Үсіктер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Үсіктер

Т. А. Арьев бойынша (1940 ж. ) 4 дәрежеге бөлінеді.

1-ші дәреже. Тін гипотермия ұзақ болмайды. Мүшені жылытқанда терісі көгілдір, мәрмәр түсті. Осы көріністер қайтымды, себебі бірнеше күннен соң ауырсыну, көгеру, гипермия және ісік өздігінен басылады. Кейін терісі қабыршақтануын және қышуы мүмкін. Содан кейін осы тері аймағы төмен температурада сезімтал болады.

2-ші дәреже. Гипотермия ұзақ сақталады. Терінің өлу шекарасы түйіршікті, мүйізді және біртүкті қабаттардың жоғарғы қабатында болуы мүмкін. Мөлдір экссудантпен тоған көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктердің жалаңаштанған түбі қандай да бір механикалық тітіркенуге және спиртке сезімтал болады. Тиімді жүргізілген емнен кейін үсік болған жерде терінің құрамы толық қалпына келеді.

3-ші дәреже. Өлі тіндер шекарасы терінің төменгі қабатымен тері асты шелмай қабаты деңгейі арқылы өтеді. Пайда болған көпіршіктер геморрогиялық экссудант толған, түбі көгілдір-қызғылт, механикалық тітіркедіргіштерге және спирт аппликациясына сезімталдығы жойылған. Жазылу процесінде грануляция және келоидты тыртықтар пайда болады.

4-ші дәреже. Өлі тіндер шекарасы аяққолдың сүйек және буын деңгейімен өтеді. Осы шекарадан дистальді бөлікте барлық тіндерді некроз дамиды, соның ішінде сүйекте де. Келесі сәтте ылғалды гангрена немесе мумификация орын алады. Демаркациялық сызық 2-3 аптадан кейін пайда болады. 4-ші дәрежелі үсіктің нәтижесі- һлі тіндерден тазалануы және ампутация пайда болуы.

Мейіргер реактивті кезеңге дейін төмендегідей көмек көрсете алады: дене температурасын қалпына келтірулер бойынша шараларды орындайды әсіресе үсік шалған жерлерді. Осы сақсатта аяқтарын, егер бір аяғына үсік болса да жылы су құйылған науаға (ванна) салады. Ваннаның температурасын Цельсий бойынша +22 градус, біртіндеп 20-30 минут бойы +40 градуске дейін жоғарлатады. Содан кейін аяқтарын бөлме температурасындай су құйылған басқа науаға салады, (+18 - ден +22 градуске дейін), содан кейін тағы ыстық суы бар науамен алмастырады (+37-ден +40 градуске дейін) . Осы кезде перифериядан орталыққа қарай массаж жасауды орындайды. Барлық зардап шеккендерге сіреспеге (столбняк) қарсы анотоксин немесе сарысу егеді. Егер оны мейірбике жасамаса, онда ол туралы ақпаратты науқасты тасмалдау парағына міндетті түрде жазып қоюы керек. Міндетті түрде науқастың денесін жалпы жылыту қажет, оған ыстық шай немесе кофе беріп, жылы көрпемен орап, тамақтандырады. Жылыту шараларын ректальді температура +35 градус болғанда тоқтатады. Кейбір кезде қошаған ортадан толық оқшаулау әдісін қолданады: жарақаттанған аяқ-қолын жылуды сақтаушы таңғышпен орайды, содан кейін қан айналымын жақсартатын және термогенезді жоғарлататын дәрілерді тағайындайды. Осы мақсатта көк тамыр ішіне +40 градусқа дейін жылытылған инфузиялық ерітінділерді жібереді, мысалы, Рингер-локк ерітіндісі немесе 5 глюкоза ерітіндісі, қантамырын кеңейтетін дәрілерді тағайындайды. Науқасты осы жағдайда сезімталдығын толық қалпына келгенше, аяқ-қолы, саусақтарының ұшы ысығанша қалдырады. Осы кезде қан айналымыжақсару себепті зат алмасу процесінің қалпына келуі іштен сыртқа қарай жүреді. Осыдан кейін жылуды оқшаулағыш таңғышты майлы таңғышты, мысалы, Вишневский майымен алмастырады. Мұндай әдіс үсіктің, тіпті оның ауыр дәрежесінде де қарқындауын болдырмайды.

Үсікті емдеу травматология бөлімшелерінде жүргізіледі, алайда кейбір себептермен мейіргер емдеуге мәжбүр болса, онда: футлярды новокаинді блокада жасайды, асептикалық таңғышты жараның бетін жабады. Содан кейін, сіреспеге қарсы сарысу немесе анотоксин егеді. Егер үсіктің дәрежесі жоғары болса, тромбозды алдын-алу үшін көк тамыр ішіне антиагулянтты, антибиотикті көп мөлшерде енгізеді. Жоғары дәрежесімен науқасты некроз аймақтарын ойын алу және қабыну ошағын дренирлеу үшін хирургия немесе травматология бөлімшелеріне жеткізеді.

Жылан шаққан кездегі, у әсерінің жалпы белгілері: әлсіздік билеу, бас айналу, талықекі аптадан су, жүректің айнуы және құсу. Ауыр жағдайда есіне айырылып қанталайды және шаққан жер домығады. Шаққан жердің уын жедел ауызбен сорып тастау керек. Жылан шаққан жерді кез-келген, дәрі-дәрмекпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт) . Зардап шеккен адамды жедел ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болуы мүмкін.

Сонаның араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезіледі. Шаққан жері күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.

Көмек көрсету барысында терідегі ара бездерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек, бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу, адамды аяғы оның басынан кейін биік болатындай етіп жатқызу қажет.

Шаянның шағуы кезінде улану бір жарым - екі тәулікке созылады, оның белгілері әсіресе шаққаннан кейінгі алғашқы сағаттан соң қатты білінеді, шаққан жер күлбірейді, кейде бүршіктер де пайда болуы мүмкін, төңірегіндегі сөл түйіндері мен сөл жолдары домығады. Жалпы улану белгілері әр түрліš жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, дене температурасының көтерілуі, дененің жалпы ауыруы, бастың ауыруы және айналуы, қалтырау, демігу, мазасыздық жағдайды селқостық ауыстырады, тердің қатты шығуы, көзден жас ағу және мұрыннан су сорғалау, жүрек айналасының шаншуы. Шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, анальгин мен антигистаминдік дәрі - дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апорттың Юбилейный сорты
Қырғауылға аңшылық жасау
Күйіктің емі
Қазақстанның климатына сипаттама
1986 жылдан 2002 жылдар аралығындағы салқын кездегі Алматы және Астана қалалары бойынша ауа температурасының термикалық режимі
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі
Байқоңыр космодромы
Үсік алған адамға көрсетілетін алғашқы жәрдем
Үсік
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz