Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
ШЖҚ Жоғары медициналық колледж МКК

Реферат.

Дайындаған:Алимарданова А.Б
Қабылдаған:Майжанова Г.Т
Топ:121мі.І-топ
Нұр-Сұлтан 2020.
Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы. Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы синдромы деп плевра жапырақшаларының зақымдануы немесе организмдегі су-электролиттердің алмасуының жалпы бұзылыстары нәтижесінде плевра қуысында сұйықтық жиналғандықтан пайда болған клинико-рентгенологиялық және лабораториялық симптомдар жиынтығын атаймыз. Плевра қуысында 5 -- 6 литрге дейін сұйықтық жиналуы мүмкін. Егер сүйықтың көлемі 100 мл аспаса, ол клиникалық әдістер арқылы анықталмайды, 100 мл-ден артық сұйықтық рентгенограммада көрінеді, әсіресе лапароскопия жасағанда. Алдымен сұйықтық диафрагма үстінен анықталады, кейін қабырғалық-диафрагмалды синуста жиналады, бұл кезде 1500 мл-ге дейін сүйықтық жиналуы мүмкін. Плевралды сұйықтық көп жиналса, ол тыныс алу мен қан айналу қызметгерін нашарлатады. Плевриттер басым көпшілік жағдайда біріншілік ауру емес. Олар өкпенің, кеуде клеткасының, аралықтың, диафрагманың, диафрагма асты кеңістігінің зақымдануында жүйелі аурулардың асқынуы нөтижесінде пайда болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері. Өкпе қабы қуысында сұйықтығы бар науқастардын ең негізгі шағымдарына ентігу жатады, науқас кеуде клеткасының ауырған жағына ауыр салмақ түскендей сезім сезеді. Науқасты жалпы қарап көріп тексергенде, оның кеуде тұлғасының жоғарғы бөлігін көтеріп мәжбүр қалде отырғаны өзіне назар аударт-қызады. Ауру адам сұйықтың жиналған жағына қарай жатады. Егерде сүйықтық өкпе қабы қуысында үлкен көлемде жиналса, онда дамыған тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің нәтижесінде тері жабындыларының және көзге көрінетін шырыш қабықтарының көгеруі анықталады. Егер ол медиостеналдық бөлігінде орналасып қалталанса, ол ауруларда дисфагия (тамақты жұту және өңеш арқылы өтудің бұзылуы), беттің, мойынның ісінуі, дауыстың қырылдауы анықталуы мүмкін. Бұл кезде мойынның көк тамырлары білеуленіп тұрады. Өкпе қабында сұйықтық жиналған жақта дем алуға байланысты қимыл көлемі шектеледі. Жүдеу, бұлшық еттері нашар дамыған науқастарда қабырға аралықтары тегістеліп, тіпті түгел бұлтиып шығып тұрады. Мұндай науқастың қабырға аралықтары кеңейген. Науқастарды қарап тексерген кезде : ауру жақ өсіңкі және тыныс алғанда қалыңқы болады.
Эксудатты (ылғалды) плеврит - плевра қабынып, қуысына сары судың жиналуымен сипатталатын сырқат. Өкпеқабтың арасына сары судың жиналуы нақты түрде демалу дәрісінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сырқаттың ағымы жиналған сары судың мөлшеріне, құрамына байланысты болады. Егер сары суда лейкоциттер жиналса, онда эксудат іріңді болады. Бұл жағдайда сырқат дем алу дәрісінің бұзылуымен қатар уыттану белгілерімен сипатталынады. Ал плевраның қуысына қан құйылса, оны геморрагиялық экссудат дейді. Геморрагиялық экссудат көбінесе қатерлі ісікте, сепсисте, туберкулезде кездеседі. Плевриттің ағымы ұзақ мезгілге созылып кетсе, плевра қабықшаларының беттері қосылып бір - біріне жабысып дәнекерленеді. Әрине, бұл патологиялық жағдай дем алу дәрісін айқын түрде бұзады. Экссудативтік плевритте плевра қуысына 3 литрге дейін сары су жиналуы мүмкін. Бұл кезде өкпе тіні қысылып, кеуде қуысындағы ағзаларды орнынан жылжытып, атқару қызметтеріне зияның келтіреді.
Клиникалық бейнесі. Сырқат жедел немесе біртіндеп басталуы мүмкін. Басында уыттану белгілерімен білінеді, науқас әлсізденіп басы аурады, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйқысы бұзылады. Кейіннен плевралық белгілерде байқалады. Дем алғанда кеуде қуысы қозғалыспен байланысты ауырсынады, сырқат ентігеді, жөтеледі, дене қызуы көтеріледі. Кеуде қуысы науқас жөтелген сайын, қозғалған сайын, түшкірген сайын ауырсына түседі. Плевра қуысына сары су жиналғанда ауырсыну сәл басылғандай болады. Дем алуы 30 - 40 рет минутына жиілейді, ауырсынуға байланысты науқастың демі беткей.
Науқастарды қарап тексерген кезде: бет әлпеті боз, қабырға арасы тегіс немесе домбығып тұрады, дем алғанда зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, зақымданған қырымен жатады (кеуде қозғалысын азайту үшін). Перкуссия арқылы: сары су жиналған жерде өкпе дыбысы топастанған болып келеді. Оның жоғарғы шекарасы дөңес, ең жоғарғы шеті - жаурынның және артқы қолтық сызықтың арасы болып саналады (Дамуазо сызығы). Аускультацияда тыныс дыбысы зақымданған аймақта жәй сезіледі. Егерде сары су көп мөлшерде жиналса, онда жүрек оң жаққа қарай жылжиды, тахикардия білінеді, қан қысымы сәл көтеріледі. Рентген тексерісінде - сары су жиналған жерде өкпенің гомогендік қараюы білінеді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады (30 - 60 мм сағатына).
Плевра пункциясы деп плевра қуысында сұйықтық бар жоқтығын анықтау үшін, ол сұйықтық түрін (транссудат не экссудат) анықтау үшін және ем жасау үшін плевра қуысын тесуді айтады.
Плевра пункциясының техникасы. Алдын ала жауырын не артқы қолтық сызықтары бойынша нағыз тынық дыбыс бар жерді анықтайды. Дәрігер қолын тазалағаннан кейін (иод және спирт), тесетін жердің терісін тазалайды Одан кейін қабырғасын жансыздандырады. Пункцияны алдын ала залалсыздандырудан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы
Тыныс алу жүйесі жайлы
Пациентті тексеру әдістері
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Қақырық пен плевра сұйықтығын зерттеу:қарау, микроскопиясы мен бактериоскопиясы
«Микрохирургия және видеоэндохирургия туралы түсінік»
Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Жануарлардың альвеококкозы
Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы
Пәндер