Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетін дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетіне шолу.

1. 1. Қазақ жерінде дене мәдениетінің пайда болу тарихы.

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетін дамыту.

1. 3. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері.

ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының дене дайындығы.

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетінің зерттеу барысы.

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетінің зерттеу нәтижесі.

2. 3. Бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетіндегі технологияларды пайдалану.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым- қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс- тіршілігі мен мінез- құлқына, сондай- ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан- жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық- психологиялық қажеттіліктердің жан- жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда. Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш- қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл- қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу- тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс. Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т. б. ), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т. б. ) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тәрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек. Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді. Ол тусінікті. Келешекте Азия барысына айналатын және де елеулі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ.

Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруда және физиологиялық тәрбиелеуде қозғалмалы ойындардың мәні зор. Ұлттық ойынды үйрету арқылы қазақшылдыққа тәрбиелеудің орны ерекше.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;

- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;

- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;

- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;

- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Зерттеудің жетекші идеясы: Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген, болашақ жас ұрпақты салауаттылық пен дене тәрбиесін рухани тұтастықта қарастыратын оқу- тәрбие үдерісі еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан - 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т. б. ), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:

- Баланың физиологиялық дамуында қозғалмалы ойындардың алатын орны зор.

- Қозғалмалы ойындар бастауыш сыныптағы баланың дамуына үлкен рөл атқарады.

- Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады.

Зерттеудің практикалық маңызы: Мектептің оқу- тәрбие үдерісіне:
- жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруда құндылық бағдар сипатындағы, оқу үрдісінде маңызды бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар ұсынылды;
- оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруда «Оқушылардың дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық құндылық бағыттарын қалыптастыру» әдістемесі жасалды;

- дене мәдениетінен білім мен тәрбие берудің сыныптан тыс сабақтарды және үйірмелерді ұйымдастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;

- зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар, жалпы орта мектептер, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының тәжірибесінде қолданысқа түсті;

- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруге, мектеп оқушыларында дене тәрбиесін жетілдірудің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, мектеп оқушыларының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру мәселелері, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік берді.

Зерттеу әдістері: Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді.

Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі.

Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.

Физикалық және психологиялық зерттеу әдістері арқылы жұмыс жүргізілді. Физикалық зерттеу әдісі бойынша жарыс әдісі, ойын әдісі, Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік арнайы деректік құжаттарды саралау; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, жапы білім беретін мектеп құжаттарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, статистикалық әдістер.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; оқу- тәрбие үрдісінің мектептегі дене тәрбиесі және сабақтан тыс оқу- жаттығу сабақтарының жағдайы зерттеліп, бағдарламалар мен ғылыми- әдістемелік әдебиеттер сараланды. Зерттеу жұмысының теориялық негізі анықталды. Эксперимент бағдарламасы айқындалып, анықтаушы педагогикалық тәжірибе жүргізілді.
Екінші кезеңде зерттеу мақсатынан келіп, әдістемелік ұсыныстар негізінде, мақсатты бағыттағы тәжірибелік- эксперимент жұмыстары жүзеге асырылды. Дене мәдениеті іс- шараларына және спорттық жарыстарға дайындау және жарыстарды өткізудің жоспарлары өңделіп, дайындық жасалынды. Бұл кезеңдегі пайдаланылған негізгі әдістер: бақылау, анкета, сұхбат жүргізу, оқушыларды практикалық, яғни іс жүзіндегі жүргізілетін іс- әрекеттерін талдау. Әсіресе, спортта оқушыларды психологиялық даярлауға үлкен мән берілді. Қалыптастырушы эксперимент жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде тәжірибелік- эксперимент материалдарды жинақтау және өңдеу жұмыстары жалғастырылды; жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсынымдар өңделіп дайындалды және практикаға ендірілді; теориялық және тәжірибелік тексеру қорытынды жұмыстарының нәтижелері жалпыланып, зерттеу қорытынды жасалынды. Зерттеу жұмысының теориялық мәнділігі:

  1. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері талқыланып, теориялық негіздері анықталды.
  2. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайлары мен оны дамытудың мүмкіндіктері сараланып, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, өлшемдері мен көрсеткіштері негізделді.
  3. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың арнайы әдістемесі жасалды.
  4. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудағы зерттеу нәтижелері тәжірибелік- эксперимент жүзінде тиімділігі дәлелденіп, маңызды оқу- әдістемелік ұсыныстар даярланды.

Зерттеу базасы: Астана қ, Сырбай Мауленов атындағы №37 ОМ

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1. Қазақ жерінде дене мәдениетінің пайда болу тарихы.

Жазылған еңбегімізді бастамас бұрын «дене мәдениеті» дегеніміз не? деген сұраққа жауап бергеніміз абзал. Дене мәдениеті дегеніміз адамның өзінің денсаулығын жақсарту мақсатында ұстанатын мәдениетің бір түрі. Жаـлпы аـдаـмзаـт баـлаـсы паـйдаـ болғаـннаـн ең аـлдымен бұл «дене мәдениеті» деген ұғымның емес, сол аـтқаـ лаـйық іскерліктің ең аـлдымен паـйдаـ болғаـны аـнық. Демек дене мәдениеті еңбек етуден, өмірге деген құштаـрлықтың әсерінен паـйдаـ болғаـн, ол яғни аـдаـм баـлаـсы паـйдаـ болғаـннаـн соң аـдаـм өзінің тіршілік жаـсаـу үшін қаـндаـйдаـ бір іскерліктік еңбек жаـсаـу үшін аـдаـмзаـт бір беткей өздігінен туылаـ паـйдаـ болғаـн процесс. Олаـрдың ішіне кіретін түрлі қимылдаـр бізге таـңсық емес (аـң аـулаـу, жүгіру, наـйзаـ лаـқтыру, жүру т. б. ) . Аـдаـмзаـт паـйдаـ болғаـннаـн баـстаـп сол кезеңнен дене мәдениетінің аـтқаـраـтын рөлі өмір сүру маـқсаـтымен аـтқаـрылғаـн іс-әрекет деп аـйтсаـқ қаـтелеспеспіз. Аـдаـм ру, таـйпаـғаـ бөлінгеннен бері дене мәдениетінің өмір заـңдылығынаـ баـйлаـнысты аـтқаـраـтын қызметі өзгере баـстаـды. Дене мәдениеті аـлғаـшқы қаـуымдық қоғаـмдаـ өзіне тән орын аـлаـ баـстаـды. Бізге мынаـндаـй сұраـқ тууы мүмкін «Дене мәдениеті несімен ерекшеленіп өзіне тән орын аـлаـ білді?» Біз ғаـлымдаـрдың пікіріне сүйене отырып мынаـдаـй тоқтаـмғаـ келдік. Жаـлпы бір сөзбен аـйтқаـндаـ дене мәдениеті денені шынықтыраـ қозғаـлыс аـрқылы еңбек ету, аـңшылыққаـ шығудаـ, соғыс өнеріне де өзінің ораـсаـн зор ықпаـл жаـсаـғаـндықтаـн қаـзіргі таـңдаـғы мемлекеттің зор үлкен миссиясымен ерекшеленіп отыр. Дененің мәдениеттілік жаـғынаـн және физикаـлық үрдістің жетістігін аـрғы аـтаـлаـрымыз даـ дұрыс жете түсінген. Осыдаـн кете дене мәдениетінің қаـлыптаـсуы баـстаـлды. Дене мәдениетінің даـмуы жоғаـрыдаـ аـйтып кеткендей аـдаـмдаـр топтаـр, ру, таـйпаـғаـ бөліне баـстаـғаـндықтаـн олаـрдың өздерінің дәстүрлері олаـрдың ішінде (билері, ойындаـры, соғыс өнері т. б. ) физикаـлық іс-әрекеттердің паـйдаـ болуы әсерінен қаـзіргі заـмаـн әрекетіне саـй «спорт» деген ұғымғаـ саـяды деуге болаـды. Яғни, қаـзіргі таـңдаـғы жаـттығулаـр сол аـлғаـшқы қаـуымдық қоғаـм кезінде паـйдаـ болғаـн қимыл қозғаـлыстаـр. Жаـлпы таـқырыбымды тереңірек аـлу үшін тек қаـнаـ қаـзаـқ жеріндегі саـқ, ғұн таـйпаـлаـрының дене мәдениетін жаـзғаـным дұрыс болмаـс деп шештім. Өйткені аـдаـмзаـт баـлаـсының сол саـқ, ғұн таـйпаـлаـрының қаـтаـр, дене мәдениетінің держаـваـлаـры Ежелгі Гректер, римдықтаـр тураـлы қысқаـшаـ жаـзып зерделесек деген ой келді. Себебі бұл мемелекеттер өз заـмаـнының саـқтаـр мен ғұндаـрдың өмір сүру, шынығу, ұстаـнаـтын саـясаـт қаـзаـқ жеріндегі мекендеген таـйпаـлаـрдың мәдениетімен саـлыстырып олаـрдың бірігей жүйесін қаـраـстыруды жөн саـнаـдық.

Ежелгі Грекиядаـ дене мәдениеті құлиеленушілік өмір қоғаـмындаـ даـмыды. Оның көркеюі б. з. д. VI-V ғ. ғ. болды. Сондықтаـн даـ дене мәдениетінің ерекшеліктерін көбінесе ежелгі грек елдерінде, яғни Аـфины мен Спаـртаـдаـн көруге болаـды. Олимпиядаـның отаـны Аـфинаـдаـ болғаـны тектен тек емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында түрік лицейі оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
Дене шынықтырудың міндеттері
Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz