Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: "Ыбырай Алтынсарин"

Тексерген: Садвакасова Г.
Орындаған: Нұрлан А.Н.
Мамандығы: 6В01301 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"

Алматы, 2020

Ыбырай Алтынсарин -- азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі

Кіріспе
Ыбырай Алтынсарин -- қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Шын аты -- Ибраһим. Орта жүздің Қыпшақ руынан шыққан. Ол 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келген.
Əкесі Алтынсары оқымаған, өз еңбегімен тіршілік еткен қарапайым шаруа адамы болған. Шешесі Айман (кейбір деректерде Аймен) Арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы екен. Ол халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Ыбырайдың шешесі халық ертегілері мен жырларын ұлының құлағына жастайынан құйып тəрбиелеген.
Ыбырай 3 - 4 жасқа толғанда, əкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожа бидің қолында қалады. Бүкіл балалық шағы сол атасының қолында өтеді. Ағартушының атасы Балғожа Жаңбыршыұлы өз заманындағы ірі феодалдардың бірі еді. Ол ұзақ уақыт Орынбордағы шекара комиссиясы қол астында Қыпшақ руына старшын болған, өз аймағының атақты кісілерінің бірі, ірі бай. Ел ішіндегі көп жағдайларда биліктің тізгінін ұстаған би Орынбор əкімшілігінің алдында да, орыс шенеуніктеріне де сыйлы, беделді, белгілі кісі болыпты. Немересін адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған, Балғожа оны өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып, қанатын қатайтқан [1].
Жасынан зерек Ыбырай да атасын жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшіліктің үмітіне айналады. Атасы Балғожа төңірегіне ақын-жырауларды жинап, өзі де өлең жазған. Сондықтан да Ыбырай бала кезінен туған халқының мəдениеті мен əдебиетінен сусындаған.

Ыбырай Алтынсарыұлының маңызды өмірдеректері
1850 жылы дала өмірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған мектепке береді. Бұдан бұлай ел билеу ісі орысша сауатты адамдардың қолына көшеді деп ұққан Балғожа би немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан шығармау ниетін көздеген. Жаңа ашылған мектепте 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырайда болды.
Ол уақытта Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті əкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер əзірлеу еді.
Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тəрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі əдебиеті мен орыс əдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып нəр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857 - 1859 жылдар аралығында ол атасы Балғожа бидің хатшысы болды.
Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасады. Өзінің тікелей күш салуымен 1864 жылы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп ашады. Осыдан бастап оның ағартушылық жəне педагогикалық қызметі басталады.
1860 - 1879 жылдар арасында Ы.Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар, арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868 - 1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы; 1876 - 1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жəрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап Ыбырай зайырлық мектептер ашуды қолға алды [2].
Қазақ халқын мəдениетке үндеп, халық ағарту мəселесінде көп еңбек еткен тұңғыш ағартушы 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап, мектеп ашу, оларды оқыту, тəрбиелеу, оқулықтар, оқу құралдары жəне əдістемелік кітаптар жазу жұмысына арнайды. 1889 жылдың 17 шілдесінде, 48 жасында Инспектор көлі жағасында, өз үйінде ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болады.
Қазақтың тұңғыш педагогы əрі ақын, əрі жазушы Ыбырай Алтынсарин ауырып, төсек тартып қалғанда орыс жолдастарының оны дəрігерге қарату ісін ұйымдастырулары; қайтыс болған күні ақырғы рет қоштасу үшін қаладан көптеген таныстары мен шəкірттерінің арнайы келуі; кейін Н.И.Ильминскийдің Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан деген атпен Қазан баспасында арнаулы кітап бастырып шығаруы Алтынсариннің ел ішінде беделді, сыйлы болғандығын дəлелдейді. Бір айта кететін жайт, Ы.Алтынсарин қайтыс болғанда қазақ салтымен оған жоқтау айтылған.
Ол жоқтау 1976 жылы Мəскеу мұрағатындағы Ильминский папкасы деген бумадан табылды. Ондағы [3]:
Дəріден себеп болмады,
Шын келген соң ажалы.
Күн де ауылда болушы ед,
Жəрмеңкенің базары.
Өтіп те кеткен дүние-ай,
Дүбірлесіп жиылып,
Аспанға шығып тозаңы!
Жетімсіреп қалды ғой
Төрт ояздың қазағы... --
деген жолдармен жалғасатын ұзақ жоқтауды Ыбырайдың туыс-жұрағаттарының бірі жазған болуы керек деп көрсеткен. Ал зерттеушілер мұны Ыбекеңнің өзі қадірлеген, жанында жүрген жəне қайтқанда қасында болған қазақтың белгілі ақыны Нұржан Наушабаев екенін айтады.

Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы
Ы.Алтынсарин орыс тілімен қатар, араб, татар тілдерін жетік меңгеріп, көксеген бар арманы халыққа білім беру болды. Ол кезде қазақ балаларына арнап, мектеп ашу өте қиындыққа түсті. Соған қарамастан, Ыбырайдың тікелей атсалысуымен 1864 жылы қаңтар айында тұңғыш қазақ мектебі ашылды.
Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйі, құрал-аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта алмады. Ол ауыл-ауылды аралап, халыққа білім беретін мектептердің артықшылығын түсіндірді. Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды. Қаржы жинауды ең алдымен өзі бастап, атасы Балғожаның еншісіне берген малын сатып, түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде оқу-білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.
1864 жылы ол Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында: Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді: бəрі жақсы, есті балалар... Бұл балалар небəрі үш айдың ішінде орысша, татарша жаза білетін болды [4], -- деп жазды. Бұдан біз Ыбырайдың ұстаздық жолының сəтті басталғанын байқаймыз.
1879 жылы Ы.Алтынсарыұлы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879 - 1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Қыздар мектебін ұйымдастыруы -- ұлы ағартушының бұл тұрғыда жасаған үлкен еңбегі.
Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ы.Алтынсарин мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды күн тəртібіне қояды. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш Мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырайдың инспекторлық жəне ағарту саласындағы қызметін аталған мектептерді ашу ісімен шектеуге болмайды. Ол сол мектептердегі тəлім-тəрбие, оқу жұмысының жанды ұйтқысы болды. Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен орындады.
Ағартушы қайтыс болғаннан кейін 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта жəне 1896 жылы Ақтөбеде Қыздар училищелерін ашуға рұқсат етілді. Бұл да Ы.Алтынсариннің ізденулерінің нəтижесі екендігі құжаттар бойынша дəлелденіп отыр [5; 12].
Кезінде Ы.Алтынсарыұлы салдырған Қостанай өңіріндегі мектептерде Алаштың ғұламалары А.Байтұрсынов пен М.Дулатов оқыған, Алашорда дүниеге келген.

Ыбырайдың өмірінде ерекше орын алған зиялылар
Жалпы, Ыбырай Алтынсариннің рухани өсуіне профессорлар В.В.Григорьев пен Н.И.Ильмин- скийдің ықпалы ерекше болған.
Ыбырай өзінің қалыптасу барысында шығыстанушы-ғалым В.В.Григорьевтің тікелей ықпалында болды. Атасы Балғожа биді жақсы білетін жəне сыйлайтын В.В.Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға мүмкіндік берген. Ыбырай оның кітапханасынан əдебиет, тарих, философия кітаптарын, дүниежүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі туралы шығармаларды көп оқыған.
В.В.Григорьев -- орыстың көрнекті Шығыс зерттеушісі, Ресей ҒА-ның корреспондент мүшесі. 1834 жылы Петербург университетінің Шығыс бөлімін бітіргеннен кейін Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Шығыс тілдері институтында істеді. 1851 жылы Орынбор генерал- губернаторлығының қарамағына жұмысқа ауысып, Орынбор шекара коммиссиясын (1854) жəне Орынбор облысын басқарды (1859 - 1863). Григорьев қазақ халқының тарихы, мəдениеті, этнографиясы, саяси өмірі, экономикасы, т.б. жөнінде көптеген еңбектер, мақалалар жазды. Олардың бір бөлігі Россия жəне Азия деген атпен 1876 жылы жеке бір жинақ болып шықты [6].
В.В.Григорьевтың жобасы бойынша 1861 жылы Троицкіде қазақ жастары үшін мектеп ашылды. Ол Ш.Уəлихановпен дос болды жəне Ы.Алтынсариннің ғалым жағынан қалыптасуына септігін тигізді.
Ағартушылық мұраттарын іске асыруында Ыбырайға Ильминский елеулі ықпал жасаған адам. Н.И.Ильминский (1822 - 1892) -- орыс зерттеушісі, консервативтік бағыттағы педагог. 1858 жылдан Орынбор шекара комиссиясында қызмет істеді. Ол қазақ, татар, чуваш, мордва, т.б. аз ұлт халықтарының ағарту ісіне елеулі үлес қосты. Араб алфавиті орнына осы халықтардың орыс графикасына негізделген алфавитін ұсынды. Ы.Алтынсаринмен қызметтес болды. Ол туралы естелік жазды [7].
Патша үкіметі Еділ бойы, Орал, Сібір аймақтарындағы бұратана халықтарға (татар, чуваш, башқұрт, мордва, қазақ т.б.) оқу-ағарту ісін жүргізуде Ильминскийдің педагогикалық жүйесін қолданды. Ол ұсынған педагогикалық қағидалар бойынша мектепте оқудың білімдік мəнінен гөрі, діни-насихаттық жағы басым болды.
Жалпы, миссионер Н.И.Ильминский тəрізді ағартушылардың шын мəнінде қазақ жерінде мектеп ашу дегеніміз -- бұл халықты негізінен орыстандыру жəне тіл жағынан, дін жағынан да орыстарға мүлдем қосып жіберу болып табылатынын ашық айтқаны белгілі. Ы.Алтынсарин мұндай ұстанымға, мұндай көзқарасқа мүлде қарсы болды. Ол қазақ ағартушыларының арасынан алғашқылардың бірі болып, шын мəнінде қазақ халқын орыс тəрізді, еуропа халықтары тəрізді мəдениеті, білім деңгейі едəуір алға кеткен халықтар деңгейіне жеткізіп жəне сонымен бірге өз халқының тілдік жəне мəдени мұраларын, рухани мұраларын қорғайтын, қолдайтын, алдағы уақытта оны үздіксіз өркендететін, мəдениетті, рухани тұлғалы қазақ интеллигентін қалыптастыруды көздеген болатын. Ыбырайдың осындай өркениеттік көзқарастары империяның ағартушы-ғалымдарына ой салды. Тіпті Ильминскийдің өзі Ыбырайға жоғары баға берді [8].
Ы.Алтынсарин өзінің дидактикалық көзқарасы жағынан -- ұлы ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, адамгершілік педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті адам. Ян Амос Коменскийдің озық идеялары, ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты даңқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы адамдардан тəлім алып өсті. Өзінің педагогтік қызметтерінде солардың қағидаларына сүйенді. Оны қазақ жағдайына, жаңа ортаға қолдану жолын қарастырды [9].
Ыбырай Алтынсарыұлы өзі құрастырған Қырғыз хрестоматиясын, сондай-ақ Я.А.Коменскийдің материалдарын мұғалімдер үшін өте құнды деп түсінді.
Ян Амос Коменский (1592 - 1670) -- ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырлардың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы чехтың ұлы педагогі, гуманист, қоғам қайраткері. Өзінің есімін дүние жүзіне танытқан Ұлы дидактика (1657) атты еңбегін жəне тарихта бірінші рет жанұя тəрбиесі жөнінде Ана мектебі (1632) жетекші құралын жазған.
Коменский педагогикасының негізі гуманизм мен демократизм болды. Ол мектеп балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тəрбиелейтін адамгершілік шеберханасы болуға тиіс деген көзқарасты насихаттады. Ұлы педагог тəрбиені адамның табиғатына сəйкес жүргізу керек деп есептеді. Осы талапты ол тəрбие мен оқытудың жалпы принципі деп санады.
Я.А.Коменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған бірыңғай мектеп жүйесін ұсынды: ана мектебі (6 жасқа дейін), ана тілі мектебі (6 - 12 жас), латын мектебі немесе гимназия (12 - 18 жас), академия (18 - 24 жас). Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады. Педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі -- класс-сабақ жүйесін ұсынды [10].
Я.А.Коменский дүние жүзі педагогикасының дамуына зор ықпал жасады. Сондықтан да қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин жəне басқа халықтардың прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяларына сүйенді.
Ы.Алтынсаринге атақты орыс педагог-демократы К.Д.Ушинскийдің алдыңғы қатарлы, озық ойлы ұстаздық қағидалары қатты ұнаған.
К.Д.Ушинский -- Ресейде ғылыми педагогиканың негізін қалаушы. 1844 жылы Мəскеу университетінің заң факультетін бітірген. 1862 - 1867 жылдары шетелдерде болып, мектеп ісін зерттеген. Ушинскийдің педагогика жүйесінің негізгі өзегі білім беру мен оқыту жүйесін демократияландыру болды. Ол педагогика мен философия арасындағы байланыстылықты түсінді. Білім алу құқығын мойындау идеясы Ушинскийдің педагогика жүйесінің негізіне айналды. Осы тұрғыдан ол ер жəне қыз балалардың жаппай ана тілінде міндетті оқуын талап етті. Тəрбиені қоғамдық құбылыс деп қарады. Балаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны
Жәңгір хан мектебі
Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Шоқан Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлерi туралы ой-пiкiрлерi
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин (1841—1889)
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Пәндер