Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАСПАН ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ

Тақырыбы: Ғылым дамуының тарихи кезеңдері:
салыстырмалы талдау

Информатика пәнінің мұғалімі: Жаркинова Ж.Д.

Қаспан 2019

Жоспар

1. Ғылым туралы жалпы түсінік.
2. Ғылым дамуын тарихи кезеңдерсі.
3. Ғылым саласының салыстырмалы талдауы.

Ғылым - тұтас көпқырлы күрделі құбылыс. Ғылым - шындық туралы обьективті білімдерді теориялық тұрғыдан жүйелейтін, өңдейтін адам қызметінің нәтижесі. Ғылым адамның ойлау мәдениетіне, шығармашылық қабілетіне, интеллектінің шексіз дамуына бағдарланады. Ғылым тек сыртқы дүниені ғана емес, өзіне-өзі де үңіледі: ғылым тарихы, логикасы, білім мен ғылым социологиясы, ғылымтану т.б.
Соның маңызды терең салаларының бірі - ғылым философиясы мен әдіснамасы. Ол ғылыми танымдық қызметтің заңдылықтарын, ғылыми білімнің құрылымы мен динамикасын, ғылыми таным әдістері мен құралдарын, білім дамуын зерттейді.
Бүгінгі таңдағы еліміздің ғылым мен білімге басымдылық беру саясатына орай, оны тереңірек игеру және зияткерлік деңгейді көтеру ұстыны білім беру үдерісінен бастау алады.
1.Ғылым дамуын тарихи кезеңдерсіз қарастыру мүмкін емес болғандықтан, 19 ғасырдың екінші жартысында арнайы ғылым тарихы ілімі қалыптасты. Ғылымның түпбастауының кезеңін анықтау да жалпы алғанда қиындық туғызатын мәселе болғандықтан, ол туралы мынадай әр түрлі көзқарастар қалыптасқан: ғылым адамзаттың пайда болуымен бірге, еңбек құралдарын қолданып, табиғатқа үстемдік жүргізе бастағаннан-ақ қалыптасты; 2500 жылдай бұрын Грек философиясы кезеңінде пайда болған; 400 жылдай бұрын жаратылыстану білімдерінің пайда болуынан, екі ғасыр бұрын позитивті ойлау машығының ықпалымен пайда болған.
Екіншіден, ғылым дегенді анықтаудың өзі қиындықтар туғызады, ғылыми мен ғылыми еместі ажыратудың өзі қиындықтар туғызады, ғалымдар тарихи дамудың барысында да ғылымды анықтауда әр түрлі шешімдерге келіп отырған. Сондықтан да оның шығу тегін анықтау қиынға түседі. Сонымен қатар ғылым әр мәдениетте де әр түрлі қарастырылады. Мысалы, физиканың өзі әр түрлі деп айтуға болады. Антикалық мәдениетте физика денелердің тұрақтылығы, арабтарда алхимиялық, жаңа еуропада шексіз кеңістіктердің динамикасы.
Протоғылым қазіргі ғылым талаптарына толықтай жауап бере алмайтын, әйтсе де, олармен туыстас болып келетін ғылыми түсініктер болып табылады. Мысалы: Шумер, Көне Египет, Үнді, Қытай т.б. Бұндай түпбастау жөнінде Дж. Бернар былай деп тұжырымдайды: Ғылымның басты ағымы алғашқы қауым адамының пратикалық техникалық тәсілдерінен туындайды. Біздің механикаландыру мен мен ғылымға негізделген барлық күрделі өркениет байырғы өткен дәуірдегі әлеуметтік институттар мен материалдық мәдениеттен өркендеп шыққан, басқаша тілмен айтқанда, біздің ата-бабаларымыздың қолөнері мен дәстүрлерінен.
Математикаға, механикаға, медицинаға, астрономияға негізделген білімдер көне өркениеттерде қолданбалы сипатта болды. Гидротехникалар салуға, жалбарыну құрылыстарын, сарайлар, соғыс құралдарын тұрғызуға, күнтізбелер шығаруға, болашақты болжау мен емдеуге қызмет етті. Бірақ олар кей жағдайларда құпия ілімдер ретінде сақталды, қоғамдағы жоғары касталар немесе ата-аналары арқылы ұрпақтарға берілді. Мәселен, көне Үндіде сыртқы әлем алдамшы, негізгі адамның мақсаты тәндік ұмтылыстардан азат болу, сыртқы әлемді тану онша маңызды бола қоймады. Ежелгі Гректер кейбір ғылыми білімдерді шығыстан алды. Мәселен, Үшбұрыштардың бұрыштарының қатынасы туралы заң Пифагор негіздеген деп жеткізілгенмен, оны көне Мысыр, Үнді, Қытай елдері білген. Б.э.б 15 ғасырларда жазылған вайшешика ілімінде дүниенің атомдардан құралғандығы, няя ілімінде логиканың жалпы жобасы жасалған. Б.э.б 4-3 ғасырларды оны Демокрит, Аристотельдер ашқан болып саналып кеткен.
Бірақ гректер ғылыми танымға өзіндік бір ерекше үлес қосты: теория жеке тұжырымдардың жиынтығы емес, бір-бірімен логикалық тұрғыдан байланысқан жағдайлар екендігін, ол жалпы тәжірибе мен интуитивтік жобалаулардан ерекшеленетіндігін. Осыдан антикалық ғылым бойынша, дәлелдену, теориялық болу, каузальді-логикалық ойлау білім үшін маңызды деп есептелді. Сөйлеудің аргументті, негізделген, дәлелдемелері талаптары қалыптасты. Мысалы, шешендік өнер басты иделдардың бірі болған.
Ғылымның да философияның да, алдымен, Месопотамия жерінде одан, ежелгі Мысыр одан кіші Азия арқылы Ежелгі гректерге өткені белгілі. Батыстық ойшылдар да ғылымның алдымен шығыста қалыптасқанын мойындауда. Гректер философияны ежелгі Мысырлықтардан алды. Бұл қауымдар мекендеген елдер Жерорта теңіз жағалауы, Месопотамия, Мысыр және Араб жерлері болып табылады. Апологеттердің пікірінше, әрбір пайғамбар міндетті түрде бір муғжизамен келген. Олар тек қана діни жол бастаушы емес, өз қауымын дүниелік тығырықтан алып шығатын көшбасшы да болып келген. Олардың әкелген муғжизалары белгілі бір ғылыми саланың қалыптасуына түрткі болған. Мысалы, Муса пайғамбардың асасы жерден су шығару техникасының қалыптасуына жол сілтеген. Юсуф сағатты ойлап табуы уақытты есептеуге және сағаттың шығуына негіз болған. Иса пайғамбардың дәрігерлік саладағы муғжизалары медицина ғылымының дамуына түрткі болған. Даут пайғамбардың муғжизасы темірді балқыту техникасына негіз болған.
Тарихшылар да алғашқы мәдениеттің Тигр, Ефрат және Ніл секілді ірі өзендер жағалауында қалыптасқанын айтуда. Ежелгі мәдениеттерде ғылым, дін және сиқыр өзара тығыз байланыста болған.
Ежелгі мәдениеттерде ең көп дамыған ғылым салалары Астрономия, математика және медицина болған. Бұл салалардың адам өмірімен тікелей қажеттілігіне назар аударатын болсақ олардың практикалық мәнін де түсінуге болады. Өйткені құрылыс пен сауда саттық математиканың, аспан денелерінің қозғалыстарының астрологияда қолданылуы және медицинаның адам өмірімен тікелей байланыста болуы бұл ғылым салаларын да қалыптастырды.
Ғылым саласының көзге көрінер анық кезін ХІХ -- ХХІ ғасырыда десек, алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.т. жатқызамыз.Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарстырылып, метофизика саласын бөліп шығарды . Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді. Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенме олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында, бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны дамытады.
ХХ ғасырдың орта шеніне таман герменевтика философиялық түсіндірмелердің негізгі ұстанымына өтті. Гадамерде болмыс өзін нақты адамдар мен құбылыстар арқылы түсінеді, бұл - болмыс, тіл, дәстүр. Қазір жалпы мағынасында шындыққа философиялық тұрғыдан келу және адамның саналы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдайтын ғылым салаларында қолданылады. Герменевтика салысының негізгі орталық түсініктері: мәтін, мәтіндік талдау, түсіну мен түсіндіру, шеңбермен тұйықталу, сұхбат, қарым-қатынас т.б. Негізгі өкілдері: Дильтей, Гадамер, Рикер, Шлейермахер, Хабермас, Бетти т.б.
Философиялық герменевтика - түсінуді герменевтикалық шеңберге алып келетін (бүтін бөлшекпен, бөлшек бүтін арқылы түсініледі) шексіз процесс. Герменевтика дамуындағы әр түрлілік: аударма (өз тіліне мағынаны аудару), реконструкция (шынайы мағынаны тудыру), диалог (өмір сүретіндерге қатынасты жаңа мағынаны қалыптастыру) бойынша құрылады.
Реконструкция Шлейермахердің идеясы бойынша өркендей түсті, ол мәтін автордың ішкі сезім түйсіктерімен байланысып жатырғандығын атап көрсетті, ал Дильтей мәтіннің шығу жағдайына үңілді, герменевтиканың базасы сипаттамалы психология болып табылатындығын атап өтсе, Э. Бетти герменевтика философиядан тәуелсіз гуманитарлық ғылымдардың тәсілі болып қалуы тиіс екендігін негіздеді.
Шлейермахер Фридрих (1768 - 1834 жж.) немістің протестанттық теологы және философы герменевтиканың қалыптасуына ықпал еткен, бірақ ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген ойшыл. Негізгі шығармалары: Дін туралы сұхбаттар Монологтар, Диалектика т.б. еңбектерімен қатар этика, эстетика, психология мәселелерімен шұғылданды.
Дильтей Вильгельм (1833 - 1911 жж.) немістің мәдениет тарихшысы, философ-идеалист. Негізгі шығармалары: Сипаттамалы психология, Дүниеге көзқарастың типтері және оның метафизикалық жүйедегі көрінісі т.б.Өмір философиясының өкілі, түсіндірмелі психологияны негіздеуші Дильтейдің түсінігінде орталық мәселе мәдени-тарихи шындықтағы адам болмысынң тәсілі ретіндегі өмір ұғымы. Адам тарихты иеленбейді, өзі оның не екендігін ашып көрсететін тарих дей келе, тарихтан табиғат әлемін ажыратып алды. Таным теориясын Рух туралы ғылым деп ұсынды. Рух туралы ғылым ретінде философияның мақсаты -- өмірдің өзінен шығатын өмірді түсіну. Осыған байланысты ол кейбір рухани тұтастыққа тікелей жетудің тәсілі ретінде түсінуді басты орынға шығарады. Түсіну өмірге интуитивті түрде енумен туыстас, оған сыртқы тәжірибемен және пайымдаудың құрылымдау қызметімен байланысты болып келетін табиғат туралы ғылымда қолданылатын түсіндіруді қарсы қойды. Өзінің жеке ішкі әлемін түсіну интроспекция арқылы қол жеткізіледі, өзге әлемді түсіну -- бірге күйзелу, сезінісу арқылы іске асады, ал мәдениетке қатысты алғанда өткенді түсіну интерпретация арқылы жүзеге асады, бұл тәсілді Дильтей герменевтика деп атаған: жеке құбылыстарды сол дәуірді қайта жағырту арқылы, ондағы тұтас жандық-рухани өмірдің сәтідеп түсіндіру қажеттігін ұсынды. Адам өзінің кім екенін тек қана тарих арқылы біле алады деп тұжырымдамды.
Кейіннен Дильтей түсінудің психологиялық тәсілі ретінде интроспекциядан бас тартады. Ол өмірдің соңғы құпиясын мойындауға қарай жақындап, романтизмге қарай ойысып отырады, оған түсіндіруші (интерпретатор) тек жақындап қана келе алады, түбегейлі соңына дейін жете алмайды деп байыптайды. Батыс еуропалық дүниеге көзқарас біржақты болғанмен, адам табиғатының шынайы көрінісін бере алатын, үш типін көрсетеді: материализм (позитивизм), объективті идеализм және еркіндік идеализмі. Бірақ бұлардың ешқайсысы философияда монополиялық түрде үстемдік ете алмайды, метафизика олардан ауытқып кетеді.
Гадамер Хане Георг (1900 жылы туған) неміс философы. Негізгі шығармасы: Ақиқат пен әдіс. Дильтейдің түсіндірмелі психологиясынан, Гуссерльдің көкжиек пен өмірлік әлем түсініктерінен, Хайдеггердің тіл туралы ілімінен туындатып, герменевтиканың тұжырымдамасын негіздеді. Ол герменевтиканы тек гуманитарлық ғылымдардың әдісі ретінде ғана емес, өзіндік ерекшелігі бар онтология деп көрсетті.
Рикер Поль (1913 жылы туған) көрнекті француз философы, экзистенциализмдегі діни феноменологияның өкілі, кейіннен герменевтикалық мәселелермен шұғылданушы. Оның негізгі философиялық мәселесі -- субъектінің ерік белсенділігі. Басты шығармасы: Ерік филосо - фиясы. Гуссерльге, Хайдеггерге, Фрейдке сүйене отырып, ол ерікті адамның шекті бастапқылығы ретінде ұсынып, бұның қоршаған шындыққа мағына енгізуге қабілетті екендігін атап өтеді. Шекті бастапқылық жеке адамның бейболмыстың мүмкіндігін саналы түйсінуінен, қобалжуынан тұрады. Адам санасын ілгерішіл зерттеудің шегі - адам болмысын толықтай ашатын құдайды түсіну болып табылады деді. Осы қағидалар негізінде, Рикер ұсынғандай, әлем мен мәдениетті, адамды түсіндірудің тәсілі ретінде феноменологиялық герменевтика құрылады.
Хабepмac Юрген (1929 жылы туған) неміс философы және әлеуметтанушы. Бастапқыда қоғамдық-саяси мәселелермен, осы заманның қоғамдық құрылысымен айналысып, бұндағы басты мәселе ретінде антогонистік қайшылықтарды бұқаралық пікірталспен және идеологияны бірте-бірте жоюмен бейтараптандыруды ұсынды.
Негізгі шығармалары: Қоғамдастықтың құрылымдық өзгерістері, Теория және практика, Техника және ғылым идеология ретінде, Әлеуметтік ғылымдардың логикасына қарай, Қоғам теориясы немесе әлеуметтік техно - логия, Мәдениет және сын, Тарихи материализмді реконструкиялауға қарай, Әмбебап праг - матика дегеніміз не?, Моральдік сана және коммуни - кативтік әрекет ету т.б.
Қоғамдағы тілдік қарым-қатынас мәселелеріне қарай ойысып, рационализациялау түсінігіне мән берді. Рационализациялау коммуникация құрылымындағы байқатпай құрылған мәжбүр ету қатынастарын жояды. Әлеуметтік талдаудың парадигмасында құралдық ақыл емес, коммуника - тивтік ақыл орталықтандырылуы керек деп тұжырымдайды. Осыған орай, Хабермас Гадамердің фило - софиялық герменевтикасын қолданудан бас тартады, бірақ тілдік өзара түсінісудің гадамерлік нұсқасын қоғамдық үдерістерді түсіндірудің құралы ретінде пайдалуға болатындығын көрсетті. Тіл үстемдік пен әлеуметтік биліктің құралы болып табылады дей келе, ол коммуникацияның өңін айналдыратын және жалған келісімді әкеліп таңатын институционалдық және мәдени мәжбүрлеуге қарсы тұрды: шынайы рационалды келісімге (консенсус) дискурс арқылы ғана жетуге болады, ол - аргументтер келтірудің өзара тең сұхбаттастық процедуралары және әмбебап келісім болып саналады, қарым-қатынастың парасатты субъектілерінің бәріне мағыналы. Философия жаңа заман кезеңіндегі мәдени құндылықтардың үш жеке аймаққа бөлінуінен пайда болған ақылдың бірлігінің жоғалуын қайтадан қалпына келтіреді. Бұл үш тармақ: ғылым мен технология, мораль мен құқық, өнер және көркемдік сын деп ой түйеді. Хабермас бойынша философия әлеуметтік практиканың ерекше формасы болып табылады. Сондықтан философиялық теория сырттан таңылған саяси практиканың толықтыруына мұқтаж емес, әрекетте өзінің ішкі практикалылығын қосады - рационалды сынның қуаты. Хабермас көп түрлі ағымдардың ішінде ХХ ғасырдағы маңызды төрт ағымды өзінің жеке келбеті бар деп көрсетеді: ана - литикалық философия, феноменология, батыстық марксизм және структурализм. Осы төрт бағытқа ортақ әуендер: постметафизикалық ойлау, лингвистикалық бетбұрыс, логоцентризмді жеңу. Осыларды жеке-жеке талдай келе, Хабермас өзара түсінісудің мәніне үңіліп, оның белгілерін көрсетеді.
Сезімдік таным тәжірибесімен белгілі болатын, жалпы алғанда, құбылыс деген мағынаны білдіретін феномен сөзінен шыққан феноменология түсінігі ХХ ғасырда арнайы ілім ретінде қалыптасып, ғылыми танымның жалпы әдіснамаларының біріне айналды. Ол өзінің бастапқыдағы мағынасынан кейіннен алшақтай бастады. Мәселен, Кантта - эмпирикалық құбылыстар туралы ілім, Гегельде - тікелей сезімдік қабылданатын абсолютті білімнен туындаған сананы метафизикалық бейнелеу, Брентанода - сипаттамалы психологияға сәйкес келеді т.б. Ал кейінгі феноменология Э. Гуссерль негіздеген іліммен байланысты барынша маңызды мағынаға ие. Осы феноменологияны қолдаушы өкілдер: Л. Ландгребе, Э. Финк т.б.
Феноменологияның сананың объектіге қатысын көрсететін басты түсінігі интенция. Феноменологияда санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты бар деп тікелей мойындауға болмайды, таным субъектісінің өзін танымға бағытталған таза сана деп түсіну керек (трансцендентальдік редукция), себебі, ол - тәжірибе мен тарихтан тыс сана ретінде психологиялық толқулар мен тілдегі көрінетін идеалды мағыналарға сәйкес келеді, олай болса, философия таза мағыналарды зерттеуі тиіс.
ГуссерльЭдмунд (1859-1938 жж.) неміс философ-идеалисі. Негізгі шығармасы: Логикалық зерттеулер, Еуропалық ғылымдардағы дағдарыс және транс - цендентальді феноменология т.б.
Ол психологизм бойынша кез-келген танымдық акт өзінің мазмұны арқылы эмпирикалық сананың құрылымы болып анықталады, сондықтан танушының субъективтілігінен тәуелсіз болып табылатын қандай-да ақиқат туралы ешнәрсе айтуға болмайды дей келе, психологизмнің өрістеуін Локктан бастап, Юм, Дж. Милль арқылы Вундтқа дейінгі аралықпен дәектейді. Қазіргі заманғы психологизмнің нұсқасы натурализмде, тарихилықта деп білді, сондықтан табиғат пен тарих туралы ғылымдар белгілі бір деңгейде негіздеуге мұқтаж, бұны философия, нақтырақ айтқанда, қатаң ғылым ретіндегі сананың феномендері туралы ілім -- феноменология ғана бере алады деп байыптаған Гуссерль, сананы эмпирикалық мазмұннан тазартатын өзінен-өзі айқын логикалық қағидаларды табуға ұмтылды, бұл редукция арқылы ғана мүмкін болады деп түсіндірді. Философия бұрынғы барлық догматикалық тұжырымдаулардан азат болу керек, сондықтан бұл дәуірді қандай-ма болмасын шешімдерден қалыс қалу актісімен аяқтау қажет. Осыдан тек қана жалғыз санадан ажырағысыз бірлік -- интенционалдық қана қалады: жеке адамдық психологиялық, әлеуметтік, нәсілдік сипаттамалардан азат болған жағдайдағы нәрсеге бағытталған сананың таза құрылымын қарастыру қажет деп атап өтеді. Осы интенционалдық арқылы Гуссерль басты теориялық-танымдық мәселе субъект-объект арақатынасын шешуге ұмтылды; ол екі жақтылықтың көпірі іспетті -- жалпы адамзаттық сананың имманентті әлемнің өкілі болу мен болмыстың трансценденттік әлемінің аралғында дейді.
Гуссерль феномендегі әртүрлі қабаттарды көрсетеді: тілдік қабықша, әр түрлі психикалық толқулар, санадағы ойланылған заттар. Нәрселік болмыс санаға іштей тән болып табылады, ол санаға қатысу арқылы өзінің объективті мағынасын табады, сондықтан нәрселік болмыс пен сана бір-біріне өзара қатынасты (коррелятивті). Сана екі жақтылықтың бірлігі болып табылады: танымдық актілер -- ноэзис және нәрселік мазмұндар -- ноэма, бұлар идеалдық мағынаға сәйкес келеді. Сондықтан феноменологияның мақсаты -- нәрсе туралы әр түрлі айтылған пікірлердің, сөздер мен бағалаулардың күңгірттеген мағынасын ашу. Бұл бағыт материализмнің барлық формаларын және сананың тарихи түсінігін жоққа шығарады. Сондықтан феноменологияның пәні -- таза ақиқаттардың патшалығы, априорлы мағыналар. Гуссерль түсінігінде, бұл бағыт бірінші философия болып табылады. Таным сананың ағымы: іштей ұйымдасқан және тұтасқан, бірақ нақты психикалық актілерден, таным субъектісі мен оның қызметінен салыстырмалы түрде тәуелсіз. Сондықтан феноменологиялық редукция өзінің ішкі мәнінен тереңдеп, психологиялық транс жағдайындағы ештеңеге өту бойынша танымның қатпарларын зерделегісі келеді.
Леви-СтроссКлод (1908 жылы туған) - француз этнографы, әлеуметтанушысы. Негізгі шығармалары: Мифологика, Құрылымдық антропология, Маскалардың жолдары т.б. Еуропоцентризм мен ра - сизмді жоққа шығарып, артта қалған халықтар мен байырғы ойлау дәстүрлерін ерекше таным ретінде бағалаған ол, осыдан өзінің үстемрациона - лизм тұжырымдамасын туындатты: еуропалық өркениеттегі жойылып бара жатырған сезімдік таным бастауы мен рационалдық танымның бірлігін қайта қалпына келтіру қажеттігін көрсетті, бұл үйлесімділіктің көзі адам болмысындағы қайшылықтарды шеше білген мифологиялық ойлауды зерделеуде деп білді. Леви-Стросс мифтік ойлауды ұжымдық бейсаналылық деп түсіндіріп, бұны адам ақылының анатомиясын және оның құрылымын көрсету деп білді. Бұнда ғылым теріске шығарған қажетті білімдер қоры бар деп бағалады. Бұл бағыт постструктурализммен және постмодернизммен ұласып кетті.

Қолданылған әдибеттер тізімі:

1. Б.М. Аташ, Л. Асқар., Ш. Абуева -ғылым тарихы мен философиясы.
Оқу құралы. Алматы 2014. 120 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАСПАН ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ

Тақырыбы: ХХ ғасыр ғылымы. Ғылымдар синтезі

Информатика пәнінің мұғалімі:
Жаркинова Ж.Д.

Қаспан 2019

Жоспар:

1. Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір саласы ретінде пайда болуы.
2. ғылым философиясының орны мен рөлі.
3. . Ғылымдардың синтезі.

Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір саласы ретінде пайда болған. Бұнда жеке ғылымдарды бөлек емес, тұтас қарастыру көзделеді. Ол танымның ерекше формасы, әлеуметтік институт, рухани өндіріс ретінде, мораль, өндіріс, дін т.б. салалардан ажырай отырып, олармен салыстырыла қарастырылады, ғылым рефлексиясы түрінде ұғынылады.
Ғылым социологиясы - қоғам құрылымы мен ғыылмның өзара қатынасын әлеуметтік институт ретінде қарастырады, ғылыми қауымдастықтардың (кәсіби, формальды емес) өзара әрекетен зерттейді, қоғамның әр түрлі типтеріндегі ғылым дамуының нақты мәдени әлеуметтік жағдайларын зерделейді.
Ғылымтану ғылымның қызметі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді және сипаттамалы, суреттемелі болып келді. Бұл сала ХХ ғасырдың 60 жылдары қалыптасқан болатын. Ғылымды саяси-мемлекеттік тұрғыдан реттеу, ғылыми қызметтің әсерін жетілдірудің ұсыныстарын жасау, ғылыми зерттеулерді басқару мен жоспарлау т.б. қызметтер атқарады. Бұдан ғылым өлшемі (наукометрия) туындайды: ғылыми жұмыстарды талдауға статистикалық зерттеулер, ғылыми мамандадың өсуі, қаржылық шығындар т.б. қарастырылады. Ал П.В. Копнин бұны арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Жас ерекшеліктері
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы (1991-2007 жж)
Саясат тарихы туралы ақпарат
Әлеуметтік процестермен жағдайларды оқып - білу
Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика
Психология жүйесі
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Мектепте фонетиканы оқыту
Пәндер