Акушериялық стационалды сепсистік аурулардың алдын алу әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Акушериялық стационалды сепсистік аурулардың алдын алу әдістемесі.
Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар акушериядағы жиі кездесетін асқыну. Ол ана өліміне, мүгедектікке немесе созылмалы ауруларға әкелетін, күрделі мәселердің бірі.
Инфекция қоздырғыштары жарақаттанған жұмсақ туу жолдары немесе жатыр мойны каналы арқылы әйелдің ағзасына еніп таралған жағдайда, босанудан кейінгі септикалық аурулардың дамуы мүмкін.
Қоздырғыштары: алтын стафилококк, гемолитикалық стрептококк, сирек жағдайда ішек таяқшалары, көк іріңді таяқшалар, гонококтар, спорасыз анаэробтар және де басқа микробтар немесе микроб ассоциациясы.
Эгзогендік инфекция сыртқы қоршаған ортадан кіру қақпасы арқылы ағзаға жайылады. Жатырдың шырышты қабаты босанғаннан кейін бір үлкен жара сияқты болады, әсіресе бала жолдасы жабысқан жері және туу жолдарының жұмсақ ұлпаларының сырылған, жыртылған жерлері -- осылардың бәрі инфекцияның кіру қақпасы. Эндогендік инфекция әйелдің өзінің созылмалы инфекция ошақтарынан (тонзиллит, отит, холецистит, пиелонефрит, аднексит, кольпит), метастатикалық түрде лимфа, қан тамыр арқылы немесе жатыр мойны каналы арқылы (каналикулярды) көтеріліп таралады. Әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, оның ағзасының иммунологиялық қасиеті төмендейді, әртүрлі инфекцияға сезімтал келеді. Сырқаттың ауырлығы қоздырғыштың вируленттігіне, әйел ағзасының қорғаныш күштеріне тәуелді. Бұл асқынуға әсер ететін тағы да көптеген факторлар бар, олар: әйелдің әлеуметтік жағдайының нашарлығы, ЭГА (қаназдық, жүрек-қан тамыр аурулары, пиелонефрит, жүктілік кезіндегі жедел инфекциялық аурулар), ауруханада көп жатуы, мерзімінен ерте босануы, қағанақ суының ерте кетуі, босанудың ұзаққа созылуы, көп мөлшерде қан жоғалту, жатыр қуысына қол сүғу, оталау арқылы әдіспен босандырғанда туу жолдарының жарақаттануы.
Босанудан кейінгі септикалық аурулардың А. В. Бартельс және С. Б. Сазонов бойынша жіктелуі:
I кезең -- инфекциялық үдеріс босанғаннан кейінгі жарамен (кіру қақпасымен) шектелген, оларға босанғаннан кейінгі ойық жара, эндометрит жатады.
II кезең -- инфекциялық үдеріс бірінші ошақтан шыққан, бірақ әлі жергілікті, кіші жамбас қуысымен шектелген: метрит, метротромбофлебит, параметрит, тромбофлебит (жамбас көктамырлары немесе санның көктамырлары), сальпингоофорит, пельвиоперитонит.
III кезең -- жайылған (диффузды) перитонит, асқындап кеткен тромбофлебит, септикалық шок.
IV кезең -- жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар): септицемия, септикопиемия.
Босанудан кейінгі септикалық аурулардың клиникалык ағымы, ауырлығы, аурудың болжамы әртүрлі болады. Бірақ клиникалық ерекшеліктеріне қарамастан босанудан кейінгі аурулардың барлық түрлерінде байқалатын бірнеше жалпы белгілері бар. Олар:
1. Дене температурасының жоғарылауы. Жеңіл түрде (эндометрит) шамалы жоғарылайды, ауыр түрлерінде (сепсис) өте жоғары болады.
2. Қалтырау. Көбінесе септицемияда және септикопиемияда болады. Қалтыраудың қайталауы ағзада жаңа инфекция ошағынының пайда болғанын көрсетеді.
3. Тамыр соғысының жиілеуі. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың жеңіл түрлерінде дене температурасының жоғарылауына сәйкес болады, тамыр соғысының дене температурасына сәйкес болмай өте жиілеуі ауыр түрлеріне тән.
4. Орталык жүйке жүйесіндегі өзгерістер. Босанудан кейінгі ойық жарада, эндометритте дімкәстік, әлсіздену, бастың шамалы ауыруы, ауыр түрлерінде жалпы жағдайдың нашарлауы, бастың қатты ауыруы, ұйқының қашуы, сандыраққа дейін жетеді.
5. Босанудан кейінгі септикалык аурулардың ауыр түрлерінде жүрек-қан тамыр, ас қорыту және зәр шығару жүйелері тарапынан патологиялық өзгерістер байқалады, зат алмасу бұзылыстарымен өтуі.
6. Септикалық аурулардың ауыр түрлерінде салмақтың азаюы, тері бозғылт, сүр, сарғыш түсті болады және қызғылт бөртпелер пайда болуы мүмкін.
7. Қанда болатын өзгерістер: эритроциттердің және гемоглобиннің мөлшері төмендейді, ЭТЖ, лейкоцитоз жоғарылайды, өте ауыр жағдайда лейкопения байқалады.
Жалпы септикалық ауруларда қоздырғыштар қанда болады, оны анықтау үшін қаннан бактерияға өсінді алу керек.
Босанудан кейінгі септикалық аурулардың I кезеңі
Босанудан кейінгі ойық жара -- іріңді қабыну үдерісі босанудан кейін 3-4 күнде, жатыр мойнының, қынаптың, аралықтың, сыртқы жыныс мүшелерінің жарақаттанған жерінде пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар
Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымға
Босану бөлмелері
Сепсистің патофизиологиясы
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
Cепсис.Некробактериоз.Диплококкты септицемия
Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары
Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары
Құрсақтағы ұрыққа ананың шылым шегуінің әсері
Скриниг - тұрғындар арасындағы ауруларды ерте диагностикалау әдісі ретінде
Пәндер