Электрондық маркетинг



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ КАФЕДРАСЫ

БАӨЖ
Тақырыбы: Электрондық маркетинг

Орындаған: Айдаулет Б.Е.Тобы: ИП-19-3к2Қабылдаған: Изтаев Ж.Д.

Шымкент

Электрондық бизнес. Интернет желілерінің пайда болуы, ақпараттық технологиялардың, жүйлердің дамуы және олардың стандарттарының әрекеті жаңа заманауи бизнес бағытының пайда болуына әкелді. Электрондық бизнес түсінігінің әр түрлі анықтамалары бар. Мысалы, Gartner Group анықтамасына байланысты, электрондық бизнес деген өнімдер мен тауарларды ұйымдастыруды үздіксіз оңтайландыру және де сандық технологиялар арқылы өндіруші байланыстарды қолдану және коммуникацияның бірінші шарасы ретінде интернетті пайдалану арқылы түсіндіріледі. Электрондық бизнестің келесі анықтамасы коммерциялық әрекетті енгізу кезінде ғаламдық ақпараттар желісін пайдаланатын кез келген іс-әрекет. Электрондық коммерция электрондық бизнестің маңызды құрамдас элементі болып саналады, кез келген келісім формасын қамтитын, онда екі жақ келісім электрондық түрде өтеді.
Электрондық коммерция бизнесті ғаламдық деңгейге енгізетін шара бо-лып табылады. Ол компанияға жабдықтаушылармен толық әрекеттесуіне және сұраныстарға тез жауап беруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар компаниялар географиялық орналасуына, уақыттық белдеуіне қарамай жабдықтаушыларды таңдау және өз тауары немесе қызметімен ғаламдық нарыққа шығу мүмкіндігін алады.
Электрондық бизнес модельдері. Әрекеттесуші субъектілер типіне байланысты электрондық бизнесті келесі негізгі категорияларға бөлуге болады:
бизнес -- бизнес;
бизнес -- тұтынушы;
тұтынушы -- тұтынушы;
бизнес-әкімшілік;
тұтынушы-әкімшілік.
Берілген бөлімше бірегей және электронды бизнесте ғана қолданылатын болып табылады, сонымен қатар (адамдар арасындағы байланыс жоқ болғанда немесе шектелген кезде) электронды бизнес жағдайында өте маңызды рөл атқарады (мысалы, тауардың сайт арқылы сатылуы).
Интернеттегі маркетингтің ерекшеліктері. Интернетті маркетинг мәселелерін шешуде қолдану жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және дәстүрлі технологияларға қарағанда көптеген артықшылықтарын ұсынады. Негізгі өзгерістерге келесілерді жатқызуға болады: Тұтынушылардың негізгі рөлден өндірістік рөлге ауысуы Интернеттен жаңа коммерция әлеміне келген ең негізгі ерекшеліктің біріне тұтынушылырдың негізгі рөлден өндірістік рөлге ауысуын жатқызуға болады. Интернет компанияларға бірнеше секунд ішінде компьютер алдында отырған жаңа тұтынушылардың назарын өздеріне аудартуға мүмкіндіктер жасап берген. Сондай-ақ, тұтынушы жүгірткіні бірнеше рет шерту арқылы кез келген бәсекелеске де ауыса алады. Ал клиенттермен орнаған қарым-қатынас компанияның басты капиталы болып табылады. Қызметтің жаһандануы және транзакциялық шығындардың төмендеуі. Интернеттің бизнесті жүргізудің кеңістіктік және уақыттық масштабын өзгертетіндігі маңызды болып табылады. Ол қандай да бір территориялық шектеуі жоқ, сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізу одан алыс қашықтықта болуына байланысты емес коммуникацияның әлемдік құралы болып табылады. Осылай электронды коммерция географиялық жағынан алыс орналасқан шағын компанияларға да өз қызметін әлемдік масштабта жүргізуіне мүмкіндік береді. Бір уақытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық бизнес құрылымы
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Аймақтық интернет маркетинг құрылымы
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Электрондық үкімет -бұл ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру
Маркетингтің негізгі концепциялары
Macromedia Flash ММХ программасы көмегімен «Маркетинг негіздері» пәнінен электронды оқу-әдістемелік құрал жасақтау
Баға жүйесі әдістері параметрлік шығындар
Кітапханалық қызмет ету маркетингі
ОНЛАЙН КАССАЛАР
Пәндер