Шарль Луи де Монтескьё. Заңдар рухы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Д.А.Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы

СӨЖ
Тақырыбы: Шарль Луи де Монтескьё. Заңдар рухы туралы.

Орандаған:Қасымханов Райымбек Дарханович
Тексерген: Тарап Жазира Даулетқызы
Группа: ҚТ-20-ҚТН

Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 -- 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье - француз ағартушысы, философ, социолог.
Негізгі еңбектері: "Парсы хаттары" (1721), "Заңдардың рухы туралы" (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье "Заңдардың рухы туралы" еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:
заң шығарушы,
атқарушы
сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.[1]
Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.[2]

Бұл еңбектің алғашқы төрт кітабын түсіну үшін мыналарға назар аудару қажет:
1) республикалық ізгілік деп мен Отанға деген сүйіспеншілікті, яғни теңдікке деген сүйіспеншілікті айтамын. Бұл христиандық немесе адамгершілік ізгілігі емес, саяси ізгілік. Монархияның қозғаушы серіппесі абырой десек, республикалық үкіметті қозғалысқа әкелетін негізгі буын саяси ізгілік болып табылады. Соны негізге ала отырып, мен Отанға және теңдікке деген сүйіспеншілікті саяси ізгілік деп атап отырмын, өйткені менің басыма келген жаңа идеялар өздеріне жаңа атаулар табуға немесе байырғы сөздерді жаңамән-мағынада қолдануға міндеттейді. Мұны түсінбегендер маған неше түрлі қисынсыз сөздерді жапсырады. Олар әлемнің қай елдерінде болмасын ашу-ыза тудырарлықтай еді, өйткені әлемнің барлық елдерінде де адамгершілікті жоғары бағалайды емес пе?!

2) Қандай да бір үкіметте белгілі бір қасиеттің, рухани ахуалдың немесе ізгіліктің негізгі қозғаушы күш болып табылмайтындығын тұжырымдау мен осылардың сол үкіметте мүлдем жоқтығы туралы қорытындыға келу арасында үлкен айырмашылық бар екендігіне назар аудару керек сияқты. Егер де мен осы дөңгелек сағат механизмін қозғалысқа келтіретін тетікке жатпайды десем, бұдан осы бөлшек сағатта мүлдем жоқ екен деген қорытынды шығаруға болар ма еді? Монархияда христиандық, адамгершілік, тіпті саяси ізгіліктің ізі жоқ деуге де негіз әлгіндей ғана. Сондықтан, бір сөзбен айтқанда, республиканың қозғаушы күші саяси ізгілік бола тұра, онда абыройға да орын бар, ал монархияның қозғаушы күші абырой екендігіне қарамастан, саяси ізгілік монархияда да кездеседі.

Өзімнің шығармамның үшінші кітабының бесінші тарауында ізгілікті адам жайында айтқанда, мен христиандық немесе адамгершілік ізгіліктеріне ие адам туралы емес, жоғарыда айтылған, саяси ізгіліктерге ұмтылатын, яғни саяси құт-берекеге талпынған адамды айттым. Ол адам өз елінің заңдарын сүйетін және өз іс-әрекеттерінде сол заңдарды ықыласпен басшылыққа алатын адам. Осы басылымда бұлардың бәрін өз идеяларымды бұрынғыдан анағұрлым анық айқындау жолымен нақтылай түстім. Мен ізгілік сөзін қолданған жерлерімді кітаптың көп тұстарында саяси ізгілік тіркесімен алмастырдым.

Жалпы заңдар туралы
Заңдардың түрлі тіршілік иелеріне қатыстылығы хақында

заңдар дегеніміз, осы сөздің ең кең мағынасынды, заттардың табиғатынан туындайтын қажетті қарым-қатынастар; осы мағынасында, дүниедегі бардың бәрінің өзіңдік заңдылықтары болады: олар құдірет иелерінде де, материалдық-заттық, әлемде де, адам ақылынан тысқары тұрған тіршілік иелерінде де, жануарларда да, адамдарда да бар.
Әлемдегі бізге көрінетін құбыстардың бәрін жасаушы соқыр тағдырдейтіндер үлкен қиынсыздық жағындағылар, өйткені саналы ақыл иелерінің соқыр тағдырдан жаратылуынан асқан қандай өрескелдік бар?
Демек, бастапқы парасат бар; ал заңдар дегеніміз- соның өзге тіршілік иелерінің өз арасындағы бір-бірімен екі жақты қатынастары.
Құдай әлемге жаратушы және сақтаушы тұрғысынан қарайды; ол қай заңдармен жаратса, сол заңдарды біледі, білгендіктен солармен әрекет етеді; оның сол заңдарды білуі өзінің оларды жаратуынан шығып отыр, ал жарату себебі-ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік билікті бөлу теориясы
Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Монтескьенің саяси - құқықтық көзқарастары
Ш.Л. Монтескьенің саяси-құқықтық теориясы
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы
Саяси ілімдер тарихы
Тарих ғылымының рационалды және ағарту дәуір
Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы
Пәндер