250,0 мың адамнан астам мекендейді. Әкімшіліктің аймақтық құрылымында 17 ауылдық округ, 78 елді мекен және аудандық жергіліктік бюджеттен қаржыландырылатын 13 бөлімдер бар. Аудан орталығы - Ақсукент.
Ақсу өзенінің бойына орналасқан, жүз жылдан астам тарихы бар барлық автомобиль және темір жолдары осы орталықта түйіседі. Ауданның орналасу реті де ерекше. Ол облыс орталығы Шымкент қаласының айналасын сақина тәрізді орай қоршап жатыр. Ауданның шығысында Машат өзені, орталығында Ақсу өзені, ал солтүстігінде Арыс өзені ағып өтеді. Сайрам ауданы облысымыздағы өндірістік-экономикалық потенциалы жоғары аймақтардың бірінен саналады.
Аудан негізінен астық, жеміс, көкөніс, жүзім, майлы дақылдар, ет-сүт өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады. Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін құрылымдар кеңінен дамыған. Ауданда қуаттылығы 150 млн шартты бірлік көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар бар. Облыстың Оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшiлік. аумақтық бөлік. 1928 жылдары құрылған. Жерінің аумағы. 1,7 мың км² (облыстың 1,4%). Тұрғын саны 241,8 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 73 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген. орталық - Ақсу ауылы Аудан жері негізінен оңтүстіктен солт-ке қарай көлбеу жатқан тауетектік жазық; кей жері төбелі, сайлы-жыралы келеді. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда 3 - 4 °С, шілдеде 24 - 26 °С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 - 350 мм-ді құрайды. Аудан жерімен Арыс, Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында құрылысқа қажетті материалдардың кен орны бар. Жерінің басым бөлігі сұр, сұр-қоңыр топырақты. Аудан жерінің көп бөлігі жыртылған. Табиғи өсімдік егістік, сай-жыралардың беткейлерінде ғана сақталған, жусан, жантақ, жыңғыл, өзен бойында құрақ кездеседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, саршұнақ, қырғауыл, бөдене, кекілік мекендейді. Сайрам ауылының тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының негізгі бөлігі өзбектер - 64,1%, қазақтар - 26,2%, түріктер - 3,3%, әзербайжандар - 1,2%-ды құрайды. Орналасу тығызд. орташа есеппен 1 км2-ге 135 адамнан келеді (облыстағы халқы ең тығыз орналасқан ауданның бірі). Ірі елді мекендері: Ақсу ауылы (26,4 мың адам), Манкент (25,2), Қарабұлақ(32,8), Сайрам (28,3), Қарасу (8,1), Базарқақпа (5,8), Көлкент (5,5), Қаратөбе (4,9), Қожақорған (4,7), Тассай (4,3), Ақсуабат (3,9), Көмешбұлақ (3,9), Бадам (3,9), Қарабастау (3,8), Ақбұлақ (3,5), Бадам (3,1), Мәртөбе (3,0) ауылдары. Ауданда сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, мал азықтық дақыл, астық, көкөніс, жеміс, жүзім, сүт өндіруге мамандандырылған 7 ұжымшар, 5 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, облысы ауылы шаруашылық тәжірибе станциясы болған. Осылардың қатарында Шымпласт ЖШС консервілік тауарларды өндіру, Оңтүстік құс АҚ құс етін өңдіру, Арай ЖШС өсімдік майын өндіретін, Принир 2001 ЖШС томат пастасын өндіру және тағы басқалар. 2007 жылдың алты айында ауданымызда әлеуметтік-экономикалық даму қалыпты жағдайға түсіп, жалпы экономикалық өсім байқалады. Бюджеттің кіріс бөлігі айтарлықтай ұлғайып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында жалпы өнім көлемі өсті, шағын және орта кәсіпкерлік дамыды. Аудан экономикасының сан-саласына едәуір мөлшерде инвестиция құйылды, ипотекалық тұрғын үй құрылысы сапалық жаңа сатыға көтерілді. Бүгінгі таңда ауданда әлеуметтік сала бойынша ҚР заңдары мен нормативтік актілерінің негізінде, Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен бекітілген Халықты жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың, Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған аудандық бағдарламалары іс жүзіне асырып келеді. Қабылданған бағдарламаға сәйкес, жоспарланған жұмыстар аудан бойынша өз дәрежесінде атқарылып келеді.
Өмірлік деңгейлері кедейшілік шегінен және азық-түлік себетінен төмен, аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау бойынша ауданымызда нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда 777 адамға 4 млн 500 мың теңге атаулы-әлеуметтік көмек тағайындалып,толығымен төленді. Аудан бойынша өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда кедейлер саны 78,7 пайызға, ал атаулы әлеуметтік көмекке төленген қаржы мөлшері 57 пайызға кеміді. Кедейлер санының кемуіне, осы отбасыларының қосалқы шаруашылықтарын дамытуға шағын несие, мал және жер бөлу оң себептерін тигізді. Биылғы жылы облыс әкімінің орынбасары Т.К.Дүйсенованың басшылығымен, Сайрам ауданында алғашқы рет аз қамтылған отбасыларын шағын несиемен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. 2007 жылдың алты айында 617 жаңа жұмыс орындары ашылып, бағдарлама көрсеткіштері 104,2 пайызға орындалып отыр, ал ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жоспары 181 пайызға орындалды.

1.2 Сайрам ауданының тарихы

17 қаңтар 1928 жылы - Сырдария округінің Манкент-Сайрам ауданы, орталығы Манкет пайда болды. 1928 жылдың маусым айы - Манкент-Сайрам ауданы, орталығы Манкент ауылы. 1935 жылдың қазан айы - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, орталығы - Ақсу ауылы.
1963 жылы қаңтарда Түлкібас, Сайрам және Сайрам ауданының бөлігінен құрамына келесі ауылдық кеңестері бар Сайрам ауылдық ауданы құрылды:
1. Арыс, 2.Балықшы, 3.Беловодский, 4.Бөген, 5.Боралдай, 6.Бұрлысай, 7.Ванновский, 8.Вознесеновский, 9.Глинковский, 10.Жамбыл, 11.Қайнарбұлақ, 12. Калинин, 13.Қарабұлақ, 14.Қарамұрт, 15.Қаратөбе, 16.Қатынкөпір, 17.Кемербастау, 18.Қызылқышлақ, 19.Киров, 20.Корниловский, 21.Қосақжар, 22.Күмісбұлақ, 23.Майбұлақ, 24.Манкент, 25.Машат, 26.Төменгі машат, 27.Орловский, 28.Сайрам, 29.Самсонов, 30.Шіркін.
Аудан құрамына Келтемашат және Түлкібас поселкелік кеңестері енді. 1963 жылы Қосақжар ауылдық кеңесі Созақ ауылдық ауданының құрамына берілді. 1964 жылы ақпанда Сайрам ауданының Бөген, Бұрылсай, Глинковский, Жамбыл, Майбұлақ, Орловский ауылдық кеңестері. Бөген ауданына берілді, ал 1965 жылы қаңтарда Қатынкөпір ауылдық кеңесі берілді.
1964 жылы Тассай ауылдық кеңесі құрылды. Қызылсу, Қайнарбұлақ және Күмісбұлақ ауылдық кеңестері орталығы Чиркино ауыоында орналасқан Қызылсу ауылдық кеңесі болып біріктіріліп, кейінен орталығы Советское ауылына орналсқан Қайнарбұлақ ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Боралдай ауылдық кеңесі Алғабас ауданына берілді.
1965 жылы аудан құрамына Шымкент қалалық кеңесінің бағынысындағы Састөбе поселкелік кеңесі берілді.
Осы жылы орталығы Черноводское ауылында орналасқан Черноводский, орталығы Ақжар ауылында орналасқан Бадам ауылдық кеңестері құрылды. Калинин ауылдық кеңесі Мичурин болып өзгертілді, Арыс ауылдық кеңесі таратылды.
1966 жылы жаңадан құрылған Түлкібас ауданына Балықшы, Вановский, Вознесеновский, Кемербастау, Киров, Корниловский, Машат, Мичурин, Төменгі машат, Шақпақ ауылдық кеңестері және Келтемашат, Састөбе және Түлкібас қалалық поселкілері берілді. 1976 жылы сәуірде ауданда орталығы Притрактовое ауылында орналасқан Свердлов орталығы Қызыләскер ауылында орналасқан Қызыләскер ауылында кеңестері құрылыды.
1986 жылғы 1қаңтардағы мәлімет бойынша аудан құрамында төмендегі елді мекендер мен ауылдық кеңестер болды:
1. Бадам - орт. Бадам а. - Бадам, Айкөл, Ақтас, Карл Маркс, Лесхоз елді мекенжері.
2. Беловодский - о. Белыеводы а. - Белые Воды, Манкент, Чапаево е.м.
3. Қайнарбұлақ - о. Советское а. - Советский, ХХІІ Партсъезд, Қайнарбұлақ, Карл Марк,Крупсакая, Ленино.
4. Қарабұлақ - о. Қарабұлақ, а-Қарабұлақ, Қожақорған, Ножақорған е.м.
5. Қарамұрт - о. Қарамұрт, а. - Қарамұрт. Низамбад е.м.
6. Қаратөбе - о.Коммунизм а. - Коммунизм, Әділбал, Ақтас, Бадам , Ворошилово, Жұлдыз, Түрдыабад е.м.
7. Қызыләскер - о. Қызыләскер, а - Қызыләскер, Қызыл Октябрь, Оймауыт е.м.
8. Манкент - о.Манкент, а. - Манкент, Аққала е.м.
9. Сайрам - о. Сайрам, а. - Сайрамғ Артель, Қарақол, Қызылсу, Пахтахор е.м.
10. Тассай - о. Тассай а. - Лапшино, Қазарма, Калинино, Қызылсай, Опытная станция е.м.
1986 жылы 30 сәуірде облыстық атқару комитентінің шешімімен Бадам ауылдық кеңесінің Манкент демалыс үйінен бөлініп шыққан Чапаев елді мекені құрылды.
1988 жылы 19 қаңтарда Бадам ауылдық кеңесінің Карл Маркс ауылы Шымкент қалалық халық депутаттары кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.
1988 жылы 19 шілдеде Бадам ауылдық кеңесінің Карл Маркс және Құрсай елді мекендері Шымкент қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.
1988 жылы 25 шілдеде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен аудан құрамындағы Жаңаталап, Қатынкөпір ауылдық кеңестері Бөген ауданының құрамын берілді. 1989 жылы 22 тамызда Қатынкөпір ауылдық кеңесі Шымкент қаласының еңбекші депутаттары Абай аудандық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.
1991 жылы 22 сәуірде Шымкентпромстрой тресінің тұрғылықты поселкесі Сайрам ауданының аумағына берілді.
1993 жылы 4 мамырда ҚР Жоғары Кеңесі Төралқасының қаулысымен Қарасу ауылдық кеңесінің әкімшілік орталығы Черноводск ауылы - Қарасу болып өзгертілді.
1994 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен өзіне бірнеше елді мекендерді қамтыйтын селолық мекендердің шекараларында төменгі селолық округтер құрылды: Ақбұлақ, Бадам, Ақсу, Жаңаталап, Жібек жолы, Қайнарбұлақ, Қарамұрт, Қарабұлақ, Қаратөбе, Қызыләскер, Манкент, Сайрам, Тассай, Қарасу.
1995 жылы 25 шілдеде Арыс және Жұлдыз селолық округтері құрылды.
1996 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатты мен облыс әкімінің шешімімен ауданның әкімшілік орталығы Белые Воды ауылы АқСу ауылы болып өзгертілді.
2001 жылы 1 қаңтардадағы мәлімет бойынша Сайрам ауданының құрамында елді мекендерімен қоса алғанда төмендегі ауылдық округтер болды: Арыс, Бадам, Беловод, Жаңаталап, Жібек жолы, Жұлдыз, Қайнарбұлақ, Қарабұлақ, Қарамұрт, Қаратөбе, Қарасу, Құтарыс, Көлкент, Манкент, Сайрам, Тассай ауылдық округі.

ІІ. Сайрам ауданындағы тарихи және киелі нысандар

2.1 Булаковал қалашығы
VIII - XII ғасырларда пайда болған. Аққұлақ селосының сол жағында орналасқан Ақбұлақ ауылының маңында, Булакаваль көктемінің шоғырында. 1940 жылы Жамбыл археологиялық учаскесінің экспедициясы (GI Patsevich) ашылып, зерттелді. 1979 жылы ШПИ-дің археологиялық бөлімшесінің экспедициясы қайта қарастырылды. Ежелгі бекініс күшті фортификациясы бар 2 жеке бөлімшесі бар. Топография ескерткіші: батыстан шығысқа созылып орталық бугорков пішіні, өлшемдері: базалық жоғарғы бөлігі су тасқынынан 15-17м (цитадель) бойынша 120h90м биіктігі ... . Біліктер ені 2-3м нығайту қалдықтары периметрі, және биіктігі 1,2-1,3м. Жонуға қыратының түрінде, Wall мұнара (ортасында 4 бұрышы және 2). Шығыстағы тікбұрышты төртбұрышты пішінді платформа жалғасады, базаның өлшемі 80х60 м, биіктігі 3-4 м. (рабад), оның бір бөлігі сақталды және оңтүстік бағытта цитадель (80х30 м). Цитадель мен рабад 20-25 метрлік шұңқырмен бөлінген. материалды Лифтинг керамикалық ыдыстардың құмыра су тұтқыш) ірі фрагменттер қамтиды және құмыра, банка, үйірмелер асханаларда. Керамика, қолөнер және станокті жұмыстар, безендірілген angobnymi жолақтар, бедерлі-дөңес куәланған гофрленген туралы толқынды және тік сызықтар надрезанные. Қарахан дәуіріндегі суару керамикасының фрагменттері тән түсті және глазая сапасымен ерекшеленді. Қазба жұмыстары жүргізілген жоқ.
2.2 Жартытөбе қалашығы

VIII - XII ғасырларда пайда болған. Өзеннің оң жағалауында орналасқан Кутырыс (Қызыласкер) кентінің аумағында. Арыс. 1967 жылы ШПИ-дің археологиялық бөлімшесінің экспедициясы анықталды және зерттелді. 2-бөлімшемен бөлінген ортағасырлық қоныс. Ескерткіштің топографиясы: 110x20 м., 6-8 м биіктіктегі цитадель солтүстік-батыс рабадтан цитадельге жақын - шамамен 0,5 га. Цитадель мен рабад 8-12 м қашықтықта орналасқан. Цитадельдің түбінде мәдени қабаттарға пахшовые блоктарының қалдықтары, шикі кірпіш, гумустың золниковые көлденең қабаттары жатады. Керамикалық материалды көтеру: құлақ тәрізді көлденең тұтқалары бар ас үй ыдыстарының фрагменттері, қолмен және мыстан жасалған жұмыс үстелінің ыдыстары (құмыралар, кәстрөлдер, кружкалар). Декорацияда - шағыл саздың бойымен тартылған қоңыр түсті, тік және толқынды сызықтардың қақпағы. Қарахан заманындағы суару керамикасының фрагменттері табылды. Қазба жұмыстары жүргізілген жоқ.

10.3 Мазараттөбе қалашығы

X-XIV ғасырларда пайда болған. 11 шақырым жерде. Шымкенттен солтүстік-шығысқа қарай, Сықым ауылының оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы өлкетанудың мәні мен мақсаттары
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Балалар - жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
Библиографиялық картотеканы құрастырудың әдістемесі
Туған өлкенің тарихы
Бастауыш сынып оқушыларымен өлкетанулық жұмыс орындалатын әдістемесін жетілдіру
Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері
Пәндер