Суспензия түзетін дәрілік заттар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Дәрілер технологиясы кафедрасы

Дәріс комплекстері

Пән: Фармацевтік технологияның негіздері

Пән коды: OFT 3328

Мамандық: 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Оқу сағатының көлемі (кредит) : 90 (2 кредит)

Курс және оқу семестрі: 3 курс, 5 семестр

Бекітілген

Сағындықова Б. А.

кафедра меңг., фарм. ғ. д., профессор ___ 2014 ж. хаттама № ___

2014 ж.

1-Кредит

Дәріс № 1

1. Тақырыбы: Ұнтақтар дәрілік түр ретінде. Ұнтақтар дайындаудың ережелері.

2. Мақсаты: студенттер физика - химиялық қасиеттері және мөлшері әр түрлі дәрілік заттармен жай және күрделі ұнтақтарды дайындаудың теориялық негіздерін меңгеру керек.

3. Дәріс тезистері:

  1. Кіріспе. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі.
  2. Ұнтақтардың рецепте жазылу тәсілдері.
  3. Ұнтақтар дайындаудың технологиялық схемасы.
  4. Ұнтақтардың жеке технологиясы.
  5. Ұнтақтардың сапасын бағалау.

Кіріспе. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі. Ұнтақтар - iшке және сыртқа қолданылатын, бiр немесе бiрнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиетi бар қатты дәрiлiк түр. Ұнтақтар официнальды дәрiлiк түр. CCPO Мемлекеттiк Фармакопеяның Х1 басылымына жалпы мақала енгiзiлген (2 том, 150 бет) . Дисперсиологиялық жiктелу бойынша ұнтақтар дисперстiк ортасы болмайтын, әртүрлi көлемдегi және формадағы майда дисперстi бөлшектерден тұратын еркiн дисперстiк жүйе. Дәрiханалардың қазiргi таңдағы рецептурасында ұнтақтар орта есеппен жалпы экстемпоральды рецептураның 20-23% құрайды.

Ұнтақтардың жiктелуi. Ұнтақтар қолдану тәсiлi, құрамы, мөлшерленуi (дозалануы) бойынша жiктеледi: қолдану тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған ұнтақтар, сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар; құрамы бойынша:қарапайым (жәй) ұнтақтар, күрделi ұнтақтар; мөлшерленуi (дозалануы) бойынша: дозаларға бөлiнген ұнтақтар, дозаларға бөлiнбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар;

Ұнтақтардың рецепте жазылу тәсілдері. Дозаланбаған ұнтақтар бiр тәсiлмен жазылады. Рецепте босатуға арналған дәрiлiк заттардың салмақтық мөлшерi көрсетiледi. Дозаланған ұнтақтар рецептте екi тәсiлмен жазылады:

а) Бөлiнген тәсiл. Рецептте әр дәрiлiк заттың ұнтақтың 1 дозасына есептелген мөлшерi жазылады, осындай дозадан дайындалатын ұнтақ саны көрсетiледi, мысалы:

б) Бөлiнетiн тәсiл. Рецептте дәрiлiк заттың барлық ұнтақ санына керектi мөлшерi жазылады және қанша дозаға бөлу саны көрсетiледi:

Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар дайындау технологиясы келесi сатылардан тұрады: ұнтақтау; елеу; араластыру; дозалау (мөлшерлеу) ; орамдау және безендiру; сапасын бағалау.

Ұнтақтардың жеке технологиясы. Қарапайым ұнтақтардың технологиясы. Қарапайым ұнтақтарды дайындау технологиясы келесi сатылардан тұрады: ұнтақтау; дозалау; орамдау, безендiру. Қарапайым ұнтақтар технологиясында араластыру сатысы болмайды.

Күрделi ұнтақтардың технологиясы. Күрделi ұнтақтың құрамына заттар қоспа ретiнде және әртүрлi мөлшерде енуi мүмкiн, олар негiзiнен iшуге қолдануға белгiленедi. Жазылған заттардың физикалық қасиеттерiнiң ерекшелiктерi және олардың әртүрлi қиыстырылуы күрделi ұнтақтарды әртүрлi тәсiлдермен дайындауды қажет етедi.

Әр уақытта күрделi ұнтақтардың технологиясының жалпы ережелерiн сақтау қажет:

  • рецепте берiлген дәрiлiк заттардың сыйымдылықтарын тексеру;
  • улы және күштi әсер ететiн заттардың дозасын тексеру;
  • күрделi ұнтақтардың жалпы мөлшерiн есептеу, бақылау паспортын жазу;
  • жеке ингредиенттердiң келiге салу кезектестiгiн анықтау;
  • күрделi ұнтақтардың майдалануының және араласуының белгiленген оптималды уақытын сақтау;
  • дайын ұнтақтардың майдалану дәрежесiн және араласу бiртектiлiгiн тексеру;
  • дайын ұнтақтарды дозалау;
  • ұнтақтарды орамдау және безендiру ережесiн сақтау.

Ұнтақтардың сапасын бағалау. Ұнтақтардың сапасын бағалау технологиялық процестiң әртүрлi кезеңдерiнде жүргiзiледi:

- алдынғы кезеңде (сыйымдылығын, өлшемiн және т. б. тексеру) ;

- дайындау сатыларында (бiркелкiлiгiн, сусымалдығын, түсiнiң және иiсiнiң

ингредиенттерге сәйкестiгiн тексеру) ;

- дайын препараттың (органолептикалық бағалау, бөлшектiң өлшемiн

анықтау, салмағынан ауытқуын және т. б. анықтау) ;

- босатар кезде бағалау (орамдалуының, безендiрiлуiнiң сәйкестiгiн), қатысты

құжаттардың: жазбаша бақылау паспортының, рецепт көшiрмесiнiң және

т. б. дұрыс жазылуын тексеру.

4. Иллюстрациялық материалдар:

Кестелер:

  1. Рецепт үлгілері.
  2. Сигнатура
  3. Дәріхана келілерінің параметрлері
  4. Ұнтақтарды орамдау
  5. Ұнтақтарды облаткаға орамдау
  6. ДА - 0, 0015 ұнтақтарды
  7. Дәріханада сейфте сақталатын, аса улы заттардың тізімі
  8. Қосымша сұйықтықпен майдаланатын дәрілік заттар
  9. Әр түрлі дисперсті жүйелердің қасиеттері

Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.

5. Әдебиет:

негізгі:

  1. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 1. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. - 591 с.
  2. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 2. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2009 - 804 с.
  3. Сағындықова Б. А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008. - 436 бет.
  4. Р. М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы. - Шымкент. - 2013. - 329 б.

қосымша:

  1. Сағындықова Б. А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық - Шымкент, 2008. - 348 бет.
  2. Ділбарханов Р. Д., Датхаев У. М., Амантаева М. Е. Жақпа майлар. Алматы. - 2004. - 124 бет.
  3. У. М. Датхаев. Дәрілік ұнтақтар. Алматы, - 2005. - 64 бет.
  4. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968 г.
  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987 г., том 1, том 2.
  6. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. В. М. Грецкий, В. С. Хоменок. - М., Медицина - 2000 г.
  7. Технология изготовления лекарственных форм. Серия «Медицина для вас». Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. - 448 с.
  8. Практикум по технологии лекарственных форм - Под ред. И. И. Краснюка и Г. В. Михайловой-Москва, Академия - 2006 г.
  9. Фармацевтическая технология - Под ред. И. И. Краснюка, Г. В. Михайловой, Е. Т. Чижова -Москва, Академия - 2004 г. - 464 с.
  10. «Фармацевтическая технология». Учебное пособие под ред. проф. В. И. Погорелова. Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. - 544 с.
  11. Технология изготовления лекарственных форм. - Милованова Л. Н., Тарусова Н. М., Бабошина Е. В. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002. - 448 с.
  12. «Технология изготовления лекарственных форм». Под ред. д. м. н., проф., академика РАМТН Э. М. Аванесьянца. Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. - 488 с.
  13. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И. И. Краснюка и Г. В. Михайловой. Москва 2007 г. - 432 с.
  14. Полный справочник фармацевта - Москва, Эксмо - 2007 г.
  15. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы
  16. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»
  17. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс) :

  1. Ұнтақтарға дәрiлiк түр ретiнде анықтама берiңiздер?
  2. Құрамы мен қолданылуы бойынша ұнтақтар қалай жiктеледi?
  3. Ұнтақтардың технологиялық сатыларын атаңыз?
  4. Ұнтақтарды босатудың бөлiнетiн және бөлiнген әдiстерiн салыстырыңыз?
  5. Жәй (қарапайым) ұнтақтарды алу технологиясы?
  6. Күрделi ұнтақтарды дайындау кезiнде ингридиенттердi араластыру тәртiбiне қандай факторлар әсер етедi?
  7. Ұнтақтар технологиясында тритурацияны қолданудың қажеттiлiгi неде?
  8. Итжидектiң құрғақ, қою экстракттарын және қою экстракт ерiтiндiсiн ұнтақтар технологиясында қолданудың салыстырмалы артықшылығы неде?
  9. Құрамында қиын ұнтақталынатын заттары бар ұнтақтар технологиясында этанолды не үшiн қолданады?

Дәріс № 2

1. Тақырыбы: Сұйық дәрілік түрлер. Ерітінділер. Микстуралар технологиясы.

  1. 2. Мақсаты:студенттер сұйық дәрілік түрлер дайындаудың теориялық негіздерін және сапасын бағалауды меңгеруі керек.

3. Дәріс тезистері:

  1. Сұйық дәрілік түрлердің сипаттамасы. Жіктелуі.
  2. Концентрация. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу әдістері.
  3. Сұйық дәрілік түрлерді дайындау үшін қолданылатын еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар. Аппаратура.
  4. Ерітудің ерекше жағдайлары.

5. Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау салмақтық және салмақтық-көлемдiк тәсiлдерiмен

жүргiзiледi.

6. Iшке және сырт тәнге қолданылатын сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау тәсiлi дәрiлiк түрге

және дисперстiк ортаның табиғатына байланысты.

7. Ерітінділердің сапасын бағалау.

Сұйық дәрiлiк түрлердiң жалпы сипаттамасы. Жiктелуi. Сұйық дәрiлiк түрлер - дәрiлiк зат сұйық дисперстiк ортада ерiген жүйе. Дисперсологиялық жiктелуi бойынша сұйық дәрiлiк түрлер еркiн дисперстiк жүйеге жатады. Сұйық дәрiлiк түрлердiң келесi белгiлерi бойынша бiрнеше топқа жiктеледі: қолдану тәсiлi бойынша; дисперстi фазаның ұнтақталу дәрежесi және оның дисперстiк ортамен байланысы бойынша; ерiткiштiң құрамы мен табиғаты бойынша.

Концентрация. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу әдістері. Ерiтiндiлердi сұйық дәрiiк түр ретiнде белгiлеген кезде, рецепттердi әртүрлi тәсiлмен құрастырады: пайыз түрiнде; еритiн зат пен ерiткiштi бөлек көрсету арқылы; ерiтiндi көлемiн қажеттi көлемге дейiн жеткiзу арқылы; зат мөлшерiнiң ерiткiш мөлшерiне қатынасы арқылы.

Сұйық дәрілік түрлерді дайындау үшін қолданылатын еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар. Аппаратура . Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындаған кезде ерiткiш ретiнде табиғаты әртүрлi заттар қолданылуы мүмкiн: полярлы: су, спирт; полярсыз: көмiрсутектер. Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындауға қолданылатын ерiткiштер белгiлi бiр талаптарға сай болуы керек, соның iшiнде: ерiткiштердiң ерiткiштiк қасиетi жоғары болуы керек; ерiткiштер химиялық және фармакологиялық индифференттi болуы керек; ерiткiштер микроорганизмдердiң өсуiне тұрақты болуы керек; жағымсыз иiсi мен дәмiнiң болмауы; ерiткiштер арзан және қол жетерлiк болуы керек. Ерiткiштер: сулы - тазартылған су; бейсу - ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштер болып бөлiнедi. Ұшқыш ерiткiштерге этил спиртi (этанол), эфир, хлороформ жатады. Ұшқыш емес ерiткiштерге өсiмдiк майлары, глицерин, этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады.

Дәрiханада дистилденген (тазартылған) суды алу бөлек бөлмеде арнайы қондырғыларды қолдану арқылы ҚР ДСМ 25. 03. 02 ж. № 9 «Дәрiхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдаланудың санитарлық ережелерi мен нормалары» бұйрығының 9 бөлiгiнде көрсетiлген (16-18 беттер) талаптары бойынша құбырдағы судан айдау тәсiлiмен жүргiзiледi. Бұл бөлмеде басқа жұмыстарды жүргiзуге болмайды. Дәрiханада дистилляцияны дұрыс жүргiзудi, аквадистилляторларды және оның бөлшектерiн өңдеудi, сонымен бiрге суды жинайтын және сақтайтын жауапты қызметкер тағайындалады. Тазартылған судың сапасына бастапқы құбырдағы ауыз суының құрамы, дистилляторлардың конструкциясының ерекшелiктерi әсер етедi. Әр қондырғы негiзгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы, конденсатор, қабылдағыш. Буландырғышта (буландыру камерасы) суды қайнағанға дейiн қыздырады. Су булары конденсаторға өтiп, сұйықтыққа айналады және дистиллят күйiнде қабылдағышта жиналады. Судағы барлық ұшпайтын қоспалар аквадистилляторда қалады. Кейiнгi кезде дистилденген судың орнына минералсыздандырылған суды қолдануға көңiл аударылып отыр. Суды тұзсыздандыру (минералсыздандыру) үшiн әртүрлi қондырғылар қолданылады. Жұмыс iстеу принципi: суды ион алмастырғыш шайырлары арқылы өткiзiп тұздардан тазартады. Қондырғылардың негiзгi бөлiгi катиониттермен және аниониттермен толтырылған колонкалар. Катиониттердiң активтiлiгi, сутек иондарының сiлтiлi және сiлтiлi-жерлi металлдардың иондарына алмасу қабiлетi бар карбоксил немесе сульфон топтарының болуына тәуелдi.

Ерітудің ерекше жағдайлары.

  • егер дәрiлiк заттың мөлшерi 3%-ға дейiн болса, онда тазартылған су мөлшерiн рецептте қанша жазылса, сонша көлемде алу керек, себебi, ұнтақтың мөлшерi оны ерiткен кездегi ерiтiндi көлемiнiң өзгеруi (ҚР ДСМ 2. 06. 2003 ж. N 85 бұйрығындағы ауытқу нормаларына кiредi) ;
  • егер ерiтiндi құрамында улы, күштi әсер ететiн заттар жазылған болса, онда ең алдымен осы заттардың дозаларының дұрыстығын тексередi;
  • аса гигроскопиялық заттардың (кальций хлориді, кальций ацетаты) сұйық дәрiлiк түрлерiн дайындау кезiнде олардың концентраттарын қолданады, мысалы, кальций хлоридi ерiтiндiлерiнiң технологиясында 50%-дық немесе 20%-дық концентрлi ерiтiндiлерi қолданылады;
  • ерітінділерді дайындау кезінде дәрілік заттардың қасиеттерін ескеру қажет: баяу және аз еритiн дәрiлiк заттар; ірі кристалды заттар; тотықтырғыш қасиетi бар заттар; жеңiл еритiн комплекстi қосылыс түзетiн заттар және т. б.

Салмақтық тәсiлмен:

  • қатты және сұйық дәрiлiк заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және ұшқыш ерiткiштердегi ерiтiндiлерi;
  • дисперстiк орта табиғатына байланыссыз (сулы, спирттi-сулы, бейсу), дисперстiк фаза концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар;
  • дисперстiк фазасының концентрациясына байланыссыз эмульсиялар;
  • сұйық гомеопатиялық дәрiлiк құралдар.

Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен:

  • сулы ерiтiндiлер;
  • сулы-спирттi ерiтiндiлер;
  • галендi, жаңа галендi дәрiлiк құралдар (тұндырмалар, сұйық экстракттар, адонизид және басқалар) дайындалады.

Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен дәрiханада сұйық дәрiлiк түрлердi (микстураларды) дайындау үшiн: өлшегiш құралдар комплектiсi; бюреткалық қондырғылар үшiн арнайы концентрлi ерiтiндiлер; микстураларды дайындау үшiн арнайы есептеулер жүргiзу қажет.

Микстураларды концентрлi ерiтiндiлермен және құрғак заттарды ерiту арқылы дайындау. ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығының 1 бөлiмiнде жалпы сұйық дәрiлiк түрлердi, соның iшiнде микстураларды да салмақтық-көлемдiк әдiспен дайындау ережелерi келтiрiлген.

Бұл нұсқау 2 бөлiмнен тұрады:

1 бөлiм - сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау ережелерi;

2 бөлiм - қосымшалар.

«Сұйық дәрiлiк түрлердi салмақтық-көлемдiк әдiспен дайындау» бөлiмi 26 тармақтан тұрады.

Дәрiлiк заттарды ерiту және араластыру реттiлiгi, жалпы дайындау ережелерi осы бұйрықтың 15 тармағында келтiрiлген. Сулы дисперстiк ортасы бар сұйық дәрiлiк түрлердi дайындаған кезде, ең алдымен есептелген, өлшенген (тазартылған, шаншуға арналған немесе хош иiстi) суда, ерiгiштiгiн және өзара әрекеттесуiн ескере отырып, қатты дәрiлiк және қосымша заттарды ерiтедi.

ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 бұйрығының 16-тармағы. 1) Сұйық дәрiлiк түрлердiң жалпы көлемi жазылу тәсiлiне (рецептте «дейiн» деген көрсеткiштiң барына немесе жоқтығына байланысты), ерiткiш ретiнде хош иiстi сулардың, пертуссиннiң, тұндырмалардың және басқа галендiк препараттардың рецептте болуына байланысты анықталады.

2) Егер рецепте «белгiлi» көлемге дейiн деп жазылса, онда рецептте жазылған сұйық ингредиенттердiң көлемiн сулы ерiтiндi көлемiне енгiзедi, микстураның жалпы көлемi рецептте көрсетiледi.

Сұйық дәрiлiк түрлердi салмақтық-көлемдiк әдiспен еритiн қатты дәрiлiк заттармен және концентрлi ерiтiндiлермен дайындаған кезде ерiтiндi көлемiнiң өзгеруi осы бұйрықтың 18 тармағымен реттеледi.

Дәрiлiк түр құрамына кiретiн ұнтақ заттардың қосындысы 3%-ға дейiн болса және олардың концентрлi ерiтiндiлерi болмаса, онда дәрiлiк заттарды жазылымда көрсетiлген су мөлшерiнде немесе басқа сұйықтықта ерiтедi. Бұл кезде қатты дәрiлiк затты ерiткенде, ерiтiндiнiң жалпы көлемiнiң өзгеруiн ескермеуге болады, себебi, қатты заттардың мөлшерi ерiтiндiнiң жалпы көлемiне әсер етпейдi және ауытқулар көрсетiлген нормаларға сәйкес болады.

Дәрiлiк түр құрамына кiретiн ұнтақ заттардың қосындысы 3%-ға тең және одан жоғары болса, онда ол заттардың концентрлi ерiтiндiлерi қолданылады немесе ерiтiндi қатты заттар қолдана дайындалатын болса, бұл кезде 1 г затты 20 0 С температурада ерiткендегi ерiтiндi көлемiнiң ұлғаюын (көлем ұлғаю коэффициентiн -КҰК) ескередi.

Егер дәрiханада көрсетiлген дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерi жоқ болса, онда дәрiлiк түрдi өлшегiш ыдыста немесе дәрiлiк заттарды ерітуге қажеттi су көлемiн, олардың көлем ұлғаю коэффициентiн (КҰК) ескерiп дайындайды. Бұл жағдайда дәрiлiк заттарды жазылымда көрсетiлген су көлемiнде ерiтуге болмайды, себебi, құрғақ заттарды ерiткенде микстура көлемiнiң ұлғаюы, сұйық дәрiлiк түрлердiң жалпы көлемiнде жiберiлетiн ауытқу нормасына кiрмейдi. Құрғақ заттардың мөлшерi ерiтiндi көлемiн ұлғайтып жiбередi.

ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 бұйрығының 20 тармағы. Құрамында хош иiстi сулары бар сұйық дәрiлiк түрлердi (микстураларды) дайындау.

Хош иiстi сулар (жалбыз, аскөк және т. б. ) нормативтiк құжаттардың талаптарына сай дайындалады және көлем бойынша дозаланады. (ҚР ДСМ 15. 12. 2004 ж. N 142 бұйрығының 14 қосымшасы) .

Хош иiстi суды дайындау:

Қарапайым хош иiстi сулар эфир майын суда (1:100) ерiту арқылы дайындалады.

Хош иiстi сулар жазылымда галендiк препарат немесе ерiткiш ретiнде берiлуi мүмкiн.

а) Хош иiстi су галендiк препарат ретiнде берiлсе, онда ол микстураға басқа галендi препараттар сияқты бiрден босататын құтыға ең соңында қосылады, ал жазылымдағы дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерiн қолдануға болады.

б) Егер хош иiстi су ерiткiш ретiнде берiлсе, онда ерiтiндiнi тек құрғақ заттармен дайындайды. Бұл жағдайда олардың мөлшерi 3%-дан жоғары болса да көлем ұлғаю коэффицентiн қолдануға болмайды, себебi хош иiстi сулар өздерi фармакологиялық әсер көрсетедi, сондықтан олардың көлемiн азайтуға болмайды.

Микстуралардың сапасын, ерiтiндiлердiң көрсеткiштерi бойынша бағалайды.

Дәрiханаға микстура жазылған рецепт келiп түскенде, келесi шараларды жүргiзу керек:

  • рецептiң дұрыс жазылғандығын тексеру;
  • рецептегi ингредиенттердiң сыйымдылығын анықтау;
  • микстура көлемiн анықтау;
  • ішке қолданатын микстурадағы «А» және «Б» тiзiмдерiне жататын дәрiлiк заттардың дозасын тексеру;
  • құрғақ заттардың мөлшерiн есептеу (3%-дан көп немесе аз) ;
  • ерiткiш көлемiн есептеу;
  • бақылау паспортын жазу;
  • технологиясының тиiмдi вариантын таңдау;
  • орамдау, босатуға безендiру.

4. Иллюстрациялық материалдар:

Кестелер:

  1. Сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемде дайындаған кезде жалпы көлемде жіберілетін ауытқулар.
  2. Дистиллятор - Д -10
  3. Дистиллятор - ДО - 04
  4. Құтыларды тығындауға арналған қондырғы.
  5. Препараттарды еріту.
  6. Ерітінділерді фильтрлеу.
  7. Ерітінділер технологиясы.
  8. МФ ХІ басылымы бойынша заттардың ерігіштігі.

9. Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.

10. Дәрілік заттардың көлем ұлғаю коэффициенттері және ерітінділердің тығыздықтары

Графпроектормен тақырып бойынша жазылымдарды демострация жасау.

5. Әдебиет:

негізгі:

  1. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 1. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. - 591 с.
  2. Государственная Фармакопея Республики Казахстан. Т. 2. - Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2009 - 804 с.
  3. Сағындықова Б. А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008. - 436 бет.
  4. Р. М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы. - Шымкент. - 2013. - 329 б.

қосымша:

  1. Сағындықова Б. А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық - Шымкент, 2008. - 348 бет.
  2. Ділбарханов Р. Д., Датхаев У. М., Амантаева М. Е. Жақпа майлар. Алматы. - 2004. - 124 бет.
  3. У. М. Датхаев. Дәрілік ұнтақтар. Алматы, - 2005. - 64 бет.
  4. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968 г.
  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987 г., том 1, том 2.
  6. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. В. М. Грецкий, В. С. Хоменок. - М., Медицина - 2000 г.
  7. Технология изготовления лекарственных форм. Серия «Медицина для вас». Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. - 448 с.
  8. Практикум по технологии лекарственных форм - Под ред. И. И. Краснюка и Г. В. Михайловой-Москва, Академия - 2006 г.
  9. Фармацевтическая технология - Под ред. И. И. Краснюка, Г. В. Михайловой, Е. Т. Чижова -Москва, Академия - 2004 г. - 464 с.
  10. «Фармацевтическая технология». Учебное пособие под ред. проф. В. И. Погорелова. Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. - 544 с.
  11. Технология изготовления лекарственных форм. - Милованова Л. Н., Тарусова Н. М., Бабошина Е. В. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002. - 448 с.
  12. «Технология изготовления лекарственных форм». Под ред. д. м. н., проф., академика РАМТН Э. М. Аванесьянца. Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. - 488 с.
  13. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И. И. Краснюка и Г. В. Михайловой. Москва 2007 г. - 432 с.
  14. Полный справочник фармацевта - Москва, Эксмо - 2007 г.
  15. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы
  16. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»
  17. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс) :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.
Суспензия және эмульсияны дәрілік түр ретінде тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ
Суспензиялық ерітінді
Суспензиялар технологиясының конденсациялық әдісі. Суспензиялардың сапасын бағалау. Күкірт суспензиясының дайындалуы
ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.
Дәрілік заттарды негізге енгізу
Көздің дәрiлік формаларын дәрiхана және өнеркәсiптiк өндiрiстiң жағдайларда дайындау
Пробиотиктер
Препарат пен қоспаның байланыстырғыш пен таза еріткіш қоспасын грануляциялау
Пенициллинді антибиотиктердің сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz