Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы кафедрасы

№ 1 Семестірлік жұмыс
Тақырыбы: Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі
Мамандығы: Электрэнергетика
Орындаған: Құдайберген Бекзат Саятұлы Тобы: ЭЭк19-19
Тексерген: ст.преп. Касиенова К.М.

_____________ __________ ______________2020ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы 2020 ж
Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі
Жоспар:
- Өркениет___________________________ ___________________________________ _
Сақ мәдиниеті__________________________ _________________________________
Сақ мәдиниетінің ежелгі үнді мәдиниетімен әрекеті___________________________
Сақ мәдиниетәнің ежелгі қытай мәдиниетімен әрекеті_________________________
Өркениетті-мәдени дискурс, әдетте, феномендердің қалыптасуындағы, дамуындағы және құлдырауындағы өзара байланысын талдау кезінде, жергілікті топтардың, феномендер жүйелерінің бір-бірінен айырмашылығы (дәстүрлі тәсіл) кезінде қолданылады. Негізгі өркениеттер (мәдениет) тұжырымдамалық-ақпараттық тұрғыда қарастыруға болатын діндер негізінде сәйкестендіріледі. Сондықтан көп жағдайда публицистикада Ислам жобасы, Інжіл жобасы сияқты ұғымдар қолданылады, мысалы, коммунистік жобамен қатар, бұл ұйымдасқан ақпараттың (Құрандағы, Киелі кітаптардағы немесе басқа құрылымдалған мәтіндердегі) қоғамға әсер етуінің екпінімен байланысты. B Қазіргі уақытта өркениетті-мәдени тәсілдің өзектілігі Жаһанданған әлемдегі өркениетаралық, мәдениаралық қатынастар тақырыбындағы рефлексиялармен де байланысты, бұл Юриспруденция, атап айтқанда, адам құқығына қатысты қандай да бір нормалардың әмбебаптығы мен арақатынасы және тағыда басқа мәселелерінде көрініс табады (мысалы, М. Махатирдің өзіне тән сөзі: Азия құндылықтары-әмбебап құндылықтар. Еуропалық құндылықтар-еуропалық құндылықтар ).
жалпы өркениет пен мәдениет-бұл ең алдымен философияда қаралатын ұғымдар. Неміс ойы ХІХ ғасырдың өзінде өркениетті қоғамның техникалық жетістіктерінің жиынтығы ретінде, ал мәдениет -- белгілі бір ортақтықты, халықтың өзін-өзі бекіту феномені ретінде айқындай отырып, көрсетілген санаттарды ажырату критерийлерін тұжырымдады. Бірақ әдебиетте А. Кроебер мен К. Клукхонның Мәдениет: тұжырымдамалар мен ұғымдарға сыни шолу, қарастырылатын ұғымдардың көлемдерінің ұқсастығы туралы көзқарастары кең таралған. Осылайша, С. Хантингтон Ф-ға сілтеме жасай отырып Броделя безапелляционно бекітеді, бұл жасау талпыныстары ажырату арасындағы шынықтырумен және цивилизацией... Германиядан тыс жерде бір ауыздан келісім болған жоқ OT мәдениетін оның негізі -- өркениеті. I ем кем емес деп тану керек, көрсетілген тәсіл адамның қоршаған ортаға бейімделу механизмінің түсінбеушілігінің дәлелі ғана болып табылады. Тіпті американдық зерттеушілер, мысалы, патриоттық бағыт, П. Бьюкенен сияқты, аталған феноменді отандық кинематографияның өнімділігінің төмендеуімен емес, американдықтардың дәстүрлі құндылықтарға қарым-қатынасының өзгеруінің мысалдарымен суреттей отырып, мәдениеттің (американдық) дағдарысы туралы сөз қозғайды. B башқұрт философиясы мәдениет пен өркениеттің айырмашылықтарын түсіну, мысалы, pyx ұғымдарын және дүниетанымды (наным жүйесі), моц пен әуен және т. б. ажыратуда айқын көрінеді.
Этномәдениетте көшпенділердің архетипін, менталитеттімен мен тарихын және ұлттық рухани құндылықтардың сабақтастығын жан-жақты зерттеп, көшпенділердің мәдениетін тұтас көрсетеміз.
Ресей, Қазақстан ғалымдарының жүргізген археологиялық қазба жұмыстары сақ мәдениетінің б.з.б. VIII -- IV ғғ. өте жоғары деңгейде болғанын дүниежүзіне танытты. Сондай-ақ көшпенділердің археологиялық қазба жұмыстарынан табылған материалдық заттары ғылымда жаңа көзқарас қалыптастырды.Сақ дәуіріндегі мәдениетті Ресей археологтары мен этнографтары ежелгі өркениетті мемлекеттермен салыстырмалы түрде ғана зерттеді. Көшпенділердің мәдени және тарихи жетістіктерін гректер, египеттіктер мен парсылардың мәдени құндылықтарымен салыстырмалы түрде қарастырып қана қоймай, олар сондай-ақ көшпенділердің бейнелеу өнері мен мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті деп тұжырымдады. Европа, Ресей ғалымдары өздерінің ұстанымдарында сақтардың ежелгі өркениетті елдермен қарым-қатынасын мәдени-экономикалық саламен ғана шектеп қойды.Ежелгі көшпенділердің қоғамдағы салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдері сондай-ақ ділі, тілі ежежі антикалық авторлардың қолжазбасында үзік-үзік берілген. Сақтар өз территориясында ерекше көшпенді тұрмыс-салтын қалыптастырғанын табылған көне ескерткіштерден көреміз.
Көшпенділердің қоғамында патриархалді тап болғанына қарамастан сақ әйелдері еркектермен қатар аң аулап, соғыс жорықтарына қатынасып, ел-жұртын жаудан қорғаған.Көшпенділердің негізгі кәсібі малшаруашылығы болғандықтан оларға үнемі кең алқап, құнарлы жерлер қажет болды. Құнарлы жерлер үшін сақ тайпаларының арасында жиі қақтығыстар болып тұрған. Тайпалардың бір-бірінің малдарын айдап кетуі дәстүрге айналған десек те болды. Мұндай қарақшылық әрекеттер қазақ даласында кейінгі ғасырларда да сақталған. Барымта -- бір тайпа екінші тайпаның малын айдап кету сақ кезеңінде пайда болған -- дейді С.И. Руденко.
Барымта қазақтарда Кеңес үкіметі орнағанға дейін сақталған. Мыңдаған мал ұстаған бай -- шонжарлар мен ру арасындағы келіспеушілік кезінде бір-бірінің малын айдап кетіп отырған. Егер осындай тартыстың арқасында бір тайпа малын көбейтіп, жерін кеңейтсе, ал кішігірім жеңіліске ұшыраған тайпалар жаңа жер іздеп қоныс аударуларына тура келген. Хән патшалығы дәуіріндегі тарихи деректерде үйсіндердің байларының иелігінде 4-5 мың жылқы болды деп жазылған.Көшпенді қоғамының әр кезеңінде малшаруашылығы үлкен рөл атқарды. Тіршілікке қажетті заттардың барлығын малдан өндіріп алатындықтан, олардың байлықтары мал басымен есептелген. Төрт түлік мал сақтардың дүниетанымы мен наным-сенімдері, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігінде қолданатын қолөнер бұйымдарында бейнеленген. И.Е. Никонов: Жылқы көшпенділерде киелі жануар болып саналған. Сондықтан сактар жылқының суретін қолөнер бұйымдарына бейнелеген. Чертомылық обасынан табылған алтын жалатқан күміс құмырада жайылып жүрген жылқылар, сол сияқты асау аттың мойнына құрық салып, арқан тартқан үш сақтың кескіні ойылып түсірілген. Ол көрініске қосымша атты тізесіне бүктіріп жаттықтырушы сақтардың да суреті берілген -- дейді. Чертомылық қорғанынан табылған құмырада бейнеленген адам мен жануарлардың көріністері сақтардың шынайы өмірінен алынған. Қорғандардың көбінде мәйітпен бірге жылқы көмілген, ал үйсіндердің обаларында қой сүйектері де кездеседі, олар төрт түлік малмен бірге қотан иттерді де бірге көмген. Мұндай көшпенділердің ежелгі ғұрпы орта ғасырда өмір сүрген қыпшақтарда да сақталған. Рубруктың деректерінде қыпшақтар төртбұрышты етіп тұрғызған бейіттің төрт тұсына төрттен он алты жылқының терісін ілу ғұрпы болғаны жазылған. Ежелгі қоғамда жылқыны ақша санатында қолданған. Қытай жылнамасында көшпенділер адам өлтіруші жазаны аттың санымен өтейді -- деген жазба деректер сақталған. Көшпенділерде сондай-ақ үйлену кезінде қалың малды жылқы басымен төлеген. Ондай салт түркі тобына кіретін елдерде Қазан төңкерісіне дейін сақталған. Жылқы, түйе көшпенділердің ең киелі жануарлары.
Сақтардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен шаруашылығы еуропалық және азиялық сақтарға ортақ болды. Қазақтарда елін қорғауға аттанған жауынгерлер сұқ саусағын құрбандыққа шалынған боз биенің қанына батырып, оны жалап тұрып ант берген. Бұл ғұрып жылқыны қасиетті санағаннан кейін туған ырым -- дейді З.Самашев. Ежелгі көшпенділердің бітімгершілік рәсімінде өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Геродоттың деректерінде сақтар қанмен шарап араластырып, ыдысқа қылышты батырған соң, сол шарапты кезектесіп ұрттап ішкен. Мұндай көріністер ежелгі көшпенділердің құмыраларында бейнеленсе, ал орта ғасырда өмір сүрген қыпшақтар соғысқа аттанғанда бір-бірімен қан бітімгершілік ғұрпын жасаған. Көшпенділердің қоғамда өмір сүрген ортасына орай наным-сенімдеріне байланысты өткізілетін рұсімдер аздаған өзгерістерге ұшырап отырды. Соған қарамастан көшпенділер ғасырлар бойы дәстүрлі тұрмыс -- тіршілігін сақтап қалды. Мұндай ғұрып қыпшақтарда XVIII ғасырға дейін балбал тастарға ойып бейнеленген. Қолына ыдыс ұстап бейнеленген жауынгер кейпіндегі балбал тастар Евразия аймағында орта ғасырда кеңінен тұрғызылған. Сондықтан ежелгі сақтардың бітімгершілік салттарының көрінісін алтын пластиналар мен құмыралардан ғана емес тас ескерткіштерден де көреміз.
Гиппократ сақтардың көшпенді тұрмысын өз деректерінде сақтар бір жерде малдарына шөп жеткенге дейін ғана тұрақтап, ал шөп бітісімен малдарымен басқа аймақтарға көшіп отырған дейді. Мұнда Гиппократтың шөп бітсе басқа аймаққа малымен көшіп отырған деген тарихи деректерінен, көшпенділер шөп болса болды басы ауған жаққа көшіп жүрген дегенді білдіреді. Малшаруашылығымен айналысқан көшпенділерде ежелден қыстау, көктеу, жайлау, күздеу деген тұрақтары б.з.б. пайда болды.Қазақтар XXI ғасырға дейін әр жүз, әр ру ата-бабаларының қоныс тепкен жерінде өмір сүріп келеді. Көшпенділердің ғасырлар бойы малшаруашылығына қатысты сақталған дәстүрлері бар. Олар қыста қыстауда, жазда жайлауда өмір сүрген. Мұндай көшіп қону тұрмысы малдарға жем-шөп дайындамай-ақ тұрмыс кешуіне қолайлы болған. Сондықтан жерге байланысты соғыстар, дау-дамайлар көп болды. Жер дауы деген мәселелер осының салдарынан пайда болған. Ежелгі көшпенділердің малшаруашылығында қыстау, күздеу, көктеу, жайлау қоныс аудару дәстүрі бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Төрт түлік мал өсіруде қазіргі қойшылар осы дәстүрді сақтап қалды.
Мал төлдеп жатқанда кереге басына, бақанға қойдың құйрығына қызыл шүберек байлап іліп қояды. Оны елдің көзі төлге түспей, құйрыққа түссін дегені. Қасқырдың бас сүйегі мен жыланның бас сүйегін алып, жағын мықтап таңған соң, сандыққа сақтап қояды. Сонда олар, малды қасқыр жемейді, ал адамды және малды жылан шақпайды деп жорыған.
Сақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі негізгі наным-сенімдер, салт-дәстүрлер мал мен аспан денелеріне қатысты болған. Оларға тылсым бір күштің иесі көкке қатысты космогониялық таңбалар ежелгі жазу мен олардың қолөнері мен бейнелеу өнерінің негізін қалайды.
Аспан денелерімен ежелгі адамдардың өмірі өте тығыз байланысты болған. Аспандағы аққан жұлдыз көшпенділердің наным-сенімдерінде адам өмірінің сөнуін тұспалдайды деп сенген. Сақтардың қорғандарынан табылған қола айналар күннің рәміздік ұғымын береді. Кейіннен бұл үрдіс басқа кезеңдерде де жалғасын тапты.
Ежелгі адамдар өздерінің табынған дөңгелек күн пішіміндегі таңбаға байланысты қорғандарды шеңбер қылып салып, кіре берісін күннің шығысына қаратып жасаған. Олар өздерінің қүрбандыққа арналған жылқысын да, осы қорғанның шығыс жағына әкеп шалған. Күнге байланысты көшпенділердің ғұрыптары ежелгі шумерлерде де кездеседі. Күн шеңбер бойымен әлемді бір айналып өз орнына келгенде шумерліктерде жаңаруды тұспалдайды. Көшпенділерде ежелден тойланатын наурыз мейрамындай, сол күні шумерліктер қарыздары мен өкпелерін кешіреді.
Шеңбер Күн нұсқасындағы қола айналар обалардың бәріне мәйітпен бірге салынған. Жауынгерлер қола айнаны белдігіне кісе сияқты тағып, олар сондай-ақ соғыс уақытында қола айнаны қару ретінде де қолдануы мүмкін. Бұл дәстүр ме, әлде қорғанға арнайы салынатын қосымша бүйым ба? Бұл туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір жоқ. Мұндай қола айналар Қытай, Сібір, Таулы Алтай, Қара теңіз өңіріндегі барлық қорғандардан археологиялық қазба жұмыстары кезінде молынан табылды. Сактар айнаны жүздерін көру үшін ғана емес, сондай-ақ олар балгерлікте де қолданған.
Шамандар қола айна арқылы жын-шайтандарды қуса, көріпкелдер соғысқа аттанған әскердің тағдырын қола айнаға қарап болжаған. Сақ шамандары, көріпкелдері қола айнадағы магиялық тылсым күшке сенген. Геродоттың деректерінде жазылғандай сақтардың өмірінде бақсылар мен шамандар негізгі рөл атқарған. Қола айна мен қысқа таяқшаларға қарап шамандар болашақты болжаудан басқа, олар ауру адамдарды емдеген. Ежелгі сақтардың балгерлері қатар қойылған ағаш шыбықтарды кезекпен-кезек алып соған қарап бал ашқан. С.С. Бессонова: Айна, дөңгелек ыдыс, шаманның дөңгелек дабылы әлемдік символды білдіреді -- дейді. Мұндағы айна, дөңгелек ыдыс және дабыл күнді тұспалдайды. Ежелгі көшпенділер күнге, отқа табынған.
Герродоттың кітабында балгерлер туралы деректер кездеседі. Сақ патшасы ауырса ең мықты деген үш балгерді шақыртып, олардан болашақта не болатынын сұрайды. Егер балгердің айтқаны сәйкес келмесе, басын шауып, оның мүлкін қалған екі балгерге таратып берген. Патшаға бал ашардың алдында шамандар (бақсылар) оттың жанында тұрып, құдайға шын ниетімен ант еткен.
Ежелгі көшпенділерде шамандар, бақсылар мен көріпкелдер қоғамда маңызды рөл атқарған. Сақтар жеті құдайдың ішінде от құдайына табынған. От қатал табиғатта тіршілік ету үшін ежелгі адамдарда өмірмен теңестірілді (мұндай ұғым Зороастризм дінін қалыптастырды). Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қола айналардың нұсқаларының үлгісі бір-бірін қайталамайды.
Жергілікті жерде қола айна жасалған ба? -- деген сұрақтарға, ғалымдар әртүрлі болжам айтады. Кейбір ғалымдар қола айналар қытайдан әкелінген десе, С.И. Руденко: Қола айналар жергілікті жерлерде жасалған деп тұжырымдайды, ал В.В. Радлов: Қоладан құйылған мүсіндер көшпенділердің мәдениеті және оның құрамы туралы ақпарат береді -- дейді. Көшпенділердің қарумен бірге беліне асып жүретін айналардың пішімі мен оған салынған таңбалар жергілікті жерде дайындалғанын көрсетеді.
Қола айналар сақ (скиф) қорғандарының барлығында дерлік кездеседі. Қола айнаны бақсылар діни рәсімдерінде қолданса, сақ (скиф) жауынгерлері қола айнаны белдеріне қару секілді асынып жүрген. Антика кезеңінде туған аңызда Архимед Сиракуз Гаванында өте зор сфералық айнаның көмегімен күн сәулелерін фокустеп (күн сәулесінін бір жерге шоғырлануы) рим флотын өртеп жіберген. Айнаның оптикалық ғылыми ұғымын білмегенімен, олар айнаның магиялық қасиетіне сенген. Көшпенділердің жауынгерлері айнаны соғыста қандай тәсілде қолданғаны туралы әзірше ақпарат жоқ, соған қарамастан қола айналар соғыс кезінде алыстан күннің сәулесіне шағылыстырып белгі (сигнал) беруге әбден жарамды болуы мүмкін. Евразия аймағында ежелде өмір сүрген көшпенді тайпалардың бір-бірін қайталамайтын тұрмысында өзіндік ерекшеліктер кездеседі.
Сақтардың массагет тайпалары туралы тарихшы Страбон: Кейбіреулер таулы жерді мекендесе, жазық дала мен өзен жағалауында, тіпті аралдарда тұратындары да бар. Аралдарда тұратын массагеттер мал өсіріп, егін егіп жер өңдемейді. Өзен жағалауындағы сазда тұратын сақтар балық аулаумен шұғылданады -- дейді. Таулы өңірде өмір сүрген массагеттер азын-аулақ қой өсіріп, олардың сүті мен жүнін пайдаланған. Массагеттер жер өңдеп дәнді-дақылдар екпейтін, олар тек мал өсіріп көпшенді тұрмыс кешкен. Көшпенді өмір сүру салты сақтардың негізгі кәсібі малшарушылығымен байланысты. Сактардың ішінде мал, егін шаруашылығынан басқа да балық, аң аулап өмір сүрген тайпалар болды. Сонымен сақтардың (скиф) кәсібі өмір сүрген аймақтарына қатысты болды деп айтуға болады.
Массагеттер (сақтар) күнге табынған, сондықтан оларда күнге арнайы құрбандыққа жылқы шалу дәстүрі ғұрпы. Массагеттер туралы тарихи деректер парсылықтардың тасқа түсірген сына жазуларында кездеседі. Геродот, Ксенфонт массагеттерді қас жауынгер ретінде сипаттайды. Олар малшаруашылығымен қатар аң аулаумен айналысқан. Массагеттер бір әйелге ғана үйленген, егер олардың басқа әйелге көңілі түссе сол үйдің төбесіне найзасын қадап кететін салты болған. Массагеттерде иссендондықтар сияқты қайтыс болған адамның етін жеу ғұрпы болған. Олар аурудан қайтыс болған адамды ғана жерлейтін.
Темір дәуіріндегі қала тұрғындарына сақтардың (скиф) ішінде будиндерді жатқызуға болады. Сақ -- будиндер өз үйлерін, діни орындарын және қамалдарын ағаштан тұрғызған. Олар үш жыл сайын Диониске арнап той шараларын өткізіп отырған. Будиндер этникалық жағынан сақтардың (скиф) құрамына кірген европалық нәсілді ежелгі тайпалардың бірі. Олардың шаштары сары, көздері ашық көк болып келген. Сарматтар б.з.б. III -- IV ғғ. Тобыл мен Дунайдың аралығын мекендеген тайпалардың жалпы атауы. Олар малшаруашылығымен, егін салумен айналысқан. Сарматтардың бір бөлігі языгтар мен роксаландар болған.
Парсы деректерінде амюргейліктер бастарына киізден шошақ төбелі бөрік, садақ, қанжар, айбалта сияқты қару -- жарақтарды асынып жүреді -- деп баяндайды. Геродот өз деректерінде сақтар өмір сүрген қоғамда салт-дәстүрдің, қолөнердің, бейнелеу өнері және діни көзқарастары мен наным-сенімдер бәріне ортақ болғанын жазды. Ежелгі дәуірдің бір қоғамында өмір сүрген сақ-номадтар мен сақ-егіншілерінің қоғамдық құрылысында айырмашылық болды. Европалық сақтарда патриархальді құрылыс болса, ал савроматтар мен массагеттерде матриархальді құрылыс ұзақ сақталды.
Ежелгі тарихи деректерде келтірілгендей патриархальді құрылыста көшпенділер үлкен ұлдарының жанұясын бөлек шығарып, өзінің мұрагері қылып кіші баласың қалдыру салтын ұстанды. Сақтардың бұл дәстүрі қазақтарда бүтінгі күнге дейін сақталған. Аримасптардың жоғарғы жағында гиперборей тайпалары қоныс тепкен. Басқа сақтарға қарағанда бұлар алыста жатқан тайпалармен мәдени қарым-қатынас жасап отырған.
Қазақ қоғамында бүгінгі күнге дейін сақталған ақсақалдардың кеңес өткізу дәстүрі сақ дәуірінен басталады. Сақ кезеңінде рулық топтар мен тайпалардың арасындағы жерге, малға қатысты дау-дамайларды ақсақалдар кеңесінде шешіп отырған. Бұл жиындарға жергілікті ру мен тайпалардың көсемдері мен тайпалардың беделді адамдары қатыстырылған. Олар өзара келісімшарт жасауды дәстүрге айналдырған.
Сақтардың ұғымында барлық келісімшарттар құдайдың бұйрығымен жоғарғы жақтан жасалады деп қан араласқан шарап ішіп, бір-біріне ант берген. Сақтар бір-бірімен келісімшартты жасау үшін арнайы діни рәсімдер өткізген. Ол үшін қыштан жасалған ыдысқа шарап құйып, сол рәсімге қатысатын адамдардың барлығы өздерінің қанын тамызады. Олардың ырымында ыдысқа найзаның, қылыштың, жебенің, айбалтаның ұшы салынады, содан кейін олар ұзақ бата оқиды. Сақтардың келісімшартқа қатысушылары мен тайпадағы беделді деген адамдары ыдыстан бір ұрттап шығады -- дейді Геродот.
Сақтардың келісімшартқа қатысты өткізілетін арнайы рәсімі Күл-Обада табылған күміс ритондарда бейнеленген, сондай-ақ алтыннан жасалған кішкентай мүсіннің көшірмесінде екі сақтың бір ритоннан ішіп тұрған сәті көрсетілген. Сақтардың бір ыдыстан ұрттап қан аралас шарап ішуі, бірі-бірімен бауырлас, қандас болу деген рәміздік ұғымды білдіреді. Гермес: Бот хе -- тип чаши винопитя и символ материнства, а также свет славы -- дейді. Арнайы өткізілетін рәсімдерде, сақтар ас беру кезінде, немесе бір жылда бір өткізетін жиында ақсақалдар кеңесін құрады. Бұл сақ салты өз маңызын бүгінде жойған жоқ. Керісінше қазақ ділінде сақталған бұл дәстүр еліміздің рухани жағымызды байытып, әр ру адамдары шыкқан тегінің тарихын біле бастады. Ө. Жәнібековтің пікірінше: Ата-бабасын құрметтеу қазақ халқының моральдық-этикалық нормалар мен адамгершілік қағидаларымен ұштасып жатыр. Тарихи қиын-қыстау кезендерде халықтың сынақтан өтуі үшін этникалық бірлігін сақтауға бұл үрдіс прогрессивті ықпал етті -- дейді.
Ежелгі Рим мәдениетінің қалыптасуына антикалық әлемнің екі ұлы мәдениетінің: этруск және гректердің көркемдік құндылықтары мен дәстүрлері әсер етті. Этрус үлгісі бойынша дөңгелек Рим храмдары салынды. Латын әліпбиі де этрус негізінде құрылған. Гректердің әсері б. з. д. III ғасырдан басталды. Одиссеи латын тіліне аудару Рим поэзиясының дамуына себеп болды, бірақ ақындар үшін шабыт көзі жеке халық фольклоры болды.
Рим өркениетінің дамуы мемлекет астанасы -- Рим қаласының айтарлықтай өсуіне және жоғарылауына алып келді, ол б.з. д. і-ІІІ ғасырларда 1-ден 1,5 млн-ға дейін тұрғынды құрады. Римдік қалалар форум, базилик, термалар, амфитеатрлар, храмдар, триумфалды аркалар, әкімшілік ғимараттар, ат мүсіндері, мектептер мен жолдар кіретін қала орталығының айналасында дамыды.
Тек Италияда ғана емес, сонымен қатар провинцияларда дамыған қала құрылысының кеңдігі Рим архитектурасымен ерекшеленеді. Гректер мен гректерден ұтымды ұйымдастырылған, қатаң жоспарлауды қабылдап, римдіктер оны жетілдіріп, үлкен көлемдегі қалаларда іске асырды. Бұл жоспарлаулар өмір жағдайларына жауап берді: үлкен өрлеудің саудасы, әскери рух және қатал тәртіп, көріністік пен парадизмге тартымдылық. Рим қалаларында еркін халықтың қажеттілігі, санитарлық қажеттіліктер ескерілді, мұнда колонналары, аркалары, монументтері бар парад көшелері салынды. Ежелгі Рим адамзатқа шынайы мәдени орта берді: тамаша жоспарланған, қуатты жолдармен, көпірлермен, кітапханалар, мұрағаттар ғимараттарымен, нимфеев (қасиетті нимфам), сарайлар, виллалар және жақсы әдемі жиһазбен жақсы үйлер -- өркениетті қоғамға тән нәрсе. Римдіктер бірінші рет римдік әскери лагерьлер пайда болған типтік қалалардың құрыла бастады. Екі перпендикулярлы көше -- кардо және декуманум салынды, олардың қиылысында қала орталығы салынды. Қалалық жоспарлау қатаң ойластырылған схемаға бағынады.
Рим мәдениетінің практикалық қоймасы барлық нәрсеге әсер етті -- ойлау, мақсатқа сай әлемдік тәртіп туралы нормативтік түсінік, барлық өмірлік жағдайларды ескерген Рим құқығының кішіпейілдігінде, нақты тарихи фактілерге, әдеби прозаның жоғары гүлденуінде, діннің қарапайым нақтылығында. Рим өнерінде гүлдену кезеңінде сәулет өнері басты рөлді ойнады, оның ескерткіштері қазір де, тіпті қирандыларда да өзінің қуатын жаулап алады. Римдіктер әлемдік сәулет өнерінің жаңа дәуірінің бастауын қойды,онда негізгі орын мемлекеттің қуатты идеяларын іске асырған және адамдардың үлкен санына есептелген қоғамдық құрылыстарға тиесілі болды. Барлық ежелгі әлемде Рим архитектурасы инженерлік өнердің биіктігі, құрылыстардың алуан түрлілігі, композициялық пішіндердің байлығы, құрылыс ауқымы жағынан тең емес. Римдіктер инженерлік құрылыстарды (акведуктар, көпірлер, жолдар, айлақтар, бекіністер) қалалық, ауылдық ансамбль және пейзаждағы сәулет объектілері ретінде енгізді. Рим архитектурасының сұлулығы мен қуаты орынды мақсаттылықта, құрылыс құрылымының логикасында, көркем дәл табылған пропорциялар мен масштабтарда, сәнді сәндік емес, сәулет құралдарының ықшамдігінде ашылады. Римдіктердің үлкен жаулап алуы тек үстем таптың ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының практикалық тұрмыстық және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру болды.
Рим этрус әулеті кезінде өзгере бастады. Бір кездері Батпақты форумды құрғату бойынша жұмыстар жүргізілді, онда сауда қатарлары мен портиктер салынды. Капитолий төбесінде квадригамен безендірілген фронтоны бар Юпитер храм Этрурийінің шеберлерімен тұрғызылды. Рим қуатты бекініс қабырғалары, әдемі ғибадатханалары және тас іргетасындағы үйлері бар үлкен адам қалаға айналды. Соңғы патшаның жанында − Тарквинии Гордом − ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзіргі зaмaнғы Қaзaқстaнның үшінші модернизaциясын жүзеге aсырудaғы философияның рөлі қaндaй
Ежелгі Қытай өркениеті
Мәдениеттану
Негізі санскрит тілі өте бай тіл
ӘР ТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРДА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Ғұндардың арғы атасы
Сақтардың мәдениеті
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер