1950 - 1960 жылдардағы мұрағат ісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1950-1960 жылдардағы мұрағат ісі
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мұрағаттар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттарын жинақтаумен айналысты. 1950 жылдың басында Құжаттық материалдарды сипаттаудын негізгі ережелері жариаланады.
Соғыстан кейінгі жындары мұрағатшылар өзінің тәжірибелік қызметін ғыными ізденістермен байланыстырды, археография, мұрағаттану, кейіннен құжаттану сияқты багытгарда зерттеулер жүргізді, яғни қарапайым тәжірибелік жұмыстармен шектелмелмей, мұрағаттану саласындағы кейбір проблемаларды теориялық жолмен шеше бастады. Соған байланысты республиканың мұрағат мекемелерінін қызметкерлері практикалық жұмысқа көптеген түзетулер енгізуге қатысып отырды.
1955 жылы тарихи құжаттык дерек кездерін ғылыми тұрғыдан пайдалану мен жариялаудың негізін қалаған Правила издания исторических доқументов ережесі (тәртібі) шығарылды. Бұл тәртіп көптеген жылдар бойы мұрағатганушы-ғалымдар тарапынан қарастырылып келген болатын. Және де ұзақ жылдар бойы басылып келген құжаттык жиынтықтар осы ереже талаптарына сай туындаған еді.
Мұрағат ісі дамуындағы басты факторлардың бірі және оның ғылыммен тығыз тоғысуы мұрағат мекемелерін Ішкі Істер Министрлік жүйесінен Министрлер Кеңесі жанындағы Бас Мұрағат Басқармасына берілуі бодды. Бұл шара өткен ғасырдың 60-жылдардың басында орын алды. 60-жылдар мен 70-жылдардың басында құжаттармен жұмыстың сапасы мен нәтижелігін артыру бағытындағы мерекелерге басты кәңіл бөлінді. Құжаттық ақпаратты жан-жақты пайдаланудың тиімді жағдайларын іздестіруге көп күш жұмсалды. (1966 жылдың қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кенесі республикадағы мұрағат ісінің одан ары дамуы жөнінде Қаулы кабылдады. Онда алдағы 5 жылдық жоспарлары белгіленді. Қаулыны енгізу жергілікті жерлерде мұрағат ісі жағдайына терең талдау жасауды талап етті.
Арнайы шараларды қолдануға, талқылауға тек мұрағат орындары мен сол мекемелер ғана емес, жергілікті басқару органдары: облыстық, қалалык, аудандық, яғни, жергілікті мұрағаттар бағынатын барлық мекемелер қатысты. Бұл Қаулыны енгізуде мұрағат мекемелерінің жұмысының және құжаттарды ведомстволық сақтаудын дұрыс ұйымдастырылуы мәселелері қарастырылды. Ведомстволық мұрағатгар мен олардың іс-жүргізуді қалайша жүргізетіндігін көру сияқты (1968 ж.) шаралар атқарылды, сонымен қатар, мекемелерде, ұйымдарда және өнеркәсіпте іс жүргізуді реттеуге байланысты тексерулер ұйымдастырылды. Басқаруды және басқару құжаттарын қабылдау нәтижелерін тіркеу үшін іс жүргізуге байланысты мекемелерге арналган Орталық типтік нұсқаулар бекітілді және жарияланды.
1966 жылы мұрағат жағдайын, республика мекемелерінде, ұйымдастыруында, өнеркәсіптерінде жеке құрам бойынша құжаттау мен іс жүргізуді тексеру жүргізіледі. Тексеріс нәтижесі бойынша осы ведомстволардың басшыларының дұрыс кеңіл бөлмеген дүниелері анықталды және соған сәйкес бағасы берілді, сонымен қатар, осы қателіктерді жою тапсырылды. Басталған істі одан ары тереңдету мақсатымен Республиканың Мұрағат Басқармасымен осы кезде мұрағат мекемелерін басқару және ғылыми жұмысшыларының бірнеше республикалық және жергілікті кеңес семинарлары өтеді; онда республиканың мұрағат ісінің жағдайы талқыланады; нәтижелері бойынша қойылған мәселелерді шешуде біртұтас жолдар белгіленді. Сонымен бірге, мұрағат мекемелерінің басқармасы қойылған мақсаттардың орындалуын бақылап отырды, орындалу жолын зерттеп, талдау жүргізді, кейбір мұрағат мекемелерінің жақсы жұмыс тәжірибесін енгізіп отырды. 70-жылдардың басына таман мұрағат мекемелері жұмысының нәтижесі олардың қызметін жақсартуға әсерін тигізді.
Әсіресе, екі облыста Торғай және Талдықорған облыстарында мұрағат мекемелік желі (торабы) кеңейеді, атком жанындағы мұрағат бөлімдері мен Мемлекеттік облыстық мұрағат қайта кұрылды. Жалпы республика бойынша жұмыс істеп жатқан мұрағаттардың 11 филиалы құрылды. Жүргізілген шаралар нәтижелері мемлекеттің сақталуына алынған құжаттар мазмұны мен құрамы сапалы болуына әсерін тигізді. Оқу - әдістемелік құралдар, нұсқаулар және басқа да қосымша кұралдар ғылыми-анықтамалық аппарат дайындауда жоғары дәреже көрсетті де, мұрағат қызметінің басқа бағыттарын дамытуға өз үлесін қоса берді. Қызметтік лауазымдар өзгерістерге ұшырады, аға ғылыми қызметкер штаты енгізілді, ол мұрағат ісі саласында археография, мұрағаттану және құжаттану сияқты бағыттардың ғылыми-теориялық жағынан дамуына өз ықпалын тигізді.
70-жылдардың басында республикада Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік Мұрағаты, 17 мұрағат бөлімшелері, 17 облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың 31 филиалы жұмыс істеді. Қарағанды мен Жамбыл облыстарында мұрағат ғимараттарының құрылысы анықталды және 1968 жылы Республиканың ОММ, Семей, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облмеммұрағаттарының ғимараттары салынып бітті. Осы кезеңдегі мұрағат мекемелерінін жұмысында сақтау мерзімі өтіп кеткен ведомстволардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1921 жылдың ақпан айында
Қазақстандағы мұрағат ісі
Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
Шығыс Қазақстанның 1940 - 1950 жылдардағы экономикалық дамуы
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының cаяси-әлеуметтік жағдайы
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру
Пәндер