Қарқаралының марқасқасы –Мәди


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І бөлім Қарқаралының марқасқасы -Мәди. . . . 6

1. 1 Мәди Бәпиұлының өмірбаяны . . . 6

1. 1. 1 Мәдидің көркем бейнесі . . . 12

1. 2 Мәди жайлы айтылған деректер . . . 14

ІІ бөлім Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты . . . 22

2. 1 Арқа дәстүрлі ән мектебі жайлы жалпы мағлұмат . . . 22

2. 2 Сал -серілер ізбасары . . . ……… . . . 30

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . …44

Қосымшалар . . . … . . . 45

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай лайықты жасалған туған тілі, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар музыкалық қазынасының терең бір арнасы - ән өнері. Бұл өнер заманалардың қатал сын-дауылдарынан мүдірместен өтіп, өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпелілердің биік руханияты мен мәдениетінің сарқылмас бұлағына айналды. Қазақ әндері о баста ауызекі түрде шығып, тарап, өз тыңдаушыларының жүрегіне биік орнығып, әр заманда сұрыпталып, сан түрлі реңі-бояуларымен, міне XXI ғасырға да жетіп отыр.

Халқымыздың рухани тынысының кеңеюі мен эстетикалық сана-түсінігінің терең қалыптасуына бұл әндердің әсер-ықпалы орасан зор болды. Ән өнері халықтық тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрыпқа деген талғамын ғана өсіріп қойған жоқ, сонымен бірге біздің жан-дүниемізді сұлулық пен мейірімге, ізденіс пен махаббатқа түбегейлі іңкәр етті.

Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ халқы небір әдемі әуенге өрілген, асыл сөздің мөлдіреген моншақ-кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын ізгілік пен адамгершілікке жетеледі. Осылайша буыннан-буынға жалғасып келеді.

Кейбір кер заманда қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалар халық әндерінің тағдырына да кері әсер еткені анық. Мәселен, кешегі қызыл империяның ызғары қазақтың ән өнеріне өзінің сұсты көлеңкесін түсіріп кетті. Өйткені, қаншама әндер авторларының аты-жөнін ашық айтуға болмағандықтан, олардың көшпелі халық әндері қатарына барып қосылған болса, енді біразы әлі де иесін таппай жүр. Сондай-ақ, кейбір әндердің әуендері ұқсас болып келгенімен, ән мәтінінде алшақтық байқалады. Енді бірсыпыра әндер қоғамдық-әлеуметтік игі өзгерістердің әсерінен заңды иелерін тауып та жатыр.

Өз заманыңда өлең жырлары, жыр шумақтары қағаз бетіне түспеседе ел аузында аңыз боп сақталған дархан даланың дүлдүлі - Мәди Бәпиұлы. Мәди сегіз қырлы, бір сырлы сом алтындай саф таза талант. Ол -ақын. Ол - сазгер. Ол - әнші. Ол - қазақ өнерінің асқан шебері. Оның таланты ерте танылып, елге етене мәшһүр болды. Он төрт жасында Қызылжар қаласының іргесіндегі Тайынша жәрмеңкесінде Біржан сал мен Ақан серіге кездесіп, солардың алдында әуелетіп ән салған. Әйгілі Қоянды жәрмеңкесінде талай онер саңлақтарымен жүздескен. Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иман - Жүсіп, үкілі Ыбырай сынды сүлейлер меп дүлдүлдердің ақ батасын алған.

Біздің ұрпаққа Мәдидің бейнесі оның әндерінен жетті. Мәдидің бейнесі бізге көзін көрген қариялардың әңгіме-естеліктерінен жетті. Мәди біздің санамызда "Сұрасаң руымды Қаракесек" деп бүкіл әлемге әйгілі классикалық туынды болған асқақ әнімен белгілі.

Біздің қолымызға тиген Мәди ақынның бірнеше әндерімен, бір ғана өлеңі және ақындармен айтысқа түскендігі әншінің соңында қалған шалқар дүниенің сарқыты ғана. Мәди ақынның өлеңдері мен айтыс саласындағы мұрасы жайын біріктіре қараған еңбек жоқтың қасы. Аталған жайттар диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты : Мәди ақынның өнерін жан-жақты қарастыру.

Зерттеу нысаны : Мәди Бәпиұлының ән өнері.

Зерттеу пәні : Мәди шығармашылығындағы ақындық белгілері.

Қарастырылатын мәселелер :

  • Мәдидің ән өнерін қарастыру;
  • Мәди шығармашылығындағы ақындық ерекшеліктерін саралау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мәди жайлы дерек-мәліметтерді қарастыра отырып, ән мұрасына талдау жасап, арнайы зерттеген еңбектердің жоғын байқадық. Тек қана оның өмірі мен өлеңдерінің әр кезеңдерде жинақталып, баспа бетін көргенін аңғардық.

Ақын шығармалары 1942 жылы «Халық әндері мен халық композиторларының әндері» жинағына топтастырылды, 2007 жылы «Сарыарқа саңлақтары» кітабына айтысы жарияланды, өмірі мен шағармашылығы жайында «Қарқаралы» аймақтық журналына (1996 және 2005) жазылады.

Бүгінгі біздің ақын-жазушыларымыз Мәди туралы қалам тербеуде. Сапарғали Ләмбековтың «Қаракесек» поэмасы, Әлжаппар Әбішевтің «Найзағай» атты романы, Әшімбек Бектасовтың «Мәди » атты деректі кітабында, Масғұт Халиолланың «Кеудесін кек кернеген кесек талант» атты ессесінде әйгілі ақын жайлы біраз сыр шертеді.

Зейнұр Қоспақовтың 1999 жылы жарық көрген « Қазақтың әншілік өнері» деген кітабында да Мәди жайлы деректер келтірілген.

2000 жылы шыққан Кәрім Сауғабайдың «Мәди» жайлы деректі хикаяттар мен автордың осы тақырыпқа орайлас жазылған өлеңдері де енгізілген. Ақын -жазушыларымыз, Мәди бабамыздың ақындық әрі әншілдік өнерін ыстық сезіммен суреттейді.

2001 жылы академик-ғалым, музыкатанушы Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» атты еңбегінде ақынның өмірбаяны жайлы терең зерттелген.

2005 жылы Мәди Бәпиұлының туғанына 125 жылдығына орай Ермек Балташұлы мен Сламбек Жұмағалидың «Сұрасаң Мәди еді менің атым» екі актілі, жеті көріністі тарихи драмасы жарық көрді.

Осы аталған еңбектерден басқа Мәди Бәпиұлы мұрасы жайында арнайы зерттеуді арқау еткен ешқандай еңбек кездестірмедік.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Мәди ақынның өнері алғаш жан-жақты рет қарастырылды. Мәдидің ән мен айтыс өнерінде ақындық белгілері табылып отыр.

Еңбектің теориялық және тәжірибелік маңызы.

Дипломдық жұмыс материалдары дәстүрлі және қазақ музыкасының тарихы бойынша оқу к урстарында қолданылуына болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Мәди әншінің мұрасын қарастыруға арналған диплом жұмысымыз дәстүрлі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 БӨЛІМ. ҚАРҚАРАЛЫНЫҢ МАРҚАСҚАСЫ - МӘДИ

1. 1. Мәди Бәпиұлының өмірбаяны

Мәди Бәпиұлы 1880 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Едірей болысы, №3 ауылда дүниеге келген. Туып, өскен жері Үшқара деген биік коңыр тау. Оның руы өзі асқақ әніне қосқан - Қаракесек. Арғы аталары Үш жүзге бәтуалы билік айтқан аузы дуалы Қаздауысты Қазыбек, одан туған Бекболат билер болып келеді де бұдан бергі Алшынбай, одан Жанықұл, Қақабай, Қосық, Шәпи, Бәпи болып тарайды. Мәди Бәпидің баласы. Алшынбайдың алғашқы төрт ұлы "сен тұр да мен атайын" төрт құбыласы түгел бай-манаптар болса, Бәпи шаруасы коңторғай, әрі басқа да жарымаған, ешкімге жасар қиянаты жоқ момын адам екен. Ол осылай қам көңіл күй кешіп жүргенде маңдайына жұлдыз еткен, жалғызы Мәди өмір есігін ашады.

Алшынбай бидің кенжесі Бәпиден туған Мәди ұлтымыздың ежелгі дәстүрі бойынша қара шаңырактың иесі атанып, мейірбан әже Алшынбайдың бәйбішесі Ұлжанның бауырына салынып, тәрбиесіне беріледі. Көпті көрген көкірегі ашық зерделі әженің ешкімге бетінен қақтырмай, жасытып, жабырқатпай өсірген немересі Мәди жасынан-ақ алғыр басынан өзгенің өктемдігін асырмайтын өжет болып өседі. Ол оңы мен солын тани келе ақындық, әншілік, сазгерлік, атбегілік, тіпті зергерлік пен етікшілік өнерге де бой ұрады. Ер жігітке сегіз өнер де аз дегендей табиғатынан тал бойына серілік дарыған Мәди шын мәнінде ел еркесі, той-думанның серкесі атанады. Сөйте жүріп ол қиянатқа жаны қас, озбырлыққа жүрегі тас азамат болып қалыптасады.

Сөзін де, әнін де өзі шығарып, оны әуелете шырқайтын Мәди "Жігіттік ақ семсердің жүзі емес пе, қайрап ап қалың жауға сермегендей" деп қанаты талмас қырандай саңқылдайды. Бірақ өнерді-есерлік, бетке тура айтылған әділ сөзді -бас бұзар тентектік деп бағалайтын қолында билік бар оның дөкір кеуде ағайындары алмас қылыштай жарқылдаған Мәдиді телі-тентекпен шайқасуға, кедей-кепшіктің жағасына жармасуға айдап салмақшы болады. Алайда дүниеқоңыздықты, зорлық-зомбылықты жастайынан жек көретін дарын иесі олардың ойлаған жерінен шыға қоймайды. Қайта ел тыныштығы үшін қиянатқа қасқая қарсы шығады, жарлы-жақыбайларды қанатының астына алуға тырысады.

Халқымызда "Сүтпен біткен мінез сүйекпен бірге кетеді" деген даналық сөз бар. Адамға құрмет, аяныш сезіммен қарау Мәдидің бойына Тәңір жазған мінез болып қалыптасады. Оны ауыздан-ауызға тарап, қалың ел арасында айтылып жүрген әңгімелер бекіте түседі. Сірә, оның жүрегіңде адамгершілік асқақ сезімді оятқан, сөз жоқ Абай өлеңдерінің шарапаты болса керек. Демек Мәди ұлы ақынның өлендерін жастайынан жаттап өскен. Бұған Абайдың оған жезде болуы (Абайдың үлкен әйелі - Ділда Бәпидің ағасы Жүсіптің қызы) игі әсерін тигізген. Ол он жасында-ақ Абайдың "Айттым сәлем Қаламқас", "Сегіз аяқ", "Татьянаның қырдағы әні" өлең әңдерін шырқаған. Сонымен бірге Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбрай, Шөже мен Кемпірбай - Мәдидің рухани ұстаздары. Сары-арқада саф өнердің туын тіккен осыңдай саңлақтардың әсем әндері мен кестелі көркем жырлары Мәдидің жүрегіне ертеден-ақ ұялаған.

"Атадан ала да, құла да туады", демекші Қақабай сияқты тек алдындағы малы мен аз күндік бағына лепірген қарашоқпармен катар оның інісі Бәпиден сөйлесе төрт аяғы тең жорғадай көсілген, ән салса даусы алты қырдың астынан естілетін, күрессе жауырыны жерге тимеген, әділдік десе қоң етін кесіп беретін Мәдидің дүниеге келуі сирек кездесетін құбылыс. Қақабайдың айналасына әділетсіз каһарын жүргізген болыстық озбырлығы Мәдидің адамгершілігіне әсерін тигізе қоймайды. Еңді жарты патшамыз деп жүрген одан гөрі өнер иесі жалынды жігіт Мәдидің ел арасында қадірі артып, аз уакыттың ішіңде көптің сүйіктісі болып алады. Бұл жәй көркеуде Қақабайдың ішін удай ашытты, жүрегін сыздата түседі. Соңдықтан ол өзінен абыройы артып бара жатқан Мәдиге тор құра бастайды. Ақыры болыстың озбыр мінезі, ожар іс-әрекеті салдарынан Мәди Атбасар жағына жер аударылып, абақтыға жапқызылады.

Иә, Мәди ат басын тіремеген жер жоқ шығар. Ол кеудесіне нан піскен шонжар-шодырлардың талақтай жабысқан пәле-жаласынан ұры-қары, бас бұзар барымташы атанып, берісі Қарқаралы, Ақмола, Атбасар, Семей, әрісі Кереку, Омбы түрмелерінің ащы дәмін татты. Ол кезде бүгінгідей ақ-қараның жігін ашып, адамшылдық пен озбырлықты талдап, таразылап жатқан кім бар, мойынға бұғау түсіп, қол-аяқ кісенделіп, Мәди түрмеден-түрмеге айдалып кете барды . . .

Арқаның азаттықты ту етіп кетерген сегіз қырлы, бір сырлы табиғи талант иесінің өмірі мен шығармашылық өнерін зерттеп, оның туған халқымен қауыштыруға алғашқылардың бірі болып академик, дарынды сазгер Ахмет Жұбанов кіріскен еді. Ол сонау 1942 жылы Қазақтың біріккен баспасы арқылы Алматы қаласында жарық көрген "Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы", одан кейін жазылған "Замана бұлбұлдары" кітаптарында Мәдидің азаматтығы, ақылдығы мен әншілігі, қажырлы күрескерлігі жайында толғана қалам тартқан екен.

"Замана бұлбұлдары" кітабында Ахаң түрмеден-түрмеге қамалған Мәди туралы былай деп сыр шертеді: " . . . Қайратты жігіт қанша күшіне мінгенімен, қолды бұғау, аяқты кісен тырп еткізбейді, налытады, ойға шомылдырады. Қазақтың ескі салтында тәрбиеленген Мәди қысылған жерде аруақты, ата-бабасын айтып, өзінің трагедиясына тоқтайды.

Бабамыз кешегі өткен Алшынбайды,

Ақылы өткел бермес терең сайды.

Әруағың Алатаудай бабаларым,

Көрдің бе ғарып болған біздің - жәйді.

- деп оларға да жалбарынып қояды.

Түрменің қатал тәртібін, күннің өтіп болмайтынын, іздеп

Келген ағайынмен де дұрыстап сөйлестірмейтінін өлеңге қосады.

Бұл күңде абақтыда біз жатамыз,

Көңілді құмалақлен жұбатамыз.

Алыстан іздеп келген ағайынмен,

Тесіктен алақандай тіл қатамыз, -

деп біресе "Үшқара" әнінің, біресе "Қаракесек" әуенімен түрмені басына көтеріп, шырқай жібереді. Қанша қатал болғанымен күзетшілер өздерінен үлкен әкімдері келіп қалғанда болмаса, Мәдиді қимайды. Ал басқа еріксіздер болса, олар айта түссе екен дегеннен басқа тілек тілемейді. Мәди осылай біраз уақыт болып, мәселенің шеті көрінбей бара жатқан соң қалай да қашудың жоспарын жасайды. Қарулы жігіт түрменің іргесін қазып, күндіз оны жауып қойып, бір күні аман-есен қашып шығады. Бұл 1915 жылдар.

Мәдидің "Үшқарасы", "Қаракесегі" өзінің тұсында ауыздан-ауызға көшіп, Қыр мен Сырға тегіс тарайды. Халық Мәдиді әнінен біледі, түсін көрмегендер оның бейнесін өздерінше неше саққа жүгіртіп, көз алдарына басқа адамнан өзгеше бір алып етіп суреттейді. Мәди халықтың қиялында ертегінің батырларындай эпикалық образға енеді. Мәди әкімдерден, оның ішінде Қақабайдан қауыптеніп, ұзақ уакыт еліне бармай, алыстан хабарласып жүреді. Сол алаң кездің өзінде де ол ән шығаруын тоқтатпайды. Қапастан босап, елінің еркін ауасын жұтып, кенеліп қалған Мәди бір сәтте болса көңілі көтеріліп, атақты "Шіркін-ай" әнін шығарады. "Шіркін-ай" салған бетте үлкен интервалға жоғары секіріп басталады. Ол авторлық шалқыған ойын, мызғымас күшін береді. Тек өлеңнің соңғы жолында, қайырмаға келгенде әннің динамикасы азайып, бір сәт үлкен қиялға кеткендей, өткен бір қызық күңдері ойға түскендей, әсем үн, қоңыр дыбыс арқылы, құйқылжып барып ән бітеді. Мұны біреулер: Әуелі бұл шіркінді бастау қиын, Сонан соң көптің сөзін тастау қиын, - деген сөздермен айтады. Мәдидің өзі айтатын сездер біздінше басқа болуы керек. Өйткені, әннің алапат күшпен басталуы, сол дәрежеде орындаушының біраз ұстап тұруы, тек аяғында ғана дыбыс баяулап, бірақ қайғы-қасіреттен аулақ, тек бір тәтті қиял дүниесіне еніп кеткендей болып аяғының бітуі басқа бір текстер керек еткендей". Міне, Ахан бұл пікірді өте бір білгіштікпен дөп басып айтып кеткен.

Ал, Бектасов пен Адамбековтың "Қазақстан" баспасынан 1969 жылы жарық көрген "Мәди" атты өмірбаяндық очеркінде: "Оның ақылы мен мінезіне сұңғақты, кең иықты келбеті, атжақты, қыр мұрынды, жазық маңдайлы бет-пішіні, шамшырақтай шаралы, жалынды көздері жарасып, жарқырап тұратын. Ол ер тұлғалы сұлу денесіне жарасымды киімді де қымбаттан таңдап, жаңа үлгімен киінетін. Орысша киіміне қарағанда ол оқыған ғалымға, ширақ қимылына, ісіне қарағанда әскери адамға ұқсайтын. Омбыда оны соттаған процеске қатысқан бір қарт офицердің Мәдидің сұлу да сымбатты сүйегіне қызығып, тілмаш арқылы қасында отырған Қасенге: Шіркін-ай, мына тұлғасына, ақылына. жүректілігіне лайық европаша білім алса, әскери тәрбие берсе, өзінен қандай қабілетті генерал шығар еді" дегені бар деп жазған болатын.

Бүгінде Мәдиді көрген адамдардың көзі тірісі некен-саяқ. Алайда оның туыстары Мәди туралы айтқан әңгімелерінің бірқатары бізге жетіп отыр. Солардың арасынан 1980-шы жылдары дүние салған Мәдидің күйеу баласы Тоқаш Кәдікеев (Ол Мәдидің қарыңдасы Мәрпузаға үйленген) ерекше құнды. Ақиық ақынның қазір елдің қолында жүрген жалғыз суретін бой тұмардай сақтап ұрпағына табыс еткен де сол Тоқаң. Мәдидің суреті әуелі Атбасарда руы Қаракесек Жайсаң деген қажының баласы Қәмалдың, қолында болады да, кейінде 1953 жылы оның, әйелінен Тоқаш алады. Патша жендеттері Мәдиді 1914 жылы тұтқындап, басында Қараөткелге, одан кейін Атбасарға айдағаны мәлім. Жаңағы суретке ол 1915 жылы Атбасар абақтысынан қашып шығып, жасырынып жүргенде түскен. Тоқаш ақсақал бұл жөнінде «Мәди бір сөзінде: «осы суретке 1915 жылы Атбасар абақтысынан қашып шығып, жасырынып жүргеңде туысым Кәмал бір суретшіні үйге ертіп әкеліп, түсірткен еді. Басымдағы тымақты Алшын-Жаппас елінің азаматы, абақтыда бірге болған жолдасым беріп еді» дегені есімде», деп айтқан екен.

Тоқаш ақсақалдың баяңдауынша Мәди жазда басына елтірі тымақ, қыста түлкі тымак, үстіне плащ пен пальто киетін. Кейде шаш қоятын, тіпті шылым да тартатын. Бұл оның түрмеден-түрмеге түсіп жүрген кездеріңде басқа ұлт адамдарынан көрген әсерден болса керек. Дауысы кеудеден күңгірлеп шығатын, құлаққа жағымды қоңыр үн болған. Ол көбіне-көп өзі шығарған әндерін орындайтын. Оның қазіргі айтылып жүрген әндерінен басқа да бірқатар әндері бар екен. Ал араб әліппесімен жазған жазулары тасқа таңба басқандай анық болған. Қыста ақ байпақты саптама етік киген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасиетті Қарқаралы
Қарқаралының археологиялық ескерткіштері
Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі
Қарғанды облысында туризмді одан әрі дамытудың негізгі бағыттары
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Алаштың алдаспаны
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Қарқаралы ауданы
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО - МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеусауықтыру орындарының сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz