ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ - ЛЫҚ, - ЛІК ( - ДЫҚ, - ДІК, - ТЫҚ, - ТІК) ЖҰРНАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ -ЛЫҚ, -ЛІК (-ДЫҚ, -ДІК, -ТЫҚ, -ТІК) ЖҰРНАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Сасанова Инабат Сасанқызы
inabat22071997@gmail.com
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Филология факультетінің 1-курс магистранты

Қазіргі қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы сөз тудыру жолдары да біршама зерттеліп жатыр. Жұрнақтар құрамын зерттеу - әрбір сөз құрамын талдаудың бір түрі. Ол сөздің ішкі құрылысын, қызметін айқындайды. Сөзжасам саласының қарастыратын мәселелері көп, осындай мәселелердің бірі - қазіргі қазақ тіліндегі лық, -лік, (-дық, -дік) жұрнағының қатысуы арқылы жасалған туынды сөздердің жасалуын, сөзжасамдық әлеуетін анықтау және осы жұрнақтар арқылы жасалған этнолингвистикалық атауларды анықтау мақаламыздың мақсатын айқындайды.
Әр ұлттың ерекшелігі көбінесе этностың салт-санасынан, дәстүрінен, әдет-ғұрпынан байқалады. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр халықтың мәдени, тұрмыстық, психологиялық, дүниетанымдық жағдайларына байланысты қалыптасады да, тіл арқылы сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Академик Ә.Қайдар Этнолингвистика атты мақаласында: Халықтың дүниетанымы мен болмысы оның тек тілінде сақталып, тіл арқылы көрініс тауып отыр.Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қозғалыстық қатарлар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағұлматтар бәрі-де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестер, фразеологизмдер мен мақал- мәтелдер, аңыз ертегілер арқылы ғана келіп жетуі мүмкін емес, -- деп жазды [1, 108-б.]. Тіл -- өз бойында ұлт тарихын, төл мəдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кəсібі мен салтын, дəстүрі мен даналығын тұтастықта сақталған таңбалық жүйе емес, ол -- мəдениет айнасы. Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулер нəтижесінде біршама көне сөздердің ұмытылған мағыналары жаңғыртылып, ұмыт болған төл тілдеріміз қайтадан сөздік қорымыздың қатарына еніп жатыр. Этнолингвистиканың негізгі мақсаты да -- төл сөзіміздің қатарын молайту, оларды жаңғырту, қолданымдық аясын кеңейту. Этнолексика арқылы қазақ халқының дүниетанымы, ұлттық ерекшелігі көрініс беріп, этнолексикаға қатысты атаулар қолданыс барысында əр түрлі мағыналық реңктерді кеңінен қамтиды. Этнос болмысы - этностың сонау бала кезеңінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өміртіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нəсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай руханимəдени қазынасы, ал Тіл əлемі - этнос болмысына қатысты мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі,- деп көрсетеді [2, 324-б.]. Қазақ тіліндегі этнолексика, этноатаулар ауыз əдебиетімізде, көркем шығармаларда кеңінен қолданылып, сол ұлттың табиғатын айқын көрсетіп бере алады. Тіліміздегі этнолексикаға жатқызылатын атаулар этностың тілінен, сол этнос туралы жазылған көркем əдебиеттен орын алады жəне ұрпақтан ұрпаққа ұлттық əрі рухани байлығымыз іспетті жеткізіліп келеді. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ғылымымен алғаш айналысқан ғалымдардың бірі - академик Ә.Қайдардың елеулі еңбектерінің бірі де бірегейі Қазақтар: ана тілі әлемінде атты еңбегі бүгінге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ [3]. Себебі, бұл еңбекте тақырып бойынша көптеген ғасырлар бойы жиналып қордаланған және әлі де жинақталып жатқан өте бай тіліміздің лексикалық байлығы, заттар мен бізді қоршаған табиғи құбылыстардың атаулары, адамдардың қоғамдық қарым-қатынасына, тұрмыс-салтына, бұрынғы көшпелі ру-тайпалар мен бүгінгі қауымның өмір сүру тәсілдері мен әдет-ғұрпына байланысты сан алуан тілдік деректер - лексика-фразеологиялық, паремиологиялық, ономасиологиялық, кәсіби-терминологиялық, эвфемистік, теңеу-салыстыру, т.б. ұлан-ғайыр этнолингвистикалық мағыналық бірліктер жинақталды. Қазақтар: ана тілі әлемінде деп аталатын еңбектің мақсаты - қазақ тілінің сөздік қорындағы жарты миллиондай мағыналық бірлігін қамтитын 3 томдық этнолингвистикалық сөздігін жасап, XXI ғасырда өмір сүретін ұрпаққа өз болмысын танытатын ана тілінің асыл қазынасын мирас етіп қалдыру. Біздің мақаламызда да осы еңбектің негізінде қазіргі қазақ тіліндегі -лық, -лік, (-дық, -дік) жұрнағы арқылы жасалған этнолингвистикалық мәні бар атауларды анықтап, олардың мағыналары мен маңыздылығын көрсету болып табылады. Өнімді жұрнақтар қатарында саналып келген - лық-лік (-дықдік, -тықтік) жұрнағы да сөзжасам үдерісіндегі белсенділігін сақтап қалғандығы белгілі. Бұл жұрнақтың көмегімен жасалған этнолингвистикалық атаулардың бірнешеуіне тоқталсақ: пендешілік, әңгүдік, әмеңгерлік, жаулық т.б. Пендешілік (пенделік деп те аталады). Құдайдың құлы-пенденің жер бетінде атқарар игі істерімен қатар өзінің "құлдық" болмысына тән шынайы адамдыққа жатпайтын (мыс: барына қанағат тұтпау, көрсеқызарлық, көзі тоймау, құлқынның құлы болу,құмарлыққа берілу,азғындау, сатқындық, парақорлық, барлыққа басы айналу, жоқтыққа шыдамау, мансапқорлық, табысқа мастану, маскүнемдік, досқа қиянат, сараңдық, ашкөздік, тоғышарлық, тоқмейілдік, көреалмастық, күншілдік, байлыққа мас болу, қайырымдылықты ұмыту т.б. осы сияқты) көптеген жағымсыз әдеттерге баруы, саналы да байқаусыз түрде бой алдыруы ол - адамға тән осалдық, күнәқорлық, қателік, осалдық, тұрақсыздық т.б. Адамның игі қасиеттері мен пендешілігі, әдетте қатар,таласа жүреді, екеуі де бір кісінің бойынан табылуы мүмкін. Бұл табиғи құбылыс. Алайда, адамның бағасы осы екеуінің - адамгершілік пен пендешілік қасиеттері - бәсекесінің нәтижесінде, бірінің мол, енді бірінің аз, бірінен бірінің басым түсуі, жеңіп шығуы, не жеңіліп қалуы арқылы анықталады. Демек, адамның қоғамдағы бағасы бойға сіңген, не сіңе бастаған осы қасиеттердің ауқымына байланысты: адамдығы мол, не пендешілігі мол дегендей екіұдай бағамен безбен тасының салмағымен анықталады. Адамның ес кіріп, ержете бастаған саналы дәуірінен тартып, өмірінің ең соңғы сәтіне дейін осы бір адамгершілік-пендешілік деп аталатын өлшем, критерий (меже) жалпы адам баласын екі түрлі сапалық топқа бөліп тұратыны байқалады. Осы екі түрлі баға бір адамның бойынан табылып, солардың аз-көп болуына байланысты оның қоғамдағы қадір-қасиеті, абыройы т.б инсандық сипаты анықталып отырады. Адамгершілік (парасаттылық) пен пендешілік ұлы істерде де, яғни істер қолынан келетін пенделердің де , күйкі тірліктің ұсақ-түйек әрекетінде де, яғни жоқшылықта жүрген пенделерде де бола береді. Кейде қоғам қамын ойлайтын, ол үшін ерең еңбегімен тер төгіп, өркениетке елеулі үлес қосып жүрген беделді де атақ-лауазымды жандардың пендешіліктің тырнағына қалай ілініп қалғанын өздері де байқамай өкінетін болады. Мұндайды сырттан байқап отыратын қарапайым жұрт, әдетте, әй, пендешілік-ай...! - деп, іштей қиналатын уақыттары да өмірде жиі кездеседі. Әңгүдік - мінездегі ұнамсыз, жағымсыз сипат. Әңгүдік адамды, әдетте, даңғой, әулекі, әумесер деп те атайды. Оның мінез-құлқында аңқаулық, нанғыштық секілді сипаттар жиі кездеседі. Әңгүдік ұрыншақ, елірме, әулекі сияқты мінездің ұнамсыз көріністерінен де байқалады. Әңгүдіктің бір көрінісі -- әулекілік пен әумесерлік. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін тіліміздегі сөздердің қолданылу орны мен аудару мәселесі бүгінгі күндегі басты мәселе болып отыр
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
І. Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу жолдары
Сын есім сөзжасамы
Қосарланған зат есімдер
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зат есімдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Зат есім мен етістіктен жасалған сөздер
Түркі тілдерінің сөзжасам мәселелері
Пәндер