Қарагөз трагедиясы. Махаббат мұңы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: «Қарагөз» трагедиясы. Махаббат мұңы.

Орындаған: Айдаулет Б. Е.

Тобы: ИП-19-3к2

Қабылдаған: Халикова Н. С.

Шымкент

Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі шексіз. Ол сахналық қойылымдарға қазақтың дәстүрлерін енгізе отырып жазған. Мысалы, алтыбақан, қыз ұзату салтанаты сынды салтымызды қосып отырды. М. Әуезовтің жеке пьесаларының варианттарын қосқанда, шамамен, елу шақты драмалық шығармасы бар. Әр драмалық шығармасында көркем образдар галереясы бар. Мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, айқышты сөздер көптеп қолданылып, автордың сөздік қорының молдылығынан хабар береді. Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М. Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің XX съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды.

Мұхтар Әуезовтің әйгілі трагедияларының бірі- «Қарагөзде» (1926) бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастар тағдыры көрсетіледі.

Қазақ драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып көрсетеді: «Жалпы пьеса тақырыбы-беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте тарқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы: асықтық пен ақындық құмарлығына елтіген уыз жастар жайы. Пьесаның екінші айқындаған идеясы азаптан туған ақындық, қан-қайғыдан туған қаза, жеке бастың ғана күй-шерінен басталып барып, халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек». Шығарма қаһармандары, бір-біріне ғашық Сырым мен Қарагөздің өзара іңкәрлық сөздері мына диалогтермен айқын көрінеді.

Сырым: Қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақтотым . . . келші күнім! . . .

Қарагөз: Жаным Сырым! Менің бар дүниеден бөліп-жарып алғаным- бір ғана сен өзіңсің. Қандай азап көрсем де, қай қайғыда тебіренумен жүрсем де, жүрегімнің түбінде құпия боп тығылған жылғыз бір сәулем бар. Өз ішімде жанған сол күнім, сөнбес жарығым бар . . . Соным-өзіңсің, сен ғанасың . . .

Бірақ Қарагөз бен Сырымның ғашықтығына тас бөгеттей кедергі бар. Ол- екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына әрі қыздың басқаға ауған бейілін өзгертуге дәрменсіздігіне көңілі күпті. Драматург өзінің шығармасында өмірде сирек кездесетін жағдаятты таңдап алған, тартыс желісін бірден-бірге ширата түсіп, характерлерді де мейлінше дәйекті, толық етіп сомдаған. Сырым мен Қарагөздің махаббатына тосқауыл болған-олардың аталастық жақындығы. Міне, осы хал бұлардың жас өмірін жайқалдырмай, мезгілсіз қасіретке ұшыратады. Наршаның аулына ұзатылып барғанда да Қарагөздің ойынан Сырым бір сәт те шықпайды, өзінің жанында бәйек болып отырған қосағы Наршаға көңіл аудармайды. Ал Наршаның жағдайы да айрықша мүшкіл. Атақты ауылдың маңдай алды жігіті, ақылды Нарша Қарагөз жүрегін өзіне бұра алмағанына шерлі болады. Наршаның адамгершілігінің биіктігі, сұлу Қарагөзді әрі түсініп, әрі күйініштен күн кешкені оны көркем әдебиеттегі қайталанбас сом тұлғалар қатарына қосады. Бір-бірін сүйгенінен басқа жазығы жоқ Сырым мен Қарагөздің ел дәстүрі алдында «қарабет» атанып, бірінің жынданып өлуі, екіншісінің тірі жүрсе де, сергелдең өмірге душар болуы халықтың ғасырлар бойында қалыптасқан дәстүріне кереғар келуінің салдарынан туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңлік Кебек трагедиясындағы жесір дауы, ру тартысы, озбырлық
Қазақ драматургиясы
Қазақ драматургиясының өркендеуі
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
Драма мен театр байланысы
Драмалық шығармалар оқыту
Әуезов шығармалары
М. Әуезов
Атақты Абай жолы эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы
Лирика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz