Педагогикалық процестің теориясы мен практикасы


№6 семинар тақырыбы:
Педагогикалық процестің теориясы мен практикасы.
1. Тұтас педагогикалық процесс ұғымының қалыптасу тарихы
2. Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдылық
компоненттері
1) Тұтас педагогикалық процесс дегеніміз - оқытушылар мен тыңдаушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруінің белсенді іс-әрекеті. Тұтас педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі - оның тұтастығы. Педагогикалық процестің тұтастығының дамуына Н. К Крупская, С. Т Шаңкий, А. С Макаренко, А. П Пинкаевич көп үлес қосты.
Тұтас педагогикалық процесс мәселесіне 70-80 жылдар аралығында Ю. К. Бабанский, А. М. Данилов, В. С. Гильен, В. В. Просвский, Б. Т. Мехотев және т. б көңіл бөле бастады.
Процесс - латынның "processus" деген сөзiнен аударғанда "жылжу" деген мағынаны бiлдiредi. Ол:
- даму сатысы, күй өзгерiсiнiң бiрiздiлiгiнен;
- қандай да бiр нәтижеге жету үшiн ұйымдастырылған бiрiздi әрекеттердiң жиынтығынан тұрады.
«Педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П. Ф. Каптерев ендірді. «Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процесс - білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс - бұл арнайы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Процесс ұғымының мәнi "педагог - оқушы" жүйесiндегi оқытушыға бiрiздi ұйымдастырылған әрекеттер жиынтығы негiзiнде соңғы нәтиже қандай болуға тиiс екендiгiн, ол үшiн қандай өзгерiстер жасау керектiгiн нақты бiлудi талап етедi. Педагогикалық процестегi болашақ мамандар даярлығын қалыптастыру мәселелерiн қазақстанда ғалым-педагог Г. Д. Хмельдiң ғылыми мектебi зерттеп келедi. Педагогикалық процестiң мәнiн айқындау оның көптеген элементтерiн айқындаумен байланысты.
Педагогикалық процестiң элементтерiн алғаш ендiрген А. Г. Калашников болды. Ол педагогикалық процесс құрылымынан келiп шығады. Олар: мақсаты, мiндетi, мазмұны, формасы, әдiс-тәсiлдерi және құралы мен педагогикалық процестiң материалдық жағынан ұйымдастырылды. Ғалым Данилов А. М. педагогикалық процестiң элементтерi мұғалiм мен оқушыларды да қамтиды деп ұсынды.
Адамның қандай да болмасын iс-әрекеттерiнiң заттық сапасы қалайда бiлiмдер жүйесiнде көрiнедi. Сондықтан педагогикалық процесс сипатының бiртұтастық обьектiлерi жасалмайынша педагогикалық iс-әрекеттiң сәттi болуы мүмкiн емес. Педагогикалық iс-әрекетте еңбек субьектiсi мұғалiм болады. Мұғалiмнiң еңбек құралдарының өзiндiк сипаттары - ол, оның бiлiмi, бiлiгi, тұлғалық қасиеттерi болып табылады. Осыған байланысты бiлiм "сананың тiр тұтастық обьектiсi" болып есептелуi керек. Мұғалiмнiң iс-әрекетi, оның бiлiмi және тәжiрибесi кәсiби шеберлiктiң деңгейiне тiкелей қатысты екендiгi анық.
Педагогикалық процесс - жүйе. Қоғамдық өмiрге оқушылардың қатысу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикалық процестiң оқудан тыс кеңiстiгiнде iс-әрекеттер түрлерiн меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерiн және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етедi. Сондықтан да мектеп үшiн макро жүйе "мектеп ұстаздары - мектеп оқушылар ұжымы" қалыптасады. Педагогикалық процестiң жүйе ретiндегi бiрқатар белгiлерi мыналар болып табылады:
- педагогикалық процесс әлеуметтiк жүйе ретiнде адамдардың өзара әрекеттерi есебiнен өмiр сүредi;
- мектеп педагогикалық процесi көп деңгейлi және көпқұрылымдық құбылыс, себебi, ол өзiнен кейiнгi деңгейдегi жүйелердi жинайды;
- жүйе тек iс-әрекетпен, тәсiлдерiне оқытса, онда оқушылар оларды меңгере отырып педагогикалық процестiң белсендi қатысушылары болады;
- педагогикалық процесте мұғалiмнiң басқару обьектiсi оқушылардың iс-әрекетi болады;
- iс-әрекеттiң барлық элементтерi (мақсат, мiндеттер, мазмұны және т. б. ) үлкендердiң, ата-аналардың, ұстаздардың iс-әрекетi негiзiнде баланың бiлiмдi меңгеруiне бағытталуы керек;
- педагогикалық процестегi мұғалiмнiң басқару құралы iс-әрекет субьектiлерi арасындағы қатынастар болады. Олар арқылы субьектiлердiң өзара әрекетi мен дамуына тиiмдi жағдайлары қамтамасыз етiледi.
М. А. Данилов және басқа да көптеген ғалымдар оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыратын заңдылықтарды ескере отырып, педагогикалық процестiң заңдылықтары да болуға тиiс деген қорытындыға келдi. Ю. К. Бабанский педагогикалық процестi жалпы жүйе деп қарастырды да төмендегiдей негiзгi заңдылықтарды ұсынды:
- педагогикалық процестiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiмен байланыстылығы;
- педагогикалық процестiң нақтылы бiр мақсатқа бағыттылығы;
- педагогикалық процесс екi жақты сипатқа ие. Яғни, ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара әрекетiмен байланысты болады. Педагогикалық процестiң екi жақтылық ерекшелiгi мiндеттi түрдегi екi жақтың да iс-әрекеттерi арқылы сипатталады; Мұны мынадай схема түрiнде көрсетуге болады:
- оқушылардың белсендiлiгi мұғалiмдердiң iс-әрекеттерiнiң нәтижесi болып табылады;
- оқушылардың мұқият ұйымдастырылған өзара iс-әрекеттерi педагогикалық процестiң тиiмдiлiгiн арттырады;
- педагогикалық процесс ұзақ мерзiмдi процесс.
- педагогикалық процестiң қызметi оның мазмұнына, сынып ұжымындағы әрбiр оқушының жас және дара ерекшелiктерiне сәйкес ұйымдастыруға байланысты анықталады.
2) «Педогогикалық процесстің » мәні - оқу, тәрбие жұмыстарын жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекетінің дамуындағы жол-жосық. Бұл әрекет сабақта да, сыныптан тыс жұмыстарда тиісті денгейде өркендей береді. Мектептегі оқу, тәрбие ісі біртұтас педогогикалық процесс екені рас, әйткенде оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі бұл мұғалім мен оқушының мақсатқа бағыталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу . Оқыту процесі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Ал тәрбиенің мазмұны адамзат ғұмырындағы құндылықтар өнегелі ережелері мен нормаларды танып түсінуге бағдарланады. Педагогикалық процестің нәтижесі тұлғаның санасына мінез -құлқына, сезіміне әсер етіп оның дамуына ықпалын тигізеді.
Оқыту мен тәрбие бір- біріне жақын болғанымен ішкі ерекшеліктері ескеріліп, ғылыми тұрғыдан келгенде тәрбие теориясы және дидактика деп екіге бөліп қаралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz