C++ тілінде файлдық ағымдар арқылы деректер файлын өңдеу бағдарламаларын іске асыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ» КАФЕДРАСЫ

БӨЖ

Тақырыбы: Деректер файлын өңдеу бағдарламаларын іске асыру

Орындаған: Айдаулет Б. Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Ельбергенова Ғ. Ж.

Шымкент 2020 ж

Файлдық ағымдар

Əдетте файл ретінде сыртқы мəлімет жинақтауышта сақталған белгілі бір аты бар ақпаратты айтады, мысалы, қатты немесе иілгіш магниттік дискідегі мəліметтер жиыны. Логикалық тұрғыдан алғанда, файлды тізбектелген байттардың шектеулі саны ретінде көрсетуге болады, сондықтан дисплей, пернетақта жəне принтер сияқты құрылғылар да файлдың дербес бір түрі ретінде қарастырылады.

Мəліметтеріне қол жеткізу тəсіліне қарай файлдарды тізбекті жəне кездейсоқ қол жеткізу файлдары деп екіге бөлуге болады. Тізбекті файлға мəлімет жазу мен оқу оның басынан бастап байтқа байт тіркеле орналастырылып жүргізіледі, ал екінші түрдегі файлдар мəліметтерді өзіміз көрсеткен позицияға жазу мен оқу мүмкіндігін береді.

Стандартты кітапханада файлдармен жұмыс істеуге арналған үш класс

бар, олар:

ifstream - кіріс файлдық ағымдар класы;

ofstream - шығыс файлдық ағымдар класы;

fstream - екібағытты файлдық ағымдар класы.

Бұл кластар сəйкесінше istream , ostream жəне iostream кластарынан

шыққан туынды кластар болып табылады, сондықтан олар асыра жүктелген

<< жəне > операцияларын, форматтау жалаушаларын, манипуляторларды,

əдістерді, ағымдар қалып-күйлерін жəне т. б. мұралайды.

Программада файлдарды қолдану кезінде төмендегі операциялар қажет етіледі:

□ ағымды құру;

□ ағымды ашу жəне оны файлмен байланыстыру;

□ мəлімет алмасу (енгізу/шығару) ;

□ файлды жабу.

Файлдық ағымдардың əрбір класында конструкторлар бар, солардың көмегімен осы класс объектілерін əртүрлі тəсілдермен құруға болады.

□ Параметрсіз конструкторлар соларға сəйкес кластың объектісін оны файлмен байланыстырмай құрады:

ifstream() ;

ofstream() ;

fstream() ;

□ Параметрлі конструкторлар өздеріне сəйкес класс объектісін құрады да, аты көрсетілген файлды ашады жəне оны объектімен байланыстырады:

ifstream(const char *name, int mode = ios::in) ;

ofstream(const char *name, int mode = ios::out

ios::trunc) ;

fstream(const char *name, int mode = ios::in ios::out) ;

Конструктодың екінші параметрі файлды ашу режимін (тəртібі) орнатады. Егер алдын ала келісім бойынша орнатылған мəн программалаушының көңілінен шықпаса, онда ios класында анықталған биттік маскалардан олардың басқасын құруға да болады:

enum open_mode{

in = 0x01, // Оқу үшін ашу

out = 0x02, // Жазу үшін ашу

ate = 0x04, // Нұсқауышты файлдың соңына орнату

арр = 0x08, // Файл соңына мəлімет қосу үшін ашу

trunc = 0x10, // Егер файл бар болса, оны жою

nocreate = 0x20, // Егер файл жоқ болса,

// қатені шығару

noreplace = 0x40, // Егер файл бар болса,

// қатені шығару

binary = 0x80, // Файлды екілік режимде ашу

};

Программада файл ашу үшін констркторды немесе соған сəйкес конструкторға тəн параметрлерге ие болатын open əдісін қолдануға болады, мысалы:

// Конструкторды қолдану

ifstream inpf ("input. txt", ios::inios::nocreate) ;

if (!inpf) {

cout << "Файлды мəлімет оқу үшін ашу мүмкін емес";

return 1;

}

ofstream f;

f. open("output. txt") ; // open əдісін қолдану

if (!f) {

cout << "Файлды мəлімет жазу үшін ашу мүмкін емес";

return 1;

}

Жазу мен оқу ағымдық кластардағы сияқты мəлімет оқу жəне оны шығарып алу операцияларының көмегімен немесе кластар əдістері арқылы орындалады. Əдістерді қолдану мысалы (программа экранға файлдың ішкі мəліметін шығарып береді) :

#include <fstream. h>

int main() {

char text[81], buf[81] ;

cout << "Файлдың атын енгізіңіз:";

cin >> text;

ifstream f(text, ios::inios::nocreate) ;

if (!f) {

cout << "Файлды ашудағы қателік"; return 1;

}

while (!f. eof() ) {

f. getline(buf, 81) ;

cout << buf << endl;

}

return 0;

}

Ағымды жабу үшін close() əдісі анықталған, алайда оны деструктор жанамалы (нақты емес) түрде орындайтын болғандықтан, ағымды оның көріну аумағының соңына жеткенге дейін жабу қажет болған кезде тікелей шақыру қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
C++ тілінде Магазин класын пайдаланып файлдық деректер қорын құру және өңдеу
Turbo C тілінде Шырын саудасы бағдарламасын әзірлеу және іске асыру
C және C++ тілдеріндегі файлдармен жұмыс: жады кластарынан файлдық ағымдар мен режимдерге дейін
Вирусқа қарсы бағдарламалар: шолу, талдау және C# тілінде мысалдық іске асыру
Кескіндерді вейвлет түрлендіру арқылы сандық өңдеу және сығу: теория мен C# тіліндегі іске асыру
C++ тілі: негізгі ұғымдар және файлдық енгізу-шығару арқылы жолаушылар жүктерін өңдеу
Турбо Pascal тілінде қонақүй клиенттерінің деректер қорын жобалау және файлдық енгізу-шығару әдістері
Прокси-серверді TCP және SOCKS4 хаттамалары негізінде ANSI C (POSIX) арқылы іске асыру
PHP тілінде веб-сайттарды жобалау және іске асыру
Таңдау және алмастыру арқылы сұрыптау алгоритмдері: теориясы және C тіліндегі іске асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz