Жұмысбастылық - еңбек нарығының басты мәселелерінің бірі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жұмысбастылық - еңбек нарығының басты

мәселелерінің бірі

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз - азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.

Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар?

Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек потенциалын неғұрлым дәл анықтауға мүмкінлік береді;

Екіншіден, олар еңбек потенциалының көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді;

Үшіншіден, әлеуметтік саясатты жасауға, басымдықтарды анықтауға, әлеуметтік бағдарламаны қалыптастыруға, оны қаржыландыру көздерін анықтауға және жүзеге асыру шарттарын жасауға жағдай жасалады.

Экономикалық белсенді және белсенді емес тұрғындар туралы айтып өтсек, халықаралық еңбек ұйымының анықтамасына сәйкес, экономикалық белсенді тұрғындарға товар өндіру мен қызмет көрсетуге қатысатын адамдар мен қоса айырбас үшін нарыққа арнап товар өндіретін барлық тұлғалар жатады.

Категория боиынша экономикалық активті тұрғындарға: жалдамалы еңбек адамдары - жұмысшылар мен қызметкерлер; өз бетінше жұмыс істеушілер; жанұяның ақы төленбейтін мүшелері; мерзімді және кездейсоқ жұмысшылар; объективті жағдайларға байланысты (денсаулығына, кезекті демалысына, т. б. ) уақытша жұмыс істемейтіндер; толық емес жұмыс режимімен оқуды жұмыспен біріктіретін оқушылар, өндірісте кәсіптік дайындықтан өтіп жатқан және стипендия немесе жалақы алатын оқушылар мен тұлғалар жатады.

Әр елде тұрғындардың экономикалық белсенділігін анықтауда біршама өзгешеліктер бар, мысалы белсенді еңбек өміріне өту жасына байланысты, көптеген басқа елдер сияқты АҚШ-та жас-15 жас, Швецияда - 16 жас, ал Қазақстанда -16 жас.

Экономикалдық белсенді тұрғындар қазіргі кезде дамыған елдерде «жұмыс күші» есебінде анықталады.

Халықаралық статистикада экономикалық белсенді емес тұрғындар жоғарыда аталған экономикалық тұрғындарға кірмей қалғандықтан барлығы жатқызылады.

Экономикалық актиті емес тұрғындардың құрамынан бірнеше топтарды атап айтуға болады. Ең үлкен топтарға күндізгі оқу бөлімінде оқитындар, үй жұмысындағылар, жасына немесе мүгедектігіне байланысты зейнеткерлер, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардан материалдық көмек алатындар.

Экономикалық активті емес тұрғындарға сонымен қатар жалақы төленбейтін қоғамдық жұмыс істейтіндер, еркімен тегін қызмет көрсететіндер, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне жатқызылатындар да кіреді.

Еңбекке жарамды тұрғындардың жұмысбастылығын қарастырып өтеиік. Жұмысбастылық - азаматтардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мен байланысты, заңға қайшы келмейтін және белгілі бір көлемде пайда алып келетін іс-әрекеті. Жұмысбастылық тұрғындардың жұмысорындары мен қамтамасыз етуін көрсетеді.

Жұмысбасты тұрғындар болып келесілер саналады:

  • Жалдамалы еңбек атқаратын, яғни толық немесе толық емес жұмыс күшімен еңбек атқаратын және осы еңбегі үшін тиісті жалақысын алатын еңбекке қабілетті тұрғындар;

-өзін жеке еңбекпен қамтитын тұрғындар ( кәсіпкерлік, жеке еңбек, фермерлік, және т. б. ) ;

-қарулы күштер қатарына шақырылған еңбекке қабілетті тұрғындар;

-түрлі оқу орындарында оқитын еңбекке қабілетті тұрғындар.

Жұмысбастыларға содай-ақ азаматтық құқықтың келісімдер бойынша қызмет атқаратын, ақысы төленетін қызмет орнына сайланғандар және бекітілгендер жатқызылады.

Жұмысбастылықты келесі көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады;

- Тұрғындардың белсенді бөлігінің қоғамдық өндіріске ендірудің толықтылығы, яғни тұрғындардың жұмыс орны мен қанағаттандырылу деңгейі;

Тұрғындардың экономика салалары бойынша жіктелуі жоғарыда ғысхемадан көруге болады.

Жұмысбастылықтың түрлері және формалары.

Жұмысбастылықтың түрлері дегеніміз - тұрғындардың белсенді бөлігінің халық шаруашылығы салалары бойынша тарату.

Еңбек нарығын сегменттеу кезінде жұмысбастылықтың келесі түрлері болады; аймақтық, салалық, кәсіптік, жастық, мамандық. Сонымен қатар "толық жұмыс уақыты жұмысбастылығы"және " толық емес жұмыс уақыты жұмысбастылығы"деген түсініктерді айырады.

Толық жұмыс уақыты жұмысбастылығы жұмыс істеушілердің сол не басқа категорияларына арналған, заңдық актілермен бекітілген орташа жұмыс уақыты ішіндегі жұмысы.

Толық емес жұмыс уақыты режимінде дамығын елдердің әрбір төртінші жұмысбастылар жұмыс істейді. Оның қалыптан тыс формалары

мына түрде тараған:

-уақытша, жұмысшы еңбек қатынастары шартында жұмысқа қабылданған кезде;

-маусымдық, толық жұмыс уақыты шартында бірнеше уақытша келісім-шарттар түрінде;

-периодты, жыл сайын қабылданатын келісім шарттар формасын қолдана

ды;

-өз бетінше, жұмысшының өз бетінше жұмысының ұзақтығы орташа жұмыс уақытының ұзақтығынан аз болғанда;

- Келісім шарт немесе бір себеп бойынша жұмыс;

- Жұмыс уақыты ұзақтығын белгілеусіз жұмыс.

Еңбекке қабылетті тұрғындарды қолдану деңгейіне байланысты жұмысбастылықтың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:

- толық

- рациональді

- тиімді

Толық жұмысбастылық - бұл еңбектің жан-жақтылығы. Халықаралық тәжірибеде толық жұмысбастылық ұғымына еңбек ресурстарына деген сұраныс ұсынысқа тең болған жағдай сай келеді.

Рациональді жұмысбастылық дегеніміз-әр жұмысшының еңбегін қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын өнімді өндіруге жұмсау және адамның білім құрылымы мен жасына байланысты жұмысбастылық.

Тиімді жұмысбастылық дегеніміз-жұмысшылардың мүмкіндіктерін ескере отырып еңбекті қоғамның үнемі өзгеріп отыратын қажеттілігіне бөлу, яғни тұрғындардың жұмысбастылығының әлеуметтік экономикалық жағдайын қамтамасыз ететін қоғамдық жүйенің қабілеті.

Сонымен қатар жұмысбастылықтың негізгі және арнайы түрі бар. Жұмысбастылықтың негізгі түріне еңбек заң орындарымен және ішкі күн тәртібінің ережелерімен реттеледі. Жұмысбастылықтың арнайы түрі арнайы құқын реттеуді өңдеуге қажет.

1. Толық емес жұмыс күшімен қызмет ету;

2. Толық емес жұмыс аптасымен қызмет көрсету;

3. Үй шаруашылығы мен және т. б. қызмет көрсету.

Жұмысбастылықтың формалары дегеніміз-еңбекті қолданудың құқықтық-ұйымдастырушылық әдістері. Жұмысбастылықтың формасы бойынша жұмысбастылық толық жұмыс күні және толық емес жұмыс күні бойынша еңбек ету болып бөлінеді.

ҚР-ң жұмысбастылық туралы заңына сәйкес қолайлы еңбек жағдайындағы толық еңбек күнінің ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды.

Жұмыскерлердің кейбір категориялары үшін заңмен қарастырылған толық жұмыс күнінің ұзақтығы 15-16 жасар жұмыскерлер үшін аптасына 24 сағат, 16-18 жасар жұмыскерлер үшін 36 сағат құрйды.

2. Жұмысбастылықтың мемлекеттік саясаты және оның негізгі бағыттары.

Өкіметтің экономикалық саясатын Өкімет жариялайды, ал жүзеге асыратындар-министірліктер мен ведмоствалар, бәрінен бұрын қаржы және экономика министірліктері. Осы сияқты жұмысбастылық саясатында үкімет жариялап, экономика, қаржы министірліктері, салық министірліктері

мен ведмоствалар жүзеге асырады.

Жұмысбастылық саясатты жаңа жұмыс орындарын құруға, тиімді жұмыс істеп жатқан жұмыс орындарын сақтауға бағытталған. Ол жұмысбастылық-тың құрылысы мен көлеміне мынандай әсерін тигізеді:

- фискалды саясат (салықтар, салымдар, субсидиялар) ; ақша саясаты (проц-

енттік ставклар, валюта айырбастау курсы, ақша массасының көлемі) ;

-экспортты қолдау;

-шаған және орта бизнеске көмек (оқыту, қарыздар мен олар туралы ақпарат, жеңілдік пен оқыту) ;

-бизнес инкубаторлар құру;

-жалақы саясаты (ең төменгі жалақы көлемін белгілеу, жалақының инденсациясы) .

Еңбек нарығы саясаты жаңа жұмыс орындарын ашпайды, бірақ ондағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеуге жағдай жасайды. Жұ-

мысыз азаматарды әлеуметтік қорғау шараларын жүргізу мен қатар, ол жаңа жұмыс орындарының құрылуына жағдай жасайды. Еңбек нарығы саясатын жүргізуге еңбек жәгне тұрғындарды әлеуметтік қорғау министірлігі мен аймақтық жұмысбастылық қызметі жауап береді.

Жұмысбастылықты қолдаудың белсенді шараларына мын, алр жатады:

  • Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру;
  • Еңбек нарығындағы бос орындар мен оның қажеттілігі туралы ақпараттар жинау, оны тарату;
  • Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ;
  • Кәсіптік бағыттау;
  • Кәсіптік оқыту, жұмыссыздырды дайындау және қайта дайындау.

Жұмысбастылықты қолдаудың белсенді шараларынан басқа жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі белсенді емес шаралар қолданылады.

Еңбек нарығының белсенді емес саясаты жұмыссыздықтың әсерінен болатын табыстардың жоғалуын азайтуға бағытталған шараларды қамтиды. (мысалы жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу немесе жұмыс істеу кезеңдерінде жұмыссызға басқалай қаржылық көмек көрсету)

Қазақстанда жұмыссыздар қатарындағы аз қамтылған азаматтарға бір есептік көрсеткіштен аз емес көлемде материалдық көмек көрсетіледі Өндірістің жойылуы не банкрот болуы себебінен жұмыстан босатыл-ғандарға бір айлық жалақы көлемінде жәрдемақы төленеді.

Жұмысбастылық саясаты, еңбек нарығы және әлеуметтік саясаты бірін-бірін толықтырады, бір-бірімен байланысты және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып саналады.

Тұрғындардың жұмысбастылығы саласында біртекті мемлекеттік саясат жүргізу, аймақ көлемінде жұмысбастылық мәселесімен айналысатын заңды органдардың жұмысын жақсарту мақсатында Қазақстан республикасында біртекті иерархиялық жұмысбастылық қызметін құру керек.

Көптеген елдердегі жұмысбастылық саясаты мына екі бағыт бойынша жүреді: тұрғындардың жұмысқа орналасуына, кәсіптік дайындау мен қайта дайындауға көмектесу; икемді еңбек нарығының қалыптасуын реттеу.

Бірінші бағыт негізінде жұмысбастылықтың мемлекеттік қызметі жұмыс істейді, ол жұмыссыздар мен бірінші рет және қайталап жұмыс іздеушілірді жұмысқа орналастыруға көмектеседі.

Жұмысбастылық жөніндегі мемлекеттің белсенді саясаты жұмысбасты-лықты қолдау бағдарламасын жасауды қарстырады. Бұл бағдарлама тұрғындардың жеке топтарымен қатар ( көбіне жастар, әйелдер, мүгедектер)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек туралы ұғым және еңбек нарығы
Еңбек нарығы және жұмыссыздық
Жұмысшы күш категориялары
Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
Американ компанияларындағы менеджмент тәсілдері
Еңбек нарығы және оның түрлері
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Еңбек пен жұмысбастылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz