Tағам шикізатының қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Tағам шикізатының қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштері

Жоспар

Кіріспе

Қауіпсіздік туралы жадлпы түсінік

Тағам шикізаты қауіпміздігі

Тағамның сапалық критерийлері

қорытынды

кіріспе

Адам үшін азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы əрқашан болған. Азық-түлік, ауа жəне климат адамзат тіршілік əрекетінің базисті жинағын құрайды.

Азық-түлік қауіпсіздігі жеке адам, адамдардың кез келген тобы жəне толығымен алғанда қоғамның қажетті материалды жағдайы болып саналады, демографиялық, экономикалық, саяси, мəдени, ақыл-ой жəне т. б. дамуының қызметін жəне мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сондықтан тұрғылықты халықты тұрақты жəне қауіпсіз азық- түлікпен қамтамасыз ету мəселесі аса маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады, ұлт денсаулығы едəуір деңгейде соның шешіміне тəуелді болады.

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2010 жылғы Жолдауында «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндік бар», - деп бүгінгі таңда ғаламдық мәселенің біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігі төңірегінде отандық өнімдердің орнын ерекше атап көрсетіп, бұл саланы ойдағыдай дамытуға қол жеткізуіміз керектігін қатаң тапсырды.

Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне күрделі қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мәселесі де ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9, 5 млрд-қа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу - әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселе.

Қауіпсіздік туралы жалпы түсінік

Қауіпсіздік түсінігі көп қырлы болып табылады жəне бірнеше құбылыстарды қамтиды. Олар ядролық, радиациялық қауіпсіздік, сəулелену қауіпсіздігі, өнеркəсіптік, механикалық, химиялық, электрлі, жылу жəне өрт қауіпсіздіктері, сонымен қатар жарылыс қауіпсіздігі жəне биологиялық қауіпсіздік түрлері болып бөлінеді.

Жалпы алғанда қауіпсіздік ұғымы - адам денсаулығы жəне өмірі, мүлік, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қатердің болмауын түсіндіреді.

Өз кезегінде биологиялық қауіпсіздік түсінігі көрнекті Ресей ғалымы Владимир Иванович Вернадскийдің (1863-1945) еңбектерін- де тұжырымдалған биосфера концепциясымен тығыз байланысты, онда тірі жəне өлі табиғат бір-біріне өзара əсер ете отырып, тығыз бірлікте тіршілік етеді. Сондықтан адам биосфераның табиғи бөлігі бола отырып, өзінің шаруашылық əрекетінің нəтижесінде қоршаған ортаны өзгертеді жəне бір уақытта əрқашан қолайлы бола бермейтін осы өзгерістерді өз басынан кешіреді. Кейде, адам əрекеті экожүйенің қатаң бұзылысын тудырады, сондықтан биологиялық қауіпсіздік түсінігін барлық тірі ағзаға қатысты қарастыру қажет, мұның астарында экожүйенің өзін-өзі реттейтін тепе-теңдігі жəне мүмкіндігі, сонымен қатар онда өмір сүретін тірі ағзалардың өміріне жəне денсаулығына келетін зиянның болмауын түсіндіру қажет.

Биологиялық қауіпсіздікті адам жағдайына сəйкес бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан, оның тіршілік əрекетін маңызды құрастырушы ретінде, сонымен қатар санитарлы-эпидемиялогиялық салауаттылығы тұрғысынан қарастыру қажет.

Тағам шикізаты қауіпсіздігі

Азық-түлік шикізаты жəне олардан өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мəселесін шешу проблемасы - Қазақстан халқының салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепци- ясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Азық-түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың негізгі ұстанымдарының ішінде олардың қауіпсіздігін, адамға тағайындалатын тағамға сəйкес өнімнің тағамдық құндылығын атап кеткен жөн. Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа жəне өнімнің қолданылу бағытына үлкен мəн беріледі.

Экономикасы дамыған елдерде өнім сапасы:

- өнеркəсіп кəсіпорындарының ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін жеделдетіп қолдануға қабілеттілігі;

- ішкі жəне халықаралық нарықтың талаптарын, тұтыну- шылардың түрлі категорияларының қажеттілігін мұқият зерттеу;

- «адам факторын» пайдалану: жұмысшылар жəне жетекшілерді оқыту, тəрбиелеу, біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату, материалды жəне моральды ынталандыруды қолдану сияқты негізге алынатын факторлардың əсерімен қалыптасады.

АҚШ-та фирма жұмысшылары мен қызметкерлерін қайта даярлау үшін жыл сайын 25 млрд. доллар жұмсалады: кəсіби біліктілік құны өте қымбат. Өнім сапасына жауапты арнайы қызметкерлерді даярлауға үлкен көңіл бөлінеді. Ереже бойынша, олар ұйымда тиісті сапа жүйесін əзірлеу, енгізу жəне қызметін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналы- сады жəне ішкі аудитті (сапа жүйесін тексеру) жүргізеді.

Тауар нарығында ұсынылатын үлкен алуан түрлілік, ақаулы өнімді сатуға қатысты құқықтық жауапкершіліктің жоғарылауы, одаққа, қоғамға жəне ассоциацияға біріккен тұтынушылардың қысымы жəне қатаң бəсекелестік жағдайында «өмір сүруге» талпы- нысы - шетел компаниялары жəне фирмаларының жоғары деңгейлі өнім өндіруіне итермелейтін негізгі факторлар болып табылады.

Отандық тағам кəсіпорындарында өнім сапасына байланысты сұрақтарға, жекелеп алғанда сапа жүйесін əзірлеуге қажетінше на- зар аударылмауда.

Жоғары сапалы тағам өнімдеріне қажеттілікті қанағаттандыру қазіргі күннің негізгі əлеуметтік-экономикалық проблемалардың бірі. Осы өнімдердің қауіпсіздігі бойынша түзілген сұрақтарды жылдамдатып шешу қажеттілігі бойынша туындаған проблема- лар бірнеше ондаған жылдар бойы бақылаусыз қолданылған ми- нералды тыңайтқыштар, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар, жануарларға арналған жемдік қоспаларға байланысты ушығуда. Экологиялық ахуал, бақылаушы органдар мен ұйымдардың жұмысы, стандарттау жəне сертификаттауға қатысты кейбір сұрақтар шешімдерінің жетілмеуі, отандық нормативтік құжаттардың халықаралық жəне еуропалық стандарттарға сəйкес келмеуі тағам өнімдерінің сапасына ерекше əсер етеді. Болашақ тұтынушы нарығынан тыс қалмас үшін сапа жүйесін құру жəне оны жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізу қажет. Осындай бағыттардың біріне əлемнің экономикасы дамыған мемлекеттеріндегі тағам өнімдерінің сапасын бақылау жүйесінде кеңінен мақұлданған «сапа ілмегі» бойынша қызмет жатқызылады.

ИСО*9000 жəне 1 стандарттары əлемнің шаруашылық жүйесінің нарықтық экономиканың бірыңғай қағидасына ауыса- тын ұзақ үдірісін бейнелейтін əлемдік тəжірибені жинақтайды. Бұл стандарттар əлемнің 70-тен астам мемлекеттерінде əрекет ете- ді. Қазіргі уақытта 50 мыңнан астам кəсіпорындардың сапа жүйесі тіркелген, ай сайын 2 мыңға жуық сапа жүйесі сертификатталады, бұл жаңа мыңжылдықтың басында сапа саласындағы халықаралық жəне ұлттық ұйымдардың ғаламдық саясатын көрсетеді.

Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасын жəне қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары өндірістік, мекемелік, мемлекеттік жəне қоғамдық деңгейлерде жүзеге асыры- лады.

5

Сапаны бақылауды қамтамасыз етудің маңызды құралына өнімді таңбалау жатады, бұл тұрғыда оны Еуропа жəне халықаралық стандарттар талаптарына сəйкес өзгерту қажеттілігін атап кеткен жөн.

Қарастырылып отырған проблеманы шешуде, басыңқы (приоритетті) ластағыштармен олардың түсу деңгейін анықтау мақсатында, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің химиялық жəне биологиялық текті ксенобиотиктермен ластануына байланы- сты тұрақты тексеріс жүргізу қызметі үлкен мəнге ие болып отыр.

Толығымен алғанда жоғарыда көрсетілген іс-шаралар - олардың орындалу жəне бақылау тиімділігін қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жəне жобаларға біріктірілуі тиіс. Мемлекеттік жобалар шеңберінде жекелеген аймақтардың ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті бағдарламаларды əзірлеу қажет.

Тағамның сапалық критерийлері

Тағам өнімдерінің жоспарлы сараптауын қоғамдық тамақтану және сауда өндірістерінің тағамдық бақылау объектілеріне ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау барысында жүргізіледі. Бұл сараптаудың негізгі мақсаты - тағам өнімдерін дайындау, шығару, сақтау, тасымалдау және реализациялау кезінде гигиеналық және санитарлық- эпидемияға қарсы ежелердің сақталуын бақылау. Жоспарлы сараптау кезінде келесі бақыланады (тексерілінеді) : » жаңа өнімдер және тағамдармен жанасатын ыдыс, тара, орау материалдарының, жабдықтардың, керекжарақ бүйымдардың сапасы

» ендірілетін өнімдердің рецептураға сәйкестігі.

» Пестицидтердің, ауыр металдардың түздарын, антибоитиктердің, тағамдық қоспалардың мелшері.

» Дайын тағамдардың сапасын (бала бақшаларында, емдеу мекемелерінде т. 6. ) .

» тағам өндіру кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтандыру орындарында, және сауда орындарында азық туліктердін сапасын. Жоспардан тыс сараптау: азық түліктердің сапасына күдіктену болу кезінде МСЭК қызметімен көрсетімдер немесе әртүрлі мекемелердің нусқаулары бойынша келeci жағдайларда жүргізіледі:

» тағамдық улануларға күдіктену немесе улану болған жағдайда

» азық түліктер механикалық, химиялық немесе бактериологиялық ластануға күдікті жағдау туындаған кезде

» жоғары тұрған санитарлық- эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің ұсынысы бойынша (арбитраж түрінде)

» шаруашылық мекемелерінің арасында келіспеушілік пайда болған кезде

» тергеу және сот мүшелерінің тапсырмасы бойынша

Өнімнің сапасы −оның мақсаттарына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оның жарамдылығын анықтайтын өнім қасиеттерінің үйлесімі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минералды заттар мөлшері
Белгілеулер мен қысқартулар
Сиыр уыз сүтінің биологиялық құндылығы
Үлгі алу тәсілінің нормалық құжаттар
Ірімшіктің сорттары мен түрлері
Ірімшік өндіру
Нан өндірісіндегі бидай ұнының сапа көрсеткіштері
Тағамдық хош иістендіргіштер өндірісі
Ірімшіктің жалпы сипаттамасы
Сүт шикізатынан сүт майын бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz