Париж конференциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Париж конференциясы
Версаль-Вашингтон жүйесі Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен жеңіске жеткен елдер алдында соғыстан кейінгі дүниені қайта құру міндеті тұрды. Осы міндетті орындау үшін және бітім келісім-шарттарын дайындап, қол қою үшін Парижде бітім конференциясы шақырылды. Ол 1919 жылы 18 қаңтарда басталды. Оның жұмысына 27 елдің өкілдері қатысты. Конференция жұмыс тәртібін ұлы державалар өкілдері -- Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, Англияның премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж, АҚШ президенті Вудро Вильсон анықтады. Олар мәселені оңаша шешті. Конференцияға соғыста жеңілген елдер шақырылмады. Азамат соғысы жүріп жатқан Ресей де қатыспады.
Жеңіске жеткен елдер арасындағы қарама-қайшылықтар. Вильсонның 14 тармағы
Соғыстың соңына қарай капиталистік дүниенің жаңа күштерінің арасалмағы анықталды. Әрбір державаның көздеген мақсаты мен материалдық табысқа жетуінің өзіндік жоспарлары болды. Соғыстың үшінші жылында ғана шайқасқа тартылған АҚШ одақтастарына ірі несие беруші және қуатты елге айналды. Осыдан келіп АҚШ-тың Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүние жүзін қайта құру бағдарламасы қалыптасып, онда халықаралық қарым-қатынастардың жаңа принциптері белгіленді. Бұл мәселе президент В.Вильсонның 1918 жылы 18 каңтарда АҚШ конгресіне жолдаған 14 тармағында баяндалып, халыққа жарияланды. Оларда Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында отарлар мен ықпал етуші аймақтарын қайта бөлісу, Антанта елдері арасындағы барлық құпия келісімдерді жариялау, жерде, теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кеден кедергілерін жою және халықаралық деңгейде ашық есік пен тең мүмкіндік принциптерін мойындау, қару-жарақ шығаруды шектеу, келіссөздерді ашық және жария түрде жүргізу мәселелері көтерілді. АҚШ Бельгияны қалпына келтіруді, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтаруды, бейбітшілікті қолдау үшін халықаралық ұйым -- Ұлттар Лигасын құру қажет деп есептеді. В.Вильсонның бұл ұстанымдары дүниежүзілік саясаттағы жаңа пікір болатын.
Ұлыбритания алға қойған міндеттерін Париж конференциясына дейін жүзеге асырды. Оның көздегені -- қарсыласы Германияны әлсірету және ұлы державалар қатарынан шығару еді. Осман империясының Таяу Шығыстағы үлкен иеліктерінде Германияның ықпалы жойылып, Англия ықпалының күшеюі оның күш-қуатын барынша арттырды. Африкадағы герман отарларын Англия, Франция, Бельгия, Оңтүстік Африка Одағы бөлісуге келіскен.
Соғыстың барысында Франция қатты зардап шекті. Ол несие беруші елден қарыздар елге айналды. Германияның мейлінше әлсіреуін міндет еткен Франция, оны бұрынғыдай ұсак мемлекеттерге бөлу жоспарын құрды, оларды Францияның әскери-саяси одақтастығымен байланысқан елдердің ықпалына бағындыруды көздеді. Франция үкіметі Рейнге дейін шекарасын кеңейту, Германияға барынша төлемақы төлету және Осман империясының иеліктерін өз үлесіне беру сияқты талаптарын да ұсынды.
Бітім конференциясының барысында кешегі одақтастар арасында шиеленіскен алауыздықтар пайда болды. Президент Вильсонның 14 тармағы негізіне сүйенген келіссөздер барысында жеңіске жеткен елдер өз жоспарларынан бас тартпауға, мүддесін ешкімге бергісі келмеді. Антанта Италияны өз жағына соғысқа тарту үшін оған жер беруге уәде берген еді, Италия осы жерлерді конференцияда талап етті. Ал Италияның қуатсыз соғыс күші бұл иеліктерді алуға қауқарсыз болды. Сондықтан Италияның қойған талаптары орынсыз көрінді. Румыния 1916 жылы өзіне уәде етілген Трансильвания, Буковина және Банат иеліктерін беруді талап етті. Ол 1918 жылы Бессарабияны жаулап алды. Сондықтан Париж конференциясында бұл мәселе талқыланбай қалуы мүмкін емес еді.
Франция Еуропадағы Польша, Чехословакия және т.б. шағын мемлекеттерінен Германияға қарсы одақ топтастыруды көздеп, жеңілген мемлекеттер есебінен аталған елдердің жер аумақтарын кеңейту талабын қойды. Жапония соғыс кезінде Германияның Тынық мұхиттағы отарларын: Каролинг, Мариан, Маршалл аралдары, сондай-ақ Қытайдың Шаньдун түбегіндегі иеліктерін басып алған. Оған қоса Қытайда өз ықпалын күшейте түскен. Сол жағдайды халықаралық шешімдермен бекітуге бел байлаған.
Версаль бітімшарты
Германиямен келісімшарттың мәтіні мамыр айында дайын болды. Бұл елмен жасалған бітімшарт Версаль бітімі деп аталды. 1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайының Айналы залында шартқа қол қойылды. Ол соғыстан кейінгі дүние жүзіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды құжат болды. Келісімшарт талаптары бойынша Германия аумағының белгілі бөлігі көрші мемлекеттерге өтті. Германия бұрын басып алған Эльзас пен Лотарингия Францияға кері қайтарылды. Экономикалық жағынан аса маңызды Саар облысы Францияның қолына өтті. Бельгия Эйпен және Мальмеди округтерін алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі берілді. Версаль бітімшарты бойынша Германия өз аумағының 18 бөлігі мен халқының 112 бөлігінен, отарларынан айырылды.
Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік жойылды. Ол жалдамалы негізде құрылатын 100 мыңдык әскер ұстауға құқылы болды. Германияға соғыс техникаларын ұстауға тыйым салынды. Соғыс жылдарында Антанта елдеріне келтірген шығындардың орнын толтыру үшін Германия едәуір төлемақы төлеуге міндеттелді. Бірақ оның сомасы жөнінде жеңіске жеткен елдер бір жақты шешімге келе алмады. Лондон конференциясы (1920 ж.) соғыс шығындарынын (репарация) жалпы мөлшерін 132 млрд. алтын марка деп есептеді. Германиямен жасалған шарт оның бұрынғы одақтастары Австриямен, Болгариямен (27 қараша, 1919 ж.), Венгриямен, Түркиямен бітім-шартқа қол қоюмен аяқталды.
Ұлттар Лигасы
Ұлттар Лигасын құру жөнінде Париж конференциясы шешім қабылдады. Оның Жарғысын әзірлеуге арнайы комиссия құрылып, оған ұлы державалардың өкілдерімен қатар ірі және ұсақ елдердің өкілдері де қатысты. Вильсонның басшылығымен қысқа мерзімде Жарғының негізі 1919 жылы 14 ақпанда дайын болды. Лиганың басты мақсаты -- халықтар арасында ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету еді. Ассамблея мен Кеңес Лигасының басты органдары болды. Ассамблея отырысы (Лига өкілдерінің жиналысы) жылына бір рет шақырылды. Ассамблеяның әрбір мүшесі отырыста бір дауысқа ие болды. Ұлттар Лигасын құрудың бастаушысы АҚШ үкіметі оның қатарына кірмей қалды. АҚШ үкіметі еріксізден 1921 жылы тамызда Германиямен жеке бітімшартын жасауға мәжбүр болды. Бұл бітімшартта Ұлттар Лигасы туралы ештеңе айтылмады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропадағы алып күштердің ара-салмағын өзгертті. Аса ірі екі империя -- Ресей мен Габсбург (Австро-Венгрия) империялары ыдырады. Азияда Осман империясы құлады. Қуатты империялардың ыдыраған аумақтарында тәуелсіз мемлекеттер пайда болды.
Әзірбайжан, Армения, Грузия
Қазан төңкерісінің және Ресей империясының құлауы нәтижесінде көптеген ұлттық шеткі аймақтар тәуелсіздікке қол жеткізді. Кеңестік Ресей осы мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындады. Бірақ ол елдегі оқиғалар большевиктік ұйымдар әзірлеген жоспарлар бойынша өріс алды. Жергілікті большевиктер Қызыл Армияның көмегімен осы жерлерде Кеңес өкіметін орнатты. Олар 1922 жылы желтоқсанда КСРО құрамына енді.
Орталық Азия
Бұл аймақтарда кеңестік тәртіпті Қызыл армия орнатып Түркістан Республикасы, Қазақ Автономиялы Республикасы шыққан. 20-30 жылдарда аймақ аумағында Өзбек,Тәжік, Қырғыз, Түрікмен және Қазақ республикалары жарияланып, КСРО шеңберінде қалды. Кеңес одағында қабылданған конституциялар бойынша әр республиканың оның қатарынан шығып кету құқығы сақталған, тек іс жүзінде Мәскеу тоталитарлық зорлық саясатты жайлатқызып, олардың егемендігін таптап келген.
Түркия
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін, 1918 жылы 30 қазанда Мудрос қаласында тізе бүгу туралы келісімшартқа қол қойды. Шарт бойынша, Антанта елдерінің әскерлеріне түрік аумағындағы көптеген маңызды порттар берілді. Ұлыбританияның әскери флоты Стамбұл жанында тұрды. Француздар Киликия облысын алды. Италяндықтарға Анталья мен Кония қалалары берілсе, гректер Кіші Азияның батыс жағалауына орналасты. Темір жолдар, пошта және телеграф жеңімпаздардың бақылауына өтті.
Ұлттық рухы жоғары түрік офицерлері, зиялылары, кәсіпкерлері, саудагерлер, тұрғын халықты басқыншылардың талан-таражынан қорғауға әрекет жасау үшін Құқық қорғау қоғамын құра бастады. 1919 жылы мамыр айында гректер Азияның Батыс жағалауындағы өте маңызды порт Измирді алды. Сұлтан үкіметі соғыс жариялағанымен талқандалған армияның соғысуға шамасы келмеді. Осындай жағдайда елдің қорғанысын 40 жастағы генерал Мұстафа Кемал патша (1881-1938 жж.) басқарды. Ол елдің барлық тұрғын халқын тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. Ол Кұқық қорғау қоғамының дербес үкіметін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Париж бітім конференциясындағы ақш позициясы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Версаль-вашингтон жүйесі жайлы мәлімет
Париж бейбіт конференциясы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО)
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»
Пәндер