Оқу іс-әрекеті бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын анықтайтын қызметтің жетекші түрі ретінде
№5 семинартақырыбы: Оқу іс-әрекеті бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын анықтайтын қызметтің жетекші түрі ретінде.
Сабақ мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық қызықшылығын арттыру жолдарын ашып көрсету.
Бақылау сұрақтары:
1.Мектепке дайындық.
2.Оқу қызметінің жалпы сипаттамасы.
3.Оқу қызметінің құрылымы.
4.Мектепке, мұғалімге, оқу міндеттеріне қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру.
5.Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін меңгеру.
1.Мектепке дайындық.
Әр бір бала мектепке алғаш келгенде жақсы оқушы болсам екен, жақсы оқысам екен деген ниетпен келеді. Бірақ мектепке келген дайындық деңгейінің әртүрлілігі кейбір балалардың оқуға деген мүмкіндігін төмендетеді. Баланың мектепке келуі және алғашқы кездегі мектептің тәртібі, талабы оның өмір салтын және іс-әрекетін өзгертеді. Бұл кезең мектепке келген 6 және 7 жасарлар үшін бірдей қиын болады.Физиологтардың, психологтардың, педагогтардың байқауынша, 1-сынып оқушыларының көпшілігінде жаңа ортаға бейімделу қиын өтеді. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.
Осыған байланысты оқу - тәрбие барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез - құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.
Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай - күйінің даму деңгейінде көрсетеді.Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.
Мектепке келген бала физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ойлау мен эмоционалды дамуы қажетті деңгейге жеткен болуы тиіс. Бұл жастағы бала ойлау операцияларын меңгеріп, заттар мен қоршаған орта құбылыстарын жалпылап, сараптай біліп, өз әрекетіне жоспар құрып, өзін бақылай алады. Оның сөйлеу арқылы қарым-қатынас дағдыларың, қолдың ұсақ моторикасының және көру-қозғалыс координацияларының дамуына да мән беріледі.Сондықтан баланың мектепке дайындығы дегеніміз- бұл кешенді, көп жақты және бала өмірінің түгел сферасын қамтитын процесс.
Мектепке психологиялық дайындықты зерттеген психологтар, педагогтар бала тәртібінің икемділігіне ерекше мән берген.
Бүгінгі күнде мектептегі оқуға дайындық кезіндегі негізгі шарттар:
- Балалардың өз әрекеттерін саналы түрде ережелерге бағындыру;
- Берілген талаптар жүйесіне бағдарлана алу;
- Айтушыны дұрыс тыңдай алу және ауызша формадағы тапсырмаларды орындай білу.
Мектептегі оқуға дайындықтың басты бағыттары:
Әлеуметтік дайындық - жаңа ортаға енуі, қарым - қатынасқа түсуі;
Ақыл-ойының даярлығы. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс.
Биологиялық кемелденуі. Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы. Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі.
Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері.
Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
2.Оқу қызметінің жалпы сипаттамасы.
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана - сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту - таным процесі. Танымдық ерекшелігі - оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан - жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту - оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс - әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі - тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі - дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл - ойы, сана - сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан - жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады).
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан - жақты әрі, терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz