Адсорбция құбылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
№6-7 Дәріс. Адсорбция құбылысы. Сұйық - газ және сұйық-сұйық шекарасындағы адсорбция.

https:www.youtube.comwatch?v=_02 2vLt-70o (Видео)
https:www.youtube.comwatch?v=RXv a1cwHQ84 (Видео)
https:ppt-online.org113636
https:present5.comadsorbciya-1-a dsorbciya-2-monomolekulaly-adsorbci ya
https:ppt-online.org99963

1. Сорбциялық процестерге сипаттама. Адсорбция құбылысы.
2. Сұйық - газ бетіндегі адсорбция.
3. Гиббстің адсорбциялық изотермия теңдеуі.

1. Сорбциялық процестерге сипаттама. Адсорбция құбылысы.
Бу, газ, еріген заттарды қатты немесе сұйық заттармен сініру құбылысын сорбция деп атайды.
Сорбциянын негізгі түрлері.
1. Адсорбция - заттын фаза көлемінен фазалар бөліну бетінде концентрлеуі, қатты сініргіш бетінде газ немесе бу молекулаларының концентрлеуі.
Сініргіш - адсорбент, ал сінірілетің затты - адсорбтив (адсорбат) деп атайды. Мысалы, улы немесе зиянды газдарды активті көмір арқылы сініру.
2. Абсорбция - ол қатты немесе сұйық заттардың барлық көлемінде газ немесе будын сіңірілуі. Мысалы, г\с (НСl\cy), г\қ (Н2\Pd). Қатты заттарда газдар диффузиясы өте баяу өткендіктен, абсорбцияны аяқтау үшін, көп уақыт қажет.
3. Капилярды конденсация - сорбенттің саңылауларында немесе капилярларында сұйық фазаның пайда болуы. Мысалы, силикогель, активтелген көмірде органикалық заттың буының конденсациясы. Табиғи құбылыстарда судың топырақтан өтуі, жинақталуы, ұсталуы.
4. Хемосорбция - газ, бу, сұйықтар қатты немесе сұйық сініргіштермен әрекеттесіп, нәтижесінде беткі химиялық қосыластар пайда болады. Мысалы, Металдардын оттекті сіңіруі, платинаның СО сіңіруі, этилен - никелді сіңіруі.
Адсорбция мен хемосорбция фазалардың беткі бөлігінде жүреді. Бірақ оларды физикалық және химиялық адсорбцияға бөледі.
Физикалық адсорбцияда адсорбаттан адсорбентке электрондардың өтуі болмайды, ал химиялық адсорбцияда - болады, сол кезде жаңа химиялық беткі қосылыс пайда болады. Физикалық адсорбция - Ван-дер-Вальс күші, немесе молекулааралық күштер арқылы өтеді. Олар зарядталған молекулалар арасында болады, күштердің энергиясы өте аз. Химиялық адсорбция - химиялық күштер (иондық, ковалеттік) арқылы болады. Олардын энергиясы Ван-дер-Вальс күшімен салыстырғанда көп, яғни фазалық активтену энергиясы мен адсорбция жылуы (10 ккалмоль) аз химиялық адсорбциямен (100 ккалмоль) салыстырғанда.
Адсорбцияға қарсы құбылыс - десорбция.
Физикалық адсорбция - десорбция қайтымды процесс, ал химиялық адсорбция - қайтымсыз немесе қайтымды болса десорбцияланған заттың адсорбцияланатын зат басқа болады. Мысалы, (СОPt, Pt СО2,). Адсорбция мен десорбция қосындысы сіңіргішті көп рет қолдануға және адсорбцияланған компонентті таза күйде алуға мүмкіндік береді.
Химиялық адсорбция - хемосорбция - қайтымсыз: СаО+СО2 = СаСО3 тұнба
Физикалық адсорбция - десорбция - қайтымды: көгілдір силикагель + НСl = силикагель түссіз, мөлдір болды. Сүзідген ерітіндіге + реактив = сонда ерітінді қайтадан көгілдір болды!
Химиялық өнеркәсіпте адсорбциялық процестердің қолдану аймақтары
1. Газды сұйықпен сіңіру жолымен дайын өнім алу. Мысал, SО3 абсорбциясы, азот оксидтерінің сумен немесе сілтілік ерітінділермен абсорбциясы. Бұл жағдайларда абсорбция десорбциясыз жүреді.

2. Қоспадағы бір немесе бірнеше бағалы компоненттерді алу үшін газ қоспаларын бөлу. Мысалы, таңдамалы немесе селективті адсорбция, мұнда адсорбцияны десорбциямен бірге айналым процесте жүргізеді.
3. Зиянды компонент қоспаларынан газды тазарту. Мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иондық адсорбция. Хромотография әдісі туралы ұғым
Беттік керілу
Карбонизделген сорбенттің регенерациялық және жара жазушы қасиеттерін зерттеу
Адсорбция және абсорбция процесі
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
ХИМИЯЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Коллоидты ерітінділерді тазалау
Карбонизделген сорбенттің регенерациялық және жара жазушы қасиеттерін зерттеу туралы
Гетерогенді катализ реакцияларын жүйелеу
Дзета потенциал тәуелді факторлар
Пәндер