З. Қабдоловтың Менің Әуезовім - М. Әуезов туралы жазылған көркем шығарма



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ
Тақырыбы: З.Қабдоловтың Менің Әуезовім - М.Әуезов туралы жазылған көркем шығарма

Орындаған: Айдаулет Б. Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Халикова Н.С.

Шымкент
Қабдолов Зейнолла (1927 -- 2006) -- жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген.
Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл Жұлдыз журналы мен Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған.
Ұшқын және Жалын романдарының, Адам, Сыр атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған Сөнбейтін от драмасының авторы. Менің Әуезовым романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған.
Тұңғыш көлемді шығармасы Өмір ұшқыны 1956 жылы қазақ, 1958 жылы Искра жизни повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы Адам атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда Сөнбейтін от пьесасы сыйлық алған. Мұхтар аға документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған Жалын романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның Арна зерттеу-сын-эссесі, Жанр сыры, Сөз өнері монографиялары, Жебе әдеби толғаныстар мен талдаулары, Көзқарас талдаулар мен толғаныстары, Әдебиет теориясының негіздері атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды
Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, Елеусіз қалған есіл ер пьесалар жинағы, Менің Әуезовым, Ұшқын, Жалын романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары Жазушы, Санат баспаларынан әр жылдары басылып шыққан. Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің шапағатын көрген ұстазы - ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген.
ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық мерейтойына арнайы жазылған Менің Әуезовым атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды. Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің Балықшы мен балық ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің Сұр шинельді үш жігіт, В.Закруткиннің Судағы станица романдарын, А.Островскийдің Ұшынған ақша, М.Горкийдің Күн перзенттері, Н.Хикметтің Елеусіз қалған есіл ер пьесаларын қазақ тіліне аударған. Халықтар достығы, Құрмет, Парасат ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.
З. Қабдоловтың Менің Әуезовім романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалады. Ол осы романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы иегері атанды. Академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың Менің Әуезовім романы 1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен басты сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды. Ұлы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, дәрісін тыңдаған, сүйікті шәкіртіне, жылдар өте келе дос-інісіне айналған Зейнолла Қабдоловтың дарыны ұлы суреткердің назарын бірден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы
Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу
Мектеп үлкен мектеп
Әдебиет - сөз өнері
Көркем прозадағы деректілік және психологизм
Қазақ мәдениетінің даму жолында өшпес із қалдырған тұлғалар
Қабдоловтың аудармалары және аударма туралы ой-пікірлері
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Тәуeлcіздік жылдaрындaғы қaзaқ әдeбиeті
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Пәндер