Қазақ кеңес прозасындағы замана шындығы. Алғашқы қазақ романдарының көркемдік ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ кеңес прозасындағы замана шындығы.
Алғашқы қазақ романдарының көркемдік ерекшеліктері
Орындаған: Асанғожа А.
Қабылдаған: Карбозов Ерхан
Алматы, 2022 жыл
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде көтерілген мәселелер: ол жаңа өмір құруға белсене араласып, халықты революцияға үндеу, бостандықты насихаттау, ескі салт-санаға балта шабу, қазақ әйелдерінің теңдігі, олардың қоғамдық істерге батыл араласуы, әлеуметтік тартыс болған.
Кеңестік кезең тұсында нағыз қазақ әдебиетінің негізі қаланған болатын. Осы кезде әдебиет дамып, прогрестік жолға түсті. Қазақ әдебиетінде әлемге танымал шоқтығы биік тұлғалар пайда болды. Олар - А. Байтұрсынұлы, С.Мұқанов, Ж. Аймауытов,Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Қ. Аманжолов, М.Мағауин, С. Сейфуллин, М.Дулатұлы, М. Әуезов, М.Мақатаев.
Қазақ әдебиеті жаңа сарында дами бастаған кезеңде жоғарыда көрсетілген тұлғалар әр түрлі бағытта, әр түрлі тақырыпта өздерінің қаламдарын тербеткен болатын. Осы кезде ұлт зиялылары да әдебиет пен қатар қоғамдық өмірге де араласып жүрді. Яғни, екі жақта қызмет атқарды.
Сол кездегі көшбасшы тұлғалар өте білімді, оқып-тоқыған, ілім үйренген жандар болатын, олар өздерінің оқыған, үлгі алған әртүрлі шетел әдебиеттерінен тәлім ала отырып қазақ әдебиетін де көркейтті. Оған дейін қалыптасқан қазақтың ауызша әдебиеті енді үлкен бір арнаға - жазба әдебиетке айналды. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті еркін ойлы, өзіндік өрнегі мен нақышы бар, тілі көркем, бояуы қанық өзге бір әлем еді. Дәстүрлі әдебиетті, яғни, ауызша әдебиет нұсқаларын сақтай отырып өзгеше, ештеңеге де ұқсамайтын ұлттық әдебиеттің негізі қаланған болатын.
Әсіресе, кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында, яғни, ХХ басында қазақ топырағына роман жанры келе бастады. Барлық жазушылар дәл осы прозадағы роман жанрына машықтана бастады.
Алғаш қазақ романын М.Дулатұлы жазды, Бақытсыз Жамал 1910 жылы шықты. Одан Ж.Аймауытовтың Ақбілек, Қартқожа тәрізді үлкен-үлкен, профессионалды романдары жазыла бастады.
Ж. Аймауытовтың қазақ романына алып келген жаңалығы - психологизм тәсілі болатын. Кейін бұл әдіс қазақ романдарында кең қолданыс тапты.
Тағы да, өлеңмен жазылған, алайда қазақ әдебиетінде роман атанып кеткен С. Мұқановтың Сұлушаш романы да сол кезеңге жаңаша леп болып келді.
Ал қазақ романистикасында ең үлкен әрі мақтанышпен айта алатын, шоқтығы биік шығарма М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы болатын. Мұның өзі - қазақ романы әлемдік тарихына өз бесігінде ержетіп, өз үнін, сәнін сақтай еркін қосылғанына нақты дәлел.
Алғашқы романдардың тақырыптары өзара үндес, тақырыптас еді, көбінде әйел тақырыбын қозғайтын: Бақытсыз Жамал, Қамар Сұлу (С. Торайғыров), Ақбілек (Ж. Аймауытов), Қалың мал (С. Көбеев), Мұңлы Мариям (Ш.Құдайбердиев), Адасқандар (С.Мұқанов). Кейін келе қазақ романдары өндірістік тақырыпқа ене бастады, әсіресе, өндіріс тақырыбын көп жазған Ғабиден Мұстафин жазушымыз еді. Оның шығармалары - диқаншы еңбек адамына арналған Шығанақ романы, шахтершыларды жырлаған Қарағанды, колхоз өмірін сипаттаған Миллионер романдары еді. Ұлы Отан соғысы тұсында елдің рухын көтеру мен еңсесін көтеру мақсатында жазылған Қазақ солдаты (Ғ. Мүсірепов) романы жазылды. Ал қазақ әдебиетінде тарихи романдар жазу дәстүрін әкелген І. Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы аты шулы шығармаға айналған болатын.
Қазақ әдебиетінде романмен қатар поэзия жанры да дами отырды. Қазақ поэзиясына үлкен толқын мен ерекше стиль бағытты әкелген тұлғалар М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Аманжолов, М.Мақатаев болатын.
Осы кезеңде әдебиетте бұрын болмаған құбылыс енен бастады.Мысалы, Мағжан Жұмабаев пен аты аса мәлім емес Б.Күлеев атты ХХ басындағы қазақ ақындары қазақ поезиясына символизм мен декаденттік бағыт-ағымдарды алып келді. С.Сейфуллин мен С.Мұқанов, І.Жансүгіров орыстың белгілі ақыны Маяковскийдің стилімен жазу әдіс-тәсілдерін алып келді. Тамаша лирика мен кіршіксіз нәзік сезіммен астасқан сыршыл поэзияны тудырған Мағжан, Бернияз, Сәкен, Қасым, Мұқағали, Сырбай, Тұманбай тәрізді ірі ақындар - қазақ поезиясының мақтанышы. Мысалға Мағжанның мынау жырынан көретініміз:
Өмір - дала, ақын - бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ақын - бөбек, өмір - көбік, тылсым-ды
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған. - бұл жерден біз нағыз символизм ағымының үлгісі әрі декаденттік бағыттың да бір қырын байқауымызға болады. Сол тәрізді Қасымның жырында да:
Дүние қандай жап-жарық!
Жырдың алтын бұлағы -
Жалт-жұлт етіп жатшы ағып
Жарқылдаймын мен-дағы. - нәзік те сыршыл, кіршіксіз қанық өлеңі кез келген оқырманның талғам тәбетін ашатыны сөзсіз. Өлеңін өміріне теңеу, жай ғана теңеу емес, жап-жарық дүниеге теңеу мәнін осы өлеңнің үзіндісінен көруімізге болады. Мұндай ақындық қуат пен сезімдік қуат қазақ ақындарына тән құбылыс.
Сонымен қатар, бұл кезеңде қазақ поэзиясында романтика бағыты да өте терең дамыды. Мәселен, Мағжан Жұмабевтың Пайғамбар өлеңінде өзін пайғамбарға теңеу, Қасым Аманжоловтың Ақынның өлімі туралы аңыз атты поэмасында ақынды от ұстаған Промотейге ұқсату романтика ағымының жемісінен туған шығармалар болатын. Сонымен қатар қазақ әдебиетінде бұрында да негізі қаланған реализм ағымының да одан әрі дамуы байқалды. А. Байтұрсынұлының, С. Торғайғыров, Б. Майлин, М. Дулатұлының ақындық қуаты дәл осы ағым арнасында жинақталды. Абайдың салған дәстүрі қазақ ақындарының шығармашылығында жақсы сақтала білді. Оны Мағжан да, Ахмет те, Мұқағали де, Қасым да жаңартып өздерінің туындыларына пайдаланып отырды. Қазақтың осынау ұлы ақындарын қазақтың кез келген азаматы тебіренбей оқи алмайды, себебі олардың сезімі мен ұлттың сезімі үйлесіп жатыр.
Кеңестік кезең әдебиеті қазақ әдебиетінің құнарын арттырған, құндылығын кеңейткен кезең болды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз да қазақ әдебиетін байыту мен дамытудың жолында аянбай еңбек етті. Әрі олар ұлттың рухани қазынасын негіздеді. Соған сай олар да ұлттың санасында мәңгі қала білді. Қазақ әдебиеті адам, қоғам, ұлт, бостандық, тәуелсіздік, елдік мәселелеріне терең бойлай алған ойшыл-философ, тума талант, ірі суреткерлер елдің болашағы мен ертеңіне қатты көңіл бөлді. Талантты қаламгерлердің қолынан туған шығармалар тек бір ұлттың ғана келешегін жасамады, сонымен қатар бүкіл адамзаттың тарихын жасады. Әлемдік деңгейде әмбебап құралдарға айналған, бүкіләлем шығармаларының ортақ құндылығына айналған әдеби ағымдар мен бағыттарды өздерінің әдеби туындысына тиек етті. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінде негізі қаланған үлгілерді де өз шығармаларында емін-еркін қолдана алды. Мұны қазақ әдебиеттану ғылымында сентементализм деп аталады. Бұл - қазақ әдебиетінің әлемдік шығармаларға бере алған өзінің өнімі. Біз айтқан шығармалар мен тұлғалардың қоғамда өз есімінің қалуы да олардың үздік шығарма жаза алуымен, нақтырақ айтсақ, өзгеше, жаңа әдеби бағыт-ағымдар, әдіс-тәсілдер арқылы шеберлікпен жаызған көркем шығармаларды жаза алуымен байланысты. Абайды танытқан Мұхтар дейміз, алайда Мұхтарды танытқан Абай болатын. Жазушы мен оның шығармасы еш айырылмайтын біртұтас бүтін дүние. Сондықтан олар бір-бірінің төлқұжаты. Ал кеңес кезінде қазақ әдебиетін дамытқан тұлғалардың барлығы өз шығармаларын қандай да бір көркемдік құбылыс тұрғысынан бере алған тұлғалар ретінде танимыз.
Көріп отырғанымыздай, кеңес дәуірі кезеңінде қазақ әдебиеті жанрлық жағынан да байып, көркемдік тұрғыдан да өсті. Бұл кезеңді тақырыптық жағынан сараланып, толыққанды бейне жасауда мол ізденіс танытқан, төңкеріске дейін өркен жая алмаған прозалық, драмалық жанрларда тәжірибе жинаңтала бастаған кезең деп атай аламыз.
Қазақтың алғашқы романдарына келетін болсақ, жоғарыда айтып өткендей алғаш қазақ романын М.Дулатұлы жазды, Бақытсыз Жамал 1910 жылы шықты. Одан Ж.Аймауытовтың Ақбілек, Қартқожа тәрізді үлкен-үлкен, профессионалды романдары жазыла бастады.
Қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді туынды - "Бақытсыз Жамал"- ға тоқталатын боламыз. Жалпы роман 1910 жылы шыққан. Шығармаға арқау болған уақиғалар ХХ ғасыр басында қазақтың кез келген атырабында, кез келген ауылында, кез келген шаңырағында өтуге мүмкін, әркімге таныс, түсінікті, ортақ, етене сипаттары бар, жалпылық мәнді жәйттер. Автор өз тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық өмірдің маңызды арналарын адам тағдыры, нақты әрекет, тартыс арқылы көрсетуді мақсат етіп, ой, идеяны ашық публицистикалық түрде емес, бейнелер, образдар арқылы, көркемдік тәсілдермен береді. Бір сөзбен айтқанда, жазушы таза прозалық шығарма, жанр шарттарын толық қанағаттандыратын туынды жасау талабын ерекше ескерген.
Негізгі сюжет желісі басты кейіпкер Жамал тағдырымен сабақтас өрбіп отырады. Шығарма оның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықтағы негізгі белестерін қамтиды. Әкесі Сәрсенбайдың мойнына бұршақ салып, құдайдан жалбарынып сұрап алған баласы. Шешесі Шолпан әкесінің бір перзентке зар болып жүріп үйленген екінші әйелі. Қиын-қыстау кезеңде қызы үшін шырылдап отқа түсетін осы байғұс ана.
Заман өзгерістері қазақ ауылына да жаңалық әкелген. Соның бірі қолға молда ұстап, балаларға хат таныту, кітап оқыту. Осындай әрекетке кіріскен адамның бірі - Сәрсенбай деген кісі. Алақанға салып еркелетіп, тіпті ұл балаша киіндіріп қойған Жамал молдадан бес-ақ ай оқыса да, тез сауаттанып, қара тану үстіне, қисса-жырларды заулатып оқып, ауыл-аймақты аузына қаратады. "Сал-сал", "Қыз Жібек", "Зарқұм", "Қисса уақиға Кербала", "Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны", "Ноғай мен қазақтың айтысқаны", "Ақсұлу", "Айман-Шолпан", "Бозжігіт", "Шәкір-Шәкірат", Ақмолда, Нұржан, Әбубәкір өлеңдері - бұларды оқу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz