Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін оқытудың мәні мен мазмұны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1
Бақылау сұрақтары:
1) Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін оқытудың мәні мен
мазмұны неде?
2) Жалпы Отан тарихын кезеңдерге бөлуде қандай белгілеріне қарап
ажыратамыз?
3) Деректану мен тарихнаманың бір-бірінен айырмашылығын айтып
беріңіз.

1)Қазақстанның қазіргі заман тарихыпәнін оқытудың мәні мен мазмұны неде?
Тарих - үздіксіз дамып отыратын ғылым. Тарихи тәжірибеден оқыпүйрену тарихи сананы, мәдениетті, дәстүрлерді, ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, болашақты болжап, өткенді саралауға, бүгінгі оқиғалардың шешімін табуға, ертеңгі күннің бағыт-бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол адамның өркениет дамуын ой-талғамынан өткізіп, қазіргі жаһандық мәселелерді шешудің негізі. Тарихи білім студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуында, ұлттық мәдениетті сіңіруге және дүниежүзілік мәдениеттің дәстүрлерінен сусындауға, көпұлтты әрі түрлі діни бағыттағы қоғамда өмір сүруге бейімдейді. Адамзат тарихының тәжірибесі, Қазақстан халқының ұзақ жылдар жүріп өткен тарихи соқпағы қарыштап дамыған ақпараттық кеңістікте жаңа қоғамның дамуы туралы білім болашағымызды айқындауға тигізер пайдасы орасан. Қазақстан егеменді, тәуелсіз, өз алдына жеке мемлекет болғанынаширек ғасырдай уақыт өтті. Екі ғасырға жуық басқа мемлекеттің отары болғанхалықтың ұлттық санасын жаңғырту жолында қоғамдық пәндердің, оның ішінде төл тарих ғылымының алатын орны ерекше. Ұлттық тарихты терең білмейінше ұлттың менталитетін, тарихи даму жолын, сол жолда көрген қиыншылықтары мен табыстарын түсіну мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан территориясында көне заманнан, қазірге дейін өмір сүріп жатқан тарихи отаны санайтын халықтардың тарихын білу маңызды болмақ. Отан тарихы бүкіл адамзат тарихының бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Еуразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының тарихы, Орталық Азия елдерінің тарихымен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы - Қазақстан территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.Қазақстанның тарихы отандық тарихтың аса маңызды бөлігі және жалғасы.Тәуелсіз Қазақстан әзірше ұзақ емес, бар жоғы жиырма бес жылды құрайтын жолдан өтті. Дүниежүзілік тарихпен салыстырғанда, ширек ғасыр соншалықты үлкен мерзім болмағанмен, егеменді ел үшін ол мән-мазмұнға толы тұтас бір дәуір. Қысқа уақыт аралығында мемлекетіміз өз дамуының саяси бағдарын айқындап, нарықтық экономикаға өтуді іске асырды, әлеуметтік күрделі тауқыметтерді басынан өткерді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан қалыптасты. Осы тарихи кезеңді түсіну, одан алар сабақ отандық
тарих ғылымындағы өзекті міндет болып саналады.Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін жоғары оқу орындарында
оқытып үйрету студенттердің бойларында отансүйгіштік пен азаматтықұстанымның қалыптасуына, еліміздің күрделі, тәлімі мол тарихы бойыншатерең ғылыми білімдердің бекуіне септігі тиетін факторға айналуы тиіс. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бері халықтың ел тарихына деген қызығушылығы арта түсті. Себебі бұрын айтылмаған, айтылса да саясаттың ыңғайына көндігіп айтуға мәжбүр болған көзқарастар қазіргі таңда басқаша сипатқа ие болуды.Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін игеру азаматтардың қазіргітаңда Қазақстан қоғамында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени мәселелерді түсінуге, оның оң шешілуіне әсер етеді. Осыған байланысты бұл пән еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген.

2) Жалпы Отан тарихын кезеңдерге бөлуде қандай белгілеріне қарап
ажыратамыз?
1980 жылдары аяғы мен 1990 жылдарының басында елде қалыптасқан демократиялық үрдістерге байланысты отандық тарихшылар еліміздің тарихын оқыту барысында тарихи фактілерге сүйене отырып, саяси оқиғаларға негізделген Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуді анықтады: 1) Тарихқа дейінгі кезең: 2,5 млн - б.д.д. VIII ғасырға дейін (тас ғасыры, қола дәуірі).2) Ежелгі кезең б.д.д. VIII ғасырдан б.д. VI ғасырына дейінгі уақытты қамтиды (сақ, ғұн, үйсін, қаңлы).3) Орта ғасырлар кезеңі Қазақстанда Түркі қағанатының құрылуынан басталып,XVI ғасырдың аяғына дейін созылады (Алтын Орда, Ақ орда, қазақ хандығы).4) Жаңа дәуір XVII ғасырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих ғылымының принциптері
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Тарихты оқудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
Қазақ хандығының шығу тарихы
Қазақстан тарихын орта мектепте оқыту
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
Мектепте оқылатын тарих пәні
Пәндер