Қаржы саясаты және механизімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Қаржы саясаты және қаржы механизімі.

Орындаған: Абакир Диана

Мазмұны:

1. Қаржы механизімі блок схема.

2. Қаржы саясаты блок схема.

3. Блок схема анықтамасы

ҚАРЖЫ

МЕХАНИЗІМІ

Қоғамдық өндіріске ықпалы бойынша

Aумағына қарай

Қоғамдық өндірісті ынталан-

дыру мех-і

Қаржы ресурс-

тарын

Ұсыну мех-і

Қаржы ресурс-

тарын жұмылдыру мех-і

Жергілікті органның қаржы механизімі

Республикалық қаржы қызметі

ҚАРЖЫ

Салық саясаты

САЯСАТЫ

шығыс

Кіріс

Ақша несие саясаты

Қаржы тактикасы

Қаржы стратегиясы

Қаржы саясаты және механизімі

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.

Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.

Қаржы стратегиясы - экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген ұзақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамдалады, қаржыны қолдану және ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының кажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.

Қаржы тактикасы - ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттердің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталган қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.

Қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық мақсатты шешуге жағдай жасайды, сонымен қатар оның дамуының шешуші бөліктерін анықтайды және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысаны мен әдістеріне сәйкестендіреді.

Қаржы саясаты экономикалық қатынастардан туындайды, себебі қоғам қаржы саясатын жасауда тәуелсіз емес, ол объективті нақтылық жағдайындағы өзінің мүмкіндіктерінең туындайды. Қаржы қатынастарының өзіне ғана тән даму заңдылықтары бар.

Қаржы саясаты ғылыми жобаларға негізделсе және нақты қаржы катынастарына қызмет етсе, прогресивті болуы мумкін.

Қаржы механизімі Экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысанының қаржы ресурстарын қалыптастырылып, пайдалану әдістеренің жиынтығы. Әрбір экономикалық категория экономикалық қатынастардың түрлері, нысандары мен әдістеріне сәйкес өзінше ерекшеленеді. Осындай - қатынастардың түрі, нысандары және әдістері түсінігі- экономикалық өмірде сәйкес үрдістерді басқару құралы ретінде жүзеге асырылады.

«Механизм» түсінігі экономикалық түсінікте белгілі бір қызметке өзгеріс әкелетіндей әрекет пен құрал мағынасын береді. Осыған сәйкес бұл түсінік қаржы саясатының міндеттерін атқарушы құрал ретінде қалыптасады. Қаржы механизмі толығымен шаруашылық механизмі ретінде жүзеге асырылады. Қаржы механизмі жүйелілік талдау, блок, элемент тәрізді буындардан тұрады. Қаржы механизмінің ішкі жүйесі дегеніміз қаржы механизмінің - қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер мен күштер, қаржы механизмінің ұйымдық құрылымы мен құқықтық режимі, басқаруды ұйымдастыру сияқты ішкі күштерін құрайды.

Қолданылған әдебиеттер

1. Финансы : учебник и практикум для академического бакалавриата. 2-е изд., перераб. и доп. // Под общей редакцией: Н. И. Берзон М. : Юрайт, 2017.

2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.

3. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С. Ж., Мельников В. Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2.

4. Барулин С. В. Финансы : Учебник. Москва :КноРус, 2017.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы мәні және қызметтері
Халықаралық валюталық қор
Мемлекеттің қаржы саясаты
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Баға нарық категориясы ретінде
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Халықаралық валюта қатнастары
Қаржы механизмінің жүйесі
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz