Ұғымдар адалдық, сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықтын пайда болуы себептері және салдары


Тақырыбы: Ұғымдар «адалдық», «сыбайлас жемқорлық», сыбайлас жемқорлықтын пайда болуы себептері және салдары
Адалдық - адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана - сезіміне, ар - ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат - мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогресспен ұштасып жататын іс - әрекеттер.
Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Әбу Насыр Әл - Фарабидің этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы ерекше орын алады. Сондықтан мейірбандық ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады.
Парасаттылық - адам бойындағы кісілік қасиет. Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, көрегендік, мәдениеттілік, зерделілік мағынасында қолданылады. Парасатты адамға адамгершілік, инаббаттылық, салиқалылық, мейіріиділік, ізгілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері тән. Дәстүрлі қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланатын болған.
Сыбайлас жемқорлық (коррупция) - ( лат. Сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкелердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының мүддесі мен пайдасы үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттер.
Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына іс - әрекеті үшін ақша, бағалы заттар, өзге де мүлік немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т. б. жақындарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау, көтермелеу, сондай - ақ мемлекеттік және қоғамдық мүддені талан - таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экокномиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеліністердің күрт өсінуіне ұрындырады.
Сыбайлас жемқорлықтын пайда болуы себептері және салдары
Философиялық тұрғыдан қарастырғанда қазіргі криминология саласында қылмыстың, жемқорлықтың себебін әлеуметтік құбылыстардың бірі деген түсінік қалыптасқан. Францияның белгілі заңгерлерінің бірі Арно Монтбур бірде «қоршаған ортаны жаппай ластайтын нәрсеге ұқсас сыбайлас жемқорлық болашақ адамдарының жүздерін жабыңқы етеді» деп атап көрсеткен еді. Яғни сыбайлас жемқорлық адамның қадыр қасиетін бағалай алмауына, бірін бірі қорлауына әкеліп соқтырады.
Салдары:
- Мемлекеттік қаржы және қорларды тиімсіз бөлу және жұмсау;
- Білікті мамандардың басқа елге кетуі;
- Әлеуметтік теңсіздіктің өсуі;
- Ұйымдасқан сыбайлас жемқорлық топтарының күшеюі;
- Қоғамдық әдептің құлдырауы;
- Әлеуметтік экономиканың жағдайының төмендеуі.
Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әркеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу барша қазақстандықтар үшін ортақ мінбет. Ол үшін аталған дертке қоғам болып ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Әдебиеттер тізімі:
1. С. В. Алимов Құқықтық және саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы. - Алматы: «Бастау» баспасы, 2011. - 288 бет.
2. Булгакова Д. А. « Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2013. - 130 бет .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz