Биржалық қызметті компьютерлендіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ КАФЕДРАСЫ

БАӨЖ
Тақырыбы: Биржалық қызметті компьютерлендіру

Орындаған: Айдаулет Б.Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Изтаев Ж.Д.

Шымкент

Биржалық қызмет
Биржа (лат. bursa -- әмиян) -- сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.
Биржалар 15 -- 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалар тауар биржасы, қор биржасы, валюта биржасы, еңбек биржасы, т.б. болып бөлінеді.
Биржа түрлері
Тауар биржасы. Тауар биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер -- астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар биржаларына: Лондон халықаралық биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металдар биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.
Қор биржасы. Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 -- 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.
Валюта биржасы. Валюта биржасы -- валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.
Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері биржа делдалдары және дилерлер болып бөлінеді. Көпшілік қауым биржа операцияларына делдалдар арқылы қатысады. Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарқы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады. Қазақстанда биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор биржалары шапшаң дамыды.
Биржа айналымы -- белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының сомасымен айқындалады. Сатылған тауарлар мен құнды қағаздардың мөлшері биржа айналымының көрсеткіші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИРЖАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР
Бағалы қағаздарды жіктеу және бағалы қағаздар түрлерін жіктеу
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫИНВЕСТОРЛАР
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Қазақстанның валюта нарығының даму перспективасы және оның FOREX Халықаралық валюталық нарығына қатысуы
Ақпараттық тауарлар Ақпараттық қызметтер
Тауардың түрлері. Ақпараттың тауар ретінде ерекшелігі
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Персоналды басқару қызметінің кадрлық потенциалы
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы
Пәндер