Қазақстандағы биологиялық ресурстарды сақтау мәселелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеуші университеті

загруженное

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Биологиялық ресурстарды сақтау

Орындаған:Жақабай Ернұр

Алматы 2020

Табиғи байлықтарды ысырапты пайдалану, өнеркәсіппен тұрмыстық қалдықтар, автокөліктерден шығатын газдар және т. б биосфераны мейлінше ластауда. 1992 жылы Рио-де-Жанейро қоршаған ортаны қорғау туралы болған БҰҰ-ның конференциясында адамзаттың бұл жолмен дамуы орны толмас катострофаға алып келетіні туралы айтылады.

Тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты.

Биологиялық ресурстар - биосфераның орта түзуші барлық тірі заттары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады.

Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әртүрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы - жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі.

Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды, қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей беткейінде тянь - шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы - орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман - жан - жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең еөп залал келтіретін тілсіз жау - өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Сұйық отындарды (мазут) жақ қанда атмосфералық ауаға күкіртті ангидрид, азот оксиді, толық жанып бітпеген отын өнімдері, ванадий қосылыстары, натрий тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге қарағанда біршама таза, қалдықтар ретінде көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен бірге таралатын күл- қоқыстар бөлмейді. Алайда сұйық отын экономикалық тұрғыдан қымбат болғандықтан тиімсіз. Д. И. Менделеев айтқандай, Мұнай жағу - пеште (ошақта) ассигнацияларды өртеумен бірдей.

Табиғи газ. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып, шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді. Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда. Егер көмір жақ қан кезде атмосфераның ластануын 1 бірлік деп есептесек, мазутты жаққанда - 0, 6, табиғи газды пайдаланғанда - 0, 2-ге тең. Табиғи газды пайдаланғанда атмосфералық ауаға зиянды N203 (азот оксиді) бөлінеді, бірақ көмірмен салыстырғанда мөлшері 20%-ға төмен

Республикада ормандар тек 3, 8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы - сексеуілдер, бұларсыз ормандар 1, 7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .

Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен - энергияны, ал топырақтан - су мен минералдық тұздарды алады.

Өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары болып бөлінеді

Оларға ауа, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материялдары, пайдалы қазбалар және т. б жатады.

Алынған табиғи қорларды толық пайдалану( мысалы, мұнай өндірісінде 45 пайыз мұнай, 36 пайыз көмір, көп рудалар, қазба байлықтар төгіліп тасталады, шашылады)

Атмосферадағы ауаны қорғау

Ластаушылар- қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субъектілер.

Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.

Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.

Торф (шымтезек) . Энергетикалық тұрғыдан торфты (шымтезекті) кеңінен пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз жақтары көп. Біріншіден, су экожүйелерінің режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны мен ландшафтының өзгеруіне алып келеді. Жергілікті жердегі тұіцы су көздерінің және ауа бассейнінің сапасын төмендетіп, ол жерде тіршілік ететін жануарлардың өміріне де қауіп төндіреді. Сондай-ақ оны сақтау және тасымалдау кезінде де экологиялық мәселелер туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау: сақтау, көбею және экономикалық реттеу мәселелері
Қазақстанның Қызыл кітабы: биологиялық әртүрлілікті сақтау және қорғау мәселелері
Нарықтық экономика жағдайында еңбек өнімділігін арттыру, ресурстарды сақтау және персоналды басқару мәселелері
Қазақстандағы биологиялық алуантүрлікті сақтау: Конвенция, міндеттер мен шаралар
Жабайы өсімдіктер: биологиялық байлық, емдік пайдалану және сақтау мәселелері
Биологиялық әртүрлілік: ұғымы, қауіптері және Қазақстандағы сақтау стратегиясы
Қазақстанда ресурстарды сақтау саясаты: өндіріс экономикасы тұрғысынан
Қазақстандағы биологиялық және ландшафтық әртүрлілік: сақтау, ластану және рекреациялық пайдалану
Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілікті сақтау: халықаралық конвенциядан ұлттық стратегия мен аймақтық жобаларға
Қазақстандағы эндемик өсімдіктер: экологиясы, таралуы және сақтау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz