Жыныс жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жыныс жүйесі

Жыныс мүшелері аталық жыныс мүшесі және аналық жыныс мүшесі болып екіге бөлінеді. Кейде екі жыныс мүшесінің бір кісіде болуы да мүмкін. Ондай адам қызтеке (гермафродитизм) деп аталады. Қызтекенің нағыз және жалған түрлері болады. Нағыз қызтекеде аталық без, аналық жыныс безіде бірдей болып, жалған қызтекеде екі жыныстың біреуінің қызметі ғана басымдық көрсетеді.
Аталық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы мүшелері болып бөлінеді. Ішкі мүшелеріне шәует шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық түбінің безі, ал сыртқы жыныс мүшелеріне аталық мүшесі, несеп шығару жолы, аталық без(ен), ұма жатады.
Аталық бездің (testis; гр. orchisdidymoi) сырт пішіні жұмыртқа тәрізді сопақша, салмағы 15 - 25 г, ұзындығы 4см, ені 3см. Аталық бездің екі беті - ішкі, сыртқы екі қыры - алдыңғы, артқы екі ұшы - жоғарғы, төменгі. Ол аналық без сияқты екі түрлі (ішкі және сыртқы секрециялық) жұмыс атқарады. Сыртқы секрециялық жұмысы деп жыныс жасушаларын - сперматозоидтарды шығаруын, ішкі секрециялық жұмысы деп қан мен лимфаға бөліп отыратын жыныс гормондарын айтады. Атабездің арт жағында оның қосалқысы (epididymis) жабысып жатады. Оның жоғарғы толықша келген жерін басы, орта жерін денесі, ал төмен қарай жіңішкере келген бөлігін құйрығы деп атайды. Құйрығы жіңішкере кел(сперматозоидтар) иректі түтікшелердің эпителий жасушаларының көмегімен тік түтікшелерге, олар атабездің бір шетіндегі торлы түтікшелерге көшеді. Сонымен атабез заты иректі, тік және торлы түтікшелерден тұратынын көреміз. Соңғысы торлы түтікшелерден атабезді оның қосалқысымен байланыстыратын 15 - 16 байланыс түтікшелеріне жалғасады. Олар атабезден қосалқы шығып иректі түтікшелерге ұласады, қосалқысының төменгі жағында бірігіп, шәует шығарар өзекті (ductus deferens) түзеді. Оның ұзындығы 40 - 45см. Жұп, қуысты ағза. Қабырғасы үш қабаттан тұрады.

Сурет 4. Аталық зәр шығару, жыныс мүшесі.

1 - бүйрек; 2 - бүйректің қыртыс заты; 3 - бүйрек пирамидасы; 4 - бүйрек түбегі; 5 - зәр ағар; 6 - қуық ұшы; 7 - кіндік байламы; 8 - қуық денесі; 9 - еркек жыныс мүшесінің денесі; 10 - жыныс мүшесінің арқасы; 11 - еркек жыныс мүшесінің басы; 12 - аталық без бөліктері; 13 - аталық без; 14 - аталық без қосалқысы; 15 - шәует шығаратын түтік; 16 - аталық мүше түбі; 17 - бульбоуретралды без; 18 - зәршығару түтігінің жарғақты бөлігі; 19 - қуықтүбі безі; 20 - шәует қуықшасы; 21 - шәует шығаратын түтіктің ампулалық бөлігі; 22 - қуық түбі ; 23 - бүйрек қақпасы; 24 - бүйрек артериясы; 25 - бүйрек венасы;
Атабезге келетін қан тамырлары мен жүйке талшықтары, шәует шығарар өзек, дәнекер тінді қабықшасымен жабылып, шәует бауын түзеді. Ол ұма ішімен жоғары көтеріліп, шат өзегі арқылы жамбас қуысына енеді. Осы жерде шәует шығарар тамырлары мен жүйкелерінен ажырап, жамбас ішінен төмен қарай жүріп отырып, кіші жамбас қуысына өтеді. Бұл несеп жолына ашылмастан бұрын бүйір кеңестігін жасап, шәует қуықшасын түзеді де, ол жыныс жасушаларының қоймасы қызметін атқарады. Шәует қуықшысы (vesiculae seminales) да шәует шығарар өзек сияқты 3 қабықшадан түзілген: ішкі кілегейлі, ортаңғы бірыңғай салалы ет сыртқы дәнекер тінді болып келеді. Шәует қуықшасының жоғарғы кеңейген жерін денесі десе, төменгі жіңішкеріп келген бөлігін шәует шашар өзегі деп атайды. Шәует қуықшасы түссіз сұйықтыққа толы. Оның құрамында сперматозоидтар болғандықтан сперма жинағыш қойма деп атайды. Оның кілегейлі қабатынан бөлінген сұйықтық сперманы әрі сұйылтып, әрі белсендіреді.
Қуық түбінің безі (prostata) қуықтың түп жағында несеп жолының басталар жерін айнала қоршап жатқан күрделі түтікті без. Ол ішкі жамбас қуысында жатады. Бұл бездің 30 шақты майда түтікшелері несеп жолына ашылады. Бездің ет талшықтары әртүрлі бағытта орналасып жиырылған кезде секреттерін шығарумен бірге сфинктерлік қызметін атқарады.
Бұл сілтілі реакциялы секрет бөледі. Ол сперма құрамын еніп оны сұйылтумен қатар сперманың тіршілік әрекетіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл жасөспірім балада өте кішкене болады. 14 жастан жедел дами келе 20 жастан толық дамиды.
Бадана (купер) бездері кішкене бұршақ тәрізді, несеп жолының бойында орналасқан. Оның түтігі несеп жолына қарай ашылып, шәует құрамына енетін сұйықтықты бөлед Қабықша атабездің арт жағынан атабез ішіне перделер беріп, атабез затын 250 - 300 дей бөлшектерге бөледі. Бұл бөлшектер құрылысы жағынан иректі түтікшелерден тұрады. Олардың аралығын дәнекер тін байланыстырып жатады. Иректі түтікшелер екі түрлі жасушадан құралады. Олардың бірінші түріне әр түрлі сатыда дамыған сперматозоид жасушалары жатса, екінші - Сертоли жасушалары. Соңғылары даму кезіндегі жыныс жасушаларын қоректендіру қызметін атқарады. Дамып жетілген жасушалар
Ұма (scrotum) - атабездің (тастың) қапшығы, оның ортасы ет пердесімен (septum scrotum) екі бөлікке бөлінеді. Қабырғасы жеті қабаттан тұрады. Олар: тері, бұлшықет қабаты (tunica dartos), ұрықтың сыртқы шандыр қабаты (fascia spermatica externa), енді көтеретін бұлшық ет(m.cremaster), енді көтеретін бұлшықет шандыр қабығы (fascia cremasterica), ұрықтың ішкі шандыр қабығы (fascia spermatica interna), еннің қынап қабығы (tunica vaginalis testis).
Аталық мүше (penis) ұзынша екі қуысты, бір кеуекті денеден тұратын сыртқы жыныс мүшесі. Оның жоғарғы қатар жатқан екеуі жыныс мүшесіне тән болса, астыңғы жағында жатқан үшінші кеуекті денеден несеп жолының түтігі өтеді. Ол арқылы несеп шығарылуымен қатар жыныс жасушалары да шығарылады. Аталық мүше түбір, денесі, арқасы, басы, мойыны, басының айналасындағы кенересінен тұрады. Астыңғы кеуекті дене түбінен айырылып, шат сүйектеріне бекіп, еннің екі аяқшасын құрайды. Оның үш жағы сүйірленіп, несеп жолының конус тәрізді бөлігіне көшіп, еннің басын түзеді. Басында несепағар өзегінің ашылар жері жатады. Барлық кеуекті денелер сыртынан тығыз дәнекер қабықшалармен қапталған. Олардың ішінде саңылау қуыс болады. Жыныстық қозу кезінде бұл саңылауларды артерия қаны кернеп, толады да, жамбасасты еттерінің жиырылуы нәтижесінде вена қанының шығып кетуі қиындайды.

Сурет 5. Кіші жамбас қуыстығы. Ерлердегі көрінісі.

1 - сигма тәрізді ішек шажырқайы; 2 - тік ішек; 3 - тік ішек - қуық шұңқыры; 4 - тік ішектің кеңеюі; 5 - шәует бауының кеңейген жері; 6 - шәует қуықшасы; 7 - қуықтүбі безі; 8 - шәует шашқыш өзек; 9 - тік ішектің сыртқы сфинктері; 10 - тік ішектің ішкі сфинктері; 11 - сыртқы тесік (анус); 12 - зәр шығару каналының сфинктері; 13 - кеуекті ет; 14 - кеуекті дене пиязшығы; 15 - ұма; 16 - бүрікбас; 17 - зәр шығару каналының сыртқы тесігі; 18 - еркек жыныс мүшесінің басы; 19 - аталық мүшенің қуысты денесі; 20 - зәр шығару түтігінің кеуекті бөлігі; 21 - зәр шығару түтігінің жарғақты бөлігі; 22 - шат аралығының терең, көлденең еті; 24 - зәр шығару түтігінің ішкі тесігі; 25 - қуық; 26 - латералді кіндік қатпары; 27 - ішперде; 28 - ұрық әкетуші өзек; 29 - сыртқы мықын артериясы және венасы; 30 - зәр ағар;

Еннің терісі жұқа, қозғалғыш болып келеді және кенерені жауып тұрады. Мұны күпек дейді. Ішкі қабатында май бездері көп болады. Жыныс мүшесі құрсақ шандырының жалғасы болып табылатын байламдар арқылы шонданай, шат сүйектеріне бекіп, қалпын сақтайды.
Қазақ баланы сүндетке отырғызғанда күпекті жыныс мүшесінің мойын тұсынан айналдыра кесіп алады.

Аталық жыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері

Нәрестенің ені ұма ішіне түседі. Ен жыныстық жетілу кезеңі басталғанша өте баяу дамиды. Қалыпты жағдайда қандай кезеңдерде болса да оң жақтағы ен сол жақтағасына қарағанда аздап үлкен және салмақтылау болып, жоғарырақ тұрады. Нәрестеде еннің сағасы 8 - 10 жасқа дейін ғана үлкейіп өседі. Нәрестенің ұрық бауы өте нәзік, бұлшықет қабаты нашар жетіледі, енді көтеріп тұратын бұлшықет 5 жастан бастап қалыптаса бастайды. Ұрық бауы 14 - 15 жастан кейін тезірек дамиды. Нәрестенің шәует қуығы да нашар болады, ол 13 - 16 жастан кейін ғана жетіле бастайды. 10 жастан бастап қуықалды безі жетіле түседі. Қуық жоғары орналасқандықтан, нәрестеде үрпі жолының ұзындығы 5 - 6 см болады. Нәресте ұмасы кішірек болғанымен де терісі қатпарланып тұрады. Жыныстық жетілу кезінде ұма да тез өседі.
Аналық жыныс мүшесі

Аналық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Оның ішкі ағзаларына аналық без, жатыр, жатыр түтіктері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың ауызы және несеп жолы жатады.
Аналық без (ovarium) жұп ағза. Кіші жамбас ішінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан сопақша без. Олар жатырдың жалпақ шандыр байламының артқы жағына ілініп тұрады. Сырт пішіні эллипс тәрізді. Бір жағынан жұмыр сіңір байламымен жатыр денесіне бекиді. Анабездің сыртқы беті кіші жамбастың бүйір қабырғасында, ал ішкі жағы жатыр түтігімен шектескен. Бұл бездің ұзындығы 2,5 см, ені 1,5 см, қалыңдығы 1 см.
Анабез қызметі өте күрделі, яғни жұмыртқа тіндерінің дамуымен бірге қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Бұл бүкіл организмге әсер етіп, жатырдың қызметін реттейді. Мұны ішкі секрециялық (эндокриндік) жұмысы десе, жұмыртқа тіндерінің бөлінуін сыртқы секрециялық жұмыс дейді. Анабез сыртқы (қыртысты), ішкі (милы) қабаттардан түзілген. Сыртқы қыртыс заты талшықты дәнекер тінінің ұршық тәрізді фибробласты стромаларынан тұрады, бұл қабатта алғашқы фолликулалар пайда болады. Олардың саны жаңа туған қызда 30 - 40 мыңға жетеді. Бірақ жыныстық даму жолында біртіндеп саны кеми бастайды. Сондықтан әйел өмірінде 400 - 500 жұмыртқа тіндері ғана жетіледі.
Сурет 6. Аналық зәр шығару, жыныс мүшесі.

1 - бүйрек; 2 - зәр ағар; 3 - жатыр түбі; 4 - жатыр қуысы ; 5 - жатыр денесі; 6 - жатыр түтігі шажырқайы; 7 - жатыр түтігінің кеңейген бөлігі; 8 - жатыр түтігінің жалбыршақтары; 9 - жатырдың шажырқайы (жалпақ байлам); 10 - қуық; 11 - қуықтың шырышты қабаты; 12 - зәрағар төмпегі; 13 - шүртекей аяқшасы; 14 - шүртекей денесі; 15 - шүртекей басы; 16 - зәр шығару каналының сыртқы тесігі; 17 - қынап тесігі; 18 - кіреберіс безі (Бартолин безі); 19 - кіреберіс пиязшығы; 20 - аналық зәр шығару түтігі; 21 - қынап; 22 - қынап қатпарлары; 23 - жатыр тесігі; 24 - жатыр мойнының өзегі; 25 - жатырдың домалақ байламы; 26 - аналық без; 27 - аналық без фолликуласы; 29 - аналық без қосалқысы; 30 - жатыр түтігінің қатпарлары;
Анабездің дәнекер тіндерден түзілген ішкі милы заты, қан тамырлары мен жүйкелері өте жақсы жетілген.
Анабездегі жұмыртқа жасушасының дамып жетілу процесі фолликулаларда өтеді. Алғашқы дамуына байланысты фолликуланың эпителий жасушалары көбейеді Одан кейін регенерация процесіне ұшырап, азаяды да, бұлардың орнына сұйықтық пайда бола батайды. Осылайша кемеліне жетіп, ұлғайып келген фолликуланы Грааф көпіршігі деп атайды. Оның сұйықтығы кернеген кезде көпіршік жарылып, аналық жасушаны құрсақ қуысына бөледі. Бұл процесс рефлекторлық түрде жүзеге асырылады.
Сөйтіп, жұмыртқа жасушасы Грааф көпіршігінен бөлініп, құрсақ қуысына түседі. Осы кезде жатыр түтігінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі
Аталық және аналық жыныс жүйесі. Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES
Малдардың жыныс органдарының анатомиясы
Несеп -жыныс жүйелері
Жыныс бездерінің гормондары
Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік
Несеп- жыныс ағзасы туралы
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік
Пәндер