Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм туралы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
“Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм” скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы.
Орындаған: Абакир Диана
Қабылдаған: Омаров С. А.
Мазмұны:
1. Гносеологиялық скептицизм.
2. Гносеологиялық агностицизм.
3. Гносеологиялық оптимизм.
4. Қортынды.
«Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм» Скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы.
Адамзат ғасырлар бойы жердің қалай пайда болғанын, өмірдің қайдан пайда болғанын зерттеп қарастырған. Дегенмен ешбірі де бұл сұраққа анық жауап таба алмаған, тек болжамды түрде ғана жауап берген. Тіпті мықты деген философтардың өзі сенімді толық жауап бере алмаған. Осы сұрақтарға қатысты философияда 3 түрлі ұғым бар. Олар скептицизім, агностицизм, оптимизм.
Ең алдымен бұл терминдердің мағынасын түсіндіре кететін болсам, скептицизм дегеніміз, бір ұғымды қарастыраттын зерттейтін ғылым және сонымен қатар обьективті шындықты дұрыс тану барысындағы философиялық бағыт. Скептицизм бір нәрсеге сыни
тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндадану жағыдайға күдікпен қарай отырып сенбегіштік таныту. Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Секст Эмприк скептицизмге керемет мысал келтірген, ол мысалға сіз алтын таптым деп ойлайсыз, бірақ оның алтын не алтын емес екеніне сенімді болмайсыз деген. Сол секілді философтар да ақиқатты тапқысы келеді, біpақ тапқан күннің өзінде де оның шын не шын емес екеніне кепілдік бере алмайды.
Скептицизм көп жағдайда құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу үшін ізденіске шақырады.
Агностицизм дегеніміз объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім. Яғни анық айта кететін болсақ дүниенің танылмайтындығы туралы ілім болып табылады. Агностиктерді көбінде атеистермен шатастырып жатады, бірақ агностицизм Құдайды немесе құдайларды жоққа шығару емес, оның бар екендігін танудың мүмкінсіздігін мәлімдейді. Қарап тұрсақ екеуі бір жолдағы ұғым сияқты көрінеді, бірақ бұл екеуі екі бөлек ұғым. Агностиктер дүниені барша ғаламшарды бір тылсым күштің жаратқанына сенеді, бірақ құдай бейнесін елестете алмайды және діндердің құдайдың бар екені анық білу мүмкін емес деп санайды. Агностиктер әлемнің бастауы әлдебір құдай құдіреті екенін жоққа шығармайды, бірақ оны сөзсіз ақиқат деп тануға дайын емес, өйткені оны дәлелдейтін дәйектер агностиктер үшін жеткіліксіз. Агностиктер үшін Құдай деген кім және оның түр-сипаты қандай деген сұрақтың жауабы табылмаған. Қысқаша айтқанда, агностик дегендер Құдай бар және оны танып-білу мүмкін емес деп санайды.
Оптимизім дегеніміз адамның танымдық қабілеттерінің шексіз мүмкіндіктерін талап ететін, адамның дүниені, объектілердің және өзін-өзі тануы үшін іргелі кедергілер жоқ деп сенетін бағыты деп айтуға болады. Оптимизм болашаққа жарқын сеніммен, түбінде жамандықты жақсылық, әділетсіздікті әділеттік жеңеді деген сеніммен қарайды . Оптимизм тұтас алғанда, сындарлы, адамдарды болмысқа көңілі толушылық сезіміне бөлейді. Алайда ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен астаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейімдеп, адамның санасында әр түрлі жалған үміттер ұялатады. Мұндай көңіл-күй ауанында жеке басының мүддесін көздеген адамдар қоғамдық сана-сезімді бұрмалап, өз мақсаттарына пайдалануға тырысады. Яғни оптимизм дүниеге үміт көзімен, сеніммен қарау-шылық, үмітсіздіктен аулақ болушылық. Тек жақсы нәрсе ойлап жақсылыққа ұмтылу, үмітін үзбеу болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz