Дене тәрбиесі және спорт тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЭССЕ
Тақырып: Дене тәрбиесі және спорт тарихы.

Дайындаған: Мирахматова.М
ТОП 120-01
Қабылдаған: Амидов.А.И

Шымкент
Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің мақсаты -- жалпы халық пен жеке адамның үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін кешенді дене шынықтыру және спорттық ілімдер мен тәжірибені меңгеру. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғамды құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтің талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың дене қимылы дамуын қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Қазақ елінің өз тәуелсіздік бағытындағы даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып, дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін кемденіп отыр.Дене тәрбиесінің жүйесі әртүрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін өзара байланысты жекеленгендене тәрбиесі жүйесін құрып тұрады. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалар, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметтегі жоғары оқу орындарындағы жастар осы жүйдегі әлеуметтік ұйым болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өкенбіз. Дегенмен, дене тәрбиесі, спорт, дене шынықтыру, т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу, ең әуелі, оның ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заңдылық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Дене тәрбиесі негізі 2-бөлімнен тұрады: бірінші спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы.
Екіншісі-денешынықтыру. Бұл - жеке бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал Дене тәрбиесі, Дене шынықтырудеген түсініктен туындайтынын анық, негізгі бөлімдерінң бірі болып есептелінеді. дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.
Әлеуметтік - эконимикалық негіздері. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдағы экономика, саясат, ғылым және мәдениет саласындағы жүйелермен тығыз байланыста. Қоғамдық қатынастардың көрінісінің аясы (сферасы) есебінде ол сол жүйедегі жүріп жатқан өзгерістер әсерімен, яғни дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске осы байланыстардың нақты негіздерінің бірі болғандығынан дамытып отырады. Алайда қоғамдық өндіріске ол қосымша жолдар арқылы әсер етеді. Бұл жүйе тікелей қоғамдық өнім шығаруға араласпайды. Бірақ ол осы ортаға өндірістік қатынастарының субъектісі-адам арқылы әсер етеді.
Өзінің әр-түрлі салалары арқылы дене тәрбиесі жүйесі адамның әлеуметтік қызметінің барлық негізгі түрлеріне қатысты. Бұл адамның қозғалыста биологиялық қажеттілігін қанағаттандырып қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптасуын, қоғамдық қатынастардың жетілуін де қанағаттандырады. Адамның денесінің дамуы биологиялық заңдарға бағына отырып, табиғи жолмен де жүзеге асатындығы мәлім. Алайда қазіргі адамның қозғалыс белсенділігі оның дене мүмкіншілігін қажетті деңгейде ұстауға әлі жеткіліксіз.
Өзінің арнайы қызметін жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесінің жүйесі адамдардың қозғалыс белсенділігін қажеттілігін қамтамасыз етуге, сол арқылы дененің жетілуін және денсаулықтың жоғарғы деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық қабілетті.
Заң-құқықтық негіздері. Еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі оның қалыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір нормативтік құжаттарға, актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әр түрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтар, нұсқаулар). Олардың ішінде еліміздің жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Дене мәдениеті
Еркін күресте болатын жарақаттар
Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қазіргі жай күйі
Дене мәдениетінің жүйесі
Допты алып жүру
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Пәндер