Синтетикалық талшықтар өндірісі


ҚР Ғылым және Білім министрлігі
Алматы Технологиялық Университетеі
Тақырыбы: Синтетикалық талшықтар өндірісі
Орындаған:Сатыбалдиева Г. Д.
Тексерген:Дүйсенбиева Г. Ж.
Алматы 2012
Синтетикалық талшықтар өндірісі
Жоспар
Кіріспе
1. Талшықтар жайлы жалпы түсінік
1. 1 Талшықтар. Синтетикалық талшықтар
1. 2 Синтетикалық талшықтар
1. 3 Синтетикалық жіптерден тоқылған маталар
2. Синтетикалық жіптер (маталар) және олардың құрамы, артықшылығы мен кемшілігі
2. 1 Синтетикалық жіптер
2. 2 Синтетикалық жіптердің жалпы ортақ кемшілігі
2. 3 Синтетикалық жіптің (матаның) жуандығы, тығыздығы, тоқылуы.
3. Синтетикадан тоқылатын жіптер мен маталар
3. 1 Синтетикадан тоқылатын жібек маталар
3. 2 Синтетикалық талшыктарды жуу, бояу.
3. 3 Жасанды былғары алу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі - адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс.
Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.
Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (целлюлозалық - мақта, зығыр, кендір, т. б. ) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, жануар және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар - капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар.
Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық косындылар - полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады.
Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алынды.
Целлюлозалық талшықтардан ең бірінші нитратты жібек (1890 ж. ), кейін - мыс-аммиакты және вискозды жібектер алынды. Ацетатты жібек бірінші дүниежүзілік соғыстьщ соңына қарай алынды. Россиядағы вискозды жібек шығару жөніндегі бірінші завод Мытищиде салынды. Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығын өндірді. Қазіргі кезде химиялық талшықтар өндіру химиялық өнеркәсіптін ірі саласына айналды. Барлык тоқыма тал-шықтарының 30%-на жуығы жасанды жолмен химиялық заводтарда алынады. Химиялық талшықтар жүнге карағанда үш есе, таза жібекке қарағанда 100 есе көп пайдаланылады.
Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалык болып бөлінеді. Ағаш целлюлозасы, мақтаның қалдығы, шыны, металдар және баскалар жасанды талшықтар өндірудегі шикізат болып табылады. Синтетикалық талшықтар шикізатын өндірудің бастапқы азығы болып газ және тас көмір мен мұнай өндеуден шыққан өнімі алынады.
1. Талшықтар жайлы жалпы түсінік
1. 1 Талшықтар. Синтетикалық талшықтар
Талшықтар табиғи және химиялық деп бөлінеді. Табиғи материалдардан: мақта, кенеп, жүн, табиғи жібектен бірден алынатын талшықтарды табиғи талшықтарға, ал химиялық әдістер көмегімен көмегімен өндірілетін талшықтарды химиялық талшықтарға жатқызады.
Химиялық талшықтарды, ары қарай, жасанды және синтетикалық деп бөледі.
Жасанды деп, табиғи жоғары молекулалық заттарды (мысалы, клетчаткалар, белоктар) өңдеу жолымен алынатын талшықтарды атайды. Оларға вискоза, ацетат, казеин және басқа да талшықтар жатады.
Синтетикалық деп синтетикалық полимерлерден жасалатын талшықтарды атайды.
Синтетикалық талшыққа мысал ретінде капрон талшығын алуға болады. Синтетикалық талшықтарды алу үшін алдымен мономерлерге синтездейді; мономерлерден полимер, ал полимерлерден синтетикалық талшық жасап шығарады.
Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта ісер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
Синтетикалық талшықтардың смола балқымасынан қалыптасуы(мысалы: капрон) схемасы суретте көрсетілген қондырғыда жүргізеді. Ұсақталған смоланы бункерден қондырғының балқу жүретін бас тетігіне береді. Қыздырылып тұратын торда смола балқиды. Қоймалжың балқыма фильерге түседі, одан жіңішке ағым түрінде шахтаға шығады. Шахтаға суық ауа беріледі. Ағым суығанда жіңішке талшықтар алынады. Оларды әр түрлі жылдамдықпен айналып тұратын роликтерге созады және жіпке айналдырады.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)
Боялған синтетикалық жіптер
2. 1. Синтетикалық жіптер
3. Синтетикалық маталаның түрлері
SOL COL 1
COMPOSITION: 70% PL, 30% ALG PUSSYCAT COL 3
COMPOSITION: 70% PES, 30% CV
MISIFU COL 3
COMPOSITION: 50% PES, 50% CV 886 70
COMPOSITION: 100% PL
942 2 875 1
COMPOSITION: 100% PL 890 1
COMPOSITION: 98% PL, 2% LI
713 70
COMPOSITION: 100% PL 154 70
COMPOSITION: 95% PL, 5% LI
MARLENE 45 VIOLA
COMPOSITION: 100% PL TAGORA 03 ROSSO
COMPOSITION: 74% PC, 17% AC, 8% PL
MARGOT 13 AZZURRO
COMPOSITION: 73% CU, 27% PL AVANGUARDIA 7601
COMPOSITION: 77% PL, 21% ACRIL, 2% LI
RUBINO 4546
COMPOSITION: 100% PL
J6119001
Composition: 100% Pes
J6116001
Composition: 100% Pes
B1108002
Composition: 100% Pes
J6123001
Composition: 100% Pes
B1107001
Composition: 99% Pes - 1% Met
3821R GHIBLI 21 COL E02
COMPOSITION: 100% PL
B1107002
Composition: 99% Pes - 1% Met
MESSI CO/4 CON PIOMBO
J6144001
Composition: 100% Pes
J4621001
Composition: 100% Pes
B1108001
Composition: 100% Pes
Өндіру






3. Синтетикадан тоқылатын жіптер мен маталар
Синтетикалық талшықтардың құрылысы мен оларды өндіру әдістері. Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта ісер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
Синтетикалық талшықтардың смола балқымасынан қалыптасуы(мысалы: капрон) схемасы суретте көрсетілген қондырғыда жүргізеді.
Ұсақталған смоланы бункерден қондырғының балқу жүретін бас тетігіне береді. Қыздырылып тұратын торда смола балқиды. Қоймалжың балқыма фильерге түседі, одан жіңішке ағым түрінде шахтаға шығады. Шахтаға суық ауа беріледі. Ағым суығанда жіңішке талшықтар алынады. Оларды әр түрлі жылдамдықпен айналып тұратын роликтерге созады және жіпке айналдырады.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады(полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)
Полиамид талшықтар
Капрон талшықтары (перлон, силон)
Капрон талшықтары жоғары молекулалық зат капрон смоласынан щығарылады.
Смола макромолекулаларының сызықтық стуктурасы бар екенін формула көрсетіп тұр. Олар шамамен 200 аминокапрон звеноларынан тұрады.
Капрон смоласы алынатын бастапқы өнім капролактам деп аталады. Оны әр түрлі оңай қосылыстардан: фенолдан, аниленнен, циклогексаннан алуға болады.
Таза капролактам кристалдық ақ зат, қалыпты қысымда қайнау температурасы 258C, балқу температурасы 69-71C. Барлық дерлік еріткіштерде ериді.
Капрон амид байланысы деп аталатын байланыстары бар полиамид талшықтары тобына жатқызылады.
Капрон талшығы өте бағалы механикалық қасиеттерімен белгілі және кеңінен қолданылады. Бірқатар техникалық мақсаттардан басқа, ол әр түрлі тігін және трикотаж бұйымдарын: шұлық және басқалар, сонымен қатар, балық аулауға қажетті заттар, жасанды талшық және т. б. даярлау үшін қажет. Капрон талшығы мақтанікінен екі есе берік, суда ісінбейді, қара күйеге желінбейді. Одан жасалған жасалған бұйымдарды өтектемесе де болады: тез кеуіп, олар фабрикада берілген бастапқы қалпына келеді. Капроннан иірілген жіп табиғи жібек жіптен 15-20 есе иілгіш. Капрон пластмасса түрінде де пайдаланылады, одан механизмдер үшін тетіктер жасайды. Капрон талшығы негізінде алынған маталардың кемшілігі, олардың ылңал сіңіре алмайтындығы. Соның салдарынан терінің тершеңдік ауруы және аллергиялық реакция туындайды.
Капрон жіптері вискоз жібегінің жіптерінен 4 есе жеңіл, олардың беріктігі2-3есе көп. Бұл капроннан, парашют ашылғанда кенеттен жұлқуда үзілмейтін, жеңіл парашют маталарын жасауға мүмкіндік береді. Капрон талшығынан істелген корд аса беріктігімен белгілі.
Егер автомобиль немесе велосипед шинасын кессе, сонда резинаға престелген иірілген жіптер көрінеді. Осы корд. Кордтан ленталар жасайды және оларды шикі резинамен сіңіреді. Әр шина осындай резиналанған ленталар қатарынан тұрады; олар бір біріне крест тәрізді салынған корд, темір бетондағы темір каркас секілді резинада байланыстырғыш қаңқа болып табылады. Капрон талшығының кемшілігі қышқыл әрекетіне онша төзе алмайды, оның макромолекулалары амидтік байланыс тұсынан гидролизге ұшырайды.
Эластик үлпілдек, аса созылғыш, талшық, одан іш киім, ұйық, шұлық, трикотаж бұйымдары жасалады. Мэронның да қасиеті соған ұқсас, бірақ эластиктен созылғыштығы нашарлау.
Анид адипин қышқылы мен гексаметилен диаминнен өндіріледі, технологиясы капронды өндіргенмен бірдей. Қасиеттері де капронға ұқсас, бірақ оған қарағанда жылуға төзімді және созылғыш келеді. Механикалық тоқымалар, әсіресе корд, текстиль т. б. бұйымдарды даярлауда кеңінен қолданылады. Анидті АҚШта нейлон, Жапонияда пропилон, Англияда найлон деп аталады.
Энант(найлон7) амиэнант қышқылынан алынады. Көп қасиеттері капронға ұқсас, бірақ жарыққа және жылуға берік. Бұдан корд, штапель жиырылмайтын тоқыма т. б. шығарылады.
Полиакрил талшықтары
Нитрон талшығы (нитрилон, орлон, дайнель)
Бұл полимердің полиакрилонитрилдің сызықтық молекулалары акрил қышқыл нитрил звеноларынан құрылған. Полиакрилонитрил молекуласын полиэтилен молекуласындағы әр екінші сутек атомының орнын нитрилдер класының функционал тобы-CN басқан өнім деп қарастыруға болады.
Осы түрдегі талшықтарды өндіру ерітіндіден иіру әдісімен жүргізіледі: беріктігін арттыру үшін талшықты 8-12 рет созады(қыздыру арқылы) .
Нитрон хлоринге қарағанда беріктікпен, жарыққа төзімділікпен, химиялық жағынан жеткілікті тұрақтылықпен, жылуға үлкен төзімділікпен сипатталады және жақсы боялады. Жұмсақ және үлпілдек сыртқы түрі жағынан табиғи жүнге ұқсас болғандықтан, нитрон сырт киім, гардин, киім өндіру үшін өте қажет. Нитроннан жасалған бұйымдар қатты және сұйық май сіңірмейді және бұйым бетінде майлардан пайда болған дақтар, ылғал шүберектің көмегімен оңай кетеді. Талшықтың бұл түрінен шұлық жасауға болмайды, себебі үйкеліске төзімді емес.
Нитрон талшықтарын шина өндірісінде корд маталарын, арқандар, желкендер, сүзуге қажет маталар және басқалар өндірісінде қолданады.
Перхлорвинил талшықтары
Хлорин талшығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz