Әлеуметтік іс-әрекеттер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жетінші апта
№ 7 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік іс-әрекеттер.
Тапсырма:
1.Әлеуметтік іс-әрекет қағидалары.
2.Қағида мазмұны.
Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы (1902-1987 ж.ж.). Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген.Субъективтік әлем - оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.
Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субъектінің белсенділігін туғызатын, және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.
Іс-әрекет белсенді және енжар болуы мүмкін.Дамудың қозғаушы күші қайшылықтардың күресі болып табылады. Қайшылықтың түрлері: Ішкі қайшылықтар, сыртқы қайшылықтар, жалпы қайшылықтар, жеке-дара қайшылықтар.
Ішкі қайшылықтар адам өзімен өзі келіспеген жағдайда, өзінің бойында бар тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерге көңілі толмай, сапалық жағынан жаңа қасиеттер мен қабілеттерге ұмтылған жағдайда пайда болады. Негізгі ішкі қайшылықтардың біріне адамда пайда болған жаңа мұқтаждық пен оны қанағаттандыру мүмкіндігінің арасындағы қайшылық болып табылады. Мысалы, оқушының пән олимпиадасына қатысуға ұмтылуға мен оның осы пәнге қатысты ғылым саласынан нақты білімінің, білігі мен шығармашылық ойлау деңгейінің арасындағы қайшылық.
Жалпы қайшылықтарға адамдарда объективті факторлар әсерінен пайда болатын мұқтаждықтар мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар жатады.
Жеке дара қайшылықтар тек жеке дара алынған адамға ғана тән болып келеді.
Қарым-қатынас - бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал және қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. Қарым-қатынас сөзімен біз кәсіби, жеке, шығармашылық және тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бір-бірімен байланысын және қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-әрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат және толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің әрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
Әр адам өзінің негізгі ерешеліктерін жеке қарым-қатынас тәжірибесі арқылы, отбасындағы, мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы қалыптастырады. Мұны қазақстандық психолог Х.Т. Шерьязданованың еңбегінде қарым-қатынас - баланың қалыпты психикалық дамуының маңызды факторы және ажырамайтын шарты ретінде қаралады. Ол қоршаған адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі бастапқы мәні бар маңызды табыстылық ретінде зерттеп, қарым-қатынасты іс-әрекет ретінде түсінудің негізгі ережесін ұсынады: 1. Қарым-қатынас іс-әрекетінің заты немесе объектісі бірлескен іс-әрекеттегі серіктес және қарым-қатынас потенциалының субъекті ретіндегі басқа адам. 2. Қарым-қатынас әрбір іс-әрекет сияқты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Қарым-қатынастағы қажеттілік басқа адамды бағалауға талпынудан тұрады, ол өзінің тұлғасын және өзін бағалауға, сол адамның бағасынан өзін анықтауға, қарым-қатынас мотиві басқа адам немесе, дәлірек, адамның сол қасиеттері туралы түсінігі үшін баланың үлкендермен өзара әрекетке түсуі болып табылады [1, 9 б.].
Қарым-қатынас трактовкасында талдау деңгейіне қатысты, бұл сұрақта қарым-қатынас психологиясының позициясын анықтау үшін бірден бізге бірқатар категорияларды кіргізуге тура келеді. Ол жүйеде біріншіден қарым-қатынастың тиісті орынын табу керек. Бұл категориялардың мәнісі:
1) іс-әрекет,
2) өзара әрекет (интеракция),
3) қарым-қатынас,
4) өзара қатынас,
5) қоғамдық қатынас [2, 13 б.].
Іс-әрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған әрекет осы иерархиялық құрылымда орталық орын алады. Әрекет - мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс. Бұл жердегі мақсат саналы бейне екеніне бірден көңіл бөлу керек. Белгілі іс-әрекетті орындай отырып, адам үнемі осы бейнені өз санасында ұстап отырады. Осылайша, әрекет дегеніміз - адам белсенділігінің саналы көрінісі. "Әрекет" ұғымының негізгі сипаттамаларының төрт компоненті бар. Біріншіден, әрекет керекті компонент ретінде сана актісін қосады. Екіншіден, әрекет - бір мезгілдегі жүріс-тұрыс актісі. Сонымен қатар мынаған көңіл аудару керек, әрекет - санамен байланысқан қимыл. Жоғарыда айтылғаннан сана мен жүріс-тұрыстың тығыз байланысы туралы қорытынды жасауға болады.Үшіншіден, іс-әрекеттің психологиялық теориясы әрекет түсінігі арқылы реактивтік принципті қарсы қойып, белсенділік принципін енгізеді. "Белсенділік" пен "реактивтік" ұғымдарының айырмашылығы неде? "Реактивтік" ұғымы жауап әрекеті мен белгілі ынталандыруға (стимулға) әсер етуді білдіреді.
Төртіншіден, "әрекет" ұғымы адамның іс-әрекетін заттық және әлеуметтік әлемге шығарады. Іс-әрекеттің мақсаты тамақ табу сияқты биологиялық мағынаға ғана ие болып қоймай, биологиялық мәнмен байланысы жоқ бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас орнатуға да бағытталуы мүмкін.
М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
Қылмыстың құрамы және құрылымы
Заңды фактілер және оларды топтастыру
Вильфредо Парето
Әлеуметтанудағы құрылымдылық функционализм. Әлеуметтік әрекет теориясы
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар
Себепті байланыс және қылмыстық нәтиже
Сана - психиканың жоғары формасы, сананың пайда болуы және дамуы
Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат
Пәндер