Брадзот ауруы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Реферат

Тақырыбы: Брадзотты балау және індетке қарсы шаралар.
.

Орындаған: Аманжолұлы Сержан
Тексерген: Алиев А.К

Алматы 2022ж.

Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2,1. Секіртпе ауруын балау.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I.Кіріспе.
Қойдың брадзоты немесе секіртпе (Bradsot, брадзот овец) ұлтабар мен ұлтабар ұшы ішегінің кілегейлі қабықтарының қанталап қабынуы және ішкі үлпершек ағзалардың азғындауы арқылы ерекшеленетің, жіті өтетін жұғымтал емес жұқпалы ауру. Тарихи деректер. Бұл ауру туралы алғашқы деректер солтүстік Европа елдерінде (Исландия, Дания, Норвегия, Шотландия) 19 ғасырдың ортасында басылды. Бастапқыда топалаң ретінде қарастырылып келді де, 1875 жылы Краббе дербес ауру ретінде сипаттады. Одан кейін қара ауру брадзот тәрізді ауру, неміс брадзоты, некрозды гепатит аталатын басқа аурулардан ара-жігі ашылмай, тек 1920 жылы ғана бұл инфекциялар некрозды гепатит аталып, қоздырушысы Clastridium gigas (CL.novyi В типі) екені анықталды. Бұл микроб қазірдің өзінде де брадзоттын қосымша қоздырушысы ретінде қабылданып келеді. Брадзоттың қоздырушысын тұңғыш рет Пастер мен Жубер 1874 ж сипаттады, таза өсінін 1888 ж И. Нильсон, 1892 ж Арлуэн бөліп алды. Қоздьірушысы. Брадзогтың негізігі қоздырушысы - Clostridium septicum - полиморфты, Грам оң, қозғалатын ірі таяқша, қауашағы жоқ, спорасы шеткерірек орналасады. Өлген малдың бауырының бетінен алған жағындыда ұзын тізбек түзеді. Анаэорбты микробтарға арналған орталардың барлығында жақсы өседі. Китт-Тароцци сорпасында өте жылдам өсіп, 16-24 сағ. қоректік орта лайланып, газ бөлінеді, 48 сағ. өткенде микробтар пробирканың түбіне шөгіп, сорпа тұнады. Cl.septicum қүрамы күрделі .аса күшті экзотоксин бөледі. Токсинді Мартен сорпасындағы өсіндіден сүзіп алуға болады. Бұл улы затар альфа, бетта, гамма жэне дельта токсиндер деп аталады. Олардың әрқайсысының өзіне тән уыттылық қасиеті бар. Бұлардан басқа өсінді сүзіндісінде фибринолизин мен коллагеназа кездеседі және олар гаңгрена болғанда үлпалардың зақымдануына себепкер болады., Қоздырушысының О-жэне Н-антигені бар. Олар эр түрлі антиденелердің түзілуіне иммуногендік әсер етеді. Брадзоттың негізгі қоздырушысы да және онымен қосарланып жүретін басқа да клостридиялар сыртқы ортада химиялық жэне физикалық әсерлерге төзімді. Олар топырақта жылдар бойы сақталып, тиісті жағдай болғанда өсіп өнеді. Қайнатқан кезде 60 мин. өледі. Дезинфекция үшін хлорлы әктің З% хлоры бар түндырылған ерітіндісі, күкірт-карбол қоспасының 10% 'ыстық ерітіндісі, 5% күйдіргіш натрийдің ерітіндісі, 10% формальдегид ерітіндісі қолданылады. Белсенділігі. Глюкоза, мальтоза, лактоза, галактоза, фруктоза және
салицинді қышқыл түзе отырып ыдыратады, глицерин мен маннитті
ыдыратпайды, желатинді сұйылтады және лакмусты сүтті қышқыл мен газ түзе отырып ұйытады.
Cl. septicum декстроз қосылған кәдімгі пептонды сорпада (рН 7,6-7,8),
Мартен сорпасында, казеиннің қышқыл және ферментативті гидролизатында
жақсы өсім береді, сондай-ақ у түзеді. Cl. septicum түзетін негізгі уы - өлімге
соқтыратын, өліеттендіретін және гемолитикалық қасиеттерге ие оттегіге
төзімді ά (альфа)у лецитиназаларға жатпайтын фермент болып табылады.
Оны ақ тышқандарға күре тамыры арқылы көп мөлшерде енгізгенде
эндокард, эпикардта және паренхиматозды ағзаларда нүктелі қанталау
тудырады. Cl. septicum сонымен қатар β (бета) у дезоксирибонуклеаза, γ (гамма) у - гиалуронидаза және C.perfringens-тің θ (тета) уымен ортақ анти-
гендерге ие оттегіге төзімсіз δ (дельта)-гемолизин түзеді. Cl. septicum мен Cl.chauvoei ұқсас, бірақ әртекті еритін антигендерге
ие.Екі клостриданың да өсінділерінің сүзінділері тек өздеріне тәнді сары
сулармен бейтараптандырылады. Сондай-ақ бұлардың споралық антигендері
де бірдей, бірақ олар да О-антигендері бойынша ажыратылады. Cl.septicum (А типі) мен Cl.chauvoei-ны (В типі) бір-бірімен
шатастырмас үшін төмендегі кестеде келтірілген белгілерді пайдалануға
болады

II.Негізгі бөлім.
Секіртпемен қойдан басқа үй жануарларынан ешкі ауырады. Ауру спорадия түрінде немесе шағын індет ретінде байқалады.; Табиғи жағдайда қой жынысы мен жасына қарамай ауырғанымен көбінесе екі жасқа дейінгі, әдетте қоңдылығы жоғары малдар шалдығады. Кейде тек қана жас тоқтылар мен түсақтар ауырса, кей жағдайда ересек қойлар ғана ауырады. Ауру жылдың кез келген маусымында шығуы мүмкін. Бірақ та, көбінесе қыста, немесе жаздың құрғақ айларында байқалады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған қой. Өлген қойдың өлексесі жайылым мен суатты брадзоттың қоздырушысымен ластайды. Ауру алиментарлы жолмен және су арқылы жұғады. Дерттенуі. Секіртпе кезіндегі дерт процесінің өрбу заңдылықтары толық анықталған жоқ. Ауру қоздырушысын алиментарлық жолмен, тіпті аса көп мөлшермен бергеннің өзінде, брадзот байқалмайды. Парэнтеральдық жолмен жұқтырғанда мал ауырғанмен ауруға тән клиникалық белгілері болмайды. Аурудың шығуы үшін мал организмінің табиғи төзімділігі маңызды роль атқарады. Стресс-факторлардың (ыстық, суық, ішек құрттары), әсерінен организмнің төзімділігі нашарлап, ішек-қарынның қозғалысқа келуі бұзылып, ауру қоздырушысының жедел өсіп-өнуіне жағдай туады. Нәтижесінде көп мөлшерде экзотоксиндер бөлініп, денені улап, өлімге әкеліп соғады. Өтуі мен белгілері. Секіртпе аса жіті және жіті өтеді. Аса жіті өткенде жасырын кезеңі бірер сағат қана, ал жіті өткенде бір тәулікке дейін созылады. Аса жіті өткенде мал кенеттен өліп кетеді. Алдында ғана сау жүрген қой кенеттен тыпыршып, бір орында секіріп барып құлайды. Осындай ерекше жәйт аурудың халық арасында "секіртпе" деп аталуына себеп болған. Жығылған қойдың ауызынан көбік ағып, тісін шықырлатып, бірер минутта өліп кетеді. Кешкісін сау малдың таңертең өлексесі жатады. Секіртпе жіті өткенде дененің , ыстығы көтеріліп, мал күйзеліп, жемшөпке қарамайды. Тынысы, тамыр соғысы жиілеп, ауызы мен тануынан көбік ағады. Кейде қан аралас іші өтіп, несеп шығаруы жиілейді, іші кеуіп, тісін шықырлатады. Кейбір ауырған қой тынышсызданып бір орында секіріп немесе айналшықтап, жер тарпиды, оқтын-оқтын құрыстанады. Тынышсызданудан соң дел-сал күйге ауысады да, жатып қалады. Жатқанда аяқтарын созып, мойынын артқа немесе бір жағына қарай бұрады. Ауырған мал демігіп, әлсіреп барып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Зерттеудің əдістері мен материалдары
Қой брадзотының патологиялық морфологиясы және ветеринариялық санитарлық сараптау
Қойдың брадзоты
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Жұқпалы аурулар туралы
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым
Қой мен ешкілердің жұқпалы агалактиясы
Қой брадзоты қоздырушысы
Қойдың сібір жарасы ауруының мәнін, даму механизмін білу,оны басқа аурулардан ажырату және емдеуге келмейтін жағдайларда өлекседегі өзгерістер
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Пәндер