Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Көркем шығармадағы тұтастық. Прозадағы уақыт пен кеңістік
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Әдебиет теориясының негіздері
пәні бойынша сөож
тақырыбы:
Коллоквиум. Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Көркем шығармадағы тұтастық. Прозадағы уақыт пен кеңістік
Орындаған: Асанғожа А.
Тексерген: Мәмбетов Ж.
Алматы
2022жыл
Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Көркем шығармадағы тұтастық. Прозадағы уақыт пен кеңістік
Әдеби теориялық зерттеу еңбектерде, оқулықтарда әдеби ағым, әдеби бағыт ұғымдарының аражігі көбіне айқындалмайды. Көбіне әдеби ағым мен бағытты ажыратпайды, оларды біртұтас ұғым ретінде таниды. Синонимдік мәнде қарастырады.
Мысалға академик З.Қабдолов өзінің Сөз өнері зерттеуінде бұл мәселеге мынадай анықтама береді: Байқап қарасақ, стиль - бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса; ағым - бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль - әр жазушының дара қасиеті болса, ағым - әр алуан жазушының ортақ сипаты, стиль - жалқыға тән ұғым болса, ағым - жалпыға тән таным; стиль - бір жазушының әдеби беті болса, ағым - бір топ жазушының әдеби бағыты.
Анықтамадан байқап отырғанымыздай, автор ағым мен бағытты бір нәрсе деп қарастырады. Мұндай тұжырымды орыс теоретиктері Л.И.Тимофеев пен Л.В.Щепиловадан да байқаймыз. Әдеби бағытты әдеби ағыммен тұтастыра отырып, Л.И.Тимофеев төмендегідей анықтама береді: Әдеби ағым - белгілі бір тарихи кезеңдегі бір-біріне идеологиясы және өмірлік тәжірибесі, көркемдік әдісі жағынан жуық бір топ жазушылардың идеялық-көркемдік ерекшеліктері тұрғысынан бірлесуі.
Л.Ф.Щепилованың көзқарасы да осыған саяды: Белгілі бір тарихи кезеңде әдістері ортақ, өнердің мақсаты мен міндеттерін бірдей түсінетін бірқатар жазушыларда әр түрлі әдеби мектептер, топтар қалыптасады. Бірақ бұл қауымдастық өзін әдеби бағытта (ағым) толық танытады. Зерттеуші бұл жерде бағыт пен ағымды бөлмей, тұтастықта қарап отыр.
Г.Н.Поспелов, В.Е.Хализов, И.Ф.Волков сияқты әдебиет теоретиктерінің еңбектерінде әдеби ағым мен бағыттың ара-жігі айқындалып, оларға арнайы анықтама беріледі.
Әдебиеттегі салыстырмалы-тарихи зерттеуде терминология мәселелерін айқындау қиын да күрделі болып келеді.
Дәстүрлі халықаралық әдеби қауымдастық ретінде танылған барокко, классицизм т.б. бірде әдеби ағым, бірде әдеби бағыт, бірде көркемдік жүйе ретінде қарастырылады. Бұл ретте әдеби ағым, әдеби бағыт терминдері ең тар, нақты мәнге ие болады. Г.Н.Поспеловтың зерттеулерінде әдеби ағым - жазушылар мен ақындардың нақты қоғамдық көзқарастарын (дүниетаным, идеология) білдірсе, ал бағыт - эстетикалық көзқарастар бірлігінің негізінде және белгілі бір көркемдік қызметтің бағдарламасы аясында (трактат, манифест, ұран арқылы білдірілген) пайда болған жазушылар топтарын білдіреді.
Ағым мен бағыт халықаралық қоғамдастықтың емес жекелеген ұлттық әдебиеттің құбылысы болып табылады.
Әдеби ағым ұғымы әжептәуір айқын түрде Г.Н.Поспеловтың теориялық еңбектерінде көрініс табады. Оның көзқарасы бойынша ағым - суреткерлердің көркем шығармашылығында көрініс беретін әлеуметтік-идеологиялық тұрғы негізінде ортақтастығын білдіретін қоғамдастық болып табылады. Мысалға Г.Н.Поспелов орыстың реалистік әдебиетіндегі дворяндық төңкерісшіл (Некрасов, Салтыков-Щедрин, Чернышевский), либерал дворяндар (Тургенев, Гончаров), патриархальдық шаруа (Л.Толстой) сияқты ағымдарды айқындайды. Батыс еуропа реалистік әдебиетінде де қуатты буржуазиялық-демократтық ағым (Стендаль, Золя, Р.Роллан, Теккерей, Диккенс, М.Твен, Г.Манн, Т.Манн т.б.), революциялық-демократтық ағым (Беранже, Бюхнер, Гейне), пролетарлық-социалистік ағым (Веерт, Фроймират, Потье т.б.) сияқты ағымдарды айқындап, атауға болады.
Әдебиеттану ғылымы жазушылардың әлеуметтік-идеологиялық тұрғысын, олардың осы негізде, әр түрлі дәуірдегі әр түрлі ұлттық әдебиеттегі бірігуі мен аражігін анықтауда қыруар жұмыс атқарды. Бұл зерттеулер көркемдік дамудың тарихын жан-жақты үйренуде өзінің мәнін жоғалтпайды. Алайда суреткерлердің әлеуметтік идеологиялық тұрғыларының аражігі жалпы алғанда белгілі бір қоғамдық функция атқаратын көркемдік жүйенің өз ішінде өтетінін үнемі басты назарда ұстау керек.
ХХ ғасыр басында дамып, өрлей бастаған, Абай негізін қалаған қазақтың реалистік жазба әдебиетінде де ұлттық сипат, ерекшеліктері бар ағым, бағыттар болды. Қазақ әдебиетіндегі ағым, бағыттарды айқындаған профессор Б.Кенжебаев болды, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті - ұлы дәуірдің: ілгерілеулер, күрес, көтерілістер, сұрапыл соғыстар, қиян-кескі төңкерістер дәуірінің әдебиеті. Күрделі көп қырлы әдебиет, - деп тұжырымды баға берген профессор Бейсенбай Кенжебаев ол тұстағы қазақ ақын-жазушыларын саяси, әдеби бағыттарына қарай: 1)ағартушылық; 2)ағартушы-демократтық; 3)демократтық-төңкерісшіл топтарға жіктейді
Реалистік, романтикалық сарын жарыса өрілген ұлттық тарихи сананың оянуына бастаған, жаңашылдық рухындағы әдебиет бірте-бірте көш түзеп, қазақ қоғамының рухани тіршілігінде басымдыққа жетті. Әдебиет белгілі деңгейде ұлтты дамытудың әмбебап құралына айналғандай еді. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі Алаш ұранды әдебиеттің рухы үстем шығып, әріден жалғасқан әдеби үдерістің сан соқпақты даму жолдарын түйістіре бастауы да ілгерішіл ұлттық бағыт ретінде маңызды еді. Қоғамдағы, сол тұстағы Ресейдей дүркін-дүркін төңкерістердің саяси дүмпуі қазақ қауымы мен әдеби ортада жаңғырықты. Ұлттық автономияны көздеген, түрікшілдікті ұстанған, түрікшіл-исламшылдықты қолдаған сарындар күшейе келе белгілі бір қоғамдық көзқарасқа, ағымға айналды. Осының бәрі де ірі қаламгерлердің шығармаларында, публицистикаларында жедел көрініс берді. Оқыған, зиялы ақын-жазушылар, газетшілер сол ағымдардың ағынында белгілі бір әдеби бағыттарға ойысты.
Айқап (1911) - Қазақ (1913) сынды ұлттық басылымдардың арасындағы тірестің негізінде осындай қоғамдық-саяси көзқарастар жарысы да байқалды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан жалғасқан ұлт-азаттық, ағартушылық-демократтық сиапттағы ағымдар аясында жаңадан туындаған саяси - әлеуметтік ахуалға байланысты елдік, мемлекетшілдік бағытты басым ұстанған (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев), ағартушы-демократтық бағытқа көбірек ден қойған (М.Сералин, С.Дөнентаев, С.Торайғыров), діни-ағартушылыққа жақын тұрған (М.Ж.Көпеев, М.Қалтаев, Ш.Жәңгіров) әдебиетшілер әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан шығармаларын жариялатты
Қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттарды қарап отырсақ, оларды әрі бағыт деп те, әрі ағым деп те санауға болады. Оларды саяси, идеологиялық, дүниетанымдық тұрғысынан ағым деп санасақ, көркемдік, эстетикалық тұғырнамасы, бағдарламасы тұрғысынан бағыт деп қараған жөн.
ХІХ ғасырдағы орыстың реалистік әдебиеті өз ішінде әр түрлі әлеуметтік-идеологиялық тұрғы ұстанғанымен, ХІХ ғ. орыс халқының рухани дамуында олардың негізгі көркемдік қабаты, жүйесі, ықпалы белгілі бір кезеңде тиімді, жағымды рөл атқарды. Олардың тарихи еңбегі де осында. Жалпы көркемдік жүйеге, оның ішінде реалистік әдебиетке қосқан үлесі арқылы жазушының өз кезеңі мен басқа кезеңдердегі орны мен маңызы анықталады. Қазақ әдебиеті туралы да осыны айтуға болады.
Әдеби бағыт - бұл жазушылардың шығармашылығының көркемдік мазмұнның жалпы типі тұрғысындағы ортақ сипатын айтады. Бұл жерде суреткерлердің адам өмірінің негізгі, биік мәнін өмірдің қай тұрғысынан көруіне немесе керісінше адамның бақытсыздығы мен азабының себеп-салдарының тамырын қай тұстан іздеуіне байланысты болып келеді.
Мысалға XVIII ғасырдағы ағартушылық дәуірдің көркемдік жүйесінде шындық өмірді нақты реалистік, көркемдік-шығармашылық тұрғыда игерудің жалпы көркемдік ұстанымдарында (принципінде) жеткілікті, нақты айқындалған екі бағыт көзге ұрады. Олардың біреуі адамның шынайы болмысы ақылда десе (Фендинг, Смолетт, Дидро, Лессинг, Латур, Гудон); екіншілері - сезімде дейді (Гольдсмит, Руссо, Грез, неміс штюрмерлері).
Бірінші бағытты өнер тарихшылары ағартушылық десе, екіншісін - сентиментализм деп атады.
ХІХ ғасырдың реалистік әдебиетінде көркемдік мазмұнның белгілі бір типі басым болып келетін екі түрлі, екі бағыт айқын көрініс берді.
Бұл мәселе туралы А.М.Горький атындағы әлемдік әдебиет институтында 1967 жылы өткен конференцияда арнайы сөз болды. Баяндамашылар бұл бағыттарды әр түрлі атай отырып, дәуір шындығын суреттеуде, бір реалистердің өз кезіндегі өмірдің әлеуметтік жағдайына жалпы қарсы шыға отырып, өздерінің назарларының басым бөлігін адам өмірінің сыртқы тұстарына аудара отырып, адамдардың әлеуметтік жағдайын, мүлік теңсіздігін, өздерінің не басқа қоғамдық ортаның сұрқын, мінезін, болмысын, көбіне сатиралық сын тұрғысында, тура ашып көрсетеді (мысалға, Гоголь, Салтыков-Щедрин, Бальзак, Золя). Екіншілері назарға рухани бай тұлғалар тағдырын ала отырып, олардың жақсы өмірге деген ұмтылысын, осы жолдағы жеке мүмкіндіктерін ашып көрсете отырып (мысалға Тургенев, Чернышевский, Толстой, Стендаль, Диккенс), көркемдік мазмұнның романдық типі басым бағытты құрайды.
Бұл жерде бір әлеуметтік-идеологиялық көзқарастағы суреткерлердің, немесе бір ағымдағы жазушылардың әр түрлі көркемдік бағыттарға қосылатындығын ескеру қажет. (Мысалға революцияшыл-демократ Салтыков-Щедрин өзінің ашық сыншыл пафосымен Гоголь, Бальзак, Теккерей сияқты революцияшыл-демократтық көзқарастан алыс жазушылармен бір қатарда тұрса, ал аса тегеурінді революцияшыл-демократ Чернышевский өзінің адамдардың жағымды болмыстарына деген ерекше қызығушылығынан либерал-дворян Тургенев, патриархальды-шаруа жазушысы Л.Толстоймен бір бағытты құрайды.). Қазақ әдебиетінің тарихына үңілсек, бір ағымдағы А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты қаламгерлердің, екінші бір ағымдағы С.Сейфуллин, С.Мұқанов сияқты қаламгерлермен көркемдік бағыттағы ішкі үндестігін байқасақ, өзге ағымдағы Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтерді екінші бір ағымдағы көркем прозаның асқан шебері Ж.Аймауытовпен көркемдік тұрғыда бағыттас болып, оның талантты ізбасарлары ретінде көрсетті. Түрлі ағым ұстанған поэзия тарландары М.Жұмабаев пен І.Жансүгіровты көркемдік көзқарастары сай, бағыттас ақындар деуімізге болады. Ең бастысы әр түрлі ағымдар мен бағыттарды ұстанатын жазушылардың бір көркемдік жүйені, біздің жағдайымызда реалистік жүйені құрайтынын ескеруіміз қажет.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КОМПОЗИЦИЯСЫН ТАЛДАУ МӘСЕЛЕСІ
Көркемдік уақыт пен кеңістік - әдебиеттану ғылымындағы мәні терең өзекті мәселелердің бірі. Болмыстағы құбылыстардың барлығын біз осы өлшемдер арқылы ғана бағамдай аламыз. Тылсым табиғатта мезгіл мен мекен заңдылығына бағынбайтын еш нәрсе болмас. Кеңес заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен уақытты тарихи уақыттың ғана ішінде қарастырды. Алайда соңғы жылдары көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесін зерттеген теориялық еңбектер жарық көруде. Орыс әдебиеттануында көркемдік кеңістік пен уақыт турасында алғаш сөз қозғаған ғалымның бірі - М.Бахтин. Ол көркем шығарманың бітіміне лайық өзара байланысқа түсіп, көркемдік қызмет атқаратын уақыт пен кеңістіктің бірлігін хронотоп деп атайды. Көркем шығармадағы хронотоп немесе мекеншақ (Б.Майтанов) ұғымы әлемнің философиялық-логикалық моделін бейнелеу арқылы өтпелі дәуір әдеби процесіндегі терең өзгерістерді пайымдауға мүмкіндік береді. М.Бахтин: Әдеби көркем шығармадағы хронотоп дегеніміз - уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық бірлікте көрінуі. Мұнда уақыт қоюланып тығыздалады, сығылысады. Сөйтіп көркемдігімен көзге түсетіндей дәрежеге жетеді: ал кеңістік болса, шоғырланады, тарихтың, сюжеттің, уақыттың қозғалысына бағындырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді. Мінеки көркем хронотоп қатпарлардың осылай қиысып,белгілердің осылай қосылып, тұтастануымен сипатталады [1, 235] - деп анықтама береді.
Аталған уақыт пен кеңістік ұғымдары әдебиет пен өнерге қатысты үш салаға бөлініп қарастырылады: 1.Реалды (физикалық) уақыт пен кеңістік; 2.Концептуалдық уақыт пен кеңістік; 3.Перцептуалдық уақыт пен кеңістік [2, 11].
Уақыт пен кеңістік категорияларының мағынасы, функциялары, құрылымы Б.М.Бахтин, Д.С.Лихачев, Н.К.Гей, Г.М.Фридлендер, А.Я.Гуревич т.б. ғалымдарың еңбектерінде қарастырылады. Осы мәселе З.Қабдолов, З.Ахметов, Ш.Елеукенов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Т.Рахымжанов, А.Ж.Жақсылықов, Н.Джуанышбеков, А.Темірболат еңбектерінде сөз болады.
Реалды уақыт пен кеңістік бізден тыс объективті түрде болып жатқан құбылыстарда, олардың алмасу, орын ауыстыру өзгешеліктеріне қатысты. Адамзаттың ұғымында олар туралы түсініктің болуы да, болмауы да мүмкін. Концептуалдық уақыт пен кеңістік - табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің заманымызда жинақталған ұғымдар. Бұл іс жүзінде реалды уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі болып табылады. Бұған әр халықтың өзінше қолданатын ай, күн, календарлары, мүшел, жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін жатқызуға болады. Перцептуалдық уақыт пен кеңістік ұғымы адамдардың сезім-түйсіктерінің, психологиялық суреттерінің өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы.
Уақыт пен кеңістіктің біздің санамызда бейнеленген қандай үлгісі болса да, олардың өзгешеліктері, өлшем-пішіндері реалды уақыт пен кеңістікке қарап анықталады, барлығы да содан туындайды. Уақыт пен кеңістік жазушының дүниетанымын, дүниені қабылдауын, жазушы стилін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, сол арқылы әлемнің жеке-авторлық суретін құру ерекшелігін, көркем шығарманың ішкі заңдылықтарын айқындайды, шығарманың композициялық тірегі болып, көркем образдардың ашылуының ішкі ұйымдастырушысы болады. Уақыт пен кеңістікті зерттеу көркем шығарманың тініне бойлап, оның құрылу спецификасын, жазушының дүние туралы концепциясын айқындауға мүмкіндік береді.
Жазушы өз шығармасында оқиға өтетін белгілі бір кеңістікті жасайды. Ол кеңістіктің ауқымы кеңейіп, оқиғадан да тыс көп дүниелерді қамтуы мүмкін. Авантюралық, саяхаттық немесе фантастикалық, модернистік романдарда оқиға жерден тыс басқа әлемдерде өтуі мүмкін. Сонымен қатар оқиға бір бөлменің ішінде ғана немесе бір күн, бір сағат ішінде өтуі де мүмкін. Кеңістіктің географиялық орта ретінде нақты, реалды түрі болады. Мысалы тарихи романдардағы кеңістік. Ол ойдан шығарылған, фантастикалық сипатта болуы мүмкін. Сонымен қатар кеңістік пен уақыттың мифтік түрі де бар.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ прозасында уақыт пен кеңістік өлшемдері күрделенді. Реалдылық ертегімен, мифпен жымдаса өрілді. Нәтижесінде хронотоп шартты сипатқа ие болды. Мысалы, Дулат Исабеков шығармаларындағы болып жататын оқиғалар кеңістік жағынан әдейі тиянақталмаған. Оқиғаның қандай жерде, қай уақытта болып жатқанын тек адамдар қатынасынан, анда-санда бір көрініп қалып жататын тұрмыстық суреттерден, кейіпкерлердің сөз саптау ерекшеліктерінен ғана жобалай аламыз. Автор үшін ол негізгі максат та емес. Қаламгердің біз зерттеп отырған повестеріндегі трагизм жазушының нақты бір қоғамдағы әлеуметтік шындыққа келіспеу идеясынан, наразылығынан емес, жалпыға ортақ категориялардан туындайды. Сол мақсатты суреткер жеке адамдардың ғұмыры мен тағдырына үңілу арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Көркем шығармадағы кеңістік пен уақыт сол шығармадағы оқиға, іс-әрекеттерге қатысты өзгереді. Ал олардың алмасуына, бір-біріне қатысты жүйеге түсуіне әлеуметтік жағдай себепші, іс-әрекеттің мән-мағынасына бағындырылған. Шығармада қаһарманның дүниеге келген сәтінен кемеліне келген шағына дейінгі кезеңді тездетіп баяндау, уақытты сығымдау немесе оны созу, оқиғаны тек соның айналасына жинақтап, дамыту т.б. уақыт пен кеңістік категорияларына да әсер етеді. Реалды уақыт үздіксіз өтіп жатады және үнемі алға біркелкі жылжиды. Бізді қабылдауымызда уақыт кейде ақырын, кейде жылдам ауысқандай болады. Ал көркем шығармадағы уақыт оқиғаның суреттелуіне байланысты бірде жедел, бірде баяу жүріп, кейде үзіліп те отыруы мүмкін. Қайсыбір шығармаларда оқиға аяғынан басталып, суреткер уақытты кейін қарай жылжытып көрсетуі мүмкін. Мәселен, О.Бөкеевтің Үркер, Бәрі де майдан шығармаларында уақыт кейін жылжытылып, негізгі оқиғалар, тартыс лирикалық шегініс арқылы беріліп отырады.
О.Бөкеев шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Жазушының өзі де Қар қызы повесі жөнінде: Ол повесте менің айтайын дегенім тракторшылар өмірі емес, кеңістік пен жалғыздық мәселесі, адамның кеңістікті түсінуі, қабылдауы, кеңістіктің жалғыздыққа жасайтын ықпалы - дейді. О.Бөкеев шығармаларында жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі. Шығармаларда суреттелетін оқиғалардың уақтысы, мезгілі нақтылы көрініс табады. Таңның қылаң беруі, күннің шығуы, сәуле шашуы, талма түс, бесін, өліара бітіп айдың жаңалануы, айдың толысуы, бәрі де мезгілдік қызмет атқарып тұр. Сонымен бірге жазушы шығармаларындағы оқиғалар, іс-әрекеттер нақты сюжеттік уақыт жағынан алғанда екі-үш тәуліктік мерзімді ғана қамтып көрсетеді. Қалғандары кейіпкердің жан-дүниесіне сыналай кіру, ой дүниесін ақтару арқылы лирикалық шегініс, кейіпкер монологтары арқылы беріліп отырады. Жазушының Мұзтау повесінде негізгі кейіпкер Ақтанның нақтылы уақыт, үш күнгі елден жырақ тіршілігі суреттеледі. Ақтанның ойы, естеліктері кейін шегіну арқылы ғасырлар тереңінен сыр тартып көркемдік уақыттың танымдық сипатын, әсерлігін арттыра түседі. Автор кейіпкердің дүниеге көзқарасының қалыптасуына ерекше әсер еткен жағдайларды, мәнді кезеңдерді таңдай отырып, шығармадағы тарихи уақыт сыйымдылығын арттыра түседі. Өмірі Аршалының тарихымен сабақтас жазушы өзі ақ көңіл адам еді деп сипаттайтын өтірікші Асан шалдың ертегілері арқылы көркемдік уақыттың қаншалықты маңызды, мағыналы болатындығына көз жеткізеді. Осы Асан шалдың өтірігі арқылы шығармада фольклорлық уақыт пен кеңістік те бейнеленеді.
Тәуелсіздік жылдарындағы әдеби процесте мениппеяның кейбір белгілерін бойына жинаған, көркемдік ізденісі, тақырыбы, әдісі тұрғысынан елді елең еткізген, көзге алабөтен көрінген шығарманың бірі - М. Мағауиннің Қыпшақ аруы хикаясы. Шығармадағы фантастикалық, философиялық мотив, жұмбақ жайттар, уақыт пен кеңістіктегі еркіндік бірден зерттеушілердің қызығушылығын тудырды, қызу талқылаудың нысанына айналды. М. Мағауиннің Қыпщақ аруы романындағы басты кейіпкер - сұлулық. Айсұлу бегім уақыт пен кеңістікке тәуелсіз сұлулықтың символына айналған. Сюжеттік шырғалаң, шығарманың мазмұндық астарының қалыңдығы, уақыт пен кеңістік аясындағы еркіндік, өткен мен бүгін арасындағы контраст, өткен тарих сілемдеріне назар салу, ретроспективтік ыңғайдың молдығы жазушы шеберлігінің табиғи қуатын танытады.
Қазіргі қазақ прозасында мифтік бастаудың әсері күшті. Қаламгерлер өз шығармаларында аңыз-әңгімелерді, діни көне сюжеттерді кеңінен қолдану үстінде, бұл өз кезегінде олардың шығармаларындағы кеңістіктік-мезгілдік өлшемдердің күрделенуіне әкелді. Бұл ретте қаһармандардың ішкі әлемінің ұңғыл-шұңғылын, олардың жан дүниесінің, санасының, жадының, қиялының кеңістіктерін зерттеуге назар аудара бастады. Бұл бір жағынан адаммен байланысты философиялық мәселенің түп негізіне бойлауға, екінші жағынан жеке уақыт пен кеңістіктің шекарасын жылжытуға мүмкіндік берді.
Әдеби шығарманың композициясы - бейнеленген заттық бірліктердің және тілдік-көркемдік тәсілдердің ретпен орналасуы мен сабақтастығы, шығарма элементтерінің, белгілердің байланысу жүйесі [3, 150]. Теорияға иек артсақ, сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтайтын формаға жатады. Бұлардың бірлігімен қатар өзгешеліктері де бар. Композиция барлық шығармада болады, өйткені композициясыз шығарма көркемдік қасиетінен айрылады. Композиция сюжеттен тыс нәрселерді де қиюластырады, яғни ол - сюжеттен кең ұғым. Әр суреткер шығармасының сюжетін өз қалауынша құрады, белгілі бір қалыпқа бағынбайды. Әр шығарманың архитектоникасы әр түрлі. Сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді (көбіне лирикалық өлеңдерде). Бұл турасында О.И.Федотов: Толық мағынасында эпос пен драма ғана сюжетті; оқиғалық желісі әлсіз немесе тіпті жоқ лирикалық шығармаларда сюжет болмауы да мүмкін. Нүктелік сюжет (В.В.Кожинов) ұғымы да бұл жағдайда жеміссіз [4, 85] - дейді.
Мысалы М.Жұмабаевтың Жаралы жан өлеңін алайық:
Соқпа сорлы жүрегім,
Шірі енді, ақ білегім!
Мынау қара құзғынның
Бердің-ау тәңірім, тілегін!
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz