Құс ұшаларын өңдеудің технологиясы
Мазмұны
Кіріспе
2
1. Құс шаруашылығы
4
2. Құс ұшаларын өңдеудің технологиясы
6
2.1. Ауылшаруашылық құстарын механикалық-аспаздық өңдеу
18
2.2. Құс (тауық) етін өндірудегі селекциялық және технологиялық жұмыстар
19
3. Құстың (тауықтың) ет өнімділігі мен сапасы
20
3.1. Құс етінің органолептикалық қасиеті
27
3.2. Құс етінің физика-химиялық қасиеті
29
4. Құс фабрикасына қойылатын өндірістік санитариялық талаптар
30
Қорытынды
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
33
Кіріспе
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, құс фабрикаларының әр шаршы метр жерінен өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Осыған байланысты негізгі мақсат және міндет құсты дұрыс және тиімді пайдалануға бағытталған қоршаған ортаның экологиялық нормативтерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін, азықтандыру мөлшерін түгел қамтитын экологияландырылған технологиялық процестің адамға қажет таза өнімдер (жұмыртқа, ет, мамық) алуға арналған тақырыптың өзектілігі арта түседі.
Қазақстандағы ең маңызды мәселелердің бірі құрылымдық өзгерістер жасау, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп, оны одан әрі дамыту және азық-түлікпен қамтамасыз ету талаптары. Сондай-ақ етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы және жылқы шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы болып ол халықты пайдалы құнды тағам өнімдерімен (ет, сүт, май, жұмыртқа, т.б.), ал өндірісті шикізатпен (тері, жүн, қаракөл елтірісі, т.б.) қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы еліміздің эканомикасын жақсартатын салалардың бірі. Қазіргі таңда еліміздің мал шаруашылығы саласын дамытудың, осы саланың халық-аралық ұйымдармен қатынасын нығайту өзекті мәселе болып отыр. Біздің елде мал өнімдерін өткізетін нарық бар. Ендігі кезекте мал шаруашылығы саласының бәсекеге қаблеттілігін арттыру. Бүгінде елімізде 6 миллионнан астам ірі қара, 17,5 миллион қой, 1,5 миллионға жуық жылқы, 155 мың түйе, 33 миллион құс бар. Бұл көрсеткіш 2000 жылдардың басындағы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсті. Елімізде ірі қара асыл тұқымды малдың үлесі тек 5,6% - ды құрайды. Бұл көрсеткіш дамыған елдермен салыстырғанда 10 есе кем. Мал шаруашылығы саласын дамыту үшін өндірістік негізде жұмыс атқаратын, мал шаруашылығы өнімдерін нарыққа тұрақты шығырып отыратын мамандандырылған шаруашылықтар құру, мал азығы қорын күшейту көзделіп отыр. Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріповтің айтуынша, Қазақстанда 54 құс фабрикасы бар. Оның ішінде жұмыртқа өндіретін - 30, ет бағытында - 17, қалғаны асыл тұқымды құстарды көбейтумен айналысатын шаруашылықтар.
Оңтүстік Қазақстан облысында құс шаруашылығы жыл сайын дамып келеді. Өңірдегі құс фермаларының бірқатарына тоқталсақ. Ірі құс фермасының бірі Ордабасы құс ЖШС болса, мұнда 648 276 бас күрке тауық өсіріледі. Ал Инфрастрой ЛТД ЖШС-ында етті бағыттағы 250 мың бройлер тауығы болса, Шымкент құс ЖШС-ы жұмыртқа өндіру бағытындағы 646 900 бас құсты бағуда.
1. Құс шаруашылығы
Қазақстандағы құс шаруашылығы - нарықты ет және жұмыртқа өнімдерімен қамтамасыз ететін ұлттық экономиканың бірен-саран салаларының бірі. Қазіргі уақытта Үкіметтің кәсіпорын саласының отандық экспортқа кешенді шаралардың көмегімен көршілес елдер нарығына шығуға мүмкіндік туды. Бірақ тасымалдау қызметінің жоғары бағасы, ветеринарлық сертификаттарды рәсімдеу процедурасы және транзитті кілтті алу ұзақтығы, осы атқарылған жұмыс нәтижелерін минимумға шегеруге бейім.
Құс шаруашылығындағы негізгі мақсаттың бірі - халықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін құстардың жоғары деңгейдегі өнімділігі мен олардың сақталуына қол жеткізуді жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Құс шаруашылығы ең рентабельді, тиімді және өзін тез ақтайтын мал шаруашылығы саласының бірі болып табылады. Қазақстандағы құс шаруашылығының қалыптасуы мен дамуының үлкен тарихы бар. Өткен гасырдың 90-шы жылдарының соңында Қазақстанда 70 етті және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары жұмыс істеп тұрды. Жыл сайын бұл кәсіпорындар 3,5 млн дана жұмыртқа және 140 мың т құс етін өндіріп отырған. Бірақ азық өндіретін егістік жерлердің жетіспеуі, өндірістік өнімдердің бағасының төмендеуі және т.б. сынды бірқатар оқиғалардан кейін көптеген құс шаруашылық кәсіпорындары өздерінің жұмысын тоқтатты.
Қазіргі уақытта құс шаруащылығы даму сатысында тұр және жұмыртқа бағытындағы шаруашылықтар жеткілікті түрде өндірістік базаларға ие және халықты толығымен қамтамасыз ете алады, ал ет бағытындағы өндірістер әлі күнге дейін жеткіліксіз және жеткіліксіз ет өнімдерін импорт негізінде жоғары сапалы деп айтуға келмейтін жақын және алыс шет елдерден тасымалданады.
Қазақстанда құс етін өндіру және оны пайдалану кеңінен қолданылып келеді. Көптеген елдерде жылына адам басына шаққанда 20-30 кг құс етін пайдаланса, АҚШ-та бұл көрсеткіш 50 кг құрайды. Бұған қосымша, қазіргі уақытта құс өнімдері, жануарлар өнімдерімен салыстырғанда тұтынушылар үшін бағасы жағынан өте тиімді екені белгілі болып отыр.
Соңғы жылдары Қазақстанда құс шаруашылығы қарқынды жолмен дамып келе жатыр. Көптеген ет өндіру бағытындағы құс фабрикалары жеке меншік қарамағында. Бройлер құс фабрикаларының айрықша көзге түсетін ерекшеліктері: қысқа уақыт ішінде құс табының тез жетіліп, өсуге қабілетті, азықты аз мөлшерде пайдалануды және еттің өзіндік құнының төмендігі.
Қазіргі уақытта біздің елімізде ROSS-308, Кобб-500, Титан, Иза-15 сияқты етті кросстар кеңінен пайдаланып отыр. Бройлер - балапандардың бұл кросстары Қазақстанның құс фабрикалары жағдайларында табысты қолданылып келеді. Осыған орай, шаруашылық мамандарының алдында олардың ішінен неғұрлым тиімдісін, әрі зоотехникалық-технологиялық және сапалық көрсеткіштер талаптарына толық жауап бере алатын түрін таңдап алу мәселесі тұр. Бұл кросс балапандарның өз ерекшеліктері мен кемшіліктері, артықшылықтары бар екендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер саланың рентабелдігі мен дайын өнім сапасына тікелей ықпал етеді.
Құс шаруашылығы саласында пайдаланылатын жем-азық қорының мәні өте зор. Өйткені, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының 65-70 пайызын жем-азықтың бағалары құрайды. Құарам жемнің нәрлі болмауы, оның амин қышқылдары мен алмасу қуаты бойынша өз мөлшері деңгейінде болмауы құс шаруашылығына әжептәуір шығын әкеледі. Өйткені, бір кг ет өндіру үшін ондай құрама жем ғылыми дәлеледенген мөлшерден 1,5-2,0 есе көп жұмсалады, яғни өнімнің өзіндік құны өсіп, құстың генетикадық әлеуеттілігі толық жүзеге аспайды.
Құс шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі[1].
2. Құс ұшаларын өңдеудің технологиясы
Құс еті - жоғары тағамдық құндылығымен және жақсы дәмімен ерекшеленеді. Олардың құрамында ақуыздар мөлшері 20 - 25%, минералды заттар - 1%, экстрактивті заттар - 0,9 -1,2%, майлар - 4,5 - 20% - ды құрайды. Құс етінде толыққанды ақуыздар мөлшері ірі қара мал етіне қарағанда жоғары. Ал, май тез ериді, сондықтанда құс еті адам ағзасына жеңіл қорытылады. Құс етінің сапа көрсеткіштері:
- Терісінің түсі ақшыл-сарғыш, кейде әлсіз қызғылт;
- Терісінің беті құрғақ;
- Ішкі және тері асты майы ақ, әлсіз сарғыш, бөтен иісі жоқ;
- Бұлшық еті тығыз (саусақ ізі арқылы анықталады);
- Бұлшық еті әлсіз ылғалды, бірақ жабысқақ емес.
Сурет 3.1 Құс етін механикалық өңдеу
Ауыл шаруашылығы құс етін алғашқы өңдеу келесі сатылардан тұрады: жібіту, жүнін жұлу, от жалынында қақтау, ішек-қарнын ақтармалау, жуу, қалыпқа келтіру (заправка), жартылай фабрикаттар дайындау.
Құс өсіретін және құстарды қайта өңдейтін өндірістер, халықты бағалы еттер және жұмыртқалармен қамтамасыз ететін халық шаруашылығының ең тиімді саласы болып табылады. Құстардан 4-6 айлық жаста өнім алуға болады, ал бройлер 70 күннің ішінде 1,5 кг салмаққа дейін өседі. Сойылып ішек қарыннан тазаланған тауық, қаз, үйрек және түйе тауық ұшаларынан таза еттің салмақ шығымы 57-60%, ал жартылай тазаланғандары 77-80%. Химиялық құрамына байланысты сойылған малдардың етіне қарағанда құс еттерінің құрамында бағалы биологиялық ақуыздар мен еритін майлардың болуымен ерекшеленеді.
Құс еттерінің құрамында:
1. Су - 50-75%
2. Ақуыз - 16-22%
3. Май, минералды заттар -16-45%
4. Дәрумендер 1% болады.
Құстың еті мен майы адам ағзасында жақсы қорытылады. Құстардың ұшасын түріне, жасына, термиялық күйіне, өңдеу тәсіліне және семіздігіне қарай жіктейді.
Түріне және жасына қарай құстарды шөже және тауық, түйе тауық шөжесі және түйе тауық, үйректер және үйрек балапаны, қаз және қаз балапаны деп бөледі. Тауық, түйе тауық, үйрек және қаздар жынысына қарай топқа бөлінбейді. Сондай-ақ, құстарды балапандарға және ересектерге бөледі. Ересек құстың жемсау кеудесінің сүйектері қатқан, қатты, аяқ буындары икемді, өкшесі дамымаған, қолмен ұстағанда жұмсақ және қозғалмалы, тұмсығы қатаймаған. Кеудесі - бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған, кеуде сүйектері жемсауымен қоса дөңгеленген, төмен түспеген. Бройлердің кеуде сүйектері бөлшектеніп тұруы мүмкін. Қолтық сүйектерінің ұшы қолға білінбейді. Тері астының майлары болуы мүмкін.
Қарны - ересек құстың төменгі бөлігінде аздап жиналған май байқалады. Жас құстарда жиналған май болмайды.
Белі - бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған, ересек құстардың тері асты майларының жолдары әрен байқалады, ал жас құстарда ол мүлде болмауы мүмкін.
Терісі - түсі ақшыл-қызғылт: күрке тауықта, оның балапандарынында, сарғыш қаз бен балапандарында ақшылдай қарақошқылға дейінгі түстер болуы мүмкін.
Құсты сою технологиялық үдерістері мынадай жүйеде жүргізіледі:
Құсты соятын жерге әкелу
Жансыздандыру
Сою, қансыздандыру
Қауырсыздандыру
Ішек-қарын ақтару не жартылай ішек-қарнын ақтару
Салқындату
Сұрыптау
Таңба салу және буып-түю
Сурет 3.2 Құсты өңдеудің жалпы нұсқасы
Термиялық күйіне қарай құс ұшаларын 25º С дейін суытылған, 4º С дейін салқындатылған және 6º С температураға дейін тоңазытылған деп бөледі.
Өңдеу тәсіліне қарай ұшаларды толық тазаланған және жартылай тазаланған деп екіге бөліп қарастырады. Толық тазаланған ұшаларға - басы, қанаты, сирағы және ішкі мүшелері алынып тасталған құс ұшалары жатса, ал жартылай тазаланған ұшаларға - мамығынан тазартылған және ішектері алынып тасталған ұшалар жатқызылады. Тазаланған ұшаларды кейбір ішкі заттарынсыз шығаруға рұқсат береді.
Жартылай тазаланған жас құстардың ұшалары суытылғаннан кейін, олардың салмағы (граммен есептегенде аз болмау керек) балапандары - 480г, бройлерлері - 640г, үйрек балапандары - 1030г, қаз балапандары - 1580г, күрке тауық балапандары - 1620г болуы қажет. Семіздігіне және ұшаларды өңдеу сапасына қарай құстардың барлық түрлері І-ші және ІІ-ші категориялы деп бөлінеді. І категориялы тауықтар мен күрке тауықтарда бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйек ұлпалары білінбейді, қарны мен төсінің астында май
жақсы жиналған, тері астындағы май сирағында, санында және қанаттарында болмауы мүмкін. Сонымен бірге ұшада екіден көп емес жыртық жері, аздап ұрылған және эпидермис терілерінің ептеп көтеріңкі жерлері болады.
ІІ категорияға бұлшық еттері қанағаттанарлық жетілген, сүйек ұлпалары бүлінген, бірнеше жерінен терісі жыртылған ұшалар жатады. Бұл қоңдылық белгісі құс ұшасының арқасына І дәреже қызыл түспен ІІ дәреже көк түспен таңбаланады.
Буып-түйілген құс ұшаларының қорап сыртындағы таңбаларында құс еті туралы мәліметтер толық беріледі.
Құс еттері салынған жәшіктерде шартты белгілермен құстардың түріне қарай қызыл бояумен таңбалайды: шөжелерге - Ш, бройлер шөжелеріне БШ, тауықтарда - Т (К), үйрек балапан етіне ҮБ т.б.
Өлшеніп қорапталған барлық құс еттері семіздік дәрежелері белгілері мен салқындатылып немесе тоңазытылып мөлдір полимер плекаларына оралып сауда орындарына жіберіледі[2].
Жібіту: Мұздатылған үй және жабайы құс етін сақтау камерасында 3 тен 6°С-ға дейін немесе цехта 15-20°С-да жібітеді. Құс ұшаларын оралған қағаздан шығарып, оларды тізбектей бір қатарға үстел бетіне немесе стеллаждарға бір-біріне жақындатпай қояды. Егерде ұшалар тығыз орналастырылса, онда олар тез ылғалданып кетеді. Яғни, ол ұшаның жүнін жұлу және күйдіру процесін қиындатады. Жібіту цехындағы температура көрсеткіші 14-16°С - кезінде қаз бен күрке тауық ұшаларын 8 сағаттан кейін, тауық, үйрек, - 5 сағаттан кейін жібітеді.
Сурет 3.3 Жібітілген құс ұшасы
Қауырсынын жұлу:
Құстың қауырсынын арнайы қондырғыда, не болмаса қолмен жұлуды құйрық және қанат қауырсындарынан бастайды. Ұшаны ыстық су құйылған былауда (ванна) өңдеуді жүргізеді. Мойынын, басын және қанаттарын қосымша ыстық өңдеуден өткізеді, яғни 58- 60º С 30 секунд уақыт ішінде. Суда жүзетін құстардың ұшасын 68- 72ºС суда 2-3 минутқа дейін, қашан қауырсыны денесінен жеңіл бөліне босатылғанша өңдейді. Құстың қауырсынын жылумен өңдегеннен кейін, табанында жұлады. Қауырсынды жұлу үшін әртүрлі қондырғылар қолданады, көп тараған қондырғының бірі - соғу (бильные) қондырғысы (3.4 сурет). Құстың түріне және жасына қарай бұл қондырғының барабанына бір мезгілде 2-ден 10-ға дейін ұша сыяды. Бұл процестен қалған қауырсынды қолмен жұлады, не болмаса газға ұстап үйітеді. Суда жүзетін құстардың ұшасында қалған қауырсындарды балауызды қолдану тәсілімен жұлады. Ол үшін былауға, ерітілген балауыз массасын (52-54º) құяды. Балауыз массаны былай жасайды: канифольмен парафинді 1:1 ара қатынаста алып, оған 1 пайыз әк ұнтағын қосады. Ұшаны балауызға 5-6 секундқа салып батырады, сосын былаудың үстінде балауыздың ағуы және сууы үшін 20 секундтай көтеріп ұстап тұрады. Балауыз массаны (воскамассаны) қатыру үшін, ұшаны суық сумен 2-3 минуттай суытады. Қауырсын және құс жүні аралас балауыз массаны соғу, саусақты және тырнағыш қондырғымен түсіреді. Қалған балауыз массаны қолмен алады.
Сурет 3.4. а. Соғу қондырғысының ішкі көрінісі
Сурет 3.4 б) Қауырсыннан ажыратуға арналған соғу қондырғысының
жалпы көрінісі
Қақтау (үйіту): Жүні жұлынған барлық үй құстары мен жабайы құстарын отта жеңіл - желпі қақтайды. Қақтаудың алдында ұшада қатпар болмайтындай етіп теріні қолмен тартып тегістейді. Ол үшін қанатын қайырып, бір қолмен ұшаны басынан ұстап, ал екінші қолмен аяқтарынан ұстап аздап тартып тұрып қақтамайтын газды немесе спиртті горелка от жалынында қақтау қажет. Қақтауды өте мұқият жасаған жөн. Себебі, қақтау кезінде тері зақымдалып, ал тері астындағы май еріп кетуі мүмкін.
Сурет 3.5 Ұшаны от жалынында қақтау
Ұшаны ақтармалау:
Құс ұшасын ақтармалау (ішек-қарнын алу) барлық өндірісте тәжірибеге енгізіліп, ұшаның жартылай ішін жару әдісін қолданып келеді. Ұшаны ақтармалау әрбір ұшаны және оның ішкі мүшелерін мұқият ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізуге мүмкіндік береді.
Ақтармалаудың алдында ересек үй құстарының аяқтарын, мойнын, қанаттарын алып тастайды, тік ішегінің кеңіген бөлігін айналдыра дөңгелектеп кеседі, құрсақ қуырсынын, қабырғасын төс сүйегінің түйініне дейін кесіп, ішектерін және ішкі мүшелерін алып, мал дәрігерлік тексеруге ұшаның сол жағына ілулі қалдырады. Мал дәрігерлік-санитарлық қараудан өткізілгеннен кейін, әрі қарай өңдеу жалғасады. Жүрегін алып, өт қабын абайлап көк бауырдан бөледі. Бұлшық етті асқазанын бойлай кесіп, ішіндегі құрамын алып тастап, сумен бірнеше рет жуады. Құрғақ жерлерде өмір сүретін құстар асқазанының сырт қабатын сыпырып тастап, одан кейін кезектеп басын екінші мойын омыртқа қасынан, кеңірдекті және өңешті, өкпе және бүйректері, ең соңында мойнын кесіп алады. Ұшаның ішін жартылай жарғанда, немесе түгелдей жарғаннан соң, ұшаны сумен жуады. Қалдықтарды (бас, ішек, кеңірдек, өңеш, өкпе, бүйректер, аналық жыныс безі және т.б.) малға ақуызды азықтар дайындауда, шикізаттар ретінде пайдаланылады.
Сурет 3.6. Өндірісте құс ұшасын ақтармалау әдісі
Қалыпқа келтіру:
Құс ұшасына сыртқы тауарлық түр беру үшін және дайын ұшаларды сыбаға кесектеріне ыңғайлы кесу үшін оларды қалыпқа келтіреді. Қалыпқа келтірудің алдында жүргізілген алғашқы өңдеуді мұқият тексереді және бір уақытта іріктеуді жүргізеді. Үй және жабайы құс ұшасын үш әдіс бойынша қалыптайды: қалташық, бір жіппен (айқастырып) және екі жіппен ілу. Ең қарапайым қалташық әдісін жасау үшін теріні тіліп, осы тілінген жерге аяқтарын қайырып кіргізеді. Бұл әдіс қаз, үйрек және тауықтарды қалыптауда қолданылады.
Сурет 3.7 Қалташық қалыптау әдісі
Құс еті ерекше дәмділігімен, жұмсақтығымен және нәзіктігімен өте жоғары бағаланады. Бұл өнім - әр түрлі нәзік дәмді бірінші және екінші тағамдарды, ыстық және салқын тіске басарларды дайындау үшін таптырмас шикізат. Сонымен бірге, құрылымы мен химиялық құрамы бойынша құс етін балалар тағамы мен диеталық тағамдар дайындауға жарамды деп есептейді. Етті тұқымды тауықтың етінде май мен ақуыз, жұмыртқа беретін тауықтарға қарағанда көп мөлшерде болады және де қоректілігі жоғары дәмді. Ауыл шаруашылық құс етінде ақуыздар, майлар, минералды заттар, В, РР, А, Д тобының дәрумендері бар[3].
Желінің құрылысы және жұмыс істеу принципі
Тірі құс (бройлер-балапандар, мекиен-тауықтар және т. б.) 1 сою конвейерінің аспасына ілінеді, ол технологиялық процесс барысында ұшаларды алу кешенінің барлық машиналары мен аппараттары бойынша құстың орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Қайта өңделетін құс саны 2 есептегішпен белгіленеді.
Бірінші технологиялық операция 3 Электр-жұтылу аппаратында орындалады. Электрмен сіңіргеннен кейін 4 союға арналған машинада дискілі пышақтардың көмегімен құстарды сыртқы тәсілмен қансыздандырады. Ұшаларды қансыздандыруды қайта өңдеудің техникалық қалдықтарын жинауға және тасымалдауға арналған 6 жабдықпен жабдықталған 5 ваннада жүргізеді.
Содан кейін ұшалар жылумен өңдеу үшін 7 ваннасына жіберіледі (шпарка). Ванна секциялардан тұрады, оның ішінде суландырғыш орнатылған, ал олардағы суды өткір бумен жылытады. Ванналардан 7 ұшалар резеңке саусақтары бар дискілік қатармен жабдықталған 8 және 9 қауырсындарын жоюға арналған машиналарға түседі.
Әрбір дискілік қатар биіктігі, ені және өзінің бойлық осіне қатысты бұрылу бұрышы бойынша дербес реттеледі. Қажет болған жағдайда қалған ұсақ қауырсын мен түбітті қолмен алып тастайды, содан кейін автоматты түрде күйіп, суық сумен жуады. Одан әрі құс ұшасының басы мен аяқтарын 10 және 11 машиналарында бөледі.
Бастарды бөлуге арналған 10 машинаның ерекшелігі қанаттарының зақымдануын болдырмайтын және ұшаның мөлшеріне қарамастан бастарды бөлуді қамтамасыз ететін арнайы жұмыс органдарының болуы болып табылады.
Аяқтарды бөлуге арналған 11 Машина конвейердің бұрылу учаскесінде де, тікелей де орнатылуы мүмкін. 12 кесілген аяқтың түсіргіші оператор қолының қозғалысын бейнелейді. Мұнда 14 аспасын жууға арналған құрылғы орнатылған.
Аспаны жуғаннан кейін бастапқы күйге қайтарылады-құстарды тиеу үшін 1 конвейерінің басталуы. Аяқтарды машинада бөлгеннен кейін 11 құстың ұшасы бақылау және өлшеу үшін конвейерге науа бойынша түсіріледі.
Осы конвейердің көмегімен ұшалар құс суару үшін жабдықтар кешені дәйекті түрде өтеді. Алдымен ұшалар клоактарды кесу және 16 іш қуысын ашу машинасына, содан кейін 17 іш қуысын алу машинасына түседі. Бұл машиналар 6 техникалық қайта өңдеу қалдықтарын жинау және тасымалдау жабдықтарымен жабдықталған.
Содан кейін ұшалар 18 конвейеріне ауысады, онда қолмен субөнімдерді бөлшектейді. Бұл ретте субөнімдер (жүрек, бауыр, асқазан, мойын) суыту үшін суыту үшін 23 арнайы сорғыға жіберіледі.
Салқындатылған субөнімдерді қабылдағыштарға 35, ал техникалық қалдықтар 6 - жабдықта жинайды. Машинада 19 Ішекті асқазаннан бөлу, асқазанды кесу, оны ішіндегіден тазарту және кутикуланы алу операциялары орындалады.
Асқазанның тауарлық түрін 20 майсыздандырғышта алады, 21 жуу шнегі арқылы олар 22 кутикуланы алып тастауды бақылау үстеліне түседі, содан кейін субук өнімдерін салқындатуға айдау үшін 23 сорғыға салынады.
Бір мезгілде аспада орналасқан ұшалар 15 конвейермен жемсау, кеңірдек және өңеш жою үшін 24 машинасына, содан кейін мойынға бөлуге арналған 25 машинаға ауыстырылады. Машинада 24 Жұмыс органы арнайы пішінді фрезамен жабдықталған[4].
Ұшасына кіре берісте фреза айнала бастайды, ұшасын ключица ауданында тесіп, ішек, трахея және өңеш қалдықтарын өзіне орайды. 25 машинада құс ұшасының мойынын бөлу үшін екінші омыртқа деңгейінде мойын қысылады және оны ұшадан ажыратады. 25 машинасы мойын терісін бойлық кесу үшін пышақпен қосымша жабдықталған. Ұшаның қашықтағы бөліктері 6 жабдығына немесе 23 сорғысына түседі.
Ішкі және сыртқы жуудан кейін машинада 26 ұшалар ағыту конвейерінің аспаларынан алынады 15 лақтырғыштың көмегімен 27, бақылау және оларды салқындату конвейеріне тиеу орнына жылжыту үшін конвейерге түседі 28. Аспаның ұшаларынан босатылған 14 жуу құрылғысы арқылы өтеді және конвейердің басталуы - бастапқы қалпына қайтарылады.
Технологиялық процесті жалғастыру үшін ұшалар 28 салқындату конвейерінде топтық (8 - немесе 12 - жергілікті) аспалардың көмегімен бекітіледі.
Алдымен ұшаларды 30 камерасы арқылы оларды су құбыры суымен суландыру үшін, содан кейін 31 ваннасы арқылы мұзды сумен суыту үшін жылжытады.
Салқындатылған ұшаларды конвейердің аспаларынан 32 конвейерге түсіргіштің көмегімен алып тастайды 13 бақылау, электроклеймдеу құралымен 33 және қаптамаға тасымалдау үшін. Аспаның ұшаларынан босатылған 14 жуу құрылғысы арқылы өтеді және конвейердің басы - бастапқы қалпына қайтарылады[5].

Ауылшаруашылық құстарын механикалық-апаздық өңдеу төмендегідей әрекеттерден тұрады: жібіту, үйіту, басын және аяқтарын алып тастау, мойынын бөліп алу, тазарту, жуу және шала фабрикаттар дайындау.
Жібіту. Мұздатылған құсты үстелге не сөрелерге бір-біріне жанаспайтындай етіп салып, бір қатарға орналастырады да мүмкіндігінше жазады. Қаз бен күрке тауықты - 8 сағат, тауық пен үйректі 5-6 сағат, 8-15оС температурада жібітеді.
Үйіту. Құс денесінде талшықтар, қауырсындар мен түбіт қалдықтары болуы мүмкін. Сондықтан оларды жою үшін үйітеді. Алдымен құс денесін орамалмен не матамен сүтріп құрғатады. Құрғатуды жылы ауа ағыны арқылы да жүргізуге болады. Содан кейін нан үгінділерімен немесе ұнмен аяғынан басына қарай сылап сүртеді. Бұлайша сүрту кезінде талшық қалдықтары тікірейеді. Ол үйітуге қолайлы келеді. Үйітуді түтінсіз жалында терісін бүлдірмей, тері асты майын ағызбай ептеп жүргізген жөн. Егер құстың жетілмеген қауырсындары болса, онда оларды іскекпен (пинцет) немесе кішкентай пышақпен алып тастайды[6].
Басын, мойнын, аяқтарын алып тастау. Толық тазарту алдында құс денесін басты екінші және үшінші мойын омыртқалары арасынан шауып түсіреді. Содан кейін арқа жағынан мойынның ұзына бойына терісін тіледі де мойынын теріден босатып, мойын омыртқасының соңғысы арқылы оны шауып түсіреді, бірақ тері денесінде қалуы керек. Тауық пен оның балапанының терісін мойынның орта жерінен, күрке тауық, үйрек және қаздың терісін мойынның 13 бөлігінен кеседі. Бұл кезде, денеде қалған тері дененің мойны шабылған жері мен жемсауды толық жабатын болуы керек. Аяғын тілерсек буынынан, қанатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz