Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы
Бесінші апта.
№ 5 Практикалық сабақтың тақырыбы: Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы.
Тапсырма: 1.Бастапқы ақпарат жинау. 2.Зерттеу жүргізу техникасы.
1.Бастапқы ақпарат жинау.
Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы зерттеудің барлық кезеңдерін жүргізудің теориялық-методологиялық негізін - мәліметтер жинау, оларды өңдеу мен талдаудықамтиды. Бағдарлама ғылыми құжат ретіндебірқатар талаптарға жауапберуі тиіс. Бағдарлама методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық сипаттағы түрліқызмет атқарады.Бағдарлама қарастырылатын проблеманы дәл айқындауға, зерттеудің мақсаты мен міндетін белгілеуі, зерттеу нысаны мен пәнің анықтап, алдын ала талдаулар жүргізуге,болжамдар жасауға, негізгі ұғымдарды бөліп алуға, оларды түсіндіріп тексеруденөткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұл - методологиялық қызметі болып табылады. Бағдарламаның мұндай қызметі осы зерттеу жұмысында бұрын осы іспеттес проблемалар бойынша жүргізілген істерге белгілі бір көзқарастың қалыптасуынан да көрінеді. Бағдарламанң методологиялық бөлігі не зерттелінеді деген сауалға толық жауап беруі керек.
Бағдарламаның бірінші әдіснамалық тарауында бірнеше құрамдас бөлімдер болады. Оларға:
* проблеманы талдау мен проблемалық жағдайды анықтау;
* зерттеу нысаның айқындап, оны алдын ала ой елегінен өткізу;
* зерттеу пәнің анықтау, оны алдын ала сараптау;
* зерттеудің мақсаты мен міндетін айқындау;
* болжам жасау;
* негізгі ұғымдарды іріктеп алып, оларды түсіндіру.
Социологиялық бағдарлама жасағанда алдымен ерттелуге тиісті проблема ой елегінен өткізіліп, талданады. Әдетте, проблемалық жағдайлар бірнешеу болады, бірақ олар өзара бір-бірімен терең байланысып жатады. Оның үстіне бұлбайланыстарәртүрлі болып келеді. Ал проблемапроблемалық жағдайдан кең болуы мүмкін. Кейде, керісінше, проблемалық жағдайда бірнеше проблемалар болып немесе ол көптегенпроблемалардан туындауы мүмкін. Проблемалық жағдай бір проблеманыңаясында мүмкін, бірақ ол одан кіші, не кең бола береді. Проблема мен проблемалық жағдайдың арақатынасы әлеуметтік нысанды зерттеудің түріне, ауқымы мен тереңдігіне байланысты. Социологиялық зерттеудің бағдарламасын жасау барысында біз нені, қандай ауқымдазерттейміз дегенді дәл анықтап алуымыз қажет. Егер проблема шешімінтаппаған абстрактылы түрдегі міндет болса, онда проблемалық жағдай империялық зерттеуге жататынқайшылықты нақтылыанықтайтын проблеманың квинтэссенциясы іспеттес.
Әлеуметтік және ғылыми прпоблеманы ажырата білу керек. Әлеуметтік проблема дегеніміз - оны шешуге бағытталған іс-әрекеттер ұйымдастыруды талап етіпотыратын өмірдегіәлеуметтік қайшылықтар. Ғылыми проблема дегеніміз - қоғамның белгілі бір іс-әрекеттерді қажет етуін білу мен оларды жүзеге асырудың тәсілдерімен құралдарын білмеуарасында туған қайшылықтар. Оның үстіне ғылыми пробламаның қойылуы зерттелгеннен зерттелінбеген ауқымға шығуды да білдіреді.
Әлеуметтік проблема әртүрлі маштапта болады. Бір шағын әлеуметтік топтарды, не шағын территорияны, екіншісі үлкен әлеуметтік топтарды, әлеуметтік институттарды, тұтас аймақтарды, үшіншісі бүкіл қоғамның қажеттліктері мен мүдделерін, төртіншісі бірнешеелдерден толғандыратнәлеуметтік проблемалардықамтиды.
Танымдық проблема өзінің күрделігіне, белгілі бір қайшылықтарды әлеуметтік қажеттіліктің пісіп етілу деңгейіне, осы сала бойынша ғылыми білімдердің дәрежесі мен социологтардың практикалық тәжірибелеріне келіп тіреледі. Бағдарламаны жүзеге асыру, зерттеу түріне байланысты. Шын түрін анықтағанда, зерттеу нысаны мен пәнін зерттеутереңдігі негізге алынады. Осы негізде зерттеулер, барламалық, сипаттамалық және талдамалық түрлерге бөлінеді. Бұлардың ішінде, талдамалық зерттеу ең күрделісі және тереңі саналатындықтанда оныңбағдарламасы барынша жетілген әрі терең болуы керек.
2. Зерттеу жүргізу техникасы.
Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеу басталады. Зерттеудің бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырылады, сұрыптау белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өңдеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін барлық процестер мен құбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады:
- методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, гипотеза жасалады;
- әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;
- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның үш тарауы қамтыған мәселелер анықтайтын болады.
Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп аталады. Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді саралап алған жөн. Сондай-ақ проблемада бізді нендей жағдайдың ойландырып отырғанын білу, соған орай мәселені белгілеу басты шарттардың бірі.
Зерттеу жұмысына орай жасалатын келесі талап сол - оның мақсаттарын анықтау қажет. Зерттеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптануды мақсат деп атайды. Мақсат - әлеуметтік зерттеуді қолданбалы және теориялық салаларға бөліп қарастыруды көздейді.
5 ОЖСӨЖ тақырыбы: Жазбаша жұмыстарды қорғау (реферат )
СӨЖ мазмұны: Зерттеу бағдарламасы туралы түсінік беру, түрлерімен, дайындалу, іске асырылу барысымен таныстыру.
Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:
1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау (3).
Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.
1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес "жерден" басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан социологиялық проблеманы ғылыми тұрғыдан социология жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады (яғни алдыңғы тараудың соңында баяндалған алғашқы екі талапқа сәйкес келетіндер). Социология жөніндегі қазіргі методологиялық әдебиеттерде социология проблемаларын екі типке: ғылыми проблемаларға (олар жауаптары социолог-ғалымдарды ғана қызықтырмайтын социология ғылымының ішінде пайда болады) және тәжірибелік проблемаларға (мәселені шешу үшін социолог-зерттеушілер шақырылатын өмір тәжірибесінің әр түрлі салаларында пайда болады) бөлу жиі кездеседі.
Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Социолог-зерттеушінің нақ базалық социологиялық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда социологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің социологиялық проблеманың мәні жөнінде нақтылы ештене айта алмайтындай, социолог та еш нәрсе түсінбейді). Социологтың мұндай базалық білімі зерттелетін социологиялық проблеманың пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Социологтың социология пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл социологқа зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді.Социологиялық зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.
2. Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.
Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.
3. Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.
Мынадай мысал келтірейік: қайсы бір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін социологтарды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде социологтардың әрекеттері келесідей. Олар басшылықпен бірге "Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру" деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, социологтар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда социологиялық зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті социологиялық зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.
Социологтар оқу орнындағы оқу процесінің құрылымын, соның ішінде - студенттер үлгерімін көтеру жолдары мен төмендеуінің себептерін анықтауға көмектесетін көптеген социологиялық, педагогикалық және өзге де әдебиеттерді зерттеуге кіріседі. Оқу орнындағы студенттердің үлгерім табиғатын анықтауға көмектесетін бүкіл ғылыми білім осы зерттеуде пәндік саланы білдіреді. Негізгі бөлігінің үлгерімі төмен осы оқу орны студенттері аталмыш зерттеудің объектісі болып табылады.
Жақыннан қарағанда "үлгерім" ұғымының өзі себептік-салдарлық байланыстардың аса көп бөлігінен тұратын күрделі процесс екені белгілі болады. Оларға мыналар жатқызылуы мүмкін: студенттердің болашақ кәсібіне деген қызығушылығы, әр түрлі пәндердің оқытылу стилі мен әдісі, кітапханада кітап қорының және оқу залдарында жеткілікті орындардың болуы, сабақ кестесі, тіпті қысқы және жазғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz