ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

№7 практикалық сабақтың тақырыбы : ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.

Тапсырмалар:

1. 80-ші жылдың екінші жартысындағы реформалар және оның кезеңдері

2. Нәтижелері мен іске аспау себептері.

3. Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

4. КОКП-ның таратылуы, саяси аренадағы өзгерістер.


1. 80-ші жылдың екінші жартысындағы реформалар және оның кезеңдері

М. Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді.
Бірінші: 1985ж. көктем - 1987ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.
Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.

Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М. С. Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т. с. с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздеріне жеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.

Екінші кезең. 1987ж. жаз - 1989ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған “косметикалық әдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.

Үшінші кезең 1989ж. май - 1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа бағытталған орғанға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.

2. Нәтижелері мен іске аспау себептері.

Осылайша республикада байқалған қоғмдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. “Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды. Өзгерістер дауылы Қазақстанға да жете бастады.
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанда формальді емес қозғалыс қалыптаса бастайды. 1989ж. қарашадан 1990ж. наурызға дейінгі аралықтың өзінде 103 қоғамдық қозғалыстар, партиялар, бірлестіктер мен топтар болды. Қоғамда әлеуметтік-саяси күштің әркелкі спектрі қалыптасты.

Сонда да айта кету керек, жеке меншік пен нарықтық қатынастардың жетілген институтының жоқтығы жағдайында қоғамда бір-бірінен ажыратылатын таптық мүдделердің болуы мүмкін емес еді және ол болған да емес. Сондықтан да қозғалыстардың әлеуметтік базасы негізінен біркелкі болды. Ал, таптық мүдделерге келсек, олар этникалық немесе барлық бағыттарға тиімді жолдар бойынша құрылды. Мұны айтпақшы, электорат дифференциациясының негізгі принципі этникалық топпен идентификация екенін анықтап берген парламентке сайлау да нақтылай түсті .

Қоғамның әлеуметтік құрылымының біркелкілілігі, демократияның құқықтар мен еркіндіктердің басты жоқтаушысы - орта топтың болмауы Қазақстанда осы кезеңде демократиялық бағытпен белгіленген қозғалыстар мен партиялардың неге халықтық қолдауға ие болмағандығынан деп түсіну керек. Егер олардың құқықтық демократиялық мемлекет құруға абстракті үндеулері халық арасында біршама құнтталып жатса, ал жеке меншік пен қоғамның нарықтық қатынасына нақты бағдарламалық бағыт көбіне өзін-өзі ақтай алмады.
Осы жылдары коммунистік партия өзінің “қоғамның бірден-бір басқарушы және бағыттаушы күші” ролін сақтап қалуға тырысып жатты. Алайда оның беделі түсе берді. 1990ж. басында КСРО қалаларында, оның ішінде Алматыда өткен әлеуметтік сұрау салулар жауап берушілердің тек 17%-і ғана КОКП-ның қоғамды қайта құруды басқарып, оның табысын қамтамасыз ету қабілетіне сенетіндігін көрсетті. Осындай пікірлер партия мүшелерінің өздерінің қатарында да, көбейіп келе жатты. Сонымен, 1989ж. қазанда Алматыда сайлаушылардың қалалық “Кеңес” клубы құрылды. Оның бастамашылары партия мүшелері С. Әбдірахманов, Қ. Мезенцов, т. б. болды. Осы клуб отырыстарында КОКП-ға сын айтылды, оны түбірімен реформалау талаптары қойылды.

3. Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ-пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 проценттен астам адам қол еңбегімен айналысты.

Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1985 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта - 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта - 28 пайыз, оныншы бесжылдықта - 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта -17 пайыз болып кеміді. Ал еңбек өнімділігінің артуы сегізінші бесжылдықта - 37 пайыз, тоғызыншы бесжылдықта - 25 пайызға, оныншы бесжылдықта - 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмағанды.

КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан Одақ құрамындағы ірі индустриялық аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтьш келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна қой еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.

Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда өнделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайтадан өңделді.

Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6, 7 миллиард сом болса, сырттан алынған тауар - 13, 8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді. .

Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштін өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.

Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежедетін. 1987 жылы республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шарушылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.

1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында /Беловеж кездесуі/ кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрыңғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жана достық Одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрыңғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді - деп көрсетті.

4. КОКП-ның таратылуы, саяси аренадағы өзгерістер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
Кеңес өкіметінің Алаш автономиясын жоюы
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz