Медициналық демография



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультет: Экономика, басқару және құқық

БӨЖ
Пән бойынша: Статистика
Тақырыбы: Халық денсаулығын статистикалық зерттеу

Орындаған: Ертай Зарина
Қабылдаған: Оспанкулова Махаббат
Тобы: ЭҚЖ-111F

Түркістан, 2022

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен қазіргі жағдайы
2. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері
3. Медициналық демография
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Денсаулық - адам организмінің қалыпты жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды. Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы - жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының Бірінші байлық - денсаулық, Дені саудың - жаны сау, Жаны саудың - тәні сау деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ: " Денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы".

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен қазіргі жағдайы
Денсаулық сақтау - қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы - еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағызаңаясындаөзараүйлесімд ілікпен дамуда.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді.
Денсаулық сақтау саласын басқару 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы қаржы және білікті маман тапшылығы (ең мықты деген кадрлар эмиграцияға кетіп қалған) кезіндегі бала және ересектер арасындағы өлім-жітімнің өршіп тұрған қиын материалдық жағдайына қарамастан тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге барынша тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі деп аталған арнайы министрлікпен басқарылған еді.
1996 жылы елде сақтандыру жүйесінде қайта құру басталып, ол өз кезегінде денсаулықсақтау саласын айналып кете алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өту кезеңімен белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1995 жылғы 15 маусымдағы №2329 Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша міндетті медициналық сақтандыру Қоры арқылы тұрғындарды міндетті және ерікті сақтандыру ойластырылды. Бұл Қор Денсаулық сақтау министрінде жасалған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастырған мемлекеттік коммерциялық емес ұйым еді. Бұл бағдарлама күйреп қалғанымен қазіргі кездегі медициналық сақтандырудың қаржы нарығында қаржылық тұрақтылық пен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының қалыптасуына жағдай жасады.

1990 жылы мемлекеттік басқару ұйымдарын оңтайландыруға байланысты елде мемлекеттік ұйымдардың саны қысқарып кеткені белгілі Сол науқаннан Денсаулық сақтау министрлігі де шет қала алмады. Осылайша, бұл ұйымның аты ҚР Денсаулық сақтау, білім, Спорт министрлігі деп аталды. Осы атаудағы министрлік ҚР Қазақстан-2030 стратегиялық дамуы аясында Халық денсаулығы атты алғашқы мемлекеттік бағдарламаны ұсынды.
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еді. Ол 1998-2008 жж. арналып, үш базалық кезеңнен тұрды және төмендегі қағидаларға сүйенді:
тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің қол жеткен деңгейін қолдау, сақтау, экономикалық, құқықтық ұйымдастырушылық іс-шараларын жандандыру және денсаулық сақтау жүйесін нарықтық жағдайға бейімдеу;
медициналық қызметтің ішкі нарығын қалыптастырудың экономикалық-құқықтық алғышарттарын жасау;
медициналық мекеменің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;
халық денсаулығын сақтау мен дамытуға азаматтар мен жұмыс берушілердің, мемлекеттің жауапкершілігі.
Бұл бағдарламаның жүзеге асуы денсаулық сақтау саласында ғана емес, сонымен бірге соған қатысты сумен қамту, өндірілетін, тасымалданатын азық-түлік тауарларына бақылау, қоршаған орта сияқты салаларда да шешілмеген мәселелер көп болды. Осының негізінде Иммунизация, Ана денсаулығының сақшысы,
ВИЧ-тің таралуын тоқтату, емдеу-сауықтыру және тууға көмектесу ұйымдарында асептиктер мен антисептиктерді сақтау, қоршаған орта және ұлт денсаулығы, отбасын жоспарлау, бала азығы және т.б. Бұл мәселелерді шешу барысында іс-шаралар жүйесі жасалынды, бірақ соңында белгілі болғанындай бұл бағдарламалардың ешқайсысы ақырына дейін жеткізілмеді. Сонда да елде бағдарламаның осынша ұзақ уақыт жүргізілгені назардан тыс қалмады.
Осы бағдарламалар аясында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелері ашылып, мектептердің төменгі сыныптарында тегін тамақ беру, мектептерде психолог қызметі, арнаулы клиникалар, жеке меншік жоғары медициналық оқу орындарында, клиникаларға лицензиялар берілді. Осы кезеңді кеңестік жүйеден қазіргі денсаулық сақтау жүйесіне өту кезеңі деп бағалауға болады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі келесі қайта құруларды енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізді. Ол 2005-2010 жж. арналған ҚРдағы денсаулық сақтауды дамыту мен қайта құрудың мемлекеттік бағдарламасы деп аталды. Ол бағдарламалы түрде қаржыландыруға бағытталды. Осы бағдарлама аясында тегін медициналық қызмет түрлері анықталды және ол бүгінге дейін сақталып отыр. Сараптау нәтижесінде белгілі болғандай, денсаулық сақтау жүйесін түпкілікті өзгерте алмады. Соған қарамастан бұл бағдарлама ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бетбұрысты кезең болған. Осы кезеңде денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа моделі пайда болды. Ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрігерлік-демографиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету сияқты классикалық тапсырмалар мен бірге медициналық білімді қайта құру мен ұйымдастыру сияқты халықаралық қағидаларға негізделген мәселелер де қарала бастады.
Медициналық қызмет сапасын және халықаралық талаптарға сай қазіргі заманғы ақпараттық технология негізінде жұмыстың тиімділігін бақылау жүйесін енгізу туралы мәселе тұңғыш рет көтерілді. Осы бағдарлама денсаулық сақтау жүйесіне медициналық мекемелерде тіркелген әрбір ауру адамды қаржыландыру сияқты жаңа механизмді енгізді: жан басына шаққандағы норматив қажетті медициналық көмектің көлеміне, өңірдің ерекшелігіне қарай анықталды. Яғни емханаларда тіркелген тұрғындар саны көп болса, онда мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де соншалықтықомақтыболмақжәнебұлқаржы лар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалуы тиіс болды. Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен бірге медициналық қызмет сапасын, айыппұл санкциясы жүйесін бақылау, медициналық көмектің әртүрлі параметрлерін бағалау анықталды. Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесіндегі қол жеткен табыс деп сапа бағалау институты мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін бағдарламаланған сапа элементтерін, сапаны бағалау критерийлерінің халықаралық тәжірибесін ескерген арнайы әдістемелік негізде дайындалды.
2005-2010 жж. мемлекеттік бағдарлама Қазақстан медицинасының дамуына өз үлесін қосты. Елбасы, ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан-2050 Кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында: Ұлт денсаулығын жақсартуда айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда оның ұйымдық жүйесі басқару мен қаржыландыру қайта құрылды, - деді. Жолдауда денсаулық сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінетіні, тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру жастарының ұзақтығы, балалар реабилитациялық орталықтары мен ана және бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық көмек, кардиология орталықтарын қамтыған кластерлік жүйе енгізілгені туралы айтылған.

Сонымен қатар олардың қатарына арнайы салынып жатқан мамандандырылған медициналық мекемелерді, жасанды ұрықтандыру бағдарламасына жыл сайынға бөлінетін квоталарды, қоғамға қауіпті арурулармен күресуді жатқызуға болады.
Денсаулық сақтау туралы заң да қиындықтарды басынан кешті. Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР кодексі қабылданды. Бұл акт еліміздегі денсаулық сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге осы саладағы мемлекеттік басқару тетіктерін бекітті. Бұл кодекс медициналық ұйымдарда және ҚР денсаулық сақтау саласындағы білім ошақтарында жаңа медициналық құрал-жабдықтарды енгізуді міндеттеді. Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Холдинг сол үшін құрылған еді. Бұдан басқа денсаулық сақтау салаларында лицензия беру, аккредитация және аттестаттау жүргізу ережелері мен негіздемесі тұңғыш рет заң тұрғысынан бекітілді.
Қазақстан-2050 стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет; кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; смарт-медицина қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, электронды медицинаны; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді. Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де бар.
Олар:
ауылдарда кәсіби мамандардың жетіспеуі;
денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы;
медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы;
аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы;
мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық;
жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) - 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты -- жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы -- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда.

2. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері
Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.
Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 жылы республикада 88 жеке стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті 1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.
20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қаласында) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, еліміздің экологиялы қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған медициналық орталықтар іске қосылды. 1990 жылы Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды.
Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады. Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады.Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.
Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш. Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Тұрғын халықтың демографиялық ахуалын талдау
Демографиялық күрт өсу
Кездейсоқ шамалар ұғымы
Тарихи демографиялық болжамдар
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Демография және экологиялық мәселелер. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қоғамдағы демографиялық процестер
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Пәндер