Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипаттамасы


Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін психологиялық талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 41. Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешудің теориялық мәселелері
1. 1 Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипаттамасы . . . 7
1. 2 Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық ерекшеліктері . . . 16
1. 3 Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық психологиялық маңыздылығы . . . 32
2. Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін эксперименттік зерттеу
2. 1 Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін психологиялық талдау . . . 42
2. 2 Кикілжің жағдайларды алдын алу, шешу және жою жолдары . . . 47
2. 3 Зерттеу нәтижесін жинақтау . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕДиплом жұмыстың өзектілігі: Кикілжің - бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары мәселелердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда кикілжің ұғымы баршаға танымал және қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «кикілжің» сөзімен біз кәсіби, жеке, шығармашылық және тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бір-бірімен байланысын және қатынастары.
Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілеті басқалармен қарым-қатынас арқылы іске асыратын болса, ол бұл жерде өзіне идеал тұтатын, үлгі-өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып, бас иеді. Ол тілдік шеберлікке табыну, ақынға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі-кемеңгер ғалымдарға табыну, ұйымдастыру қабілетімен, ерекше іскерлігімен көзге түскен. Яғни, өзінен жоғары тұрған ұлыларға табыну, соларға ұқсап бағу, солардың жолын қууды армандау да адам баласына тән табиғи қасиет. Бұны ғылым тілінде адамның өмірге деген ынта, ықыласының саналы түрде іске асуы деп қарайды.
Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым-қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы немесе келіспеушіліктен туындайтын қақтығыс барысында қанағаттандырылады. Жеткіншектердің күнделікті дамып, тұлға ретінде қалыптасуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Ата-аналар, педагог-психологтар, мұғалімдер, құрбы-құрдастары олармен тілдесіп, балаға жеткізетін мағлұматтарды доғаратын болса балалардың өсіп жетілуіне, рухани жағынан толыққанды дамуына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы өзгеріске ұшырар еді.
Қарым-қатынас процесінде туындайтын қақатығыс адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшек. Мысалы: сыныпта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін педагог міндеті түрде оқушының іс-әрекетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Ата-ана мен педагог бірлесіп ұйымдастырылған жүйелі іс-әрекет жас өсіпірмнің тұлғалық қалыптасуына дұрыс әсер етеді.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу - бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Осындай мәселенің байыбын барлап оның себеп-салдарын анықтау, тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның мінез-құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жағдайлар адам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайында қазіргі заман адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін.
Қазіргі кезде сондай жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында, күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.
Қоғамдық өмірден нарықты экономикаға көшу барысында адамның әлеуметтік және кәсіби жүйедегі кикілжің мөлшері бірден жоғарылады. Адамдармен жұмыс жүргізетін барлық мамандар қақтығыстың алдын алу, болдырмау және шешу заңдылықтарын толық меңгерулері тиіс.
Зерттеу мақсаты - Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін психологиялық маңыздылығына теориялық талдау жасау және эксперимент арқылы зерттеу.
Зерттеу нысаны - дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері.
Зерттеу пәні - дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін алдын алу.
Зерттеу болжамы - егер кикілжің мәселесінің адамның күнделікті өмірдегі тілдесіп үйлесімді қарым-қатынас жасауына, оның рухани өмірі мен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігі анықталса, онда тұлғаның әлеуметтенуінде кикілжіңді жағдайлардың алдын алуға болады.
Зерттеу міндеттері:
- Кикілжің және тұлғаның әлеуметтенуі мәселесіне сипаттама жасау.
- Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін зерттеу.
3. Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін эксперимент арқылы анықтау мен алдын алу жолдарын ұсыну.
Зерттеу әдістері : әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, бақылау әдісі, әңгіме әдісі, психодиагностикалық зерттеу, психокоррекциялық жаттығулар.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Психологиядағы кикілжің мәселесі туралы Вершишин М. С., Г. А. Широкова, тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуі туралы Қ. Жарықбаев, С. М. Жақыпов, С. Қ. Бердібаева, Ахтаева Н. С., Әбдіғаппарова А. І., Зимняя И. А және т. б. ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, теориялық талдау жасап және экспериенттік жұмыстарды жүргізуге негіз болды [1] .
Зерттеудің теориялық мәнділігі :
Кикілжің мәселесіне жан-жақты теориялық талдау жасалынып, әлеуметтену мен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері көрсетілді. Бұл мәліметтер тұлғаның қалыптасуы жайлы ақпаратты қамтиды және кикілжің мәселесі туралы мағлұматты меңгеру негізінде психологиялық білімді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы :
Зерттеу нәтижелері тұлғаның үйлесімді қарым-қатынасын жетілдіруге, қақтығысты жағдайдың алдын алуға үлес қосады. Еңбек ұжымына, қазметкерлерге т. б. кикілжің мәселесін терең түсініп, оны шешу мен алдын алу ережелерін меңгеруге көмектесуге мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің базасы : Шымкент қаласындағы М. Горький атындағы №12 жалпы орта мектеп.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қорытындыдан тұрады.
1. Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешудің теориялық мәселелері
1. 1 Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің психологиялық сипаттамасы
Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі қақтығысқа толы. «Кикілжің» ұғымы кикілжің, ұрыс керіс, келіспеушілік сөздермен де қолданылады. Сондықтан психологиялық, педагогикалық зерттеулерде кикілжің ұғымы ретінде жиі қолданылады. Кикілжіңдердің біреулері оншақты мемлекеттер мен халықтарды қамтыса, ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік топтардың ортасында, үшіншілері жеке адамдар арасында өршиді. Ежелден-ақ адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып, кикілжіңсіз бейбіт қоғам туралы армандады. Сол заманда туындаған заңдылықтарды қақтығыстардың алдын-алу және шешудің әмбебап механизмін құруға ұмтылысы ретінде қарастыруға болады. Ғасырлар бойы адамзаттың ұлы ойшылдары қақтығыссыз қоғамның теориялық үлгілерін құрып, кейде оны жүзеге асыруға тырысқан. Өкінішке орай, барлығы сәтсіздікпен аяқталып, бұл одан да қатыгез қақтығыстар тудыра бастады .
Қазіргі заманда кикілжің - күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр кикілжің ғасыр болады немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы кикілжіңдер адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. Ұйымдастырудағы қақтығыстар олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзіңмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады. Мұның бәрі әрбір адамның, ұйымның, мемлекеттің, қоғамның және бүкіл адамзаттың өміріндегі қақтығыстардың шешуші рөлін білдіреді. ХХ ғасырдың нәтижелері бойынша көптеген мемлекеттен құралған Кеңес Одағы қақтығысдерде адамдардан айырылудан басқа, материалды және моральды нәтижелер бойынша әлемдік көшбасшы (лидер) болып табылады.
Бөлмеден шығып бара жатып есікті ашуланып қатты жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен ренжігенсіз бе? Анаңызбен келіспей қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба? Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда сіз «кикілжің» деп аталынатын құбылыспен таныссыз. Кикілжің негізінде қоғамды кластарға бөлу (капиталистер, жер жекеменшіктері, жалдамшы жұмыскерлер) және экономикалық бәсекелестік жатыр деп есептеді.
Кикілжің - қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған кикілжің тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты қақтығыс деп атайды.
Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара қақтығысге әкеп соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық пен кикілжің - бір нәрсе емес және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда қақтығысқа ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т. с. с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік қақтығыстардың негізі болып табылады.
Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық қозғалыс, т. б. ) . Ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, саясаттық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда қақтығысының объективті-реалдық негізін тудырады.
Қоғамдық өмірдің барлық сфералары - экономикалық, саясаттық, әлеуметтік рухани жағы - барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі қақтығыстарға орын бар. Кикілжіңге индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар қақтығысты әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес, олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар немесе студенттер, оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары - профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және субъектісі бойынша, қарама-қайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту ұзақтығына байланысты кикілжіңдердің әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ кикілжіңдердің әрекеттерінің интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдағы рөлінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.
Кикілжіңдердің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кез келген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары, жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т. с. с. Ал қақтығыстың субъектісі болып әрқашанда адамдар - бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы - жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе ұлт және тағы басқа болып табылады.
Кикілжіңнің туындауындағы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:
- Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған қақтығыстар өте қарапайым болып саналады. Бірақ бұдан өршіген қақтығыстар өте күрделі болады.
- Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың құрамына кіру, табыс.
- Құндылықтар - біздің сенімдеріміздің жүйесіні негізі.
Бұл себептер кейде аралас, кейде бір өзі кикілжің туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаған кикілжіңдерді шешу өте қиын болады, себебі бұл құндылық жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын құрайды.
Басқаша жүйелеу
- Негізгі (базальді) қажеттіліктер - тіршілік ету үшін - су, тамақ, ауа және т. б.
- Бөлектендіретін құндылықтар - мысалы, әртүрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.
- Әртүрлі қабылдау - адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әртүрлі қабылдайды.
- Әртүрлі қызығушылықтар - мысалы, екі оқушы кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.
- Шектелген ресурстар - өмірде әрқашанда бір нәрсе жетпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша - шектелген ресурс.
- Психологиялық қажеттіліктер - бұл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көру бізге өте қажет [8] .
Адамзат өркениетінің даму тарихы әртүрлі қақтығысдерге толы. Ежелгі заманнан адамдар қақтығыс түсінігін, пайда болу себебін анықтауға, туындаған қарама-қарсылықтарды шешуге ұмтылған. Қақтығысдік пікірлердің жинақталу дәстүрінің көпғасырлық тарихы бар.
Кикілжің ең алғашқы концепциялары 19-20ғ. ғ. аумағында пайда болған, бірақ оған дейінгі ғасырдың ұлы ғұламалары бұл феноменнің өзіндік көрініс табиғатын, алдын-алу жолдарын және шешу жолдарын ұсынған.
Ежелгі философтар қақтығысты адамзаттың пікіріне тәуелсіз, өзімен не жақсы, не жаман емес құбылыс ретінде қарастырды. Бүкіл ғаламшар табиғаттың, адамзаттың және құдайлардың тіршілігімен қарама-қайшылыққа толы. Бірақ, олар қақтығыс терминін қолданбаса да, қақтығыс адамзат тіршілігінің құрамды бөлігі деп есептеген.
Адамзаттың ең алғашқы топтарының пайда болуымен қақтығыстар күнделікті құбылыс ретінде қаралып, ұзақ уақыт бойы ғылыми зерттеудің объектісі болмады. Бірақ сонда да, кикілжің туралы бізге жеткен жеке гениальді ойлар ең ежелгі қайнар көздерде көрсетілген. Біртіндеп өмір шарты өзгерген сайын қақтығыстар да өзгерді. Олардың физикалық, экономикалық және әлеуметтік нәтижелері басқа бола бастады. қақтығысқа деген қоғамдық пікір де өзгерді. Антикалық заман бізге соғыстардың бейнесін және мұндай қақтығысдерге алғашқы бағалау берген көрсеткіштерін қалдырған. Орта ғасырларда және жаңа заманда бұл құбылысты түсінуге тырысқан. Көптеген гуманист-ойшылдар қақтығыс туралы көзқарастары, оның адамзат дамуындағы рөлі, қоғамның өмірінен соғысты шектеуі мен шексіз бейбітшілік орнауы туралы көзқарастарын қалдырған.
Қоғамға психологиялық қысым көрсету өте қауіпті ол өсу жүйесін талқандайды. Қоғамның өсуі қалыпты жүйелі түрде қалыптасу керек:
1. Қоғамның қажеттілігін және оның мүшесінің мүддесін өтеу жолымен;
2. Әрбір қоғам мүшесін белгілі бақылау арқылы, белгілі жүйеде тәрбиелеу;
3. Жеке қажеттілік пен қоғам қажеттілігін біріктіру, ұштастыру арқылы;
Элтон Мэйоның адам қарым - қатынасының мектебі. Бұл мектептің мүшелері қақтығысты әлеуметтік ауытқу деп қарайды. Қоғамның табиғи қалыптасуы - бұл үндестік және әлеуметтік үйлесім. Элтон Мэйо кәсіпкерлер арасында бейбітшілік, ынтымақ болуына үгіттейді, ал қақтығысты әлеуметтік кесел деп санап, бірқалыпты бірлесу бұл қазіргі қоғамның өсу белгісі. Жеке өсуді, ұжымдық түрде өсуге алмастыру керек деді. Адамдар арасында тыныштық пен бейбітшілік және жұмысына деген қызығушылық болады. Олар:
1. Жаңа өмір жағдайына икемделу.
2. Экономикалық өсу.
3. Бәсекелестің өсуі.
Кеннет Боулдинг қақтығыстың теориясы адамның жаратылу табиғатында зорлау, жанжалдасу пайда болған. Ол бұл жағдайды әр түрлі бағытта қарайды, биология, физика терминдері бойынша:
Барлық дау-дамай әр түрлі себептермен болады, бірақ алдын алу басып тастауға да болады:
1. Кикілжіңнің болу себебін анықтау.
2. Оны басып тастаудың себебін дұрыс табу.
3. Адамның адамгершілік ой-өрісін дамыту.
Кикілжіңнің болмауы мүмкін емес, техника жетістіктерінің өсуіне байланысты, адам өмірі өзгерсе де адамның табиғатында қалыптасқан бұл әдет жойылмады. Олардың ойлауынша кикілжіңнің болуына адамның тұрған ортасының әсері зор. Кикілжің қоғамның дамуына зиян келтіреді деп түсіндірді.
А. Г. Здравомысловтың еңбегі қақтығыстың әлеуметтілігі. Мұнда қақтығыс политикалық көзқараспен сипатталады. Қақтығыс - дұрыс қоғамда керек нәрсе, өте қажетті құбылыс. Бұған немқұрайлы қарамай белгілі тәртіпке бағынып әділетті шешу қажет.
Кикілжің жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары. Кикілжің түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық заңдылықтары мен себептері. Кикілжің жағдайды шешудің конструктивті жүйесі және өзіндік ерекшеліктері. Кикілжің типтері: жазық және көлденең.
Кикілжің түрлері:
- іскерлік өндірістік;
- топаралық;
- тұлғаралық;
- рольдік;
- тұлға ішіндегі;
- энтоұлттық;
- саяси;
- монокаузальды;
Кикілжіңнің пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі.
Кикілжің нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі
Кикілжіңдегі әрекеттесудің процесінде оның қатысушылары әртүрлі ойларын айту мүмкіндігін иеленеді, шешім қабылдауда альтернитивалардың көптігін көрсету, және бұл кикілжіңнің маңызды позитивті мәні болып табылады.
Топаралық және тұлғаралық қақтығыс бұл индивид пен топтың немесе топтардың өздерінің арсындағы қақтығыс болып табылады [9] .
Кикілжіңдерді түрлерге бөлу шартты ғана, оның түрлері арасында қатаң шекара жоқ және тәжірибеде мынадай қақтығыстар туындайды: ұйымдастырушы, вертикалды, тұлға аралық, горизонталды, ашық, топ аралық және т. б.
Қарастырылған кикілжіңдер әртүрлі қызметтер, позитивті де, негативті де, қызметтер атқаруы мүмкін.
Позитивті:
-оппонент туралы жаңа ақпарат алу;
-сыртқы жаумен күресте ұжым мүшелерінің бірінуі;
-өзгеру мен дамуға деген стмулдеу;
Негативті:
- кикілжіңге қатысу үшін үлкен эмоционалды, материалдық шығындардың жұмсалуы;
-қызметкерлерді жұмыстан шығару, тәртіптің төмендеуі, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың нашарлауы;
- кикілжің аяқталғаннан кейін- әріптестердің бір бөлігі арасындағы бірлесе жұмыс істеу дәрежесінің төмендеуі.
Отбасында кездесетін қақтығыстар. Ерлі-зайыптылар жүріс-тұрысына психологиялық талдау жасау. Ата-ана мен бала арасындағы қақтығыстар. Жас ерекшелік деңгейге байланысты пайда болатын қақтығыстар. Жас ерекшелік дағдарысы. Күнделікті өмірде жиі кездесетін қақтығыстар. Педагогикалық қақтығыс: құрылымы, динамикасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz