Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет:мазмұны, рөлі мен функциялары

Орындаған:Әбжән Әли Ж

МАР21-1к

Қабылдаған:Көшкінбаева А. С

Алматы 2022

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы

2. Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор-

лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

ПАЙДАЛАНЫЛҒВН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде
қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне
қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі - қоғамда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен
елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-
этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді
тәсіл екенін көрсетті.
Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет
бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан
бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа пән енгізіле
бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін
тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға
бағытталған.
Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік
қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді.
Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар
құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық
бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін
қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері
жүйелітүрдеәзірленуде. Авторлар ұжымына әртүрлі бейіндегі мамандар кірді, олардың ішінде - практикалық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, педагогика, философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін ғалымдар бар. Авторлық ұжымның мұндай іріктелуі белгіленген
міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті
проблемаларын байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі
тәсілдің міндетін белгілеген авторлар сыбайлас жемқорлықтың мәнін,
табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени,
рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау ұсыну әрекетін жасады.
Оқу құралында қамтылған мәселелер кешеніне орай оларды
төрт тарауға топтау орынды деп табылып, олардың әрқайсысы тиісті
тақырыптық блокты қамтыды.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас
жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың
тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси
әдебиетте кеңінен қолданылады.
«Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген
мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан
тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау,
алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу,
қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын
«со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің
қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.
Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру»
дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де
материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді.
Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау,
алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық,
нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген
мағынаны білдіреді[1] .
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен
қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан,
рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға
сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені,
оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату,
іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы
өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.

Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.

Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратты туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде
барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің
бірі - Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші
жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары
(біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр) .
Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны
үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: 5. Егер судья істі талқылап,
шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе,
онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы
істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста
оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп,
сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың
затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан
ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс»

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің
эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған
Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің
діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және
қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің
жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі
бойынша өсиеттерді қамтиды.
Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа
алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді
білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды
ескертеді
Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің
мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз
жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлық-
тың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші
және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік - мемлекеттік
басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп
атаған.
Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты
мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды
фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп
санаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы - бұл заңдар
және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба
алмайтындай етіп құру керек»
Кейіннен Гегель былай деп атап көрсетті: «Афинада әрбір азаматтың
қандай қаражатқа өмір сүретіні жөнінде есеп беруге міндеттейтін заң
болған, ал қазіргі кезде бұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс дейді» [4] .
Рим құқығында «сыбайлас жемқорлық» заң нысанын иеленді.
Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын - XII кестелер Заңын
(біздің эрамызға дейінгі V ғасыр, латынша leges duodecim tabularum)
келтіреміз, онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға
алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада
пайдаланылады: «Сот ісін жүргізу кезінде (істі талқылау үшін) тағайындал-
ған және осы іс бойынша ақша сомасын алған деп айыпталған судья немесе
делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе?» [2] .
Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік,
канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және
«күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas»
адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін
оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды.
Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж. )
еңбектерінде сыбайлас жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін
берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж. ) ол сыбайлас
жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай
пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын
анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол асқынып кеткенде, анықталуы
оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен
адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді.
Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана
болып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың
барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне
әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде
зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін
құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың
өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық
санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас
жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін
ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен
эмоциялардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды
атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік
берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды
адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері
арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың
жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше
орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық
көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың
призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады.
Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке
жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың
шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-
құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық,
құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық
және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші,
бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы
(гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық
туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым-
қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші
функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениеттің мағынасы
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсыүлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz