Батырлар жырының тілдік көркемдік сипаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Семинар №3 (2 сағ) Батырлар жырының тілдік көркемдік сипаты

1. Әдебиеттану сөздіктерінен бұл ұғымдардың анықтамасын жазып келу.

Монолог екіге бөлінеді.

Ішкі монолог - кейіпкердің іштей өз-өзімен сөйлесуі. Айталық, Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романында Итбай Тұрлығұлдың адамдары қызын айттыруға келгенде іштей қиялға беріліп, өз-өзімен ой түрінде сөйлеседі.

« . . . Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен. Қой, ақшадан да он құлынды бие дұрыс болар, бес-алты жылда, құдай бұйырса, жүзге тарта жылқы болмай ма? Жазғы қызығының өзі қандай, үйдің сыртына ұзын желіні құрып, құлындарды шыңғыртып байлап жатқан қандай? . . . Құдай тілекті берсе, мұратқа жетсем!»

Сыртқы монолог - шығармадағы кейіпкердің біреуге не көпшілікке арнап, сөзін бөлмей ойын жеткізуі. Орта жүздің биі болған Қазыбек қалмақ ханы Қоңтажыға елшілікке барғанда былай дейді: «Біз-қазақ деген елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен - қалмақ, біз - қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен -а рыстан, алысқалы келгенбіз . . . » Бұл - сыртқы монолог

Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі. Диалог сөздерде ой толық жеткізілмейді, сөйлем толық айтылмайды. Диалог түріне ашық сабақтан келтірілген үзінді.

- Балалар, мына сөз дұрыс жазылған ба?
- Дұрыс емес.
- Қалай жазылу керек?
- Сызықша арқылы
- Не себепті?
- Қос сөз
- Сәкен дұрыс айтты ма?
- Иә

Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру.

Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі:

1. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы;
2. -ша, -ше жұрнақтары арқылы;
3. секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен;
4. бейне сөзінің көмегімен;
5. тең сөзінің көмегімен;
6. ұқсас сөзінің көмегімен.

« . . . Ожымбай қияда қомданған алып бүркітше екі иығын қозғап қойып сөз бастады. Сыбығыны енді асықпай бозторғайдың үніндей шырылдата бастап, жан-сезімді қытықтағандай әдемі бұлбұл үніне ауысты. » (Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан )

Жүрегіңде бар жалын,
Жыры бейне кең дала
. . . Тегеште тез көпірген сүтке теңбіз.

( Қ. Бекхожин )

Гипербола - затты, нәрсені өз шамасынан ұлғайтып, асыра суреттеу.

Келбетіне қараса,
Омырауы даладай,
Жолбарыстай жон түзген
Аш күзендей бүгілген,
Ор киіктей жүгірген,
От басы орны отаудай,
Қабырғасы жонсаудай
Ор қояндай қабақты,
Қиғаш қамыс құлақты,
Тарланды мінер ме екенбіз?
( Ақтамберді )

Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап, ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Абайдың өлеңдерінен эпитеті бар бір шумақ.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Бұраң бел, бойы сұлу, түзу аяқ
Болады осындай қыз некен-саяқ.

Қайталау, қайталама ұйқас - сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі.

Қайталаудың бірнеше түрі бар.

Жай Қайталау - бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн . . . ” (Махамбет) ;

Кеспе қайталау - алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С. Сейфуллин) ;

анафора - өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң - Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң - Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С. Мәуленов) ;

Эпифора - өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ. Мырзалиев) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Қобыланды батыр жырындағы этнографизмдердің құндылығы
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Күлтегін жырының көркемдік ерекшелігі
Қазақ батырлар жырлары
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz