Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, құқық және экономика факультеті

ЭССЕ

Тақырыбы: Абай философиясындағы адам мәселесі

Орындаған: Есенов Е.А. ИСТ-21 тобы студенті

Тексерген: Боранбаева Б.С

Абай философиясындағы адам мәселесі
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар - намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, мені мен менікінің айрылғанын, өлді деп ат қойыпты өнкей білмес[1]. Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде мен деген не, менікі деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. "Мен" дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. "Менікі" деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек .
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі - философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: Барлық заттың өлшемі-адам деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам - данышпан,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: Атаңның баласы болма, адамның баласы бол атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың философиясы
Абай шығармаларындағы дүниетанымдық деректер (А. Нұрқатов зерттеулері бойынша)
Қaзіргі зaмaнғы Қaзaқстaнның үшінші модернизaциясын жүзеге aсырудaғы философияның рөлі қaндaй
Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын
Абай философиясындағы адамдар мәселесі
Абай Алланы танушы ойшыл
Адам өмірінің философиялық мағынасы
Абай шығармаларында адамды зерттеуі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі гносеология. Абай философиясындағы адам мәселесі
Пәндер