Ф. Бэконның эмперизмі


Ф. Бэконның эмперизмі
Жоспар
1. Өмірбаяны
2
.
Таным мәселелері
3.
Ф. Бэконның философиялық идеясының - эмпиризмнің мәні
4. Тәжірибелік-индуктивтік әдістеме жасау
Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж. ) - сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлік - әкімшілік орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақьтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Енді оның философиямен айналысуына жол ашылады.
Ф. Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Орга-нон», «Жаңа Атлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.
Ф. Бэконның шығармаларының ерекшеліктері - ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы - тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да акиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері-оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.
Тәжірибені талдай келе, Ф. Бэкон оны екіге бөледі. Олар -жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екішні табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, адамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы қажет. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға -поэзия, ақыл-ойға - философия.
Тарих ғылымын Ф. Бэкон екіге бөледі. Олар - жаратылыстану тарихы (historia naturalis), екіншісі - азаматтық тарих (historіа civilis) .
Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.
Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктерге сай, Ф. Бэкон Құдай мәселесін «қос ақиқат» тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан ол теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф. Бэкон оны да екіге бөледі. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия жемісті тәжірибелерге сүйеніп, табиғатта бұрын соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.
Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туындысы ретінде оны философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесі ретінде азаматтық философия (philosophia civilis) зерттейді.
Таным мәселелері
Ф. Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселін тигізетін нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерелеу қажет. Сонда ғана жаңа әдістерге жол ашылып, зерттеулердің тиімділігі артады. Сол ғылымдағы кедергілерді Ф. Бэкон «идолдар», я болмаса «елестер» дейді. Олар - төртеу.
Бірінші елес - тектік идолдар (idola tribus) . Олар адамның жартылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны біз қазіргі тілмен «антропоморфизациялау» деп айтар едік. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келіп тіреледі. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-білуге бағытталған кезде, оларды «өзіне ұқсатып» түсіндіруге тырысады. Текті елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкін емес. Ф. Бэконның бұл айтқан ойларын растау үшін мынандай мысал келтірейік. Адамдың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниелердегі ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы XX ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөніндегі неше түрлі аңыздарды тудырды. Ол қазіргі заманның тудырған мифтері бойынша, ұшып келген тарелкалардың ішінен шықкан пенделер нақ жердегі адамдар сияқты екі аяқты, екі қолды, екі көзді, тек олардың түсі көкшіл екен т. с. с.
Әрине, кең ғарыштың кеңістігінде басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда өмір және сол өмірдің биік ғажап шыңы - рух пайда болуы мүмкін. Бірақ ол рухтың иесі тек адам сияқты болуы тіпті қажетті емес. Бірақ адам оны өзіне ұқсатып көргісі келеді… Ал бізге ең жақын орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелік жыл екенін ескерсек (яғни секундына 360 мың км. жылдамдықпен ұдайы 5 жыл ұшу қажет !!!) және А. Эйнштейннің салыстырмалы теориясына сай ондай жылдамдықтың шеңберінде заттың салмағы күрт өсіп кеңістіктегі алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, онда қайсыбір тіршілік түрі мұндай қашықтықты өте алмайтындығына көзіміз жетеді. Сонымен ғылыми тұрғыдан қарағанда, «тарелка мифінің» орынсыз екенін көруге болады. Міне, бұл - Ф. Бэконның айтқан тектік идолдарының бүгінгі таңдағы бір көрінісі ғана.
Екінші елес - ол үңгір идолы (idola specus) . «Әрбір адам белгілі бір отбасында, белгілі бір жерде дүниеге келіп, тәрбиеленеді, ересек адамға айналады. Біреу адам түгіл құдай да ұмытқан ауылда екіншісі аудан орталығында, үшіншісі астанада, ия болмаса үлкен қалада туып - тәрбиеленеді. Біреу кедей, екінші ауқатты отбасында өсіп-өнеді, көбінесе соған сәйкес білім алуға, өмірде өз орнын табуға мүмкіндіктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзінің зор ықпалын тигізбей қоймайды. Ол сол өзін қалыптастырған «үңгірден» дүниеге қарайды, ал оның өзі «табиғаттың сәулесін әлсіретіп бұрмалайды», - дейді ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы - дүниеден алған жеке тәжірибені жалпыхалықтық тәжірибемен ұштастыру болмақ.
Үшінші - алаң, ия болмаса базар елестері (idola fori ) . Олар қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзі зат пен соны көрсететін, бейнелейтін сөзді толығынан теңеу. Ал шынына келсек, сөз - затқа қойылған ат қана. Сөз көбіне заттың не екенін емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетеді, дейді ұлы ойшыл. Егер сөзді затқа теңесек, онда көбіне біз «жалған даналық» жолына түсіп кетеміз. Бұл елеске берген сыннан біз схоластикалық философияға қарсы бағытталтан Ф. Бэконның көзқарасын болжаймыз.
Төртінші, соңғы елес - ол театрлар идолы (idola thcatn) Олардың дүниеге келу себебі тарихтағы өмір сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтін мәңгі ақиқат» ретінде түсіну. Мысалы, белгілі бір мәселе бойынша Аристотель былай деп айтқан, ал сіз Аристотельден де ақылдысыз ба? - деген дау-дамайдан сол адамның «театр елесінің» шеңберінде екенің байқаймыз. «Ақиқат беделдің емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы», - деп қорытады Ф. Бэкон. Жаңада ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негізгі елесі осы «театр елесі» болды емес пе? Тек беделділердің аттары ғана өзгерген жоқ па? Олар К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин т. с. с. болды. Бүгінгі тандағы қоғамды демократизациялау, көп пікірлік принципке көшу бұл елестің өмірден кетуіне себеп болуда.
Сонымен жоғарыда көрсетілген идолдар қандай күшті болғанмен, ғылым жолына түскен адам өзінің ақыл-ойын, дүние сезімін олардан тазарту керек деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл пікірге толығынаан қосылуға болады.
Ф. Бэконның философиялық идеясының - эмпиризмнің мәні : таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім - түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты - экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.
Ф. Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.
Ф. Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш».
Индукция - көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «әртүрлі металл түрлері балқитын болса, онда бұл барлық металдардың балқу касиетіне ие екенін көрсетеді. ") деп түсіндіреді Фр. Бэкон.
Ф. Бэкон және парламент мүшелері
Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр. Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы - мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі - оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді) . Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы - индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:
- «өрмекші жолы»
- «құмырсқа жолы»
- «ара жолы».
«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды».
«Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше) . Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпирктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz