Автоматтандырылған басқару жүйесі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ КАФЕДРАСЫ

БАӨЖ

Тақырыбы: Автоматтандырылған басқару жүйесі

Орындаған: Айдаулет Б. Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Изтаев Ж. Д.

Шымкент

Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) - жұмыстың талап етілетін режимін орнату мақсатында, басқару нысандарының бір немесе бірнеше параметрлерін автоматты түрде өзгертуге арналған құрылғылар кешені. АБЖ реттемелі параметрлердің белгіленген шамаларының тұрақтылығын немесе олардың белгілі бір заңдылық бойынша (тұрақтылық жүйелері, бағдарламалық басқару, бақылау жүйелері) орын алған өзгерісін ұстап тұруды қамтамасыз етеді не басқару сапасының белгілі бір критерийлерін (айрықша реттеу, оңтайлы басқару жүйелері) оңтайландырады. Басқару түрі бойынша АБЖ тұйық, ашық және құрама болып бөлінеді. АБЖ негізгі түрі - тұйық АБЖ, онда дабылдардың өту тізбегі, басқару құрылғысына немесе басқарылатын нысанға қосылатын тұйық сызықты құрайды. Мұндай басқару ауытқу бойынша басқару деп аталады. Ашық АБЖ басқару талдаусыз және басқарылатын нысан жұмысының үдерісінде қандай да бір факторларды есепке алмастан, қатаң бағдарлама бойынша жүргізіледі - басқару құрылғысына оның ағымдық жағдайы туралы ақпаратты тасымалдайтын дабылдар келіп түспейді, кейде қозғалыстардың (кедергі) негізгілері ғана өлшеніп, қайтарылады. Мұндай басқару қозғалыс бойынша басқару деп аталады. Құрама АБЖ басқарудың осы екі қағидасы (ауытқу бойынша және қозғалыс бойынша) қатар қолданылады. Күрделі техникалық жүйелері (мысалы, өндірістік және энергетикалық кешені, көлік құралдары бар) немесе реттелмелі параметрлері көп технологиялық үдерістерге ие АБЖ есептеуіш техника құралдарында - микропроцессорлар, ЭЕМ, басқару машиналарында кеңінен қолданылады.

Автоматтандыру - адамды энергияны, материалдарды немесе ақпаратты алу, түрлендіру, жіберу және пайдалану үдерістерінен жартылай немесе толықтай босататын, автоматтандырылған техникалық құралдар және басқару жүйелерінің қолданылуы. Автоматтандырылатын үдерістердің қатарына: технологиялық, энергетикалық, көліктік және басқа да өндірістік үдерістер; күрделі агрегаттарды, кемелерді, өнеркәсіптік құрылыстарды, өндірісті, кешендерді жобалау; цех, кәсіпорын, құрылыс, сала, әскери бөлім, бірлестіктер және т. б. шеңберінше ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; ғылыми зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистикалық мәліметтерді есепке алу және өңдеу, бағдарламалау, инженерлік есептер және т. б. жатады. Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен тиімділігін жоғарылату, өнім сапасын арттыру, жоспарлау мен басқаруды оңтайландыру, адамды денсаулығы үшін қауіпті шарттары бар жұмыстан алыстату.

Автоматтандырылған басқару - адамның тікелей қатысуынсыз, белгіленген алгоритмге сәйкес, басқарылатын нысанның (машина, құрал, жүйе және т. б. ) қалыпты қызметін қолдау. Автоматтандырылған басқару ауқымды ақпарат көлемін өңдеу, басқару сапасы мен айқындылығын арттыру, қол жеткізу қиын немесе денсаулыққа зиянды жұмыстан босату қажеттілігімен байланысты операцияларды орындау үшін, әртүрлі техникалық жүйелерде қолданылады.

Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) - белгіленген мақсатқа сәйкес, күрделі үдерісті (нысанды) тиімді басқаруды қамтамасыз ететін математикалық әдістердің, техникалық құралдардың (ЭЕМ, байланыс құралдары, ақпаратты бейнелеу құрылғылары және т. б. ) және ұйымдастыру кешендерінің жиынтығы. АБЖ негізден және қызметтік бөліктен тұрады. Оның негізіне ақпараттық, техникалық және математикалық жасақтама кіреді. Қызметтік бөлікке басқарудың нақты функцияларын автоматтандыратын, өзара байланысты бағдарламалардың жиынтығын жатқызамыз. АБЖ маңызды міндеті - еңбек өнімділігін арттыру және басқару үдерістерін жоспарлау мен реттеу әдістерін жетілдіру негізінде нысанды (өндірістік, әкімшілік және т. б. ) басқару тиімділігін жоғарылату.

Кері байланыс - қандай да бір жүйе (құрылғы) қызметі нәтижелерінің қызмет сипатына немесе басқару органын басқару үдерісіне әсер етуі. Кері байланыстың екі түрі бар, олар: жүйенің тепе-теңдіктен ауытқуы кезінде осы ауытқудың бейтарап күйге айналуын жүзеге асырып, осы арқылы қызметтік жүйелерді тұрақтандырып, оның жұмысын тұрақты ететін теріс кері байланыс және жүйенің басқа тепе-теңдік жағдайына өтуіне ықпал ететін немесе жүйенің тұрақсыз жұмысына алып келетін екпінді үдерісті туындататын оң кері байланыс. Кері байланыс автоматтандырылған басқару жүйелерінде, электронды құрылғыларда (мысалы, генераторларда) және т. б. қолданылады.

Басқару элементтері. Негізгі басқару элементтері болып: өлшеуді жүзеге асыратын тетіктер мен басқару әсерін беретін атқару механизмдері табылады. Сонымен қатар, тағы бір элемент ретінде - шешім саналады. Онсыз тиімді басқару жүзеге аспайды. Үдерістің кейбір нүктелерінде температураны өлшеу, атқару механизмін қозғалысқа келтіру үшін тікелей пайдаланылмауы мүмкін. Алайда, оны шешім қабылданып, басқару жүзеге асырылатын, есептеулерді жүргізу үшін тәуелсіз айнымалының шамасы ретінде қолдануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған жүйелердің жіктелуі
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Өндірістің икемді модулі және машина жасаудағы автоматтандырылған желі жайлы мәлімет
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің топтастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz