Тауар арналары және тауар қозғалысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тауар арналары және тауар қозғалысы

Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.

Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, Тауарб. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Аукционлық Тауар, биржалық Тауар, ақшалай Тауар, тұтынушылық Тауар, қолда бар Тауар, көпшілік қолды Тауар, арзанқол Тауар, төменқол Тауарөтімді Тауар, еркін айналыстағы Тауар, стандартталған Тауаримпорттық Тауар, экспорттық Тауар, стратег. Тауар, отандық Тауар, шетелдік Тауар, Тауар б. түрлерге бөлінеді. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;

Кеден құқығында тауар - мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықар. жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда) . Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткізілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерциялық, контрабандалық Тауарболып бөлінеді.

Тауар арналары дегеніміз - ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту үдерісінде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.

Қызметтері:

1. Өндірілген өнімді сату

2. Түпкі сатып алушылармен байланысты орнату, келіссөз жүргізу жұмыстары.

3. Тауар тұтынушыға қарай тезірек және тиімді жылжытуды ынталандыру саясатын жүргізу

4. Тауар сатылғаннан кейін тұтынушыға қызмет көрсету жұмыстары

5. Тауарды қоймалау және сақтау жұмыстары.

Өткізу арналарын оны құрастыратын деңгейімен сипаттауға болады. Арна деңгейі иеленген түпкі тұтынушыға жеткізу жұмысына қатысқан делдалдар сонымен анықталады.

Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі, ол осы арналардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдар азайған сайын фирма шығындары өседі. Өйткені ол қажетті қоймалар, олар соқпауға өңдеуге, өткізуге молынан қаражат жұмсауға мәжбүр болды. Сонымен қатар делдалдар көбейген сайын фирманы тұтынушылармен тікелей байланыс үзіледі, маркетинг құрылымын бақылау деңгейі төмендейді.

Тарату арналары - бұл тасымалдауды, сақтауды және тәуекелді қоса алғанда, тауарларды өндірушілерден тұтынушыларға дейін жеткізу жолдарын реттеу болып табылады.

Тарату арналарын табу жолы- басшылықтың ең күрделі проблемаларының бірі. Фирманың таңдап алған арнасы маркетинг жүйесінде басқа да шешімдерді дұрыс қабылдауға тікелей әсер етеді. Баға саясаты фирманың қандай диллерді - ірі және бірінші сыныпты диллер ме немесе орташа және қатардағы диллер ме - таңдап алуына байланысты. Басшылық тарату арналарын таңдаған кезде тек бүгінгі мүддені ғана ойламай, келешекте коммерциялық ортаның да қандай болатынын ескеруі керек.

1. Ақпараттық және зерттеу жұмыстары

2. Өткізуді ынталандыру

3. Болашақ тұтынушылармен байланыс орнату

4. Тауарларды сәйкестендіру

5. Келіссөздер жүргізу

6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру

7. Қаржыландыру

8. Тәуекелге бару

7. Қаржыландыру - таңдалған арналарды пайдалануға қажет қаражат іздестіру және оны жұмсау.

1. Ақпараттық және зерттеу жұмыстары - айырбасты жоспарлауға және жеңілдетуге қажетті ақпараттар жинау.

6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру - тауарды тасымалдау жене қоймаға қою.

2. Өткізуді ынталандыру - тауар туралы назар аударарлық ақпарат коммуникациялар беру (жарнамалау, насихаттау, көрмелер өткізу) .

5. Келіссөздер жүргізу - бағасын келісу және меншікке немесе иелікке өткізуге қажетті актілер жасау және т. б.

3. Болашақ тұтынушылармен байланыс орнату - (ассортименті, берілетін кепілдігі, жеткізілуі, қызмет көрсетілуі) .

4. Тауарларды сәйкестендіру - тауарларды тұтынушының талаптарына сай дайындау. Бұған өндіру, сұрыптау, құрастыру және орау секілді қызметтер жатады.

Өткiзу арналары-Маркетинг алдына қойылатын талаптары тұтынушылардың қажеттерiн қанағатандыратын жоғары сапалы тауар өндiрумен және оған дұрыс баға қоюмен ғана шектелмейдi. Сонымен қатар, сол тауарды тұтынушыға жеткiзiп, оған оны өткiзу қажет. Өндiрген тауарын өткiзу үшiн фирма шаралар кешенiн жүргiзедi.

Тауарды өткiзу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделi шешiмдердi қабылдауды талап етедi, себебi ол маркетинг тұжырымдамасын тиiмдi жүзеге асыруға тiкелей әсер етедi.

Өткiзу арналары дегенiмiз- ол өндiрушiден тұтынушыға дейiн тауарды жылжыту процесiнде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.

Өткiзу арналарының жұмысы өзiнiң атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Маркетингте өткiзу арналары көптеген қызметтер атқарады:

• өндiрiлген өнiмдi тарату және өткiзу;

• өндiрiс процесiне қажет шикiзат және материалдар сатып алу;

• маркетингтi зерттеулер жүргiзу;

• тұтынушылармен және түпкi сатып алушылармен байланыс құру,

келiссөз жүргiзу;

• сауда келiсiмдерiн дайындау және жасау, олардың сапалы

орындалуын бақылау;

• тауарды тұтынушыға қарай тезiрек және және тиiмдi жылжытуды

ынталандыру саясатын жүргiзу;

• тауар ассортиментiн таңдап белгiлеуге қатысу және оны

жоспарлауға көмектесу;

• тауарды белгiлi нарық тұтынушыларының талап деңгейiне жеткiзу

кезiндегi түрлi қосымша жұмыстар;

• өткiзу операциялары шығындарын қаржыландыру;

• тауар сатылғаннан кейiн тұтынушыға қызмет көрсету; зерттеу

жұмысы - айырбасты жоспарлау үшін қажет ақпарат жинау;

• тауарды тұтынушыға жеткiзу;

• тауарды қоймалау және сақтау;

• тауарды сорттау және орау;

• сауда мәмiлесiнiң тәуекелiн өзiне алу;

• тауардың баға деңгейiн белгiлеуге қатысып, оны бекiту.

Өткiзу арналарын оны құрастыратын деңгейiмен сипаттауға болады.

Тарату каналдарының деңгейі - бұл тауарды ақырғы сатып алушыға жеткізу бойынша жұмыстарды орындайтын делдал. Өндіруші мен ақырғы сатып алушысы белгілі жұмыстарды орындайтын болғандықтан олар барлық каналдардың құрамына кіреді.

1. Нольдік деңгейлік арна - бұл (тікелей канал маркетингі) өндіруші мен тұтынушыдан құралады.

өндіруші тұтынушы

2. Бір деңгейлік арна - өзіне бір делдалды қосады. Тұтыну нарығында бұл делдал ретінде бөлшек сатушыны, өндірістік тауар нарығында өткізу бойынша агентті немесе брокерді алады.

өндіруші бөлшек сауда тұтынушы

3. Екі деңгейлік арна - бұл екі делдалды қосады. Тұтынушы нарығында мұндай делдалдар болып көтерме және бөлшек сатушы, ал өндірістік тауарлар нарығында - дилер болып табылады.

өндіруші көтерме сауда бөлшек сауда тұтынушы

4. Үш деңгейлі канал - бұл үш делдалдан тұрады.

Өндірушінің пікірінше каналдар деңгейі көбейген сайын оны бақылау мүмкіндігі де азаяды.

Көтерме сауда-Өткiзу процесiнде дәстүрлi делдалдар көтерме және бөлшек саудада әрекет жасайды.

Көтерме сауда дегенiмiз- тауарды одан әрi сату үшiн, немесе сатып алушының кәсiптiк әрекетiнде тауарды қолдану үшiн тауар саудасы болып табылады. Көтерме сауданың атқаратын қызметтерi мыналар:

• өндiрушiлерге тауарларын қысқа және тиiмдi байланыс жолымен өткiзуге көмектеседi;

• бiлiктi сауда кәсiбi мамандары арқылы жұмыс жүргiзедi;

• өндiрушiге және бөлшек сауда саласына маркетингтiк және

техникалық қолдау көрсетедi;

• тұтынушыларға қажеттi тауар ассортиментiн анықтап жеткiзедi;

• тауарды дұрыс сақтау үшiн материалдық негiзiн жасайды;

• өндiрушiге және бөлшек саудаға қаржы көмегiн бередi;

• ақаулы өнiмдердi төмен бағамен өткiзедi;

• тауардың жоғалу, бұзылу тәуекелдiгiн өзiне алады.

Көтерме сауданы ұйымдастырудың үш нұсқасы болады: өндiрушiлер көтерме саудасы; коммерциялық көтерме саудасы және сауда агенттерi мен брокерлер арқылы көтерме саудасы.

Өндiрушiлер көтерме саудасы. Егер де өндiрушiлер өздерi көтерме саудамен айналысса, барлық сауда қызметтерiн өздерi атқарады. Мұнда сауда олардың өткiзу кеңселерi немесе дербес бөлiмшелерi арқылы жүргiзедi. Өндiрушiнiң өткiзу кеңсесi өндiрiстiң өзiнде, не нарыққа жақын жерде

өндіруші

көтерме сауда

бөлшек сауда

ұсақ көтерме

тұтыну-шы

орналасады және тауар қорын жасамайды. Ал оның дербес бөлiмшесiнде өнiмдi сатумен қатар, тауарды сақтау үшiн қоймалар жасалады.

Коммерциялық көтерме сауда. Коммерциялық көтерме саудамен шұғылданатын ұйымдар тауарды қайта сату үшiн сатып алады. Демек ол ұйымдарға тауарға деген меншiк құқығы ауысады. Бұл ұйымдар көрсететiн қызметiне байланысты толық немесе шектелген жұмыстарды атқарады. Толық қызмет көрсететiн коммерциялық көтерме сауда ұйымдары тауар ассортиментiн белгiлi жерде жинайды, сауда несиесiн қамтамасыз етедi, тауарды қоймаларда сақтаумен және оны жеткiзумен шұғылданады, зерттеу және жоспарлау жұмыстарын жүргiзуге көмектеседi.

Агенттер мен брокерлер арқылы көтерме сауда. Агенттер мен брокерлер әртүрлi көтерме сауда жұмыстарын орындайды. Оларда тауарға деген меншiк құқығы болмайды. Олар сыйақыны сату көлемiне байланысты пайызбен алады.

Бөлшек сауда-тауарды дара тұтыну үшiн түпкi тұтынушыларға оны сату қызметiн орындайды. Бөлшек сауда мына жұмыстарды атқарады:

• тауарды сұрыптау процесiнде қатысады;

• жарнама, сауда қызметкерлерi арқылы тұтынушыға ақпарат бередi;

• тауарды сақтау, оған баға белгiлеудi қамтамасыз етедi;

• сауда шартын соңына дейiн орындауды қамтамасыз етедi.

Бөлшек сауда процесiн екi топқа бөлiп қарастыруға болады: дүкен арқылы және дүкенсiз жүргiзiлетiн бөлшек сауда. Дүкен арқылы жүргiзiлетiн бөлшек саудада нешетүрлi дүкендер пайдаланылады. Олардың iшiнде мына дүкен түрлерi кең тараған:

Мамандандырылған дүкен белгiлi тауар түрiмен айналысады (мысалы, жиһаздар, радиотауарлар, спорт тауарлары)

Арнайы мамандандырылған дүкен тауар тобының белгiлi түрiн ғана сатады. (мысалы, мектеп жиһаздары, радиоқабылдағыштар)

Құрама дүкен ұқсас сұранысқа сәйкес немесе тұтынушылардың тиiстi тобына арналған тауарларды сатады. (мысалы, кiтап дүкенi, нан дүкенi)

Әмбебап дүкенi әртүрлi тауар топтарын мамандандырылған бөлiмдерiнде сатады.

Аралас тауарлары дүкенi мамандандырылған бөлiмдерiн құрмай әртүрлi тауарлар топтарын сатады.

Дүкенсiз бөлшек сауданы әдетте дүкеннен тыс мына әдiстер арқылы жүргiзедi:

Сауда автоматтары арқылы металл тиындарын пайдалана отырып, сауда жүргiзедi. Мұнда сатушының қажетi болмайды, күндiз-түнi сауда жүрiп жатады. Автоматтар көшеде дүкен сыртында орнасады. Мысалы, iшiмдiктер, телефон байланысы т. б.

Тұтынушының үйiнде тiкелей тауарлар сатылады. әдетте, бұл әдiспен косметика, сүт өнiмдерi, газеттер т. б. тауарлар сатылады.

Тiкелей тауарды өткiзу әдiсiнде тұтынушы арнайы алдын-ала байланыс жасамай-ақ пошта немесе телефон жарнамасы және телевидение, радио, журналдарының ақпараты арқылы өзiне қажет тауарға тапсырыс берiп сауда жасайды. Бұл әдiспен көбiнесе сыйлықтар, үй жабдықтары, киiмдер сатылады.

Тауарды өткiзу стратегиялары- белгiлеу кезiнде фирма төмендегi факторларды есепке алады:

• түпкi тұтынушылардың ерекшелiктерiн (олардың санын, орналасқан жерiн, сатып алу көлемiн, кiрiс деңгейiн т. б. ) ;

• өзiнiң әлеуеттi мүмкiндiктерiн (қаржы жағдайын, бәсекелiк қабiлетiн, нарық стратегиясының негiзгi бағыттарын, өндiрiс көлемiн т. б. ) ;

• тауардың көрсеткiштерiн (түрiн, орта бағасын, өндiру және сұраныс мерзiмiн, сақтау мерзiмiн т. б. ) ;

• бәсеке деңгейiн және бәсекелестердiң өткiзу саясатын (олардың санын, өткiзу стратегияларын және тактикаларын т. б. ) ;

• нарық ерекшелiктерiн және сипатын (нақты және әлеуеттi сыйымдылығын, қалыптасқан дәстүрлерiн, сауда тәжiрибесiн т. б. ) ;

• әртүрлi өткiзу жүйелерiндегi қалыптасқан саластырсалы бағасын. Өткiзу стратегиясын жетiлдiру және жүзеге асыру үшiн мына

сұрақтарды шешудi қажет етедi:

• өткiзу арнасын дәл таңдап белгiлеу;

• оңтайлы өткiзу әдiсiн таңдау;

• делдалдарды дұрыс таңдау және олармен ұтымды жұмыс жасау

түрiн анықтау;

• сервис қызметiн тартымды және тиiмдi ұйымдастыру.

Жалпы алғанда маркетингте келесi өткiзу стратегиялары қолданылады:

• қарқынды өткiзу;

• iрiктеу стратегиясы;

• эксклюзивтi өткiзу.

Қарқынды өткiзу. Қарқынды өткiзу стратегиясында фирма нарықты

максималды қамту үшiн және сату көлемiн молынан көбейту үшiн мүмкiндiктерi жоғары сауда орындарын таңдайды. Бұл стратегия күнделiктi сұраныстағы тауарларды, шикiзаттарды өткiзу үшiн көбiрек қолданылады. Ол үшiн тауар көпшiлiкке қолайлы болуы тиiс және тауарды тұтынушыларға ұтымды етiп көрсете отырып нарық үлесiн ұлғайтуға мүмкiндiктер қалыптасады.

Тауарды iрiктеп өткiзу. Iрiктеп өткiзу жүйесiнде өндiрушi iске қосатын барлық делдалдарды қолданбайды. Бұл стратегияда баға мен тауар қасиеттерiн салыстыра отырып, тұтынушының таңдамалы өнiмдерiн өткiзуге

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар қозғалысы
Тауар қозғалысы процестерін ұйымдастырудың теориялық аспектілер
Фирманың тауарын жылжыту арналары
Тауар тарату арналары. өткізудің маркетингтік жүйелері
Орау жөніндегі шешімдер
Тауарлар тарату тәсілдері, тарату арналары және тауарлар қозғалысы
Дайын өнімді өткізудің негізгі жүйелері
Тауарды тарату әдістері
Лекция Маркетинг жүйесіндегі тауар
Туристік қызметтерді сатуда басқаруды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz